I. 2015-2017 жылдарға арналған Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері



бет2/4
Дата09.07.2016
өлшемі0.51 Mb.
#187085
1   2   3   4

Ағымдағы нысаналы трансферттер Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде: жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, жергілікті бюджеттер шығыстарыныѕң ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың өкілді және атқарушы органдарының, актілерін қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған. Мысалы, тұқым шаруашылығын қолдау, білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге және тағы басқа.

Нысаналы даму трансферттер жоғары тұрєан бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджетте бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.

 Жергілікті атқарушы органдар нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін тиісті жоғары тұрған органға жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі мен олар бойынша шығыстар сомалары көрсетілген өтінімдерді ұсынады.


Әлеуметтік сала шығындары
Әлеуметтік саланың шығындарына білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әлі аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жан жақты көмек көрсетілуде.Жалпы білім беру мектептердің, мектепке дейінгі балалар ұйымдардың, аураханалардың, перинаталдық орталықтың, дәрігерлік амбулаториялардың, мәдениет үйлердің, спорттық алаңдардың және әлеуметтік нысандың құрылыстары жүргізілуде.
Білім беру
Барлығы ауданның бекітілген бюджеті бойынша білім беру саласына үш жылға 9975,3 млн теңге қаржы бөлінген, оның ішінде 2015 жылға – 3440,4 млн. теңге, в 2016 жылға – 3245,0 млн. теңге, в 2017 жылға – 3289,9 млн. теңге. Ағымдағы жылдың нақтыланған бюджеті нысаналы трансферттерді қосқанда 5000,7 млн.теңгені құрайды.
2015-2017 жылдарға білім беру саласы шығындары

млн.теңге

Атауы

2015 жылға арналған бюджет

2016 жыл

2017 жыл

Бекітілген

Нақтыланған (01.07-не.)

Барлық шығындар:

3440,4

5000,7

3245,0

3289,9

Мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту

556,4

829,0

518,4

526,4 

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру

2744,2

4039,7

2673,0

2708,1

Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер

139,8

132,0

53,6

55,4

Ағымдағы 2015 жылы Ақай ауылында 1 мектеп және 1 балабақша құрылыстары жүргізілуде, «Қармақшы ауданында балалар демалатын жазғы-қысқы лагерь құрылысы» жобасының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық құжаты әзірленуде.


Денсаулық сақтау
2015 жылы денсаулық сақтау саласына ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға кент ауылдық округ әкімінің аппараттарына 176,0 мың теңге қаралған. Аудандық бюджеттің шығыстары денсаулық сақтау саласына 2016 жылға 188,0 мың теңге, 2017 жылы – 202,0 мың теңге бекітілген.

2015 жылы ауданымызда 1 аудандық емхана құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Елді мекендерге 1 аурухана, 2 дәрігерлік амбулатория құрылысы жобасының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.


Әлеуметтік қолдау

2015-2017 жылдарға әлеуметтік комекке және әлеуметтік қамсыздандыруға шығындары

млн.теңге

Атауы

2015 жылға арналған бюджет

2016 жыл

2017 жыл

бекітілген

нақтыланған
(01.07.)


Барлық шығындар:

456,4

485,1

382,9

404,6

Әлеуметтік қамсыздандыру

2,5

2,5

0

0

Әлеуметтiк көмек

388,3

459,9

314,3

333,5

Өзге де шығындар

65,6

22,7

68,6

71,1


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет