71
салыстырғанда ой-еңбегі әрекетін сатылап қалыптастыру теориясы «аса
тиімді қҧрылымды бағдарламалайды және қҧрады (танымдық әрекеттер
жҥйесі)» дейді. Бҧл адамның дамуын шын мәнінде басқару. Сол
уақытта, С.Д. Смирнов бҧл
«оқытуға біртіндеп кірісу әрекетін жүзеге
асырудың» ҥлгісі болып табылады дейді [202, 59 б.].
Кәсіптік (жоғары және орта) білім беруде қазіргі уақытта белгілік-
контекстік, немесе контекстік оқыту кеңінен жайылған. Бҧл оқытуда
ақпарат оқу мәтіндері тҥрінде ҧсынылады («белгілік»), ал ондағы
орналасқан ақпараттың негізінде қҧрылған тапсырмалар болашақ кәсіби
қызметтің контексін қҧрады. А.А. Вербицкий бойынша, болашақ кәсіби
қызметтің пәндік және әлеуметтік мазмҧны оқу процесінде барлық
дидактикалық қҧралдармен, әдістермен ҥлгіленеді, олардың ішінде
негізгі орынды іскери ойын алады. Іскери ойын қазіргі замандағы
жоғары оқу орнында және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде
кеңінен
таралған, кӛпнҧсқалы форма екені белгілі. Ойындардың
инновациялық, позициялық тҥрлері (А.А. Тюков); ҧйымдастырушы-
оқытушы ойындар (С.Д. Неверкович); оқытушы ойындар (В.С.
Лазарев); ҧйымдастырушылық-ойлау ойындары (О.С. Анисимов);
ҧйымдастырушылық-әрекеттік ойындар (Ю.В. Громыко) және т.б. А.А.
Вербицкий және оның ізін басушылардың тҧжырымдамасында іскери
ойын оқытушы ойын болып табылады. Бҧл таңбалық-контекстік
оқытудың формасы, онда оған қатысушылар «жалғанкәсіптік әрекетті»
жҥзеге асырады, «ондай әрекетте оқудың да еңбектің де нышандары
бар» [42, 129 б.]. Іскери ойын белсенді әрекетті оқытудың формасы. Ол
мақсаттарды анықтауды (ойындық және педагогикалық; дидактикалық
және тәрбие берушілік), ойынның мазмҧны
және ойындық және
имитациялық ҥлгілердің болуы (А.А. Вербицкий, Н.В. Борисов).
Кәсіптік шындықтың дидактикалық жағынан сҧрыпталған (жалпылану,
қарапайымдау,
проблематизациялау)
ҥзінді
кӛрініс
табатын
имитациялық ҥлгі студенттердің жалған кәсіптік қызметінің пәндік
негізі болып табылады. Ойындық модельдің ӛзінің қҧрылымы бар [42,
159 б.], ол тӛменде келтірілген.
Ойындық модельдің қҧрылымы
Ойындық модельдің
элементтері
Конструктивті тәсілдер
Ойынның мақсаты
Ойындық мақсатты тұжырымдау
Ойынның сценарийі
«Апаттар» жасау
Мінез-құлықтық қарама-қайшылықтар ұйымдастыру
Имитация объектінде процестің іс жүзіндегі
уақытына қатысты ойын уақытын қысқарту немес
72
созу
Рӛлдер жиыны мен
ойнаушылардың
міндеттері
Қызығушылықтары
бойынша
қарама-қайшы
рӛлдерді
енгізу
Қосарланған рӛлдерді енгізу (ойын процесінде
рӛлдердің ауысуы)
Рӛлдің портретін құру
Рӛлдерді түрлері бойынша бӛлу
Икс кейіпкерін ойынға кіргізу
Ойын құқықтары мен ойыншылардың міндеттерін
құрастыру
Ойын ережелері
Ойын ережелерін құрастыру (іс жүзіндегісіне
қосымша)
Ойындық құжаттаманың
жиыны
Құжаттаманың ойындық «бумасы»
Тану белгілерін, символдар мен эмблемалар жасау
Графиканы пайдаланып ойын материалдарын
рәсімдеу
Бағалау жүйесі
Ӛлшемдер, балдар жүйесі,
бағалау нәтижесін
кӛзбен кӛру
Оқытудың берілген бағыты жҥйелілік, белсенділік принциптерін
жҥзеге асыра отырып, жоғары білімнің негізгі мҥддесін орындайды,
яғни ол - мамандардың терең кәсіптік-пәндік және әлеуметтік
дайындығы.
Қазіргі замандағы білім берудің қарастырылған бағыттары:
дәстҥрлі, проблемалық, бағдарламаланған (бихевиористік негізде және
ой-еңбек әрекеттерін сатылап қалыптастыру теориясының негізінде),
оқытудың алгоритмизациялануы, белгілік-контекстік оқыту «таза»
кҥйінде, бастапқы нҧсқасында сирек жҥзеге асырылады.
Олардың
әрқайсысы басқасының элементтерін қамтиды. Мысалы, ой-еңбек
әрекеттерін сатылап қалыптастыру теориясының негізінде оқыту мен
белгілік-контекстік
оқыту
мәселе
қоюшылықты,
проблемалық
тапсырамаларды кіргізеді; дәстҥрлі оқыту контекстіліктің элементтерін
кіргізеді және т.б.
Оқытудың осы бағыттарының теоретикалық негіздемеленіп
қосылуы білім беру процесінің негізгі сипаттамаларын шығармашы-
лықтық тҧрғыдан қолдануды шын мәнінде жҥзеге асыра алады: оның
басқаруға кӛнуін, меңгерудің психологиялық ерекшеліктерімен
салыстырылуын, атап айтқанда оқушылардың ақыл-ой қызметінің
ерекшеліктерімен, бағдарламаланушылық,
белсенділік, ӛз бетімен
әрекет
жасаушылық
және
оқушылардың
жеке
бастарының
ерекешеліктерін ескеру.
Достарыңызбен бөлісу: