Аудармасы
79
Парасат
Тариқатқа шариғатсыз кіргендердің
Шайтан келіп иманын алады екен.
Осы жолда пірсіз тақуалық қылғандар
Әуре-сарсаң болып жарым жолда қалады екен.
Тариқатқа саясатшыл муршид (пір) керек.
Ол муршидка шын сенетін шәкірт керек.
Қызмет етіп, пірдің ризашылығын алу керек.
Мұндай ғашық хақтан үлес алады екен.
Пірдің ризашылығы – хақтың ризашылығы деп біл,
достар.
Хақ тағала рақымына йе болар, достар.
Сопылық жолда құпия сөздерді білер, достар.
Ондай құлдар хаққа жуық болады екен.
Ей, бауырым, осы жолға пірсіз кірме.
Хақты еске түсіруден бір сәт қапыл қалып жүрме.
Опасыз жалғанға ақылды болсаң көңіл бөлме.
Қарғыс атқан шайтан өз жолына салады екен.
Уа, достар, еш білмедім мен жолымды.
Бақыт жолына мен белімді байламадым.
Мен тілімді дүние қызығына жұмсаудан тыймадым.
Надандығым мені рәсуа қылады.
Шариғатты, тариқатты біліп аламын десең,
Тариқаттың ақиқаты үшін өлімге басты қиямын десең,
Бұл дариядан асылтас, гауһар теріп аламын десең, [біл]
Жаннан кешкен зиялылар алады екен.
Ғашық құлдар күндіз-түні бір тынбайды,
Бір сағат та Алланы ойлаудан қапы қалмайды.
Ондай құлдың сұбхан ием еңбегін зая етпес.
Дұға етсе, қабыл болады екен.
Уа, дариға, кетті өмірім бостан-босқа.
Күнәларымды сен кешір, рақымың менен.
Құл Қожа Ахмед сен үшін қасіретке түсті.
Өзін-өзі отқа жандырып күйіп отыр.
80
Білімді ғашық сүйіспеншілігіменен қиямет күн
Құдайына есеп-жауап береді екен.
Бұл ғаламда тартқан қорлық жапаларын
Көкірегінен жарып алып Алланың қасына апарады екен.
Бұл ғаламда өзімді халық алдында рәсуа еттің.
Дидарымды көрсетем деп есімнен айырдың.
Жарық дүниенің халқын дұшпан көріп ұрыс салдым
Құдайға барып арыз жасайды екен.
Дидарымнан үміт етсең кешкілік жатпа.
Бұл дүниенің тағамынан зәрредей татпа.
Сопылардың жайынан сұраса, надандарға сырыңды сатпа.
Мұндай ерлер Алланың шапағатына бөленеді екен.
Дидарымды көруді талап етсең ғарышқа қара.
Ғарыш үстінде аһ ұрып аһыңның отын жақ.
Үмбет болсаң Мұхаммедке қызмет көрсет.
Сұбхан ием шын ғашықты есепке алады.
Мұны есітіп ғашық би билеп, әсем ән салады.
Жеті көктен періштелер жиылып келеді.
Арсы-күрсі, лаух, қалам Алладан көмек сұрайды,
Жер тебіреніп хаққа мұңын шағады.
Ей, жер мен көк, ғашықтардан сақ болыңдар.
Отты аһы шығатын болса, әзір тұрыңдар.
Көкке қарап дабыл қақса қорқып тұрыңдар.
Бір аһ ұрса ғалам [жермен] жексен болады.
Шын ғашықтар әлсіздігін білдіріп сәлем етеді.
Құдіретпен оның сәлемін перде ішінде алады.
Дидар үшін күйгендер келіңдер, келіңдер дейді.
Жылы шырайын көріп шын ғашықтар [мұддығасын]
тілейді.
Пәктің пәгі шынайы ғашықтарға Алладан сәлем келеді.
Жүз жиырма мың ғашықтың қатарында тұрады.
Пейішке кір деп Алладан сәлем келеді.
Пейішке кірмей [алдымен] дидарын көреді.
Періштеге сәлем келді: алқа салғыл.
Алқа салып махшар майданына алып жүргіл.
Дидар үшін күйгендерді [көпшілікке] мағлұм қылғыл.
Ғашықтары мазасы қашып жүретін еді.
Айтқандарын қылған ғашық дидар көреді.
Мақсатына жетіп, махшар күні кезінде дәурен сүреді.
Аһ ұрған демінен жеті тозақ үріліп жанады.
Періште келіп оған тағзым етеді.
Ғашықтардың айбатынан періште қашады.
Қорқып барып тозақ ішінде от шашады.
Уайыммен тозақтағы зақұм ағашының улы суын тоя ішеді.
Құдіретіне қайран болып қалады.
Ей, бихабар, періштелерден ғашығы көп.
Бір рет аһ ұрса ғалам ойран-асыр болады.
Заһид (жалғыз жүріп құлшылық ету), тақуа, сопылардан
ғашық артық.
Ғашық емес адам оллаһи (жарым) жолда қалады.
Құл Қожа Ахмед дидар іздеп бейшара бол,
Семья, үй-жайыңнан безіп, жеке-дара жүр.
Алланың берген еркі өзіңе дұшпан, рәсуа бол.
Жеке жүріп ғибадат еткен Алланың дидарын көреді.
81
Кел, жиылыңдар, зікірші құлдар зікір айталық.
Зікір айтушыларды Құдай өте жақсы көреді.
Ғашық еместердің иманы жоқ, ей жараңдар.
Тозақ ішінде үнемі тынбай күйіп жатады.
Сүйіспеншілігі мол ғашықтарды Құдай сүйді.
Сол үшін дүние қууды талақ қылды.
Жаннан кешіп, жасын төгіп, ғашық болды.
Махшар күні Алланың дидарын (сол үшін) көреді.
Ғашықтардың шын досқа жаны құрбан.
Жан-тәнімен оны іздеп зар жылайды.
Ғашықтық саудасы басына түссе, жаны бүлінеді.
Есі кетіп, оны іздеп (шарқ ұрып) жүреді.
Ғашық болсаң күндіз-түні тынбай жыла.
Кәмбіл пірдің қызметіне беліңді байла.
Күйіп-пісіп дертіменен көкірегіңді жарала.
Жаралы (өлген) мақсат еткен мүддесіне жетеді.
Хақты сүйген ғашықтар мұратына жетті.
Жалған ғашық болып жүрме, ұят ойла.
Қылыштан өткір қыл көпірдің аты – Ысрат.
Жалған тақуалық еткен өте алмай қалады.
Ғашық болсаң жалған тақуалық қылма, сақтан!
Жалған ғибадат еткендерден Құдай безеді.
Қаһарлы ием қаһар етсе, аты – қаһар.
Қиямет күні жүзіқара масқара болады.
Ғашықтар түнде жылап таңсәріде тұрады.
[Алла] сырының шарабын ішкен ғашық сырды жасырады.
Кімде-кім сөксе, [тәніне] аяғымен тепсе қарымына қолын
өбеді.
Ондай сабаздар қуаныш, рақатқа жолығады.
Махаббатқа ие болған жан дегеннің не екенін білмейді.
Басы кетсе тайынбайды, жанын жалдайды.
Ғашық көңілі ойын-сауықты, тағам, нан дегенді білмейді.
Һу һу деп зікірін айтып жүреді.
Ғашықтардың көзі жасқа толы, бауыры қуырдақ,
Қорқынышы жоқ, уайым-қайғысы жоқ, жалаңаш-жалпы
жүреді.
Ел көзіне бетегеден биік, жусаннан аласа, сыры құпия.
Жан-тәнімен Алланы еске түсіретін дұға айтып жүреді.
Тура жүрген ғашықтарға Құдай разы.
Ғашықтардың ісі оңай емес, ойын етпе.
Жалғанда жақсы көрушілер ғашықпын дейді, бірақ
Алла қазы.
Иманын соқыр тиынға сатып кетеді.
Ғашықтың оңай ісі – бас беру.
Мансур сияқты өзін қиып жан беру.
Өлімді қабыл алып, өлі топырақ болу.
[Аллаға] ғашықтар өзі өлмей тұрып өледі.
Ахиреттің саудасын саудаласаң,
Бұл дүниенің күйбеңін ойыңа алма.
Еңбек ет те, пейіштің рақат-ләззатына ие бол.
Жаннатқа кіргендер [Алланың] дидарын көреді.
Құл Қожа Ахмед ғашық болсаң жаныңнан без.
Содан кейін [Аллаға] ынтызарлық шарабын тоя іш.
Күнәларыңды жеңілдетіп сонда ұш.
[Алланың] ғашықтары жұмақтың ішінде ұшып
жүреді.
87
Ғашық сырын баян етсем бұл ғаламда
Бейхабарлардың есітіп құлақ тосқаны жоқ.
Хақтың жадын (еске түсіру) кімге айтайын,
барлығы өмірін қапы өткізуде.
Мұсылманмын деп бұл дүниеден өткені жоқ.
Ишан, шейх, қожа, молда дүние іздейді
Сол себепті патшаларға жалған шариғат айтады.
Аят, хадис сөзін бұзып мал алуды көздейді.
Хақ жолында ешқашан михнат тартқан емес.
Дүние жинаудан тыйылып, хақты сүйген мұратына жетті. [Аллаға] ынтызарлық шарабын ішкен ғашықтың
ынтызарлығы арта түседі.
Қиямет күні оңбаған кәзаптардың жүзі қара.
Жалған дүниені қуушылардың Алла жадын айтқаны жоқ.
Ақыр заман шейхтарының барлық ісі – екіжүзділік.
Махшар күні алдамшы істері куә болады.
Шейхпын деп мұнша өтірік, мұнша дүние жинаған.
Алла үшін [олардың ішінде] зәрредей сауап жасағаны жоқ.
Ишанмын деп түрлі асты теріп жейді.
Жақсыларды көзге ілмей «мен, мен» дейді.
Дүние-мүлік алып барса, сүйсініп алады.
Оллаһи-биллаһи менмендіктен өткен күнә жоқ.
