Химиялық оқу эксперижменттіндегі
елеулі прогресс, оның соңғы
жылдары қарқынды дамуына қазіргі ғылыми идеялардың және жаңа
техникалық құралдардың пайда болуына байланысты. Соңғы кезде оқу
экспериментті дамып келеді, жаңа демонстрациялық қондырғлармен және көне
тәжірибелердің жаңартылған түрімен толықтырылады, яғни оның классикалық
нұсқасы жетілдіріледі. Осымен қатар
оқу деманстрациялық және
лабораториялық экспериментті жүргізудің әдістемесі мен қою техникасын
жаңарту міндеттері қойылып отыр.
Қазіргі жаңартылған оқу экспериментін ендіру оқу процесіне және
оқушылардың ойлау қабілеттерін белсендіреді олардың өз беттерінше
іскерліктерін және бірлік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Жаңа оқу
эксперименті химияны оқытудың өндірісінен, техникамен байланысын
дамытады, оқытудың политехникалық міндеттерін шешуге септігін тигізеді.
Демонстрациялық және зертханалық оқу эксперименттінің мазмұндары,
әдістемелері мен техникасы туралы көптеген
мәселелер алғашқы химияны
оқыту әдістемелерінің негізін қалаушы ғылымдардың В.Н.Верховский.,
А.Д.Смирнов., С.В. Васильев., М.И. Лебедова., Ю.В. Плетнер., В.С. Полосин.,
Т.С. Назарова., А.А. Грабедский., И.Н. Лаврова., Л.А. Цветков., И.Н. Чертков.,
еңбектерінде қарастырылған.
Химиялық оқу экспериментінің мазмұны, әдістемесі және техникасына
қатысты проблемалар бойынша бірқатар зерттеулердің ішінде,
химиялық
экспериментті жетілдіруде В.Н. Верховский оқыту құралына көрнекілікке
модельдер, кетелер, коллекциялар, экрандық материалдарды жатқызады. И.Н.
Борисов зертханалық жабдықтарды, ал Д.М. Кирюшкин мен В.С. Полосин зат,
бейне және символикалық көрнекіліктерге негізгі орын береді.
Бірқатар авторлар (С.Г.Шаповаленко, Л.М. Сморонский, Г.И. Шеленский,
Е.Е.Минченков, Г.С.Назарова) өз зерттеулерінде химияны оқыту құралдарының
алатын орнына ерекше көңіл бөлген. Психолог Н.Г.Салмина оқыту үрдісіндегі
білім көзінің бәрі оқу құралы деп қарастырады.
Соңғы кезде, біздің республикамызда химиялық оқу эксперименттінің
әдістемесі мен техникасын жетілдіруді М.Ж. Жадрина еңбектерімен байқаймыз
[5]. Бұл еңбектерде жабдықтарды таңдап
алудың жалпы ұстанымдары
тұжырымдалып оқу экспериментіне арналған құралдарға сипаттама
анықталынып, химиялық оқу экспериментіне қойылатын психологиялық-
педагогикалық талаптар тұжырымдалған және бірқатар жаңа деманстрациялық
– лабораториялық құралдар жасалған.
Химиялық эксперимент күрделі процестерді оқытуды жеңілдетуді
қамтамасыз етеді, шындықты сезім мүшелері
арқылы қабылдауға септігін
тигізеді, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын белсендіріледі.
Химияны оқытуда эксперименттің ролінің маңыздылығы бүгінгі күнде ешкімге
де күмән туғызбайды, эксперимент бір мезгілде білім көздері, оқыту әдістері
және көрнекіліктің түрі болып табылады деп жазды Ю.В.Плетнер [6].
Сонымен химиялық оқу экспериментінің аса маңыздылығын, осыған
байланысты көптеген әдістемелік мәселелердің жеткілікті шешілмегенін, оның
3
эксперименттік әдістемелерін қазіргі кездегі талаптарға сай жетілдіріп отыру
қажеттігін, сонымен бірге химиялық тәжірибелерді қолданудың болашағы мен
артықшылығына байланысты зерттеудің болмауы
біздің осы таңдап алған
тақырыпты арнайы зерттеуімізге мүмкіндік туғызады. Осы тұрыдан
мәселелердің қарастыра келе, біз бітіру жұмысының тақырыбым «
Химия