И. А. Аманов Анықтамалық-жолсілтегіш ҚҚЭУ, студенттің құқығы мен міндеттері, кредиттік жүйе негізінде қашықтықтан оқыту технологиясын қолданумен білім алу, әрбір пән мен gpa бойынша қорытынды бағаны есептеу әдісте



Дата23.02.2016
өлшемі337.58 Kb.
#7500


Қазтұтынуодағы

Қарағанды экономикалық университеті

Білім, өсу мен жеке тұлғаны дамыту үшін!





СЫРТТАЙ-ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛАТЫН СТУДЕНТТЕР ҮШІН

Қарағанды -2012

Құрастырғандар:

Сырттай-қашықтықтан қаржы-экономикалық факультетінің деканы, э.ғ.к., профессор С.Н.Улақов;

Сырттай-қашықтықты бизнес және құқық факультетінің деканы, э.ғ.к., доцент Б.Т.Матаева;

Қашықтықтан оқыту орталығының директоры, ф.-м.ғ.к., доцент И.А.Аманов

Анықтамалық-жолсілтегіш ҚҚЭУ, студенттің құқығы мен міндеттері, кредиттік жүйе негізінде қашықтықтан оқыту технологиясын қолданумен білім алу, әрбір пән мен GPA бойынша қорытынды бағаны есептеу әдістемесі, мемлекеттік қорытынды аттестациялауға қойылатын талаптар, академиялық күнтізбе және т.б. туралы жалпылама мліметтерден тұрады.

Анықтамалық-жолсілтегіш 2008 жылдың 18-сәуіріндегі № 125 «Жоғарғы оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестацияны өткізу ережесі»; 2008 жылдың 9 желтоқсанында №638 «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережесі»; «Оқытудың кредитті технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі» (2011 жылдың 20-сәуір, №152), сондай-ақ, 2010 жылдың 13-сәуірінде № 169 «Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережелері» және 2008 жылдың 7 наурызында № 113 «Экспериментальді бағдарламаларды енгізу бойынша жоғарғы оқу орындарында экспериментті өткізу туралы» ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Бұйрығының Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетіне қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша 3 жыл мерзіміне экспериментті өткізу рұқсаты туралы 1.4.-пунктіне негізделеді.

Студент туралы мәлімет

Аты-жөні __________________________________________________

Мамандығы ________________________________________________

Тобы ___________________________________________



МАЗМҰНЫ


1.

ҚҚЭУ-де білім беруді ұйымдастырумен байланысты сұрақтар.....

3

1.1.

ҚҚЭУ студентінің ар-намыс кодексі................................................

3

1.2.

Университет құрылымы....................................................................

4

1.3.

Университет кітапханасы..................................................................

6

2

Сырттай қашықтықты форма бойынша білім беруді ұйымдастыру ережелері...........................................................................................

7

2.1.

Жалпы ережелер.................................................................................

7

2.2.

Сырттай-қашықтықтан оқыту нысаны бойынша оқу процесін ұйымдастыру......................................................................................

7

2.3.

Қашықтықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары.....................

9

2.4.

Қауіпсіздікке қойылатын талап..........................................................

10

3.

Қашықтықтан оқыту технологиясын қолданумен кредиттік жүйе бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері.......................

10

3.1.

Жалпы ережелер.................................................................................

10

3.2.

Жазғы семестрге тіркелу процедурасы............................................

11

3.3.

Студенттерді дайындау сапасын бақылау..........................................

12

3.4.

Сырттай-қашықтықты форма бойынша білім алушылардың оқудан шығарылу, қайта қалпына келтіру және ауыстыру ерекшеліктері.........................................................................................

16

3.5.

Білім алушылардың академиялық демалыс алу тәртібі.....................

18




2011-2012 оқу жылының академиялық күнтізбесі.............................

19



1. ҚҚЭУ-ДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚТАР
1.1. ҚҚЭУ студентінің ар – намыс кодексі

Ар – намыс кодексі студенттердің белгілі бір жұмыс тәртібін болжайды, оның құқығы мен міндеттерін айқындайды.



ҚҚЭУ студентінің келесідей құқығы бар:

  • мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

  • жеке оқу жоспарлары бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттары шеңберінде оқуға;

  • басқа жоғары оқу орындарында элективті пәндерді (яғни таңдаған пәндерін) оқып үйренуге;

  • өзінің қабілеті мен қажеттілігіне сәйкес қосымша білім беру қызметтерін алуға, оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстар таңдауға;

  • ҚР білім және ғылым Министрлігі белгілеген тәртіп бойынша бір жоғары оқу орнынан екіншісіне, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысуға және қайта қабылдануына ;

  • оқылатын пәндер бойынша оқу - әдістемелік кешендерін, университет кітапханасының ақпараттық ресурстарын тегін пайдалануға;

  • өз пікірі мен көзқарасын еркін білдіруге;

Бакалавр бағдармалары бойынша оқитын Қарағанды экономикалық университетінің түлектері магистратураға түсу кезінде және еңбекке орналасу кезінде тең құқықтарға ие.

ҚҚЭУ студентінің міндеттері:

  • жеке оқу жоспарын жасауға;

  • жеке оқу жоспарына сәйкес оқу пәндерін игеруге;

  • оқу пәндері бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) барлық түрлерін орындауға;

  • білімді шептік және қорытынды бақылаудың барлық түрлерінен өтуге;

  • оқу - әдістемелік әдебиеттер мен университеттің материалдық құндылықтарына жанашырлықпен қарауға;

  • ҚҚЭУ-дің ішкі тәртіп ережелерін орындауға (сыртқы киімде жүруге, темекі шегуге, қатты сөйлесуге тыйым салынады );

  • курстастармен, оқытушылармен кеңпейілді болуға;

  • сабаққа іскерлік киімде қатысуға;

  • пунктуальды және міндетті болуға, тыянақты және атқарымпаз болуға;

  • сабақ уақытында ұялы телефондарын ағытуға міндетті.

Студенттер өздерінің денсаулығын сақтау мақсатында рухани дүниесі мен дене тәрбиесін қатар жетілдіруге міндетті.

Өз міндеттерін бұзған студенттерге тәртіп бұзу шаралары қолданылуы мүмкін.


1.2.Университет құрылымы

ҚҚЭУ – Қазақстаннның алғы қатарлы және инновациялық Жоғарғы оқу орындарының бірі. Университет Мемлекеттік аттестациядан өткен. Өзінің түлектеріне мемлекеттік үлгідегі дипломдарды береді. ҚҚЭУ «Русский Регистр» компаниясының сертификатына ие, сапа менеджменті жүйесін қолданады.

ҚҚЭУ-дің Астана, Қостанай, Шымкент, Павлодар, Арқалық, Семей және Қызылорда қалаларында 7 қашықтықтан оқыту орталықтары бар.

Оқу процесіне кредиттік оқыту жүйесін енгізуге оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, э.ғ.к., профессор Бұғыбаева Роза Олжабайқызы, жаңа технология және қашықтықтан оқыту жөніндегі проректор, п.ғ.д., академик Ибышев Ержар Садуахасұлы жетекшілік етеді. Оқу процесімен байланысты сұрақтар бойынша, Сіз, сырттай-қашықтықты оқыту бойынша деканаттардың тьюторларынан кеңес ала аласыз.



Біздің мекен – жайымыз: 100009 Қарағанды қаласы, Академическая көшесі, 9. Мына автобустармен келуге болады: № 18,19. Мына бағытты таксилер: №08, 011, 30, 31, 44, 58 жүреді. «ҚЭУ» аялдамасы.

№ каб.

Ректорат




Ректор

Аймағамбетов Ерқара Балқараұлы

э.ғ.д., профессор



356

Бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор

Бұғыбаева Роза Олжабайқызы,

э.ғ.к., профессор



358

Тәрбие жұмыстары және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор

Әбілов Қосман Жақыппайұлы,

т.ғ.д., профессор



112

Әкімшілік- шаруашылық бөлімі проректоры

Какенов Қайрат Саттуұлы,

т.ғ.к., профессор



Университет факультеттері

60

Қашықтықтан оқытатын қаржы экономика факультетінің деканы

Улақов Сайран Нұрсұлтанұлы

59

Тьютор

Рахматулина Сәуле Тайтөлеуқызы

59

Тьютор

Усюрова Манира Серікқызы

59

Тьютор

Махабаева Әсем Мылтықбайқызы

59

Тьютор

Төкенова Әсел Серікқызы

59

Тьютор

Белькова Екатерина Юрьевна

59

Хатшы

Көшкінбаева Самал Құдайбергенқызы

58

Қашықтықтан оқытатын Бизнес және құқық факультетінің деканы

Матаева Ботакөз Төлешқызы

47

Тьютор

Қасымжанова Зинекүл

Сардарбекқызы



47

Тьютор

Алина Динара Төлеубайқызы

47

Тьютор

Махатова Айнагүл Серікқызы

Университет бөлімшелері

***

Кітапхана меңгерушісі

Шмидт Лидия Петровна

260

оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру, мониторингі және бақылау Департаментінің директоры

Даниярова Маржан Тасболатқызы

264

Тіркеу бөлімінің жетекшісі

Глазунова Светлана Борисовна

261

Оқу процесін жоспарлау бөлімінің меңгерушісі

Сіргебаева Жанар Ақтайқызы


62

Студенттік құжаттама бөлімінің жетекшісі

Тұралықова Кенжегүл Досанқызы


1.3. ҚЭУ кітапханасы

ҚЭУ кітапханасы – Қазақстанның жоғары оқу орындары Қауымдастығының мүшесі, Қазақстан кітапханалары Ақпараттық Консорциумының мүшесі. ҚЭУ кітапханасы – қор құрамы бойынша үздік жоғары оқу орындары кітапханасының бірі. Оған барлық білім салалары бойынша ғылыми, оқу, анықтамалық әдебиеттер, нормативтік құжаттар, мерзімді басылымдар, бейнефильмдер, CD-ROM оқулықтар кіреді. Жыл сайынғы мерзімді басылымдардың түсуі – 150 атаудан асады.

Әдебиеттер абонементінде мынадай мерзімдерге үйге алуға беріледі:


  1. Саны жеткілікті данадағы оқу әдебиеттері, шектеусіз оқу жылына беріледі;

  2. Кітапханада саны шектеулі оқу әдебиеттері, 10 күн мерзімге беріледі;

  3. Ғылыми әдебиеттер 2-3 кітап санымен 5 күн мерзіміне беріледі;

  4. Көркем әдебиет 2-3 кітап санымен 15 күн мерзіміне беріледі;

  5. Мерзімді басылымдар, сөздіктер, анықтамалар, энциклопедиялар, нормативтік құжаттар үйге алуға берілмейді;

  6. Егер материалға сұраныс болмаса пайдалану мерзімі ұзартылуы немесе басылым бір ғана данада болса немесе жоғары сұраныспен пайдаланылатын болса пайдалану мерзімі қысқаруы мүмкін;

  7. Сырттай-қашықтықтан оқитын студенттер қажетті әдебиеттермен сессия аралық уақытта қамтамасыз етіледі.

Оқу залынан әдебиетті сыртқа алып шығуға тыйым салынады. Осы ережені бұзған жағдайда оқырман ережені бұзу дәрежесіне қатысты кітапхана әкімшілігі белгілеген мерзімге кітапхананы пайдалану құқығынан айрылады.

Сіздерге қызмет көрсетеді:

  1. Оқу материалдары бар аудио- және бейне кассеталар (профессор-оқытушылар құрамының лекциялары); электронды ақпарат көздеріндегі оқулықтар және оқу құралдары (компакт-дискілер, CD ROM) – жеке дискеттерде материалдарды қарау және жазу, бейне және аудиокассеталар.

  2. Спутниктік теледидар арқылы оқытушы бағдарламаларға мүмкіндік алу.

  3. Құжаттарды сканирлеу және мәтіндерді басып шығару.

  4. Интернет желісінде жұмыс жасау.

  5. EBSCO мәліметтер базасын пайдалану – маңызды және сенімді ақпараттар алу. Осы жобаны жүзеге асыру, электрондық форматтағы әлемдік ғылыми, экономикалық, қоғамдық – саяси және ақпараттық мерзімді басылымдардың аса үлкен санын алу мүмкіндігін береді (барлығы 5 мың басылымнан асады). Мәліметтер базасы ағылшын, неміс және француз тілдерінде.

  6. «Заң» мәліметтер базасын қолдану – заңдылықтар бойынша толық және сенімді ақпараттарды алу. Бұл - ҚР әділет Министрлігінде тіркелген ҚР жоғары заң шығарушы және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің электронды жинағы. «Заң» мәліметтер базасы күн сайын электронды пошта бойынша жаңартылып отырады.

  7. Университеттің локальді желісіне кітапхананың қосылуы.

  8. Электронды каталогты пайдалану(«кітаптар», «мақалалар», «диссертациялар мен авторефераттар», «сирек кездесетін кітаптар»).

  9. «Университет оқытушыларының еңбектері», «Кооперация» мәліметтер базасын қолдану.


Кітапхананың жұмыс тәртібі :

Кітапхана демалыссыз жұмыс істейді күн сайын 9.00-ден 19.00-ге дейін;

Сенбіде 9.00-дан 18.00-ге дейін,

Жексенбіде 10.00 –ден 14.00-ге дейін жұмыс істейді.



2. СЫРТТАЙ ҚАШЫҚТЫҚТЫ ФОРМА БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2.1. Жалпы ережелер

Жоғарғы кәсіби білім беретін ұйымдардағы сырттай-қашықтықты форма бойынша оқытуды ұйымдастырудың осы Ережесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген, 2010 жылдың 13-сәуіріндегі №169 «Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес өңделді.

Қашықтықтықтан оқыту (қашықтықтыққа арналған оқыту) - оқытудың электрондық және телекоммуникациялық құралдары арқылы білім беру ұйымдарынан алыс тұратын оқу-танымдық қызметті және тұлғаларды дамытуды мақсатты және әдістемелік ұйымдастырылған түрдегі басшылықтың бір түрі.

Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:



  • тьютор (Tutor) – білім алушылардың өзіндік жұмысына басшылық жасауды жүзеге асырушы қашықтықтықтан оқытудың оқытушы консультанты;

  • контент – ақпараттық толықтыру – мәтін, графика, мультимедиа және өзге де ақпараттық толықтыру;

  • тьюторлық сыныптар – компьютерлермен, бейне мониторлармен және басқа да ақпараттық коммуникативтік құралдармен жабдықталған сыныптар.

Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен қызметкерлері қашықтықтықтан оқыту жүйесінің субъектілері болып табылады.

2.2. Сырттай-қашықтықтан оқыту нысаны бойынша оқу процесін ұйымдастыру
Сырттай-қашықтықты нысан бойынша оқу жылы Білім және ғылым министрлігі белгілеген оқу мерзімдеріне сәйкес басталады, саны мен ұзақтығын жоғары оқу орны өз бетінше белгілейтін академиялық кезеңдерден тұрады (Академиялық күнтізбе-оқу процесінің кестесін анықтаманың соңғы бетінен қараңыз). Қашықтықтықтан оқыту нысаны бойынша білім алушылар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім беру-кәсіптік бағдарламаларының мазмұнын толық меңгеруі тиіс. Білім алушы, мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес, кәсіби білім беру бағдарламасының мазмұнын толық игеруі тиіс.

Университет мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім сапасын қамтамасыз ететін қашықтықтықтан оқытудың кез-келген технологиясын қолдануға құқығы бар.

Университет қашықтықтықтан оқыту кезінде әрбір білім алушыға ақпараттық-білім беру ортасына кіруге мүмкіндік береді. Білім алушыда қажетті аппараттық-бағдарламалық құралдар болмаған жағдайда, университет оларды оған ақысыз негізде береді. Емтихан сессиялары арасындағы кезеңде, қашықтықтан оқыту технологиясы, студенттің теориялық материалды өздігінен игеру, қашықтықтан және жеке оқытушының кеңес беруін білдіреді.

Оқытушы-тьютордың жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы, пәннің барлық оқу материалы бойынша интерактивті кеңес беруін (чат, форум арқылы) қамтиды.

Қашықтықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып білім беру бағдарламаларын іске асыру кезіндегі кеңес беру жүйесі бірнеше түрдегі консультацияларды қарастыруы мүмкін:


  • жеке күндізгі (білім алушылардың бастамасы бойынша жекелеген жағдайда);

  • жеке қашықтықтықтан (бақылау және аттестаттау жұмыстарына арналған рецензиялар, телефон, e-mail, чат, форум бойынша);

  • топпен қашықтықтықтан (чат арқылы, Web-сайтында жиі қойылатын FAQ айдары, телеконференциялар түрінде).

Қашықтықтықтан оқыту мыналарды қамтиды: бейне-лекциялар, теледидар лекциялары; радио-лекциялар; мультимедиалық лекциялар; бейне конференциялар; телеконференциялар; әлектрондық оқу басылымдары бойынша (әлектрондық оқулықтар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, тренажерлар, ақпараттық-анықтамалық жүйелер) студенттің өзіндік жұмыстары, виртуалды зертханалық практикумдар (имитациялық модельдер); компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар мен әлектрондық пошта арқылы консультациялар беру.

Университет білім алушылардың ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттау жүйесін, олардың білімдері мен біліктерін және тәуелсіз бағалау әдістерін, қол жетімділікті шектейтін әлектрондық әдістерді қолдану арқылы бұрмалауларға, жалғандыққа қарсы қорғауларды, аумақтан тысқары аттестаттау комиссиясының көпшілік қорғау жұмыстарын бағалаудағы әділдігін ұйымдастырады. Бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестаттау (мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмыстарды, жобаларды қорғау) тек университет қабырғасында дәстүрлі немесе тестілеу әдістерімен жүргізіледі.

Университет білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен көзделген, кәсіптік практиканың барлық түрлері бойынша өткізу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді.

2.3. Қашықтықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары
Білім алушыларды қашықтықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін, қашықтықтық технологияларын қолданумен іске асырылатын білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша электрондық оқу-әдістемелік кешен болуы керек.

Қашықтықтықты нысан бойынша оқыту, студенттердің оқу курстарын оқытушы-тьютордың басшылығымен қашықтықтықтан оқыту жүйесіне арналған оқу-практикалық құралдарды, сондай-ақ оқытудың қазіргі құралдарын (компьютерлік, телекоммуникациялық) пайдалана отырып, өзіндік зерделеуді білдіреді.

Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе спутниктік теледидардың көмегімен ұжыммен немесе жеке қолданатын бейне лекциялар, сондай-ақ интерактивтік режимдегі теледидар сабақтары жатады.

Оқытудың компьютерлік құралдарына әлектрондық оқулықтар, мультимедиалық курстар, кері байланысы бар тренингтік бағдарламалар (супертьюторлар), кәсіби бағдарламалардағы оқыту тапсырмалары (профтьюторлар), желілік іскер ойындар жатады.

Оқытудың ойындық құралдарына іскер және операциялық ойындар түріндегі ұжымдық сабақтардың белсенді әдістері, дискуссиялар, коммуникативтік сабақтар, сондай-ақ виртуалды білім беру ортада оқылатын проблемалық және пәнаралық лекциялар жатады.

Қашықтықтықтан оқытуда консультациялар телефон, әлектрондық пошта, чат, сондай-ақ телеконференцияны пайдалану түрінде өткізілуі мүмкін.

Барлық оқыту қызметі мыналар арқылы жүзеге асырылады:



  • электрондық байланыс тәсілдерін қолдана отырып, оқытушының (тьютордың) студентпен (тыңдаушымен) педагогикалық қарым-қатынасы;

  • студенттің оқыту құралдарымен өзіндік жұмысы арқылы жүзеге асырылады.

Байланыс уақытына кеңестермен қатар, барлық бақылау іс-шаралары кіреді: емтихан, зертханалық жұмыстарды, рефераттарды, эссе, курстық, есептеу-кестелік жұмыстарды, жобаларды қорғау, қорытынды мемлекеттік аттестаттау.

Виртуальды (синхрондық немесе асинхрондық) өзара қарым-қатынас -қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезеңі. Синхрондық өзара қарым-қатынас студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық өзара қарым-қатынас студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.



2.4. Қауіпсіздікке қойылатын талап

Бағдарламалық қамтамасыздық оперативті контент, түпкі пайдаланушының ресурстары мен функцияларын іріктемелі шектеуін және оған қол жеткізуді басқаруын қарастыруы қажет. 1-курс студенті конфедициалды түрде деканаттан ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСЫНДА өзінің логин және паролін алуы тиіс. Ол университеттің ресурсын пайдалану және компьютерлі тестілеу кезінде аралық бақылаудан өту үшін, порталға шығу мүмкіндігін береді.


3. ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУМЕН КРЕДИТТІК ЖҮЙЕ БОЙЫНША ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1. Жалпы ережелер

1. Оқытудың кредиттік технологиясы – бұл өздігінен білім алу деңгейін арттыруға және білім беру траекториясын дараландыру, таңдау және кредиттер түріндегі білім көлемінің есебі негізінде білімді шығармашылықпен енгізуге бағытталған білім беру жүйесі.

2. Кредит – студенттің оқу жұмысының көлемін өлшейтін жалпыландырылған бірлік.

3. Оқуды аяқтайдың міндетті шарты – студенттің белгіленген кредит санын алуы, ол міндетті және таңдауы бойынша компонеттерден тұрады, теориялық оқытудың 128 кредитін құрайды.

4. Бір оқу жылы, әдетте, 34 аптаны құрайды, олардың 30-ы теориялық оқыту, 4 – аралық/ қорытынды бақылау. Оқу процесіне жазғы семестр енгізілді, ол қысқаша, қосымша оқыту және оқу бағдарламаларындағы айырмашылықтарды жою қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жасалған.

5. GРА (Grade Point Average), оқу үлгерімінің орташа балы – таңдаған бағдарлама бойынша студенттің бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің орташа балы, аралық аттестацияның пәндері бойынша балдық бағаның кредиттік және сандық эвивалеттік қатынасы ретінде анықталады.

6. Жоғарғы оқу орны курстан курсқа көшіру кезіндегі GРА көшірме балын өздігінен анықтайды.

7. Оқу пәндері бойынша студенттердің білімін бақылау формасы болып, оларды игеру соңында жүргізілетін жазбаша емтихан немесе білімін компьютерлі тестілеу табылады.

8. Курс саясаты: кеңестерге кешікпеу және оның үстінде сөйлеспеу; емтиханды босатпау; сырқат себебімен келмеу жағдайында, медициналық анықтаманы көрсету; ұжымдық жұмысты қолдау; деканатпен байланысты үзбеу; дер кезінде сессияны тапсыру; оқу бөлмелерінде тәртіпті сақтау.

9. Бірінші курс студенті Кіріспе курсын өту кезінде деканаттан дайындалған жеке жоспар үлгісін алып, оқу процесін ұйымдастырудың кредитті жүйесі және қашықтықтан оқыту технологиясымен танысады.

10. Емтихан сессияларының нәтижелері бойынша үлгерген студенттер келесі курсқа көшіріледі. Белгіленген GPA мөлшерін жинаған және академиялық борышы жоқ студенттер соған жатады.

11.Емтихандардың қайта тапсырылуы жазғы семестр кезінде қосымша ақы төлеу жағдайында жүргізіледі.

12. Аралық аттестация (қорытынды бақылау) нәтижелері бойынша деканат студенттердің академиялық рейтингін құрайды. Бақылаудың қорытынды формасы бойынша «қанағаттанарлықсыз» баға алған студент, жазғы семестр кезеңінде қосымша ақы төлеп, пәнді қайта тыңдауға және ол бойынша емтихан тапсыруына болады.

13. Академиялық борыш деп, оқу пәні бойынша білімді қорытынды бақылаудан студенттің қарызын айтады, ол емтиханнан қанағаттанарлықсыз баға алу немесе себепсіз емтиханды босату нәтижесінде қалыптасады. Мұндай жағдайда, студент ағымдық академиялық кезеңді аяқтау үшін қажетті кредит санын жинамайды, сондықтан ол қайтара оқуға қалады немесе жазғы семестр кезінде қосымша оқып, емтихандарды тапсырады.

14. Белгіленген көлемнен GРА көшірме балы төмен болса, студент, академиялық борыштың болмауына қарамастан, оқытудың қайтара курсына қалады.

15. Қорытынды аттестация, диплом жұмысын қорғау және мамандық бойынша мемлекеттік емтихандарды тапсыру түрінде жүргізіледі. Мұнда дәстүрлі немесе компьютерлік тестілеу әдістері қолданады.

16. Жазғы семестр академиялық үлгерімі бойынша борышы бар, ЖОО-нан екіншіге ауысу кезінде оқу жоспарында қалыптасқан айырмашылықтың болуы, келесі курсқа көшу кезінде GРА-дің жеткілікті болмауы жағдайларында, сондай-ақ, қосымша білім алу үшін студенттерге ұйымдастырылады. Жазғы семестрдің басталуы туралы ақпаратты деканаттан 1-маусымға дейін алуға болады.

Жазғы семестрге тіркелуге, кесте бойынша оқуға төлем жасаған студенттер жіберіледі. Курсты қайта игеру, ҚЭУ-нің Ғылыми Кеңесі бекіткен көлемдегі ақыны қарастырады.


3.2. Жазғы семестрге тіркелу процедурасы
Жазғы семестрді ұйымдастыру келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

    • студенттер жазғы естихан сессиясы басталғанға дейін деканатта жазғы семестрге қатысу ниеті туралы өтініш береді;

    • бір кредиттің құны негізінде, студенттер алдағы жазғы семестрге оның ақысын төлейді;

    • өтініш негізінде жазғы семестрдің кестесі жасалады;

Егер Сіз жазғы семестрге өтініш бермесеңіз немесе өтініш беріп, бірақ жазғы семестрдегі оқу ақысын төлемеген болсаңыз, онда Сіз қайтадан оқу мерзіміне қалдырыласыз немесе оқудан шығарыласыз.

Жазғы семестрдегі емтихандар нәтижелері бойынша студенттің балы GPA қайта саналады. Қажетті көшіру балын жинаған студент, келесі курсқа көшіріледі; барлық борыштарын тапсырған, бірақ GPA-ны жинай алмаған студент сол жылды қайтадан оқуға (ақылы түрде!) қалдырылады және барлық пәндерді қайтадан оқиды.

Мынаны назардан шығармаңыз! Жазғы семестрде Сіз 5 пәнге дейін оқи аласыз. Сондықтан да, егер Сіздің 5 пәннен көп борышыңыз бар болса, онда Сіз бірден сол жылды қайтадан оқуға қалдырыласыз.

Егер Сіздің жазғы семестрге қалғыңыз келмесе, сессия қорытындылары бойынша академиялық борыштың болуына жол бермеңіз және қажетті GPA алу үшін пәндердің басым көпшілігінен жоғары балл алуға тырысыңыз.


3.3. Студенттерді дайындау сапасын бақылау
Студенттердің оқу жетістіктерін тексеру үшін, бақылау мен аттестаттаудың әр түрлі нысандары қолданылады.

Студенттердің білімін бақылау мен бағалау кешені шептік, қорытынды бақылауды және қорытынды мемлекеттік аттестациялауды болжайды.

Сырттай-қашықтықтан оқыту формасында шептік (аралық) бақылау – сессияаралық кезеңдегі студенттің сәйкес пәннің екі блогы бойынша компьютерлік тестілеуден өту түрінде дайындығы бағалауды білдіреді. Оқу жылының басында әр студент өзіне тиесілі логинін және паролін алады да Интернет арқылы немесе университетке келіп ішкі байланысты пайдаланып тестілеуден өтеді. Тесттер әр пән бойынша белгіленген уақыт ішінде тапсырылуы тиіс. Тестің нәтижесі емтиханға деканаттың немесе өкілдіктердің жіберуіне негіз болып саналады.

Студенттердің білімін шептік (аралық рейтингтік) бақылау - әрбір пән бойынша 2 рет – бірінші және екінші рейтинг- тиісінше оқу жылы ішінде белгіленген график бойынша жүргізіледі.

Шептік бақылау бағалары негізінде (50%-ға 50% ретінде қабылданатын) оқытушы шептік рейтинг (Р1 немесе Р2) шығарып, ол «Рейтинг ведомосіне» жазылады. Нәтижелері тұтас санға дейін ықшамдалады.

Егер Сіз объективті себептер бойынша Р1 және Р2 өткізуге қатыспасаңыз, Сіз одан жеке өтуге құқыңыз бар. Сондықтан да факультет деканының рұқсаты бойынша Сіз емтихан сессиясы басталғанға дейін жеке кесте бойынша Р1 және Р2 тапсыруға тиіссіз.

Емтихан алдында пән бойынша Р1 және Р2 негізінде орташа рейтинг есептеліп шығарылады.

Орташа рейтинг мына формула бойынша есептелінеді:



Рорташа =;

Егер пәннен курстық жұмыс қорғау көзделсе, онда курстық жұмыстың бағасы Р3 ретінде қабылданады және орташа рейтинг мына формула бойынша есептелінеді:

Рорташа = ;

Бұл ретте, егер Сіз курстық жұмыс қорғамаған болсаңыз, онда Сіз емтиханға жіберілмейсіз.

Егер Сіздің орташа рейтингіңіз D(50) –дан төмен емес болса, онда Сіз пәннен емтихан тапсыруға жіберілесіз. Егер Сіздің рейтингіңіз төмен болса, Сіз оны емтиханға дейін көтеруге тиіссіз.

Студенттер біліміне қортынды бақылау (емтихан).

Рейтингі 50%-дан төмен емес студенттер қорытынды емтиханға жіберіледі. Қалған студенттер қорытынды бақылау басталғанға дейін өздерінің орташа рейтингін (Рорта) көтеруі тиіс. Студенттер біліміне қорытынды бақылау жасалған кесте бойынша емтихан сессиясында жүзеге асырылады.

Жазбаша емтиханның ұзақтығы 3 сағаттан аспайды. Емтихан компьютерлік аудиторияларда тест арқылы да қабылдануы мүмкін.

«Автоматты түрде» - емтиханды тапсыруға рұқсат етілмейді.

Жазбаша емтиханның нәтижелері, емтихан тапсырған күнді қоса алғанда, 2 күн ішінде хабарлануы тиіс.

Егер Сіз объективті себептер бойынша емтиханға келе алмасаңыз, тиісті құжаттар болған жағдайда Сіздің, факультет деканы мен қашықтықтан оқыту орталығының директорының рұқсат беруімен, емтиханды жеке тапсыруға құқыңыз бар.

Орташа рейтинг пен емтихан бағалары негізінде, қорытынды баға шығарылып, ол пән бойынша түпкілікті баға болып саналады.

Пән бойынша қорытынды баға келесі формула бойынша анықталады:

Қорытынды % = (Рорта * 0,6) + (Е* 0,4). Басқалай айтсақ, біз оны орташа рейтинг бағасының 60%-ынан және емтихан бағаларының 40%-ынан қалыптастырамыз.

Бақылаудың барлық формалары бойынша бағалар әрбір пән бойынша бөлек білімді бағалаудың көп баллдық әріптік жүйесінің 100% шкаласы бойынша пайызбен қойылады.



Сіздің біліміңізді бағалау өлшемдері:

«А», «А–» («өте жақсы») – егер Сіз бүкіл бағдарламадағы материалды терең және мықты меңгерсеңіз, тапсырманың түрін өзгерткен кезде жауап беруге қиналмай, материалды толық, сабақтастықпен, сауатты және логикамен баяндасаңыз, алдыға қойған міндеттерді еркін жүзеге асыра алсаңыз, монографиялық материалдарды игеріп көрсетсеңіз, қабылдаған шешімді дұрыс негіздей білсеңіз, жұмыстарды тәжірибеде орындаудың жанжақты дағдылары мен тәсілдерін меңгерген болсаңыз, материалды қателік жібермей, өздігіңізден жазып алып, қорытынды жасай алсаңыз;

«В+», «В», «В–» («жақсы») – егер Сіз бағдарламалық материалды нақты білсеңіз, оны сауатты түрде және негізгі мәнін айтып бере алсаңыз, сұраққа жауап беру кезінде түбегейлі дәлсіздікке жол бермесеңіз, теориялық ережелерді дұрыс қолдана білсеңіз және тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде қажетті дағдыларға ие болсаңыз;

«С+», «С», «С–», «D+», «D» («қанағаттанарлық») – егер Сіз негізгі материалды ғана меңгерсеңіз, дәлсіздіктерге жол берсеңіз, тұжырымдарыңызды жеткілікті түрде жеткізіп бере алмасаңыз, бағдарламалық материалды баяндау дәйектілігін бұзсаңыз және тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде қиналсаңыз;

«F» («қанағаттанарлықсыз») – егер Сіз бағдарламалық материалдың маңызды бөлігін білмесеңіз, түбегейлі қателіктер жіберсеңіз, тәжірибелік жұмыстарды үлкен қиындықпен орындасаңыз.
Білімді бағалаудың көп балды әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллдардың цифр­лық эквиваленті

Пайыз

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы


А –

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В–

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С–

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

А­­- -дан А-ға дейінгі, В- - тен В+ - ке дейінгі, D-дан С+ - ке дейінгі ауытқу амплитудасындағы бағаларды таңдау Сіздің біліміңіз бен біліктілігіңіздің жоғарыда берілген өлшемдерге сәйкестік дәрежесімен анықталады.

Оқытушы бағалардың әріптік және пайыздық эквивалентін оқу сабағының журналына қойып, белгілеп отырады. Мысалы: В+(87).

Мынаған назар аударыңыз! Егер Сіз емтиханда «F» баға алған болсаңыз, орташа рейтингіңіз жоғары болса да, қорытынды баға автоматты түрде «F» (қанағаттанарлықсыз) болады. Мұндай жағдайда Сіз борышкер қатарына ілігіп, жазғы ақылы семестрге қаласыз.

Бағаны көтеру мақсатында, сол сияқты қанағаттанарлықсыз бағаны түзету мақсатында емтихан бағасын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.



Сіздің емтихан нәтижелеріне шағым беруге құқыңыз бар.

Шағым беру рәсімі Сіздің жауабыңызды қайта рецензиялауды болжайды. Шағымдану нәтижесінде баға жоғарылатуы, сол сияқты төмендетілуі немесе өзгеріссіз қалдырылуы мүмкін.

Студенттер білімін қорытынды бақылау нәтижелері бойынша шағымдану үшін арызды емтихан нәтижелері жарияланғаннан кейін үш күн ішінде деканат қабылдайды.

Мынаны назардан шығармаңыз! Сессияны жай ғана бағаға тапсыру жеткіліксіз! Белгіленген бір курстан келесі курсқа көшіру балын (GPA) жинау қажет. ҚҚЭУ-де келесідей орташа курстан курсқа көшіру балы GPA белгіленген:

3 жыл оқу мерзімі (колледждан кейін)

1 курстан 2 курсқа – 1,3

2 курстан 3 курсқа – 1,5

3 курстан мемлекеттік қорытынды аттестацияға (мемлекеттік емтиханға) жіберу үшін – практиканы есептегенде 1,6-тен кем емес.



2 жыл оқу мерзімі (жоғары білімнен кейін)

1 курстан 2 курсқа – 1,5

2 курстан мемлекеттік қорытынды аттестацияға (мемлекеттік емтиханға) жіберу үшін – практиканы есептегенде 1,6-тен кем емес.

