I. 2012-2016 жылдарға арналған Жаңақорған ауданың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері



бет2/4
Дата03.03.2016
өлшемі405.37 Kb.
#35080
1   2   3   4

Ағымдағы нысаналы трансферттер Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде: жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, жергілікті бюджеттер шығыстарыныѕң ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың өкілді және атқарушы органдарының, актілерін қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған. Мысалы, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау, жалпы білім беретін ұйымдардың физика, зимия, биология кабинеттері мен лингофондық, мультимедиялық және интерактивтік тақталармен жабдықтау және тағы басқа.

Нысаналы даму трансферттері жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджетте бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.

 Жергілікті атқарушы органдар нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін тиісті жоғары тұрған органға жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі мен олар бойынша шығыстар сомалары көрсетілген өтінімдерді ұсынады.


Әлеуметтік сала шығындары
Әлеуметтік саланың шығындарына білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әлі аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жан жақты көмек көрсетілуде.Жалпы білім беретін мектептердің, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының, мәдениет үйлерінің, спорттық алаңдардың және әлеуметтік нысандардың құрылыстары жүргізілуде.

Білім беру
Барлығы аудандық бекітілген бюджеті бойынша білім беру саласына үш жылға
13 301 098 мың теңге қаржы бөлінген, оның ішінде 2012 жылға – 4 352 593 мың.теңге, 2013 жылға – 4 444 254 мың теңге, в 2014 жылға – 4 504 251 мың теңге. Ағымдағы жылдың нақтыланған бюджеті нысаналы трансферттерді қосқанда 4 698 556 мың теңгені құрайды.
2012-2014 жылдарға білім беру саласы шығындары

мың.теңге

Атауы

2012 жылға арналған бюджет

2013 жыл

2014 жыл

Бекітілген

Нақтыланған (01.10-ға.)

Барлық шығындар:

4 352 593,0

4 698 556,0

4 444 254,0

4 504 251,0

Мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту

374 273,0

442 219,0

363 077,0

367 979,0

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру

3 894 790,0

3 958 614,0

4 023 164,0

4 077 477,0

Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер

83 530,0

297 723,0

58 013,0

58 795,0

2012 жылға республикалық бюджеттен «Жалпы бiлiм беру» бағдарламасына негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға 12291 мың теңге, мектеп жанынан ашылған 13 шағын орталыққа 36370 мың теңге, «Мектепке дейiнгi тәрбие ұйымдарының қызметiн қамтамасыз ету» бағдарламасына мемлекеттік тапсырыс бойынша 7 бала бақшаға (ҚМК) – 20 852 мың теңге, 3 жеке бала бақшаға 46 408 мың теңге, «Жетiм баланы (жетiм балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтiп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдерi» бағдарламасына 10 116 мың теңге, «Үйде оқытылатын мүгедек балаларды жабдықпен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз ету» бағдарламасына 10 727 мың теңге бөлінді.

Облыстық бюджеттен санаторлық типтегі №28 «Алпамыс» бала бақшасын ұстау шығындарына 37 632 мың теңге бөлінді.

2012 жылы «Жалпы бiлiм беру» бағдарламасына мектеп ғимараттардын, мектептер теңгеріміндегі бала бақша ғимараттардын күрделі жөндеу жұмыстарына, мектеп ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттары әзірлеуге 189 317 мың теңге бөлінді.


Денсаулық сақтау
2012 жылы ауылдық округтерге ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға 104,0 мың.теңге қаражат қаралған, бұл жалпы бюджет көлемінің 0,01% шығындарын құрайды. Аудандық бюджеттің шығыстары денсаулық сақтау саласына 2013 жылға 105,0 мың.теңге, 2014 жылы – 107,0 мың.теңге бекітілген.
2012-2014 жылдарға арналған денсаулық сақтау шығыстары

мың.теңге

Атауы__2012_жылға_арналған_жоспар__2013_жыл'>Атауы

2012 жылға арналған жоспар

2013 жыл

2014 жыл

Бекітілген

Нақтыланған

(01.09.)

Барлық шығындар:

104,0

104,0

105,0

107,0

Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер

104,0

104,0

105,0

107,0


Әлеуметтік қолдау

2012-2014 жылдарға әлеуметтік комекке және әлеуметтік қамсыздандыруға шығындары

мың.теңге

Атауы

2012 жылға арналған бюджет

2013 жыл

2014 жыл

бекітілген

нақтыланған
(01.10)


Барлық шығындар:

419 583,0

491 398,0

396 183,0

401 531,0

Әлеуметтiк қамтамасыз ету

39 941,0

41 135,0

34 592,0

35 059,0

Әлеуметтiк көмек

379 642,0

450 263,0

361 591,0

366 472,0


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет