I. 2014-2018 жылдарға арналған Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері



бет2/3
Дата03.07.2016
өлшемі443.5 Kb.
#174674
1   2   3

Ағымдағы нысаналы трансферттер. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде: жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың өкілді және атқарушы органдарының, актілерін қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған.

Мысалы, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына Монтессори кабинетін алуға, жалпы білім беру мектептеріне Эрисман партасын алуға, өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек көрсетуге, көлік инфрақұрылымын күрделі жөндеуге, үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге және тағы басқа.



Нысаналы даму трансферттер жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджетте бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.

Мысалы көлік инфрқұрылымын дамытуға, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға, ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау жүйесін дамытуға және тағы басқа.

 Жергілікті атқарушы органдар нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін тиісті жоғары тұрған органға жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі мен олар бойынша шығыстар сомалары көрсетілген өтінімдерді ұсынады.
Әлеуметтік сала шығындары
Әлеуметтік саланың шығындарына білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жан жақты көмек көрсетілуде. Жалпы білім беру мектептерінің, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының, ауруханалардың, перинатальдық орталықтың, мәдениет үйлерінің, спорттық алаңдар құрылыстары жүргізілуде.
Білім беру
Қаланың бекітілген бюджеті бойынша білім беру саласына үш жылға 30 794 331 мың теңге қаржы бөлінген, оның ішінде 2014 жылға – 11 109 048 мың теңге, 2015 жылға –
9 769 766 мың теңге және 2016 жылға – 9 915 517 мың теңге.

2014-2016 жылдарға білім беру саласы шығындары

мың.теңге

Атауы


2014 жыл бекітілген


2014 жыл нақтыланған

айырмасы

Барлық шығындар:

11 109 048

12 186 206

1 077 158

Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту

2 313 931

3 186 349

 872 418

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру

8 246 206

8 398 784

152 578

Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер

548 911

601 073

52 162

Трансферттер, оның ішінде:

1 313 906 

2 600 142 

1 286 236 

Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен

1 126 790

2 241 510

1 114 720

Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен

187 116

358 632

171 516

2014 жылы жалпыға міндетті оқу қорына қала бойынша 228 552,0 мың теңге бөлініп, жалпы орта білімге қаралған қаржының 3 пайызын құрайды.

Қала бойынша 1-2 сыныпта оқитын 9881 оқушыны тегін ыстық тамақпен 100 пайыз қамтуға жергілікті бюджеттен 265 880,0 мың теңге бөлінді.

Білім бөліміне қарасты мектептерді өртке қарсы құралдармен және өрт анықтау жүйелерімен қамтамсыз етуге 38 686 мың теңге, білім саласы мекемелерінің жылу маусымына қосымша 32 437 мың теңге қаржы, жаңадан іске қосылған білім объектілерін ұстау шығындарына 761 589 мың теңге, 2013-2014 оқу жылында ашылған 64 класс-комплектіге қосымша 133052 мың теңге, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы төлеуді толық қамтамасыз етуге 11 828 мың теңге, мектеп мұғалімдеріне экологиялық үстеме ақының төленуін толық қамтамасыз етуге 65 976 мың теңге, мектеп мұғалімдері мен мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымшаақы мөлшерін ұлғайтуға 163 019 мың теңге, Тасбөгет кентіндегі оқушылар мен жасөспірімдер үйіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 қаулысына сәйкес қосымша 6 педставка және 4,5 штат бірлігіне, материалдық-техникалық базасын нығайтуға барлығы 9 652 мың теңге, Тасбөгет кентіндегі №2 санаторлық балабақшаны ұстау шығындарына 33 592 мың теңге қаржы қаралды.

Қалалық білім бөліміне қарасты №№ 1, 5, 7, 10, 43, 138, 173, 217, 233, 253 орта мектептердің, оқушылар үйі мен Талсуат ауылындағы балабақша ғимараттарының күрделі жөндеу жұмыстарына 241 500 мың теңге және 6 балабақша мен 2 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 8 500 мың теңге, барлығы жергілікті бюджеттен 250 000 мың теңге қаржы бөлінді.

2014 жылғы 18 ақпандағы мәслихат шешімімен бюджеттік қаржыландыруды автоматтандыру үшін бағдарлама өнімін сатып алуға және қызмет көрсетуге 2 100 мың теңге, Қосшыңырау ауылдық округіндегі № 138 мектептің жылу қазандығын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 6 532 мың теңге қаржы бағытталып, білім беру саласының шығындары 11 301 530 мың теңгені құрады.

2014 жылғы 29 сәуірдегі мәслихат шешімімен республикалық бюджет есебінен -мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерінің, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы үстемақыға 342 354 мың теңге;

-мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 694 695 мың теңге, оның ішінде:



-мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 650 093 мың теңге;

-мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерінің, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы үстемақыға 44 602 мың теңге;

Облыстық бюджет есебінен жалпы білім беру мектептеріне электрондық оқу жүйесін енгізуге 7 427 мың теңге бөлінді.

Кейбір бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген және пайдаланылмаған 30 701 мың теңге төмендегі мақсаттарға бағытталды:

Тасбөгет кентіндегі №11 орта мектеп базасында мүгедек балалар үшін кедергісіз орта қалыптастыру, қажетті жабдықтармен, оларды оқыту және тәрбиелеу үшін арнайы мамандармен қамтамасмыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға 21 257 мың теңге, ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін қажетті материалдар сатып алуға №112 және №212 орта мектептерге тиісінше 585 мың теңге және 1 333 мың теңге, Шанхай мөлтек ауданындағы «Сыр жұлдызы» балабақшасынан есту қабілеті бұзылған балаларға арналған топ ашуға және ұстап тұруға 7 526 мың теңге.

2014 жылғы 8 тамыздағы мәслихат шешімімен балабақшалардың әлеуметтік аударымына 4 623 мың теңге, №50 «Жұлдыз» балабақшасына жылу есептегіш құралын ауыстыруға 365 мың теңге, мектептен тыс мекемелердің әлеуметтік аударымына 320 мың теңге, мемлекеттік тапсырыс есебінен балабақшалар мен мектепке дейінгі ұйымдарға әлеуметтік аударымға 1 849 мың теңге, коммуналдық шығындарына 6 834 мың теңге, №5 «Шаттық» балабақшасына көзі нашар көретін балаларға медициналық құрал-жабдықтар алуға 1 717 мың теңге.

2014 жылғы 30 қазандағы мәслихат шешімімен 464 006 «Балаларға қосымша білім беру» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасына Қызылорда қаласындағы оқушылар үйі ғимаратының су құбырларына және фасадына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 7 258 мың теңге;

464 040 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасына барлығы 11 485 мың теңге, «Сыр бөбегі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорын балабақшасына сұйық отын сатып алуға 6 204 мың теңге, «Сыр еркесі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорын балабақшасына 2 135 мың теңге; «Бегім ана» мемлекеттік қазыналық кәсіпорын балабақшасына 3 146 мың теңге.

464 015 «Жетім баланы ( жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынға ақшалай қаражат төлемі» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасына ата-ананың қамқорынсыз қалған бала санының артуына байланысты қосымша 5 032 мың теңге қосымша қаржы қаралды.



Әлеуметтік қолдау

2014-2016 жылдарға әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру шығындары

мың.теңге

Атауы


2014 жыл

бекітілген


2014 жыл нақтыланған

айырмасы

Барлық шығындар:

1 487 884

1 617 781

129 897

Әлеуметтiк көмек

1 363 536

1 475 472

111 936

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қам-тамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер

124 348

142 309

17 961

оның ішінде:










Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен

10 425

366 805

356 380

Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен

235 457

203 397

-32 060












2014 жылғы қала бюджетін бекіту барысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік такси және қалалық ардагерлер ұйымының жұмысына, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, мүгедектерге ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуіне, мүгедек балаларды және жалпы үлгідегі мүгедектер мен жалғызілікті қарттарды үйде әлеуметтік қамтамасыз етуге, тұрғын үй көмегінің тағайындалуы мен төленуіне, аз қамтамасыз етілген қалалық телекоммуникация абоненттері болып табылатын, әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу арқылы әлеуметтік қолдау, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге, ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетуге тиісті қаржылар қаралды.

Сондай-ақ облыстық бюджеттен ағымдағы трансферттер есебінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде фашистердің құрған концлагердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға біржолғы материалдық көмекке 7074 мың теңге және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдарға коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмекке 128 767 мың теңге, өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан білім алушы 39 студентке әлеуметтік көмек көрсетуге 15 202 мың теңге барлығы 151 043 мың теңге бөлінді.

2014 жылғы 18 ақпандағы мәслихат шешімімен мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету орталығының бөлек ғимаратқа көшуіне байланысты 1 еден сыпырушы және 2 қарауыл штат бірліктерін ұстау шығындарына 1 360 мың теңге және қызмет көрсететін мүгедек балалардың санының артуына байланысты 6 әлеуметтік қызметкерді ұстау шығындарына 3 236 мың теңге, зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығына мекеменің теңгеріміне «ПАЗ-32053» автокөлігінің берілуіне байланысты жанар-жағар май сатып алуға 340 мың теңге қаржы бөлініп, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру шығындары 1 580 873 мың теңгені құрады.

2014 жылғы 29 сәуірдегі мәслихат шешімімен республикалық бюджет есебінен барлығы 48 516 мың теңге, оның ішінде:

-мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерінің, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы үстемақыға 4 772 мың теңге;

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 33 744 мың теңге;

- 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыларға 10 000 мың теңге;

Кейбір бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген және пайдаланылмаған 10 056 мың теңге төмендегі мақсаттарға бағытталды:

2 штаттан тыс мамандарды ұстау шығындарына 744 мың теңге, коммуналдық қызметтерге 200 мың теңге, Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай жұмыс істеген азаматтардың саны көбеюіне (164 адамға) байланысты коммуналдық қызметтер төлеуге әлеуметтік көмекке қосымша 9 112 мың теңге.

451 001 «Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасынан 1 080 мың теңге; 451 007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы 029 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасынан 3 518 мың теңге барлығы 4598 мың теңге шегерілді.

2014 жылғы 8 тамыздағы мәслихат шешімімен аппаратқа әлеуметтік аударымға қосымша 617 мың теңге, байланыс қызметіне қосымша 108 мың теңге;

451 002 «Жұмыспен қамту бағдарламасы» бюджеттік бағдарламасы 100 «Қоғамдық жұмыстар» кіші бағдарламасына әлеуметтік аударымға 15 648 мың теңге;

451 010 «Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасына мүгедек балалардың саны көбеюіне байланысты 3 370 мың теңге;

451 014 «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасына барлығы 2 458 мың теңге, оның ішінде әлеуметтік аударымға 353 мың теңге, мүгедек балаларға канцелярлық заттар алуға 395 мың теңге, бала санының көбеюіне байланысты мүгедек балаларды әлеуметтік қызметпен толық қамту үшін қосымша 6 штаттық бірлік әлеуметтік қызметкерді ұстау шығындарына 1 710 мың теңге;

451 017 «Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасына 46 жеке көмекшіне ұстау шығындарына 11 784 мың теңге қосымша қаржы қаралды.


Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
2014 жылы тілдерді қолдану мен дамытудың іс-шаралар жоспары негізінде, жергілікті бюджеттен 1 537,0 мың теңге қаржы бөлінуде.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы «Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, ауылдық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын бекіту туралы» №597 қаулысына сәйкес жаңадан салынған Қызылжарма және Маханбетов ауылдық клубтарына 12,5 штат бірліктерін ұстау шығындарына 13 476 мың теңге, 8 ауылдық клубтарға және 1 ауылдық мәдениет үйі, 3 қалалық мәдениет үйлеріне барлығы 32 штат бірліктерін ұстауға 24 300 мың теңге қаржы, сол сияқты қалалық бюджет есебінен Ақсуат, Қызылжарма ауылдық клубтарына 5 от жағушы штат бірлігіне, Қосшыңырау, Ақсуат, Қызылжарма ауылдық клубтарына 9 қарауыл штат бірлігіне барлығы 6 074 мың теңге, 3 қалалық мәдениет үйлеріне барлығы 9 (әдіскер, үйірме жетекшілері) штат бірлігіне 9 980 мың теңге, Қызылөзек ауылдық клубына 3 қарауыл штатына 1 310 мың теңге, Пушкин атындағы орталық кітапханаға 3 бірлік, №6 кітапханаға 3 бірлік, №12 кітапханаға 1 бірлік, барлығы 7 қарауыл штатына 3 058 мың теңге қаржы жоспарлануда.

2014 жылғы 18 ақпандағы мәслихат шешімімен А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйіне сахналық киім тіктіруге 3 250 мың теңге, 1000 дана «Қызылорда қаласы жастар шығармашылығың антологиясын» шығаруға 1 650 мың теңге, «Қызылорда тарихы туралы» 1000 дана кітап шығаруға 10 000 мың теңге, А.Тоқмағанбетов, М. Ералиева, С. Майқанова атындағы мәдениет үйлерінің күрделі жөндеу жұмыстары үшін 246 554 мың теңге бөлінді.

Газеттер мен журналдар және телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге 53 183 мың теңге қаржы қаралды.

Ал, жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды iске асыруға қосымша 3 100 мың теңге бөлініп, барлығы 16 730 мың теңгені құрады.

Қалалық деңгейде спорттық жарыстар өткiзуге және әртүрлi спорт түрлерi бойынша қала құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуға 20 637 мың теңге қаржы бөлінді.

2014 жылғы 29 сәуірдегі қалалық мәслихат шешімімен кейбір бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген және пайдаланылмаған 8 743 мың теңге қаржы азайтылып, төмендегі мақсаттарға бағытталды:

әртістердің костюмдерін тіктіруге 4 044 мың теңге, мерекелік іс-шаралар өткізуге қосымша 3 500 мың теңге, 1 кітапханашы штаттық бірлігін ұстауға 1 199 мың теңге.

2014 жылғы 8 тамыздағы мәслихат шешімімен 455 001 «Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасына әлеуметтік аударымға 86 мың теңге;

455 003 «Мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасына барлығы 119 551 мың теңге, оның ішінде әлеуметтік аударымға 1 026 мың теңге, А. Тоқмағанбетов мәдениет үйіне күрделі жөндеуге қосымша 53 954 мың теңге және мәдениет үйі аумағын абаттандыруға 33 045 мың теңге, Тоқмағанбетов және Ералиева мәдениет үйлеріне көрермен залына орындықтар сатып алуға 29 370 мың теңге;

455 006 «Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасына әлеуметтік аударымға 548 мың теңге қосымша қаржы қаралды.

Қалалық денешынықтыру және спорт бөлімі:

465 001 «Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасына барлығы 210 мың теңге, оның ішінде әлеуметтік аударымға 90 мың теңге, байланыс қызметіне 120 мың теңге;

465 005 000 «Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту» бюджеттік бағдарламасына барлығы 794 мың теңге, оның ішінде әлеуметтік аударымға 70 мың теңге, 3 компьютер, факс аппараты, ксерокс сатып алу және басқа да шығындарына 724 мың теңге;

465 006 «Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу» бюджеттік бағдарламасына 330 мың теңге;

465 007 «Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы» бюджеттік бағдарламасына 2 663 мың теңге.

Қалалық ішкі саясат бөлімі:

456 001 «Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасына әлеуметтік аударымға 135 мың теңге қосымша қаржы қаралды.


Ауыл шаруашылығы
2014 жылғы қала бюджетінен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды залалсыздандыру, емдеу шараларын мемлекеттік тапсырысқа сәйкес жүргізуге, ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыруға 649 мың теңге, қала көшелеріндегі қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыруға 17 244 мың теңге, сарып аурумен ауыратын ұсақ қара малдың санитарлық сою, санитралық союға бағытталған ауыл шаруашылығы малдарының құнын өтеуге 4303 мың теңге, энзоотиялық аурумен ауыратын ауылшаруашылығы жануарларына қажетті ветеринарлық препараттар (егу) алуға 2 864 мың теңге, ауылшаруашылығы жануарларын сәйкестендіру үшін техникалық қызметтердің ұдайы жұмыс істеуіне 1 310 мың теңге, эпизоотияға қарсы шараларды жүргізуге 32 623 мың теңге қаржы бөлінді.

Сондай ақ, республикалық бюджет есебінен мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 31 158 мың теңге бюджеттік кредит бөлінуде.

2014 жылғы 18 ақпандағы мәслихат шешімімен ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 22 қыркүйектегі № 1230 "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына байланысты жаңа үлгідегі ветеринариялық анықтама бланкілерді шығару үшін 241 мың теңге қосымша қаржы қаралды.

2014 жылғы 29 сәуірдегі қалалық мәслихат шешімімен мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерінің, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы үстемақыға 212 мың теңге, «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу» бюджеттік бағдарламасына 332 мың теңге, «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасына 3 968 мың теңге қосымша қаржы қаралды.

2014 жылғы 8 тамыздағы мәслихат шешімімен 474 001 «Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасына барлығы 551 мың теңге, оның ішінде әлеуметтік аударымға 135 мың теңге, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бағдарламасы бойынша мамандарын қайта даярлауға 416 мың теңге;

474 099 000«Мамандардың әлеуметтік көмек көрсетуі жөніндегі шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасына 2 593 мың теңге қосымша қаржы қаралды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет