I. 2012-2016 жылдарға арналған Жаңақорған ауданың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері



бет1/4
Дата03.03.2016
өлшемі405.37 Kb.
#35080
  1   2   3   4





2012-2014 жылдарға арналған Жаңақорған ауданының

аудандық деңгейдегі азаматтық бюджет
I. 2012-2016 жылдарға арналған Жаңақорған ауданың

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ережесіне» сәйкес Жаңақорған ауданың 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жасалынып, бекітілді.

Орта мерзімді уақытта аймақтың экономикалық саясатының негізгі бағыты инфрақұрылымды дамыту және индустрияландыру арқылы экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен іске асырылуы қолға алынған үдемелі индустриялды-инновация бағдарламасы шеңберінде Жаңақорған ауданында 2012-2014 жылдары 9 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған,оның ішінде:

1. 2012 жылы «Жаңақорған Шипажайы» ЖШС-і санаториясы жоба құны


424 000 мың теңге;

2. 2013 жылы «Қызылорда құрылыс материалдары» ЖШС-нің жалпы құны


223 600 мың теңге тұратын жылдық құаттылығы 8 млн дана кірпіш шығаратын зауыт құрылысы;

3. 2014 жылы «Қызылорда құрылыс материалдары» ЖШС-нің жалпы құны


1 850 000 мың теңге тұратын көп бейінді темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт құрылысы;

4. «Шалқия- Цинк ЛТД» ЖШС-нің жылдық құаттылығы 4 млн тонна қорғаныс-мырыш кенін шығаратын кен байыту фабрикасының құрылысы;

5. «Қызылорда құс фабрикасы» ЖШС-нің жалпы құны 4 500 000 мың теңге тұратын жылдық құаттылығы 6000 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының құрылысы;

6. «Дархан-2006» ЖШС-нің темір-бетон цехын кеңейту және қайта жабдықтау;

7. ЖК «Шайхов» сауда үйінің құрылысы;

8. «Байкен-U» ЖШС-нің уран шикі затын өндіру;

9. ЖК «Божбанбаева Б» -нің тіс емханасын кеңейту және қайта жабдықтау;
«2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы № 496-IV Заңында 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленді:

1) жалақының ең төменгi мөлшерi – 17 439 теңге;

2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 8 720 теңге;

3) зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 17 491 теңге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу їшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 1 618 теңге;

5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 17 439 теңге болып белгiлендi.

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Аудандық бюджет – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және ауданың деңгейінде бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.
Аудандық бюджеттің түсімдері және шығындары
2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасы бюджет кодексіне, «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және ауданың бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Аудандық бюджеттің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.



«2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет» Жаңақорған аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 385 шешімімен аудандық бюджет бекітілді.
2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджеттің негізгі параметрлері

мың. теңге

Атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жл

есеп

бекітілген жоспар

нақтыланған жоспар

түзетілген жоспар

бекітілген жоспар

бекітілген жоспар

Түсімдер

6 331 703,6

6 013 484,0

7 186 207,0

7 186 207,0

5 758 955,0

5 836 701,0

1. Кірістер, оның ішінде:

6 248 087,5

6 005 811,0

6 706 120,0

6 706 120,0

5 758 955,0

5 836 701,0

Салықтық түсімдер

1 174 975,7

956 936,0

1 208285 ,0

1 208 285,0

905044,0

929 130,0

Салықтық емес түсiмдер

12 404,8

4 477,0

4 480,0

4 480,0

4 789,0

4 789,0

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

3 589,3

4 458,0

4 458,0

4 458,0

4 770,0

4 770,0

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

5 057 117,7

5 039 940,0

5 488897,0

5 488897,0

4 844 352,0

4 898 012,0

Ағымдағы нысаналы трансферттер

680 024,7

248 661,0

697 618,0

697 618,0

0,0

0,0

Нысаналы даму трансферттері

80 700,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Субвенция

4 296 393,0

4 791 279,0

4 791 279,0

4 791 279,0

4 844 352,0

4 898 012,0

Бюджеттік кредиттерді өтеу

3 053,6

7 673,0

10 144,0

10 144,0

0,0

0,0

Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Қарыздар түсімі

58 400,0

0,0

126 204,0

126 204,0

0,0

0,0

Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары

22 162,5

0,0

343 739,0

343 739,0

0,0

0,0

 



















Шығыстар

6 331 703,6

6 013 484,0

7 186 207,0

7 186 207,0

5 758 955,0

5 836 701,0

Шығындар, оның ішінде:

6 186 186,9

6 005 811,0

7 039 889,0

7 039889,0

5 758 955,0

5 836 701,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

418 806,0

455 273,0

615 075,0

615 128,0

394 773,0

400 102,0

Қорғаныс

5 245,2

3 222,0

3 510,0

3 510,0

3964,0

4 016,0

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

7 151,3

3 918,0

3 596,0

3 596,0

3969,0

4 023,0

Бiлiм беру

4 132 313,6

4 352 593,0

4 698 556,0

4 698 556,0

4 444 254,0

4 504 251,0

Денсаулық сақтау

0,0

104,0

104,0

104,0

105,0

107,0

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету

397 909,1

419 583,0

491 398,0

491 398,0

396 183,0

401 531,0

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

358 948,1

167 650,0

355 025,0

355 025,0

159 068,0

161 214,0

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

266 434,2

244 947,0

327 583,0

327 583,0

218 013,0

220 956,0

Отын-энергетикалық кешенi және жер қойнауын пайдалану

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

146 598,2

53 411,0

191 554,0

193 172,0

47 896,0

48 543,0

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

28 886,7

18 607,0

20 397,0

20 397,0

18 415,0

18 664,0

Көлiк және коммуникация

382 298,8

246 789,0

275 192,0

275 192,0

36 791,0

37 288,0

Өзгелер

23 961,7

35 760,0

46 353,0

44 682,0

35 524,0

36 006,0

Борышқа қызмет көрсету

0,0

0,0

3,0

3,0

0,0

0,0

Трансферттер

17 634,0

3 954,0

11 543,0

11 543,0

0,0

0,0

Бюджеттік кредиттер

123 987,8

0,0

126 204,0

126 204,0

0,0

0,0

Қаржы активтерін сатып алу

15 000,0

0,0

9 970,0

9 970,0

0,0

0,0

Қарыздарды өтеу

6 529,0

7 673,0

10 144,0

10 144,0

0,0

0,0

Ескерту: 2014 жылға субвенция көлемі болып табылады.
Түсімдері

2012-2014 жылдарға арналған аудындық бюджет түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдісімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа және да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

2012-2014 жылдарға аудандық бюджет кірістерінің болжамдау кезінде 2009 жылғы бюджет кірістерінің орындалуы, үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында нақты түскен түсімдердің бағалауы және уәкілетті органдардың мәліметтері ескерілген.

2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджеттің кірістері 2012 жылға – 6 005 811 мың теңге; 2013 жылға – 5 758 955 мың теңге; 2014 жылға – 5 836 701 мың теңге, оның ішінде:

аудандық бюджеттің түсімдері:

2012 жылға – 965 871 мың теңге;

2013 жылға – 914 603 мың теңге;

2014 жылға – 938 689 мың теңге.

субвенция:



2012 жылға – 4 791 279 мың теңге;

2013 жылға – 4 844 352 мың теңге;

2014 жылға – 4 898 012 мың теңге.

облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттер:



2012 жылға – 248 661 мың теңге.

2011 жылғы 28 қаңтардағы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» жолдауына сәйкес 2012 жылы 1 қаңтардан бастап 2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет кірістері ұлғаюының негізгі себебі төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтары бойынша бюджет қызметкерлерінің жалақысының 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап 30 пайызға көбеюіне байланысты орын алып отыр.

Аудандық бюджеттің салықтық түсімдері 2012 жылға 956 936 мың теңге көлемде белгіленді.

Салықтық түсімдердің ең үлкен мөлшерін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық құрайды.

Аудандық бюджеттің облыстық бюджетпен қатынасы жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша нормативтік аударымдар аудару арқылы реттеледі:

жеке табыс салығы бойынша: толығымен аудандық бюджетке (100%);

әлеуметтік салық бойынша – 90% - аудандық бюджетке,

– 10% - облыстық бюджетке



Жалпы сипаттағы трансферттер (бюджет субвенциялар)
Республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.

Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін Бюджеттік кодекспен бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік кепілдендірілген қызмет көрсетулерді ұсыну үшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі тиісті жергілікті бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.


Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде өңірдің салықтық әлеуеті, өңірдегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары және сол немесе өзге де өңірдің өзіндік ерекшелігіне байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі шығыстарға әсер ететін факторлар ескеріледі.

Кіріс көлемінің болжамы және жергілікті бюджеттірдің Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі негізінде шығындары есептелген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 54 қаулысымен бекітілген.

2011-2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2011 - 2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 30 қарашадағы № 359-IV Заңымен бекітілген.

«2011-2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттредің көлемі туралы» Қызылорда облыстық маслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №262 шешімімен 2011-2013 жоспарлы кезеңгі жылдарға облыстық бюджеттен берілген аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне субвенция көлемі белгіленді.


2011-2013 жылдарға Жаңақорған ауданынң бюджетіне облыстық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенцияның бөлінісі

мың. теңге


Атауы

2011 жыл

жоспар

2012 жыл

жоспар

2013 жыл

жоспар

Жанақорған ауданы

4 296,4

4 791,3

4 844,4



Аудандық бюджеттің шығындары
Жоспарланған 2012-2014 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, аудан экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру.

Аудандық бюджеттің жалпы шығындар көлемі 2012 жылы 6 005 811 мың теңге, жоғары тұрған бюджеттерден берілетін трансферттерді есепке алмағанда 2013 жылы


5 758 955 мың теңге, 2014 жылы 5 836 701 мың теңгеге жоспарлануда.

2012 жылға арналған бюджет шығындарының көлемі 2011 жылдың бекітілген бюджетімен салыстырғанда 816 031 мың теңгеге өсіп отыр. Бұл Елбасының Қазақстан халқына жолдауының іс-шараларын жүзеге асыру, халықтың әлеуетін жақсартуға, жұмыссыздықты болдырмауға жасалған бюджет.




Сала бойынша 2012 жылғы аудандық бюджеттің шығындары



мың.теңге

ф/г

Атауы

2012 жылға арналған жоспар

Барлық шығындаркөлемінің үлесі,%

бекітілген

түзетілген




II. Шығындар

6 005 811,0

7 039 889,0

100

01

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

455 273,0

615 128,0

8,8

02

Қорғаныс

3 222,0

3 510,0

0,05

03

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

3 918,0

3 596,0

0,05

04

Бiлiм беру

4 352 593,0

4 698 556,0

66,74

05

Денсаулық сақтау

104,0

104,0

0,01

06

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету

419 583,0

491 398,0

7,0

07

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

167 650,0

355 025,0

5,0

08

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

244 947,0

327 583,0

4,65

09

Отын-энергетикалық кешенi және жер қойнауын пайдалану

0,0

0,0

0,0

10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

53 411,0

193 172,0

2,74

11

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

18 607,0

20 397,0

0,29

12

Көлiк және коммуникация

246 789,0

275 192,0

3,90

13

Өзгелер

35 760,0

44 682,0

0,63

14

Борышқа қызмет көрсету

0,0

3,0

0

15

Трансферттер

3 954,0

11 543,0

0,16

Жыл сайын аудандық бюджеттің шығындары 14 функционалдық топ бойынша жоспарланады.

Нақтыланған аудандық бюджеттің шығындарында республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттер және кредиттер енгізілген.

Жергілікті атқарушы органдар мақсатты трансферттерді және кредиттерді тек мақсаты сай жұмсалып өзінің тиісті бюджеттік бағдарламасына отырғызылып пайдаланады.

Мақсатты трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер және даму нысаналы трансферттреге бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет