И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым



бет104/188
Дата03.12.2023
өлшемі2.28 Mb.
#485251
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   188
Педагогикалык психология китабы толык Зимняя - копия

Меңгерудің негізгі сипаттамалары

Меңгеру ең алдымен беріктікпен сипатталады, беріктік меңгерілген білімдермен өндірілген ептіліктерді пайдаланудың оның уақытына, ситуациялардың айырмашылығы мен шарттарына тәуелсіздігімен анықталады. Тұтастай меңгерудің беріктігі қабылданып отырған оқу материалының жүйелілігіне, мағына құраушылығына, оның тұлғалық мәнділігіне және осы материалдың оқушыда тудырған эмоционалдық қатынасына біршама тәуелді. Егер де оқу материалының өзі, оны қабылдау, есте сақтау қуаныш, қанағаттану сезімін тудырса, онда меңгерудің тиімділігінің психологиялық алғышарты жасалады. Іс-әрекетке енген және болашақ практикада пайдалануға бағытталған нәрсе жақсы меңгеріледі.


Меңгерудің маңызды сипаттамасы – оның басқарылуында. Меңгеруді басқару ақыл-ой әрекеттерінің сатылап қалыптасу жолы бойынша іске асырылуы мүмкін; ол «классикалық» жолмен, бағдарламаланған немесе проблемалық оқыту арқылы жүзеге аса алады және т.б., маңыздысы, меңгеру басқару объекті болып, ол оның өзі әр оқу пәні үшін өзгеше болуында.
Авторлар меңгерудің тұлғалық болуын (сонымен бірге, меңгерудің, оқу «іс-әрекетінің мектеп оқушысы тұлғасының қалыптасуына әсерін) ерекше атап көрсетеді. Бұл өзара әсер ету оқытудың өзінің тұлғаның психикалық дамуына, оның психикалық жаңа құруларының (жаңа түрткілер, мақсаттар, меңгеру стратегиясы, бағалау және т.б.) қалыптасуына әсерінің тиімділік күшіне сәйкес жүзеге асырылады. Меңгеруді қарастыруда С.Л. Рубинштейн оқытуға қатысты тұлғалық-іс-әрекеттік келістің жалпы контекстіндегі аса маңызды ойды атап көрсетеді: «меңгеру ... жалпы бүкіл оқу барысы оқушының оқыту процесінде қалыптасатын оқу материалына, мұғалімге, оқудың өзіне деген өзгеше қатынастармен шартталған», ал оқытудың өзі сонымен бірге «...қандай да бір қабілеттерді ғана емес, тұтастай тұлғаны, оның мінезі мен дүниетанымын қалыптастырады» [ 194, 2 т., 92, 93 б.].
Барлық зертеушілер (П.П. Блонский, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, В.В. Давыдов және т.б.) түрлі жас кезеңдеріндегі оқушылар үшін, құралдарды игеру бойынша да, өнімді және қайта жаңғырту арақатынас бойынша да меңгеру сипатының психологиялық ерекшеліктерін атап көрсетеді. «Кіші мектеп жасында әдетте оқушының оқу материалының жоғары тәуелділігі байқалады. Оны қайта өндіре отырып, ол әрқашанда түпнұсқа құрылымын сақтауға бейім, оған қайта жаңалау , қайта комбинациялау өте қиын... Жоғары сынып оқушысында ол үшін барлық мүмкіндіктер бар, егерде олар жүзеге асырылмаса, оған тек оқытудың ұйымдастырылуындағы кемшіліктер кінәлі» [ 194, 2т., 92 б.]. Меңгеру механизмі тасымал болып табылады, оның ішкі механизмі – жалпылау (С.Л. Рубинштейн, Е.Н. Кабанова-Меллер, Д.Н. Завалишина). жүргізілген зерттеулерде оқыту процесінде жалпылау үш желіс бойымен жүретіні көрсетілген: әрекет принципін, бағдарламасы мен тәсілін жалпылау. Егерде әрекет принципін жалпылау оқушының негізгі ережені, заңдылықты, әрекеттің негізгі стратегиясын түсінуі болса, онда тәсілді жалпылау оның жүзеге асырылу жолын түсіну болады. Бағдарламаның өзі әрекеттердің бірізділігі болып табылады. Оқу іс-әрекетінде, олай болса, жалпылаудың үш құраушылары да өңделуі тиіс.
Меңгеру тағы да білімдердің өзектелуге дайындығымен (жеңілдігімен) және олардың толықтығымен, жүйелілігімен сипаттала-ды. Меңгерудің маңызды сипаттамасы оның көрсеткіші ретінде әрекет болатындығы, әрекеттің сипаты меңгерілгендігін растайды. Басқаша айтқанда, әрекет сипаты меңгерудің барлық сипатын куәләндырады. Сондықтан, соңғылар тек тікелей ғана емес, әрекет арқылы жанама да болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   188




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет