Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығы бойынша 2022-2023 оқу жылындағы
1 сыныптарының мектепке бейімделу
АНАЛИЗІ
Баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс – әрекетінің негізгі жетекші түрімен сипатталады. Бала мектеп табалдырығын аттасымен оқушы болады. бастауыш сынып оқушысының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын – оқу. Осыған сәйкес, жетекші іс – әрекеттің түрінің өзгеруіне байланысты бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі түрлері анықталады.
Олардың біріншісі – мектеп режимі ерекшеліктерімен байланысты. Тиісті дағдылар болмаса, бала әдеттен тыс шаршау, оқу жұмысын бұзу, режимдік сәттерді жіберіп қою пайда болады.
Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың екіншісі – мұғаліммен, сыныптастарымен, отбасында болатын қарым – қатынастарлың сипатынан туындайды. Баланың мектепке баруымен оның жанұядағы жағдайы өзгереді, оның жаңа міндеттері мен жаңа құқықтары пайда болады. Үшінші түрі 1-ші сыныптағы көптеген оқушылар оқу жылының ортасына таман сезіне бастайды. Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онла мәнді псих
ологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым – қатынаста болады.
«Балалардың мектепке даярлық деңгейін анықтау» Я.Иерасек сұрақнамасы алынды. Қатысқандар қазақ сыныбында «12-оқушы, орыс сыныбында 5-оқушы. Оқушылар сұрақтарға толық жауап берді. Нәтижесі: 7 оқушы-өте жақсы, 7 оқушы-жақсы, 3 оқушы-орта деңгейді көрсетті. Оқушылардың мектепке бейімделуі жақсы деңгейде және мектеби жетілгендік болып саналады.
Қимыл-көру және қимыл дағдыларын үйлестіруінің дамуын, жалпы психикасының дамуын, оқушылардың мектептік жетілгенін бағдарлау мақсатында үш тапсырмадан тұратын «Керн-Иерасек» әдістемесі, «Нүктелер тобын көшіру», «Ер адамның фигурасын салу», «Үлгіге қарап көшіру» (Б.Амирова әдістемелік құралынан алынды).
Нәтижесі: 17 оқушы қатысып, 3-тапсырманың жалпы нәтижесі төмендегідей:
3 ұпай -4 оқушы, (орта деңгей)
4 ұпай -3 оқушы, (орта деңгей)
5 ұпай -3 оқушы, (орта деңгей)
6 ұпай -1 оқушы, (жақсы деңгей)
7 ұпай-2 оқушы, (жақсы деңгей)
8 ұпай-3 оқушы, (жақсы деңгей)
9 ұпай-1 оқушы, (жоғары ұпай)
«10 сөз (А.Лурия),10 фигура,10 сан (А.Венгер)» әдістемесі тапсырмалары алынды.
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін және математикалық білімдерін тексеру.
Төмендегі диаграммада оқушылар кодымен жазылған және әр тапсырманың ұпай саны көрсетілген.
Нәтижесі:
1-10 ұпай төмен деңгей,
11-17 ұпай орташа деңгей - 3 оқушы
18-25 ұпай жақсы деңгей – 12 оқушы
26-30 ұпай өте жақсы деңгей – 2 оқушы.
Алынған тапсырманың нәтижесі бойынша оқушылардың есте сақтау қабілеттерін және математикалық білімдері жақсы деңгейде екені анықталынды.
Оқушылардың көңіл күй ахуалдарын көтеру мақсатында «Гусеница», «Молекула» атты ойындар өткізілді.
Ата аналарға психологиялық кеңес ұйымдастырылды.
Өткізілген психологиялық жұмыстар нәтижесінде оқушылардың мектепке бейімделуі жақсы деңгейде. Оқушылар сабаққа ынта-жігерімен қатысып, әріптер мен сандарды меңгеруде.
Сыныптағы психологиялық ахуал жақсы. Оқушылардың сынып жетекшісімен және өзара қарым – қатынастары өте жақсы.
Педагог – психологтар: З.Жексембинова
Ғ.Алтай
Достарыңызбен бөлісу: |