Орташа балл студенттің қорытынды нәтижелері негізінде барлық пәндерден есептеледі. Ол келесі формула бойынша, анықталады:


GPA (орташа балл) =
Мұнда: Иц1, Иц2, ...Ицn – цифрлық эквиваленттегі пәндер бойынша қорытынды бағалар;

К12, ...Кn – кредиттерде оқылған пәндердің көлемдері;

n – бүкіл оқу кезеңі ішіндегі оқытылған пәндердің саны.
Мысал. 3-ші курс студенті сессия қорытындылары бойынша келесі нәтижелерге ие болды:


Пәндер

Баға

Балл

Кредиттер

Математика

А-

3,67

3

Информатика

В-

2,67

3

Философия

С+

2,33

3

Қазақ тілі

D+

1,33

3

Педагогика, психология және өзіндік таным негіздері

В+

3,33

3

mo GPA =


Өйткені 3 курс үшін белгіленген балл GPA 2,5 құрайды, біздің студентіміз 4 курсқа көшіріледі.
Студенттердің қорытынды аттестациясына қойылатын талаптар
Қорытынды аттестация, ҚҚЭУ-дің оқу жұмысының жоспарларында көзделген мерзімдерде жүргізіледі. Оның ұзақтығы 4 аптадан кем емес мерзім болып белгіленеді. Сіздің диплом жұмысын жазу ережелерімен танысуға және қажет болған жағдайда таңдап алған зерттеу бағыты бойынша эдвайзерден консультация алуға құқыңыз бар.

Бүкіл оқу кезеңінде барлық емтихандар және дифференциалдық сынақтардың қорытындысы бойынша оқу жоспарындағы барлық пәндердің 75 пайызы А, А- «өте жақсы» бағамен, қалған пәндерді В-, В, В+ «жақсы» бағамен тапсырған және қорытындысында 3,5-тен кем емес орташа үлгерім балы GPA жинаған, сондай-ақ барлық мемлекеттік емтихандарды және дипломдық жұмысын «А» немесе «А-» бағаға қорғаған (тапсырған) ҚҚЭУ-дің түлегіне үздік бітіргендігі туралы диплом беріледі.

Студентке мынадай жағдайда дипломдық жұмыстың (жобаның) орнына екі мемлекеттік емтихан тапсыруға рұқсат етіледі:

1) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың негізінде стационарда ұзақ емделуде (бір айдан артық);

2) бала тууы туралы куәлігінің негізінде 3 жасқа дейінгі балалары бар;

3) ата-аналарының денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасының негізінде ауру ата-анасын күтуші;

4) мүгедек туралы медициналық анықтаманың негізінде мүмкіндігі шектеулі мүгедек.

Осы ретте, білім алушы жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады және тиісті құжаттарды ұсынады. Басқа жағдайда дипломдық жұмысты қосымша мемлекеттік емтихандар тапсыруға ауыстыруға рұқсат етілмейді.


3.4. Сырттай-қашықтықты форма бойынша білім алушылардың оқудан шығарылу, қайта қалпына келтіру және ауыстыру ерекшеліктері

Өз оқуыңызды жалғастырғыңыз келмеген жағдайда Сіздің өз еркіңізбен, дәрігер айғақтары бойынша немесе өзге ЖОО-ға ауысуымен байланысты оқудан шығуға құқыңыз бар.

Жоғарғы оқу орнының Жарғысында көзделген міндеттерді, жоғары оқу орнының ішкі тәртіп Ережелерін бұзғаны, оқу тәртібін бұзғаны, жоғары оқу орны әкімшілігінің оқу ақысының төлеу туралы шартын бұзғаны үшін жоғары оқу орнының әкімшілігі оқудан шығаруға дейін тәртіптік шара қолдануға құқылы.

Оқудан шығару мәселелері бойынша деканатқа немесе оқу процесін жоспарлау бөліміне жолығыңыз.

Оқу процесін жоспарлау бөлімінің меңгерушісі – Сіргебаева Жанар Ақтайқызы.

Тел: 44-16-24, ішкі тел: 137, офис – 261


Оқуды қалпына келтіру туралы өтінішті жазғы және қысқы каникулдар кезеңінде ректор қарайды.

Жоғары оқу орнынан шығарылған студентке белгілі формада транскрипт беріледі.



Оқуды қалпына келтіру рәсімі келесі түрде жүзеге асырылады:

  1. студент оқуын жалғастырғысы келетінін айтып, жоғары оқу орнының ректоры атына оқуын қалпына келтіру туралы өтініш береді. Өтінішке транскрипт тіркеледі;

  2. деканат берілген транскрипт негізінде, оқитын курсты, оқу жоспарындағы айырманы анықтайды;

  3. факультет деканының бұрыштамасы негізінде тіркеу бөлімі көрсетілген айырманы тапсыру мерзімін белгілейді;

  4. факультет деканының, оқу жұмыстары жөніндегі проректордың бұрыштамаларына сәйкес жоғары оқу орнының ректоры студенттің оқуын қалпына келтіру туралы бұйрық шығарады.

Студенттің бір жоғары оқу орнынан екінші жоғары оқу орнына ауысу рәсімі келесі түрде жүзеге асырылады:

  1. студент өзі оқитын жоғары оқу орнының ректоры атына ауыстыру туралы өтініш береді және мөр басылған жазбаша келісімді алғаннан кейін, өзі ауысқысы келетін жоғары оқу орнының ректорына өтініш береді; өтінішке тиісті факультетің деканы растаған транскрипт көшірмесі және болған жағдайда мемлекеттік білім грантының иегері куәлігінің көшірмесі тіркеледі;

  2. факультет тьюторы оқитын курсты және оқу жоспарындағы айырманы анықтайды;

  3. факультет деканының бұрыштамасы негізінде оқу жоспарлары бойынша айырма шығарылады;

  4. факультет деканының оқу жұмыстары жөніндегі проректордың бұрыштамалары негізінде жоғары оқу орнының ректоры студентті ауыстыру туралы бұйрық шығарады;

  5. үш күн мерзім ішінде, оның бұрынғы оқыған жоғары оқу орнына студенттің жеке ісін сұрату жіберіледі;

  6. студенттің бұрын оқыған жоғары оқу орнының ректоры, өзге жоғары оқу орнынан сұрату алғаннан кейін, үш күн ішінде поштамен студенттің жеке ісін жіберуге жеке жауапкершілік көтереді.

Студенттің бір жоғары оқу орнының ішінде бір оқу формасынан екіншісіне, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысуы келесі рәсімге сәйкес жүзеге асырылады:

  1. студент жоғары оқу орнының ректоры атына ауыстыру туралы өтініш береді, өтінішке тиісті факультеттің деканы растаған, транскрипт көшірмесі тіркеледі;

  2. факультет тьюторы тапсырылған транскрипт негізінде оқитын курсты және оқу жоспарларындағы айырманы анықтайды;

  3. факультет деканының бұрыштамасы негізінде айырманы тапсыру мерзімін белгіленеді; күндізгі оқу түрінен сырттай оқу түріне ауысқан кезде көрсетілген айырманы тапсыру мерзімі бір академиялық кезеңнен көбірек болып белгіленуі мүмкін немесе студентке аталған айырманы күндізгі бөлімде оқитын студенттермен тапсыру құқығы берілуі мүмкін;

  4. факультет деканының, оқу жұмыстары жөніндегі проректордың бұрыштамаларына сәйкес жоғары оқу орнының ректоры студентті бір оқу формасынан екіншісіне немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауыстыру туралы бұйрық шығарады.

Студенттің оқуын қалпына келтіру және ауыстыру кезіндегі оқу жоспарындағы айырманы тапсыру мерзімдері, негізінен, осы уақыт ішінде студент пән айырмасын тапсыруға жазылуы, оқу ақысын төлеуі, олардың бағдарламаларын меңгеріп, қорытынды бақылаудан өтуі тиіс бір академиялық кезең ұзақтығына ие.

Егер, студент оқуын қалпына келтіру немесе ауыстыру кезінде белгіленген мерзімде оқу жоспарындағы айырманы тапсырмаса, онда аталған айырма академиялық борыш (берешек) ретінде белгіленеді және орташа үлгерім балын (GPA) анықтау және курстан курсқа көшіру кезінде нөл болып есепке алынады.

Оқуды қалпына келтіру және ауыстыру мәселелері бойынша оқу процесін жоспарлау бөліміне хабарласып біле аласыз.
3.5. Білім алушылардың академиялық демалыс алу тәртібі
Академиялық демалыс – білім алушылардың денсаулығына, оның ішінде жүктілігі және бала тууына қарай, сондай-ақ, ер азаматтардың Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарына шақырылуына байланысты өз оқуын уақытша тоқтата тұратын кезең.

Академиялық демалыс 6 айдан 12 айға дейін, ерекше жағдайларда – 2 жылға дейін, қалалық студенттер поликлиникасының дәрігерлік-консультативтік комиссиясының (ВКК-ДКК) қорытындысы, ал әскер қатарына шақырылғандарға соған сәйкес құжаты негізінде беріледі.

Студент емтихан сессиясы басталғанға дейін академиялық демалыс алу үшін өтініш береді.

Академиялық демалысты рәсімдеу үшін, білім алушы университет ректоры атына өтініш білдіріп, ДКК-ның анықтамасын ұсынады. Мәселе оң шешілген жағдайда, ректор білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрық шығарады.

Академиялық демалыстан оралғаннан кейін студенттер, студент оқу сабақтарына қатыса алатыны туралы, дәрігерлік-консультативтік комиссияның (ВКК) қорытындысын, әскер қатарынан босағандар әскери кіташасының көшірмесін тапсыруы тиіс. Академиялық демалыстан шыққаннан кейін оқу жұмысының жоспарларындағы айырманы (егер ондай қажеттілік болса) белгіленген мерзімде жоюы қажет.


Құрметті студент!

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне оқуға түсу арқылы, дұрыс таңдау жасадың. Біздің университет Қарағанды өңіріндегі ғана емес, сонымен бірге еліміздің бүкіл аумағында лайықты беделге ие. Сіз университетпен өздігіңізбен танысу және өз алдыңыздан ашылып отырған мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін осы анықтамалық-жолсілтегіш әзірленді.


Қосымша 1


СЫРТТАЙ-ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАСЫ БОЙЫНША

2011-2012 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ҚҚЭУ-ДІҢ

АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ


Сессия кезеңі

Мамандық

Курс

23.01.12 - 04.03.12



«Есеп және аудит»

1-курс (қысқартылған және екінші жоғарғы)

«Қаржы»

1-курс (қысқартылған)

«Юриспруденция»

1-курс (екінші жоғарғы)

16.04.12 - 31.05.12



«Есеп және аудиттен» басқа барлық мамандықтар

1-курс (қысқартылған және екінші жоғарғы)

«Қаржыдан» басқа барлық мамандықтар

1-курс (қысқартылған)

«Юриспруденциядан» басқа барлық мамандықтар

1-курс (екінші жоғарғы)



1-КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ НАЗАРЛАРЫНА!
2011-жылы оқуға түскен 1-курс студенттері үшін «Кіріспе курс» ҚЭУ-нің Студенттер сарайында өтеді:


  1. СЫРТТАЙ-ҚАШЫҚТЫҚТЫ БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ барлық мамандықтарына арналған жиын 2011-жылдың 17-қыркүйегінде (сенбі), басталуы сағат 10.00




  1. СЫРТТАЙ-ҚАШЫҚТЫҚТЫ ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ бойынша:

А) барлық мамандықтар бойынша жоғарғы білім базасында түскендер үшін, жиын 2011-жылдың 24-қыркүйегінде (сенбі), басталуы сағат 10.00
Б) Орташа арнайы білім базасында (колледжден кейін):

- «Есеп және аудит» пен «Қаржы» мамандықтарының студенттері үшін жиын 2011-жылдың 1-қазанында (сенбі), басталуы сағат 10.00



- Қалған мамандықтардың (Экономика, Менеджмент, ГМУ, Бағалау, Ақпараттық жүйе, ЕТ және бағдарламалау, Әлемдік экономика) студенттері үшін жиын 2011-жылдың 8-қазанында (сенбі) өтеді, басталуы сағат 10.00



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет