Қарастырылатын сұрақтар Жер пайдаланудың мөлшері - шаруашылық өндірістік қуатына және мамандығына байланысты анықталады. Жобаланған мөлшері тиімді болу керек.
- Тиімді мөлшер дегеніміз – басқаруға ыңғайлы, өндірістің әр саласының жақсы дамуына қажеттілі алқаптардың құрамы және мөлшерлері.
Жер пайдаланудың мөлшеріне келесі факторлар әсерін тигізеді (кейбіреулері үлкейтеді, кейбіреулері керісінше - кішірейтеді: - жер иеленушіліктің ауданы мен құрамы шаруашылықтың өндірісіне, мамандандырылғандығына тікелей байланысты. Мәселе, соңғыларға сай олардың талаптарын канағаттардырылатын жер иеленушіліктің ауданын табу. Басқаша айтқанда, ол рационалды (орынды) болуға тиісті.
- Жер иеленушіліктің ауданына бірқатар факторлар әсер етеді. Бұл шаруашылықтың мамандандырылғандығы, өндірістің интенсивтик деңгейін, техникалық ерекшеліктері, инфрақұрылымның (жер торабы, байланыс құралдары және т.б.) күш, табиғи жағдайлар (алаптардың түрлері мен сапасы, жер бедері, гидрография және т.б.). Бірінші жуықтауда жер иеленушіліктің ауданы ғылыми мекемелердің ұсыныстары арқылы белгіленеді. Бұндай ұсыныстарда әрбір аймақта (табиғи-экономикальқ зонаға) шаруашылықтың өндірістік типіне қарай жер иеленушіліктердің ұтымды аудандары ұсынылады.
- өте кең үйлесімдік әдісі (метод аналогов) қолданалады. Үйлестік әдістің мәні жер иеленушіліктің ауданын басқа сондай табиғи экономикалық зонада орналасқан және сондай өндірістік типті жоғары тиімді шаруашылықтардың жер иеленушіліктеріне қарай белгілеуде.
- Бұған қосымша, қабылданған жобалық шешімдерді толығырақ негіздеу үшін экономикалық статистикалық әдіс қолданылады. Бұл әдістің мәні мынада: бip қатар затты шаруашылықтарды статистикалық талдауға тарту арқылы ең қолайлы жер иеленушілік ауданы таңдалады. Жер иеленушіліктер олардың аудандарына қарай топтастырылып әpбіp топқа енген шаруашыльқтардың экономикалық көрсеткіштерін салыстырып мақсаты сай жер иеленушілік көлемі айқындалады. Жалпы және товарлы өнімі бip гектар га шаққанда ең мол болған шаруашылықтың жер иеленушілік орынды (рационалды) болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |