Талаптарды өңдеу. Логикалық жобалау аспаптары мен әдістері
Дәріс мақсаты: жобалаудың логикалық фазасы мен әдістерін қарастыру.
Командалық және жеке жобалау және оған керекті аспаптар. Мәтінді және визуалды жобалау – технологиялары және әдістемесі, қолданатын аспаптары. Визуалды модельдеу дегеніміз не? Визуалды модельдеу (vіsual modelіng) – нақты өмірдің объектілері мен ұғымдарын көрсететін және өзі көрініс табатын абстракциялардың көмегімен проблемаларды қабылдау әдісі. Модельдеу проблемаларын талдау, барлық қызығушылығы бар жақтар арасында ақпараттардың алмасуы (қолданушылар, пәндік аумақтағы мамандар, аналитиктер, дизайнерлер және т.б.), программалық қолданбалар мен мәліметтер базасын жобалау, және документацияны дайындау үшін пайдалы құрал болып табылады. Модельдеу талаптарын жақсы қабылдауға, жүйенің дизайн сапасын жақсартуға және оны басқару деңгейін жоғарылатуға өз септігін тигізеді. UML – объекті бағдарланған жүйелермен құрастырылатын мәндердің құжаттамасын белгілеу мен көріністендіру үшін қолданылатын тіл.
Модельдің көмегімен біз керегі жоқ детальдарды қарастырмай-ақ бар назарымызды негізгіге аудара отырып, проблеманы оңайлатуымыз мүмкін. Абстракциялау мүмкіндігі – күрделік феноменін шешуге көмектесетін, адам интеллектісінің іргелі қасиеті. Мыңдаған жылдар барысында суретшілер, қол өнершілер және құрылысшылар нақты шығармашылық ойларды жүзеге асыру алдында түрлі модельдерді жобалау талпыныстарын жасаған. Бұл құбылыстар программалық қамтаманы жасау индустриясын айналып өткен жоқ. Күрделі программалық жүйені құрастыру үшін, автор оның қасиеттерін түрлі көзқарастар тарапынан абстракциялауға, белгілеулердің нақты жүйелерінің көмегімен модельдерді жобалауға, олардың бастапқы талаптарға сәйкестігін тексеріп алуға міндетті, тек содан кейін ғана жүйені жаңа функциялармен толықтыра отырып, модельді практикада жүзеге асыруға болады.
12207 стандарты – Программалық жүйенің өміршеңдік циклының процесстері (ПЖ ӨЦ). Есептерді, жұмыстарды, процесстерді анықтайды. Кімге тағайындалғанын зерттейді. Нақты адаптация және шектеулер. Нормативті сілтемелер. Анықтамалар. Стандарттың қолданбалы қолдану – 5 негізгі, 8 қосымша, 4 ұйымдастыру процесстері. Өңдеу программасы – талаптардың талдануы, жобалау, программалау, жинау, тестілеу, орындау үшін енгізу, қабылдау. Этап бойынша жұмыстар тізімі. Этап бойынша жұмыстар мазмұны. Аспаптары.
Жобалаудың логикалық фазасы – программалық өнімнің алдын ала өңдеу фазасы. «Менде алты құл бар. Олар ақылды, талпынғыш. Менің білетінімнің бәрі, солардың арқасы. Олардың аттары: қалай және неге, кім, не, қашан және қайда» - логикалық модель құру үшін керекті сұрақтар құрамының парадигмасы. Пәндік аймақтың талдануының және сипаттамасының - этаптары, алгоритмдер мен деректер моделінің логикалық құрылуы, олардың байланысы және пайдаланушыға берілуі. Стандарттар. Техникалық тапсырма (ТТ) – өңдеуге берілетін талаптардың нәтижесі. ТТ құрамы. Өңдеудің ашылған бар әдістемесі, және олардың қазіргі заманғы құралдарда қолданылуы мен элементтері. Өңдеу этаптарын алдын ала спецификациялау және оның ТТ әсер етуі. Аспаптар мүмкіндіктері, технологиялары, жұмыс әдістемесі. Құрылымдық, модульдік және объектілік ұстанымдар – айырмашылықтары мен ұқсастықтары. Итерация, комбинирлеу және жоғарыдан төмен немесе төменнен жоғары жобалау.
UML талдау мен жобалау үрдістерінің құрамдас бөліктерін – семантикалық модельдер, синтаксикалық нотация мен диаграмманы, стандартизациялаудың сәтті талпынысы.
UML диаграммалары және класстар диграммасын құру тізбегі. Rational Rose – UML әдістемесін тарату аспабы. Ұқсас есептерді шешу үшін қолданылатын басқа да визуальды аспаптар. Өңдеу функцияналдығын сипаттау – қолдану варианттар диаграммасы (талаптар және шектеулер), функция орындалу реттері – әрекеттердің тізбектер диаграммасы (талаптар және шектеулер), өңдеу элементерінің бір-бірімен байланыс және бар болу сипаттамасы – кооперативті диаграммалар (талаптар және шектеулер). Интерфейсті жобалау. Объектілік жобаның өңделуі, ОМ 6 қосымшасына сәйкес, негізінен «прецеденттер диаграммасы» (ПД) немесе, екінші аталуы – ''Қолдану варианттар диаграммасы'' (ҚВД) басталады. Диаграмма прецедент барлық қалған жоба диграммалары үшін арналып жасалады. Ал оның екінші аталуы, негізінен, оның атқаратын рольін толық көрсетеді деп айтуға болады – пайдаланушы жүйесінің қолдану варианттар диаграммасы (актерлар, әрекет жасаушы объект). Сонымен бұл диаграмма негізінен, егер бұл ұстанымды Коуда (Сoad) атымен беріп орындайтын болсақ, онда жобалаушы сұрақтарына жауап ретінде - кім, қашан және не істегендігін білуге болады. Келесі диаграмма – ''Тізбек диаграммасы'' – Қ.В. (жеке қолдану вариантын орындау) орындауды жеке түсіндіреді (Қ.В.). Бұл диаграммада, егер Коуда әдістемесін қолданатын болсақ, онда актер вариантты орындау кезінде кіммен (немен) байланысқандығы көрсетіледі. Бұл диаграммада Қ.В. орындау уақыты анықталады, ол жүйеге нақты уақыт (RTS) жүйесінің қалай қызмет көрсететіндігін көрсетеді және жүйе, ON-LINE типінде, реакцияны шектеумен ерекшеленетіндігін де көрсетеді. Бұл диаграммада вариантты қолданушылардың арасындағы өтулер қолданушы әрекетімен анықталады. Сонымен қолданылатын Қ.В. объектіге кандидат (немесе объект атрибуты) болып табылады, ал ол орындайтын әрекет – объектінің әдісінің кандидаты болып табылады. Сондықтан, диаграмма объектілерді анықтаудың негізі болып табылатындығын айтып кетуге болады. Бұл диаграммада қолданушылар ретінде интерфейстің қолданылып отырған элементтерін және басқа ақпараттық объектілерді алуға болады.
Объект нақты немесе абстрактылы мән ретінде болады. Объект дегеніміз – программалық қосымшада нақты бір шекаралар, мағыналар және мәндермен берілген түсінік немесе абстракция.
Жүйенің әрбір объектісінің үш сипаттамасы болады- жағдайы, тәртібі және біркелкілік белгісі. Объект жағдайы атрибуттар қасиеттерінің жиынтығы және басқа абстракциямен байланыс арқылы анықталады. Мінез-құлық сипаттамасы объектінің функционалдық өмірін қамтуы, басқа объектер сұранысына әсерін зерттеп және операциялар жиыны түрінде іске асырылады. Біркелкілік белгісі объектінің әмбебаптығын анықтайды – басқа объектілермен бірдей болған жағдайда даклас объетілер тобын ортақ (атрибуттар), қасиеттер, мінез-құлық (функционалдар), семантика және басқа объектілер мен байланыс арқылы анықтайды. Класты басқаша объектіні құруға арналған шаблон деп те атауға болады. Әрбір объекті тек бір кластың данасы болып табылады. Класты құрған кезде оны құжаттандыру керек. Сипаттама класс құрылымын емес, оның мәнін беру керек.
Ratіonal Rose өнімдерінің сериясы құрастырушыны нақты уақыт жүйелерінде және «клиент/сервер» орталарында қолдануға жарайтын және қазіргі кездегі бизнес талаптарын қанағаттандыратын тиімді де сенімді шешімдерді қабылдауға көмектесетін визуалдық модельдеудің толық құралдар жиынымен қамтамасыз етеді. Ratіonal Rose құралдары біркелкі стандарттарға негізделген және модельдеуді, оларға жақын сфералардағы бизнес-процестерді оптимизациялауға талаптанатын, компьютерлік ғылымдармен онша таныс емес тұлғалармен қатар, программалық қолданбалардың логикасын модельдеу құралдарын қажет ететін мамандар үшін оңай етеді.
Келесі қолданылатын RR – мен берілген диаграммаларға - кооперативтік диаграммаларды жатқызуға болады, - олпар негізінен тәртіп детализациясы үшін қолданылады, олар уақиғалар аймағын және олардың арасындағы байланысты анықтайды, қосымша қолданушыларды анықтайды, олардың жалпы және мінездемелік анықталарын береді – яғни соңғы «Класстар диаграммасын» - салу үшін керекті деректердің барлығын алуға мүмкіндік береді. Класстар диаграммасы объектілер абстракциясы және тізімі негізінде құрылады, олар тізбектер диаграммасында қолданылған қолданушылармен анықталады, ол итерациялық өзгерістерінен алынады.
Атрибуттарды, әдістерді, қасиеттерді, оқиғаларды, кластарды анықтау. Класстар диаграммасы – класстар арасындағы байланыс - өзгешелігі және көрсетілуінің элементтері.
Алгоритмдер және ақпараттардың берілу моделін жобалау әдістемесі.
Пәндік аймақтың сөздігін құру – мәтінді сипаттама, керекті заттарды белгілеу және олардың идентификациясы, таблицалар – заттар мінездемесі, оларды қолданудың шарттары. Декомпозиция және құрылымдау әдістері. Құрылымдық деректерді декомпозициялау үшін реляциялық кестелердің қалыптастыру әдістемесі. Графтар және ақпараттық модельдеу үшін тізбекті және паралельді қолданылуы. Екі жақты графтар – заттар моделі – тәртібі. Циклдар және екіжақты графтағы шынжырлар. Тәртіп және деректер ағашы, деректер және ағындар функциялары. Желілік моделдер және фреймдер. Формалар және панелдер – жоба контейнерлері. Мәтіндік редакторлар. Аспаптық құралдардың турбо элементтері – өңдеудің жылдамдығы.
Достарыңызбен бөлісу: |