Сәждеге кім отырса, пақыр болсын.
Мұхаммед сияқты топыраққа ұқсас қарапайым болсын.
Дәруіштік жолда өңі солғын гүлдей болсын.
Хақ Мұстафаның [Мұхаммедтің] елге қатты қараған кезі
болған жоқ.
Өзі өнеге көрсетіп, халыққа өсиет айтты.
Жүз мың кәпір бұтқа табынудан безіп [ислам] дініне кірді.
Өнегелі істерінен барлық ғалам нұрға батты.
Содан соң [Мұхаммедтен] иман да, ислам да кеткен жоқ.
Пенде болсаң [сен де] мінез-құлқыңды түзеп үмбет бол!
Содан кейін иманды, исламды қолға ал.
Таң сәріде хаққа жылап зар еңіре.
Алла жомарт, ешкім үмітсіз кеткен емес.
Бір жақсы қылық – екі ғаламның абзалы.
Қылығының өнегелілігінен хақ Мұстафа ұлық болды.
Хақ тағала мінез-құлықтың қандай болуы
керектігі жөнінде аят жіберді.
Ақпақұлақ адам аятты есітіп ұққаны жоқ.
Мінез-құлықтың қалай болу керектігін
қамқорлық жасап айтты.
Мұстафа, үмбеттерге оқып, таратты.
Жалған үмбет уәдесінен қайтып, танады [ішінде]
Сұбхан ием күнәларын кешіргені жоқ.
Құлшылық [қажеттігін] есіткенімен құлағына кірген
емес,
Қасиетті адамдардың қызметін қылған емес,
Жетілген кәмбір пірді көрген емес,
Жалған табынушылардың Аллаға сүйіспеншілік
шарабынан татқаны жоқ.
Жанынан кешкен шын ғашықтар дүние демейді.
Нәпсісін тыйып, арандай тамақтың қамын жемейді.
Бүл дүниеде пайда мен зиян дегенді білмейді.
Дүниенің өзі келіп, күлім қақса, қараған емес.
Махаббатты диуананың нышаны бар.
Жанында, жүрегінде ғашықтық дертінің баяны бар.
Дерті жоқтарды кім көрсе күмәні бар.
Баязид сияқты [олардың] күн сайын өзін
сатқаны жоқ.
Ғашық болсаң бауырыңда жоқ көздің қаны.
Ей, нәрсе, жабдығыңда жоқ ғашықтық нышаны.
Қызмет қылсаң кәмбіл пір сыйдың кені.
Қызмет қылмай сый кеніне батқан ешкім жоқ.
Өзінің қоштығын ойлағандар ғашықпын деп
кеп лепіреді.
Бейхабарлар қайда барса, дүкен ұстап
сауда-саттық жасайды.
Өтіріктен жолға түскен сияқты болып,
бұл дүниенің асылын іздер.
Дүниені іздеп табаны-табанына тиген емес.
Хақтан қорықпай «мен, мен» деген шаһтар қайда?
Ай, күнге ғибадат еткен сиқыршылар қайда?
Түнімелік жылап таңсәріде тұрған игілер қайда?
Ғибрат алып, еттің қанын төккені жоқ.
Құрғақ діншіл хақ сүйіспеншілігін көзіне ілмейді.
Пейіш іздеп, дидарын талап етпейді.
Ғашықтардың наласына құлақ салмайды.
Бұл дүниені масқаралап тас атқандар жоқ.
Бұл Қожа Ахмед «құлмын» десе, «құлым» дегіл.
Одан кейін пенделікке мойын ұсынғыл.
Махаббаттың майданында басыңды тіккіл.
Басты тікпей Алланың алдына жеткен емес.
88
Ғашықтық тақуалығын маған қылма, жалған ғашық.
Ғашық болсаң бауырыңда көз қаның жоқ.
Махаббаттың ынтызарлығы жанды бергізбесе
Зая кетер өмірі оның жалғаны жоқ.
Ғашықтық бағына махаббат егіп көгертпесең,
Қорлық көріп сұм нәпсіңді өлтірмесең,
Алла деп ішке нұрды толтырмасаң,
Оллаһи-биллаһи, сенде ғашықтықтың нышаны жоқ,
Хақ зікірін (еске алу) жүрегіңнен,
жан-тәніңмен шығармасаң.
Үш жүз алпыс тамырың тебіренбесе,
Төрт жүз қырық төрт сұңқарыңды шақырмасаң.
Жалған бәрі, хаққа ғашық болғаның жоқ.
Нәпсіден безіп, қанағатты әдет қылған.
Бағзы біреу тепсе, разы болып мойын ұсынған.
Жақсыларға қызмет қылып дұға алған.
Ондай ғашықтың махшар күні арманы жоқ.
Рахаттан безіп, жанның михнатын қош көргендер.
Таң сәріде жанын қинап қызмет еткендер.
Дырду-думанды, «біздікі мен менікі» дегенді тастағандар
Шын ғашық сол, олардың ешқашан жалғаны болған емес.
Ғашықтың дертін дертсіздерге айтып болмайды.
Бұл жолдардын өтіп болмайтын бейнеті көп.
Ғашықтық гауһарын кез келген нәмартқа
сатуға болмайды.
Бейхабарлардың ғашықтық қадірін білгені жоқ.
Ғашықтыққа түскенің – отқа түскенің, күйіп өлесің.
Көбелек сияқты жаннан кешіп күл боласың.
Дертке жолықтың, уайыммен солдың, дәлқұлы болдың.
Ғашық ауруын сұрасаң, емі жоқ.
Бұл жолдарда басың кетеді, әзір тұрғыл.
Ғашықтық жолында өлмей тұрып, сақтан, бұрын өлгіл
Пірдің айтқанын берік ұстап қызмет ет.
Қызмет еткеннің жарым жолда қалғаны жоқ.
Ғашық емес сүйгеніне жан бермесе.
Диқан емес кетпен шауып нан бермесе,
Мұнда жылап, ахиретте жан бермесе.
Жарым жолда қалғанның тәңірінің хош
иісіне кенелгені жоқ.
Ей, бейхабар, ғашықтық жайынан тарих сұрама.
Дерт ізде, ғашықтық дертіне ем сұрама.
Ғашық болсаң дәруіштерден белгі сұрама.
Бұл жолдарда ғашық өлсе, өтеуі жоқ
Заһид болма, тақуа болма, ғашық бол.
Михнат тартып, ғашықтық жолына шын беріл.
Нәпсіңді тыйып, Алланың даргаһына (сарайына)
лайық болғыл.
Ғашық еместердің жаны да жоқ, иманы да жоқ.
Ғашықтық саудасы кімнің басына түссе, рәсуа етеді.
Нұрын төгіп, хақ өзіне ынтызар етеді...
Мәжнүн сияқты ақылын алып, Ләйла етер.
Алла растайды, бұл сөздердің жалғаны жоқ.
Құл Қожа Ахмед жаннан безіп жолға түс.
Содан кейін қасиетті ерлердің жолын ұста.
Алла деп хақ жолына жаның бергіл.
Бұл жолдарда жан бермесең қисыны жоқ.
89
Қажет емес ғашық дертіне ем сұрамақ.
Денсаулығын ойран етіп [келмеске] жіберген, дауасы жоқ.
Жаныңды қинап, жасың төгіліп, қошың кетіп.
Ғашықтық дертінен, достар, қатал бәле жоқ.
Кейбіреу күйеді, [сонда да] ғашықтың отын
жанына салады.
Жаны күйсе, ағзасынан түтін шығады
Бауыры оның жүз пәре бүтін жері жоқ.
Халыққа сыртынан көрініп тұрған жарасы жоқ.
Жанынан кешіп таппай әркім шын сүйгенін
Көбелекті көріп өзіңді құрбандық қылу керек.
Көріп, біліп өз жанын отқа күйдірді.
Пайда немесе зиян жайында ешқашан шаруасы жоқ.
Сонша жүрдің, сонша тұрдың, ей, бейхабар!
Шайтан нәпсінің істерінен алдын ала сақтан.
Бізден бұрын сансыз керуен сапар шеккен.
Айтып кеткен бұл дүниенің опасы жоқ.
Айтып өткен қасиетті ерлерден жолды сұра.
Таңсәріде ере тұрып, дабыл ұр.
Һу [софы] сұхбатын құрған жерге өзіңді итермеле.
Жолға кірген ерлердің [әр нәрсеге] әуесі жоқ.
Құл Қожа Ахмед айтты, достар, мұны естіңдер.
Қап тауы сияқты тас тисе үні шықпайды.
Ғашық дертін кімге айтып кімге жылады,
Оллаһи-биллаһи, ғашық дертінің ешқандай емі жоқ.
90
Алланың таңғажайып құпиялары туралы айтылған
жақсы сөздерім тәбәрік.
Ғашық болсаң уа талапкер ғибадат жасап беліңді бүк.
Күндіз-түні ұйықтамай, жас орнына қаныңды төк.
Арыслан бабамның сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
Арыслан бабам айтты: талапкерлердің ықыласы жоқ.
Пірің қасында болғанда Қыдыр мен Ілияс неге керек?
Пірге қадам қойғанда және айтпа «көмек бер».
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
Талапкермін деп айтады, оллаһи-биллаһи, нысабы жоқ.
Өзгелерге телміреді, көздерінде жоқ нысап.
Кісі малын жейді олар, себебі жүрегі пәк емес.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
Пір қызметін қылдық деп, талапкермін деп жүреді.
Арам-алысты жеп, көлбарына (месіне) тығады.
Көздерінде ығал жоқ, алқа ішіне кіреді.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
Зікір айтушымын деп күшенеді, көзінен жасы шықпайды.
Көкірегінде қайғы жоқ, неге ауырады басы?
Алдайды, айла қылады ісі Құдайға белгілі.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
Талапкермін деп айтады көңілінде зәрредей жарық жоқ.
Шын талапкерді сұрасаңыз, іші-тысы – гауһар тұр.
Хаққа аян сырлары жегендері таза нұр.
