09.10.2009 ж. Ғылыми кеңестің шешімі
(Хаттама № 4)
1. 2008-2009 оқу жылындағы университеттің қызметі туралы ректордың есебі және алдағы оқу жылындағы міндеттер туралы.
1. 2008-2009 оқу жылындағы университеттің қызметі туралы ректордың есебі қанағаттанарлық деп танылсын.
2. Аралық бақылауды өткізу сапасы мен тиімділігін тексеру, университеттегі кредиттік технологияның қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында студенттердің өздерінің білім траекториясын анықтау бойынша комиссия құрылсын.
Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор,
Оқу-әдістемелік басқарманың бастығы.
Мерзімі: 1 желтоқсан 2009 жыл.
3. Факультет декандарының, кафедра меңгерушілерінің тарапынан оқытушылар құрамының көптілді білім беру аясында дәрістерді ағылшын тілінде оқуға дайындау бойынша бақылау күшейтілсін.
Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, экономика, тарих, заң, физика, химия және шетел тілдері факультеттерінің декандары, кафедра меңгерушілері.
Мерзімі: жыл ағымында.
4. Диссертациялық жұмыстардың қорғауға уақтылы ұсынылуы мақсатында Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да жұмыс істейтін ғылыми дәрежелер ізденушілерінің зерттеулерді орындау көлемі талдансын.
Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім басқармасының бастығы, ғылыми жетекшілер.
Мерзімі: 30 қараша 2009 жыл.
5. Патенттелген әзірлемелер талдансын және оларды «2010-2015 жылдарға арналған ҚР-дың инновациялық даму бағдарламасына» енгізу бойынша қажетті шаралар қабылдансын.
Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Инновациялық-технологиялық орталықтың бастығы.
Мерзімі: 30 қараша 2009 жыл.
6. Магистратура мен докторантураның түлектерін ҚарМУ-дың бөлімшелеріне жұмысқа орналастыруды ұзақ мерзімді жоспарлау тәжірибеге енгізілісін.
Жауаптылар: Қызметкерлер басқармасы бастығы,
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқарамасының бастығы.
Мерзімі: тұрақты.
7. Шетелдік жоғары оқу орындарының білім алушылары мен сыртқы ұйымдар өкілдеріне білім беру қызметін көрсету мақсатында тиісті оқу келісім шарты әзірленсін.
Жауаптылар: Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқарамасының бастығы, біліктілікті жетілдіру факультетінің деканы, құқықтық қамтамасыз ету және ішкі аудит бөлімінің бастығы.
Мерзімі: 1 желтоқсан 2009 жыл.
8. Инженерлік бейіндегі зертханаларды тиіміді пайдалану мақсатында ҚарМУ ғалымдарының теориялық әзірлемелерін енгізу және тараптар келісімі бойынша жұмыстарды атқару үшін қазыметкерлерді даярлаудың келешектік жоспары және атқарылатын жұмыстардың жоспары әзірленсін.
Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, «Зерттеудің физика-химиялық әдістері» инженерлік бейіндік зертханасының жетекшісі.
Мерзімі: 30 қараша 2009 жыл.
9. Курстық, дипломдық жұмыстардың, магистрлік және кандидаттық диссертациялардың жетекшілеріне міндетті түрде пайдалану үшін кафедраларда «Антиплагиат» бағдарламасы орнатылсын.
Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, оқу ісі жөніндегі проректор, кафедра меңгерушілері.
Мерзімі: 30 қазан 2009 жыл.
10. Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар орталығы кредиттік және қашықтық технологиялары оқу үдерісінде қолдануда қоса жүретін бағдарламалардың модификациясын жүзеге асырсын.
Жауаптылар: Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар орталығы директоры.
Мерзімі: жыл бойы.
11. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасы, экономикалық жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімі магистратурада жұмыс істейтін оқытушылардың қызметін ынталандыру жүйесін әзірлесін.
Жауапты: бірініші проректор, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасы бастығы, экономикалық жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы.
Мерзімі: 30 қазан 2009 жыл.
12. Еуроодақ пен АҚШ-тың оқу-әдістемелік және ғылыми-техникалық бағдарламаларына қатысуға конкурстық құжаттамаларды дайындауда университет факультеттеріне әдістемелік көмек көрсетілсін.
Жауапты: Стартегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасы бастығы.
Мерзімі: тұрақты.
13. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттеріне патриоттық тәрбие беру мақсатында жастардың патриоттық сезімін қалыптастыру бойынша үздік акцияға конкурс өткізілсін.
Жауапты: тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, факультет декандарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары.
Мерзімі: 2009-2010 оқу жылының ағымында.
14. Құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ профессорлық-оқытушылар құрамын аттестаттау тәртібіне ҚР Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Жемқорлықпен күрес туралы» Заңдарын білуге тестілеу енгізілсін.
Жауапты: құқықтық қамтамасыз ету және ішкі аудит бөлімінің бастығы, білім сапасын бағалау және мониторинг бөлімінің бастығы.
Мерзімі: 2009-2010 оқу жылы ағымында.
2. ҚР Үкіметінің 24.04.1999 ж. №464 «ҚР мемлекеттік жоғары оқу орындарында студент контингентін қалыптастырудың жаңа үлгісі туралы» Қаулысы тұрғысынан 2009 ж. студенттерді қабылдау қорытындылары.
1. Университеттің 2009ж. студент конитингентін қадлыптастыру бойынша қызметі қанағаттанарлық және «Жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтік Ережелеріне» сәйкес деп танылсын.
2. Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы, университет факультеттері 2010 жылға студенттер контингентін қалыптастыру бойынша кәсіптік үгіт жұмысы жоспарын әзірлесін.
Жауапты: Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының бастығы, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, декандар.
Мерзімі: желтоқсан 2009 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |