ХИМИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Орталық зауыт зертханасы – құрамында өндірісті бақылау және ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізетін бөлімшелер болады.ОЗЗ бастығы бас директор болады.
Техникалық бақылау бөлімі- жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз ететін бөлім.
Химиялық өндіріс- шикізатті қажетті өнімдерге химиялық өзгерістер жолымен өңдеуге арналған машиналармен аппараттарда жүзеге асырылатын үдерістер мен операциялардың жиынтығы.
Химиялық өндірістің негізгі міндеті – өнім өндіру және ол көп функционалды болып табылады.
Ауыспалы компоненттер – өңдеуге түсетін шикізат, қосымша материалдар, негізгі жəне қосымша өнімдер, өндіріс қалдықтары.
Тұрақты компоненттер– аппаратуралар(машиналар, аппараттар, түтінөткізгіштер, арматура, сыйымдылық), басқару жəне бақылау қондырғылары, құрылыс конструкциялары (ғимарат, құрылғы), қызметкерлер (жұмысшылар, аппаратшылар, инженерлер жəне т.б. өндіріс жұмысшылары) өндірістің пайдалану мерзімінде тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.
Химиялық өндірістің құрамы- химиялық өндірістің өзі, шикізат,өнімдер және басқа материалдарды сақтау қоймалары, аралық заттар, қалдықтарды тасымалдау, өндіріс бөлімдерінде жұмыс істеушілер кіреді.
Химиялық-технологиялық үдеріс- шикізаттан дайын өнім алу мақсатында белгілі бір кезектесіп жүретін және бір-бірімен өзара байланысқан үдерістің жиынтығы.
Технологиялық режим – ХТҮ-ті максималды эффективті және тұрақты жүргізуді қамтамасыз ететін параметрлердің жиынтығы.
Технологиялық режим параметрлері- қандай да бір аппараттың немесе оның жұмыс істеу режимін сипаттайтын және жұмысының негізгі көрсеткіші ретінде қолданылатын шама.
Параметр- сандық шама,сондықтан үдерісті сандық жағынан бағалау үшін қолданылады.
Механикалық және гидромеханикалық үдерістер- материалдардың ауысуы,олардың түрі және өлшемінің өзгеруі,сығылуы және ұлғаюы, ағыстардың араласуы және бөлінуі.
Жылу алмасу үдерістері- қыздыру,салқындату,фазалық күйдің өзгеруі.
Масса алмасу үдерістері-фазааралық алмасу нәтижесінде химиялық құрамының өзгеруінсіз жанасатын фазалардың компоненттік құрамы өзгереді,яғни химиялық өзгеріс жүреді.
Химиялық үдерістер- химиялық реакторларда материалдардың химиялық құрамының толығымен өзгеруі.
Энергетикалық үдерістер-турбиналарда, генераторларда, моторларда әртүрлі энергиялардың(жылу,механикалық,электрлік) өзара түрленуі.
Басқару үдерістері- ағыстар және заттардың күйі, олардың күйлерінің өзгерісі туралы ақпаратты алу және жіберу.
Техникалық көрсеткіштер- химиялық-технологиялық үдерістің сапасын анықтайды.
Өндірістің өнімділігі- бірлік уақытта алынған өнімнің немесе өңделген шикізаттің мөлшері.
Жұмсалу коэффиценті-бірлік өнім өндірісіне жұмсалған шикізаттың,энергияның,қосымша материалдар шығындарының мөлшері.
Достарыңызбен бөлісу: |