Арсылан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
Суреттері софы тәріздес қияметтен қорықпайды.
Пасық, жиіркенішті, ұлан-асыр күнәларынан шімірікпейді.
Немесе тәспі қолына ұстап, жылап жасын төкпейді.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
Қол тәспісі қолында зуннар [мұсылмандарға
бағынған христиандар] жақсы білсеңіз.
Хақтың ризашылығы сол ғашықтық саудасын қылсаңыз.
Махшарда сүйіспеншілікке бөлініп, бұл дүниеде
рәсуа болып тұрсаңыз.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
Ғашықтыққа қадам қойғандар хақ дидарын көреді.
Муса сифат махшарда хақтан сауал сұрайды.
[Алқа мәжілісінде] шыли мас болып Алла деп зікір салады.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
Инша алла [Құдай қаласа], есіткендерді хақтан тілеп
алармын.
Шайтан жолынан алып, хақ жолына салармын.
Медет берсе Мұстафа күнәларын тілермін.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
Арыслан бабаны сұрасаңыз пайғамбарға сенімді.
Сахабалар ұлығы, жаратушының шын пендесі.
Жатқан жері кедір-бұдыр, көргені – қорлық пен зорлық.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
Сәрсенбі күні есітіп, кенеттен хазрет барды.
Арыслан бабаның үйіне үлкен қонақ болады.
Жатқан жері жайсыз ед, көріп қайран қалады.
Арыслан бабамның әңгімесін есітіңіз – тәбәрік.
Ол Мұстафа Мұхаммед тұрып дұға етеді.
Періштелер әумин деп қолын жайып тұрады.
Осындай үмбет бердің деп Аллаға шүкір қылады.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік
Сахабалар айтты: Арыслан баба еді атыңыз.
Арабтардың ұлығы кіршіксіз таза затыңыз.
Тәрбие-әдеп жағынан парыз көрінеді, ара-тұра
уақыт салып жатыңыз.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
Ақыр заманның үмбеттері үйлерін безендіреді.
Әуейі нәпсіге қызығып, әр сәт сайын адамгершілігін
бұзады.
Атақ-абырой, даңққа үйір қылар бойларын,
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
Ақыр заман үмбеттері дүниені фани (өткінші) деп
білмейді.
Өлгендерді көрсе де, одан ғибрат алмайды.
Қасиетті кісілердің қылғанын көрсе де көзге ілмейді.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
Жақсы жолдардан азып, жаман жолға ауысқан.
Шайтан лағынетті пірім деп, етегіне жабысқан.
Әзәзілді пірім деп, таңертең, кешкілік [амандасып]
көріскен.
Арыслан бабам сөздерін естіңіз – тәбәрік.
Иманын, дінін беріп, өлмеймін деп күліскен.
Өлмеймін деп дүниеде жаратушымен тірескен.
Қапы қалып, бүкіл өмірін тәкаппарлық жолына берген.
Арыслан бабам сөздерін естіңіз – тәбәрік.
Уақыты жетсе, Әзірейіл: «Аманатты бер», – дейді.
Шайтан лағынет пірім деп, жан берерде айта көрмесе еді.
Иманын, дінін алып қойып, жанын қуғынға салмаса еді.
Арыслан бабам сөздерін естіңіз – тәбәрік.
Тоба қылса тобасын жаратушы қабыл етпейді.
Алла десе қожасы қолын демеп алмайды, өйткені
Арам-алыс, жиіркенішті күнәларынан пірге
барып арылмайды.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
Жеті жаста Арыслан бап Түрікстанға келді.
Басымды қойып жыладым халімді көріп күлді
Мың бір зікір үйретіп мейірбандық жасады.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
Құрма туралы сөз еттім, маған айбар жасады.
Ей, би әдеп, көдек деп асасын алып қуды.
Айбарынан қорықпадым, маған қарап тұрды.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
Аузыңды аш, ей көдек, аманатыңды берейін.
Мазалысың (дәнін) жұтпадым, аш аузыңды, салайын.
Хақ пайғамбардың бұйрығын үмбет болсам, қылайын.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
Аузымды аштым. Салды. Құрманың иісі мас етті.
Екі ғаламнан безіп, оллаһи болдым хақты,
жан-тәнімен сүюші.
Қожа, молда жиылды, қолдан-қолға тигізбей алып жүрді.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
Бабам айтты: Ей, балам, маған әдеп қылмадың.
Бес жүз жыл ұртымда сақтап едім мен саған.
Дәнін сіз алып, етін [сыртын] маған бердіңіз.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
Бабам айтты: Ей, балам, қасымда тұр, өлейін.
Жаназамды оқып көм, жан тәсілім қылайын.
Медет берсе Мұстафа ғарыш биігіне шығайын.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
Жылап айттым, ей баба, жас көдекпін, білмеймін.
Көріңізді қазармын, көтеріп сала алмаспын.
Хақ Мұстафа сүндетін, балапанмын, білмеймін.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
Бабам айтты: Ей, балам, періштелер жиылады.
Жебірейіл имам болып, өзгелер оған ұйиды.
Макаил мен Исрафил көтеріп көрге қояды.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
Құл Қожа Ахмед сөзіңді надандарға айтпа.
Сөзіңді айтып наданға соқыр тиынға сатпа.
Аштан өлсең де ешқашан оңбағаннан қайыр күтпе.
Арыслан бабам сөздерін есітіңіз – тәбәрік.
(Аударған Берікбай Сағындықов)
АХМЕД ЙҮГІНЕКИ
Ахмед Йүгінеки – XII ғасырдың аяғы мен XIII ғасырдың басында өмір сүрген ақын. Өз заманының білімпаз оқымыстысы болғандықтан, ақынды «Әдиб Ахмед» (Әдиб – оқымысты, жазушы) деп атаған. Толық аты-жөні – Әдиб Ахмед ибн Махмуд Йүгінеки, жасынан зағиптық мехнатын тартқан кісі. Туып-өскен елі – Түркістан қаласының маңайындағы Жүйнек деген жер.
Ақынның «Ақиқат сыйы» атты кітабы – тәлім-тәрбие, адамгершілік, білім, моральдық нормаларды әңгіме етіп, ақыл-кеңестер беретін дидактикалық үлгідегі шығарма. Небәрі 466 жол өлеңнен тұрады. 20 шақты тақырыпқа бөлінген. Аруз өлең өлшемімен, түркі тілінде жазылған.
Кітаптың 3 түрлі нұсқасы және әр түрлі үзінділері бар. Қазіргі тілімізге Стамбулдың Топ-Қапы сарайында сақтаулы тұрған қолжазбадан аударылған.
АҚИҚАТ СЫЙЫ
Транскрипциясы
Мужибу талифи һаза л-китаби ва муқтазиһи
69. Тат Испаһсалар бег үчүн бу китаб
70. Чықырдым ажунда аты қалсу деп
71. Қитабымны көргӓн ешиткӓн киши
72. Шаһымны ду’а бирла йад қылсу деп
73. Кединги келигли кишилар ара
74. Аның зикри таңсуқ едиз болсу теп
75. Аның вудды бирла көңүллӓр толуп
76. Аның йады бирла ажун толсу деп
77. Безӓдим китабны мава'из масал
78. Бақығлы оқуғлы асығ алсу деп
79. Балак еттим аны шаһымға мен – өг
80. һавадарлығымны түгӓл билсу деп
Ан-нав’у л-аввалу фи манфа’ати
л-’илми ва мазаррати л-жаһли
81. Билигтин айурмӓн сөзүмга ула
82. Билиглигка йа дост өзиңни ула
83. Билиг бирла билинүр са’адат йолы
84. Билиг бил са’адат йолыны була
85. Баһалық динар билиглиг киши
86. Бу жаһил билигсиз баһасыз биши
87. Билиглиг билигсиз қачан тең болур
88. Билиглиг тиши ер жаһил ер тиши
89. Сүңӓкка йилиг тег еранға билиг
90. Еран көрки ’ақыл ол сүңӓкниң йилиг
91. Биликсиз йиликсиз сүңӓк тег халы
92. Йилигсиз сүңӓкка сунулмас елиг
93. Билиг билди болды еран белгүлүг
94. Билигсиз тиригла йитиг көргүлүг
95. Билиглиг ер өлди аты өлмӓди
96. Билигсиз есан еркан аты өлүг
97. Билиглиг бириңа билигсиз мыңын
98. Теңагли теңӓди билигниң теңин
99. Бақа көргил емди уқа сынайу
100. Не нең бар билиг тек асығлық өңин
101. Билиг бирла ’алым йоқар йоқлады
102. Билигсизлиг ерни чөкӓрди қоды
103. Билиг бил усанма бил ол хақ расул
104. Билиг қимда ерса сиз арқаң деди
Ан-нав’у с-сани фи хифзи л-лисани ва сайири
адабиһа ва русумиһа
129. Ешитгил билиглиг негү деп айур
130. Адаблар башы тил күдӓзмӓк турур
131. Тилиң бекта тутғыл тишиң сынмасун
132. Халы чықса бектин тишиңни сыйур
133. Санып сөзлаган ер сөзи сөз сағы
134. Өкүш йаңшаған тил ей алмас йағы
135. Сөзүң бошлуғ етма йыға тут тилин,
136. Йетар башқа бир күн бу тил бошлығы
137. Хирадлық му болур тили бош киши
138. Телим башны йеди бу тил сөз бошы
139. Өчүктүрма ерни тилин бил бу тил
140. Башақтурса бутмас бутар оқ башы
Ан-нав’ у р-раби у фи бирри с-сахавати ва мазиммати л бухли
225. Айа дост билиглиг йизин излагил
226. Халы сөзлӓсӓң сөз билип сөзлагил
227. Ахы ерни өгкил өгар ерса сен
228. Бахылға курт дег оқуң гезлагил
229. Қамуғ тил ахы ер санасын айур
230. Ахылық қамуғ ’айб кирини йуйур
231. Ахы бол сеңа сөз сөкүнүч келмӓсүн
232. Сөкүнүч келгү йолны ахылық тыйур
233. Егилмаз көңүлни ахы ер егӓр
234. Тегилмас мурадқа ахы ер тегӓр
235. Бахыллықны қаны өгӓр тил қайу
236. Ахылықны һам хас төзү халық өгӓр
237. Ахы ер билигни йета билди көр
238. Анин сатты малын сана алды көр
239. Тирилди уламсуз уламай болуп
240. Ажуңда ат едгү қодуп барды көр
241. Бахил йығды зар сим харамдин өкүш
242. Вабал көтрү барды узила сөкүш
243. Үлүш болды малы кишилар ара
244. Бахил алды андин өкүнчдин үлүш
245. Айа мал идиси ахи едгү ер
246. Байат берди ерса сеңа сен ма бер.
247. Йерилган сөкүлгӓн терип бермӓгӓн
248. Халал берүр ерсаң неча терса тер
249. Таби’атда йеги ’адат ’айбасузы
250. Ахилық ерүр бил бухул көзгүси
251. Елиглӓрда қутлуғ беригли елиг
252. Алып бермӓгӓн ел елиг қутсузы ол
253. Бахиллық оталап оңалмаз йиг ол
254. Беримдин бахил елги кет берклиг
255. Йығып көңли тоймас көзи суқ бахил
256. Қул ол малға малы аңар ерклиг ол
257. Бу будун толусы ахи ер турур
258. Ахилық шараф жаһ жамал арттурур
259. Севүлмак тилӓсаң кишилар ара
260. Ахи бол ахилық сени севдүрүр
261. Бахил накас утсыз тавар пасбаны
262. Йығар йемас ичмас тутар берк аны
263. Татурмаз есанинда туз достына
264. Өлүр қалур ахир йейүр душманы
265. Йана бир керӓклиг сөзүм бар сеңа
266. Айайын мен аны қулақ тут меңа
267. Сөз ол дур такаббурны башдин салып.
268. Тавазу’ны берк тут йапуш кет аңа
269. Такаббур қамуғ тилда йерлүр қылық
270. Қылықларда едгү қылық хой қылық
271. Ол ер ки улуғсынды менмен деди
272. Аны не халайық севӓр не халық
273. Қамуғ қазғанықлы ажун малыны
274. Йейүмади барды көрүң халыны
275. Тишиси қалып бір адын ер била
276. Ол анда йатыбан берүр саныны
277. Тӓкӓббур лыпасын кейип аз салын
278. Керип халыққа көксүң азурлап тилин
279. Му’минлық нышаны тавазу’ турур
280. Агар му’мин ерсаң тавазу’ қылын
281. Тавазу’ қылықлыны көтрүр иди
282. Тӓкӓббур тутар ерни кемшүр қозы
283. Улуғсынма зинһар улуғ бир байат
284. Улуғлуғ мениг сиз алынмаң диди
Қала н-набийиу ’алайһи с-салам ман таваза’а рафа’аһу л-лаһу ва ман такаббара хазалаһу л-лаһу
285. Тавар бирла ерса улуғсындуғуң
286. Улуғлуғ тапару елиг сундуғуң
287. Тавар асығ немиш барурсен йалың
288. Қалур мунда кисаң сабат сандуғуң
289. Агар кибр идиси асылмен деса
290. Айайын мен аның жауабын кеса
291. Ата бир ана бир уйалар бу халқ
292. Тафавутлары йоқ өта артыса
317. Көки көрклүг ерниң хойы көрклүг ол
318. Бу көрклүг қылыққа көңүл ерклиг ол
319. Бир ердин бир ерга тафавут телим
320. Ва лайкин керӓрга төзи бөрклүг ол
Ан-нав’у л-ахару фи макарими л-ахлақы ва т-тахриси ’ала т-тахаллуқи
321. Бүтүн қылғы фи’лын өта ердегил
322. Карам кимда болса аны ер дегил
323. Йемишсиз йығач дег карамсиз киши
324. Йемишсиз йығачны кесип өртагил
325. Мусулманға мушфиқ болуп миһрубан
326. Сеңа сандуғуңни мусулманға сан
Қала н-набийиу ’алайһи с-саламу т-та’ зиму
лиамри л-лаһи ва ш-шафақату ’ала халқи л-лаһи
327. Жафа қылдачыңға йанут қыл вафа
328. Арымаз неча йуса қан бирла қан
329. Йарағлық ашыңны кишига йедүр
330. Йарағ булсаң офрағ йалыңны бүтүр
331. Күч емгак тегүрма кишига халы
332. Агар тегса емгак кишидан кечүр
333. Есиз қылған ерга сен едгү қыл-а
334. Қарамның башы бу ерүр кет бил-а
335. Агар келса ердин сеңа едгүлүг
336. Өкүш қыл ол ерниң санасын тила
337. Йазуғлуқ кишиниң йазуғын кечүр
338. ’адауат көкини қазып кес көчүр
339. Йалыңланса тутшуп ’азаб кин оты
340. Халимлық суйын сач ол отны өчүр
Қама қала л-лаһу та’ ала ва л-қазимина л-ғайза ва
л’-афин’ ани н-наси ва л-лаһу йухиббу л-мухсинин
ва ка-қавлиһи салла л-лаһу ’алайһи ва саллам
Ман казама ғайзан ва һува йақдиру ’ала
инфазиһи мала’а л-лаһу қалбаһу иманан
садақа расулу л-лаһи
341. Карам бир бина тег аңар хулим бунйад ол
342. Йа майдан дег ол гүл карам ал гүл ол
343. Йықықлы йары бер кесүкли ула
344. Бу ендинлиг ерга азад өз қул-а
345. Күдӓзгил айа дост улуғлар хақын
346. Асығсыз жадал һам фарихдин сақын
347. Улуғларны бушруп сеңа бу фарах
348. Кичиглӓрни устах қылур бил йақын
349. Бӓла келса сабр ет фарахқа күтүп
350. Күйүп тур фарахқа бала рӓнж йүтүп
Кама қала л-лаһу та’ала ва л-лаһу йухиббу
с-сабирин фа-инна ма’а л-’усри йусран
ва кақавлиһи салла л-лаһу, алайһи ва
саллам интизару л-фаражи би-с-сабри’ ибадатун
351. Өчар мехнат оты кечар наубаты
352. Қалур сабр идиси сауабын тутуп
353. Улуғлуққа тегсаң йаңылма өзүң
354. Қалы болса атлас унутма бөзүң
355. Улуғ болдуғуңча түзүнрак болуп
356. Улуғқа кичигка сылық боп сөзүң
Ан-нав’у л-ахиру фи абийатин мута-фирра қатрин таштамилу ала ма’ анин мухталифатин
357. Уқуп сөзла сөзни евүп сөзлама
358. Сөзүң кизла кедин башың кизлама
359. Мың ер достуң ерса өкүш көрмӓгил
360. Бир ер душман ерса аны азлама
Ва залика қавлуһу ’алайһи с-саламу алфу садиқин қалилун* ва’адувун вахидун касирун
361. Неча тетиг ердин бирар саһу келүр
362. Неча пур һунарда бирар ’айб болур
363. Бу бир ’айбдин өтрү башын кесгүчи
364. Ажунда тирилгү кишисиз қалур
365. Тирил едгү фи’лын көңүллар алып
366. Есизлигдин өзни сирӓңгү салып
367. Етар болсаң ишни санып сақнып ет
368. Керак му кераксиз му кертү билип
369. Не иш өтрү келса сеңа кет йақын
370. Ол ишниң өңини соңыны сақын
371. Севүнч ерса кедин көңүл тут аңа
372. Өкүнч ерса аңдин озарақ сақын
373. Еран хайри шарри гузаф кечмас ол
374. Есиз едгү ишка йанут болмаз ол
375. Айа едгү умган есизлиг қылып
376. Тикан тарыған йер үзүм бичмаз ол
Қала н-набийиу ’алайһи с-саламу халалуһа
хисабун ва харамуһа ’азабун
411. Нелүк малға мунча суқ ол бу өзүң
412. Көңүлда ғамың ол тилиңда сөзүң
413. Барурсен бу малың ажунда қалур
414. Уйатып берүрлар сырыңғу бөзүң
415. Сениң малың ол мал ашын турдуғуң
416. Сеңа хасрат ол бек тутуп турдуғуң
Кама қала л-лаһу та’ала ма’ индакум ва ма
’инда л-лаһи бақин
417. Бу күн кендү сүчүг бу тирмақ сеңа
418. Ачық болға йарын қойуп бардуғуң
419. Бу ажун мазасы қатығлығ маза
420. Азасы өкүшрак мазасы аз-а
421. ’асал қайда ерса била арысы
422. Ары заһри татқу ’асалдин оза
423. Һунарлыққа ажун вафасызрақ ол
424. Һунарсызға мундин жафа азрақ ол
425. Һунар бирла давлат бирикилмаги
426. Булунмаз қамуғ қызда ол қызрақ ол
427. Не йазды ажунға бу сахиб һунар
428. Негүга бу аны улашу қынар
429. Харисларны көтрүп нафисни чалып
430. ’аду қутсыз ажун қарып му мунар
431. Айа хукмин ажун таба үггучи
432. Йерип муны бирар йана өгучи
433. Уған хукми бирла келүр келган иш
434. Аның ӓмри бирла тегӓр теггучи
435. Ажунға бу сөгүш маламат нелүк
436. Қазалар йүрүткан йаратқан малик
437. Қаза бирла санчылур адаққа тикан
438. Қаза бирла илнүр тузаққа елик
439. Қамуғ тегдачи нең қазадин ерүр
440. Уқушсыз ер аны сӓбӓбдин көрүр
441. Қаза бирла учған халиқ қушлары
442. Қарыға қонар һам қафасқа кирүр
443. Қаза келсе йүгрүк йүгүрмаз уруп
444. Қаза қайтарылмас қатығ йа қуруп
445. Сеңа ранж аңа ганж беригли уған
446. Жаза’ қылма ей ранж идиси туруп
Достарыңызбен бөлісу: |