Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері



бет8/35
Дата30.09.2023
өлшемі314.17 Kb.
#479303
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері-emirsaba.org

Бақылау сұрақтары:

  1. Ақпарат алу, ақпарат алмастыру дегенiмiз не?


  2. Философиялық тұрғыдан ақпарат дегенiмiз не?


  3. Хабарды қалай жіберуге болады?


  4. Үздіксіз және дискретті ақпараттарға мысал келтіріңіз.


  5. Дискреттеу дегенiмiз не?


  6. Ақпарат өлшемдерін ата.


  7. Құрылымдық өлшем


  8. Семантикалық өлшем


  9. Статистикалық өлшем


  10. Ақпаратты өрнектеу формалары.


  11. Кодтау, декодтау дегенiмiз не?


  12. Жіберушіден қабылдаушыға дейін хабарды жіберу процесі қалай жүргізіледі?


  13. Кедергілерсіз арна арқылы ақпаратты жіберу.


  14. Кедергілермен арна арқылы ақпаратты жіберу.




3 Ақпараттық жүйелер

3.1 Ақпараттық жүйе ұғымы


Жүйе теориясының қазіргі кездегі жағдайының сипаты теорияның концепцептуалды және әдіснамалық негіздеріне мамандардың жоғары назары болып табылады.
Бұл жүйе анықтамасына кіретін объектілердің әр алуандығымен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта осы талаптарды қанағаттандыратын жүйенің бірыңғай анықтамалары жоқ. Негізгі анықтама ретінде мынаны анықтаманы аламыз. Жүйе - белгілі бір немесе берілген мағынада біртұтас бүтінді құрайтын белгілі немесе берілген байланыстармен және қатынастармен қоса дерексіздік немесе материалдық объектілердің жиынтығы.
Енді жүйе құрлымы мен қызмет жасауын сипаттайтын негізгі түсініктерін қарастырайық.

Кез келген жүйені зерттеу мен тұрғызу және ендіру әдістемесінің негізіне өзара бір-бірімен қатынаста, байланыста болатын, әрі бүтіндей бірлікті құрайтын жүйе элементтерінің бірігуін жатқызуға болады. Жүйенің элементі деп, нақты функцияны орындайтын және берілген есеп көлемі бойынша әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объектіні айтамыз. Мысалы, егер нарықты жүйе ретінде қарастырсақ, онда оның әр түрлі ортадағы элементтеріне мыналар жатуы мүмкін: тауарды өндеушілер, сатып алушылар, маркетологтар, тауарлар, бағалар, сұраныс, бәсекелестік, жарнама және т.б.


Жүйе және оның элементтері туралы ой қозғағанда: орта, объект, өзара байланыс пен қасиеттер үғымдары коса жүреді. Осы үғымдар бірігіп, зерттеудегі жүйелік ыңғайдың мән-мағынасын ашады.
Жүйе анықтамасындағы байланыс ұғымы бағыт, күш, түр сипаттауларымен беріліп, ішкі, сыртқы немесе тікелей, кері түрлерімен ерекшеленеді.
Бірінші екі байланыс белгілері бойынша бағытталған және бағытталмаған, күшті және әлсіз, ал түр сипаттаулары бойынша — бағындыру, генетиқалық, тең құқықты және басқару байланыстарына бөлуге болады.
Жүйелерде маңызды ролды “кері байланыс” түсінігі ойнайды. Бұл ұғымның зерттеуіне үлкен назар кибернетикада бөлінеді. Онда бір физикалық табиғат объектілері үшін басқа табиғат объектілеріне кері байланыс механизмнің ауыстыру мүмкіншілігі оқытылады.
Ұйымдастырылған жүйелердің қызметін сипаттау үшін жүйелік теорияда күй (жағдай), өзгеру барысы, теңбе-теңдік, тұрақтылық, даму, мақсат ұғымдары да қолданылады.


Жүйенің күйі — оның даму барысындағы құбылыс мезетін білдіреді. Оны көбінесе жүйеге енуші әсерлер мен шығушы нәтижелер арқылы анықтауға болады.

Егер жүйе бір күйден басқа күйге өтетін болса, осы үрдіс жүйенің өзгеріс барысын білдіреді.


Сыртқы әсерлер әрекеті қарастырылмаған кездегі жүйенің өз күйін өзгеріссіз сақтап қалу қабілеті - теңбе-теңдік деп аталады.
Сыртқы әсерлер әрекетінен соң, жүйенің теңбе-теңдік күйге оралу қабілеті - тұрақтылық деп қарастырылады. Егер жүйенің теңбе-теңдік қалпына қайтып оралатын қасиеті болса, оны теңбе-теңдіктің тұрақты күйі деп атайды.
Кибернетика мен жүйе теориясында даму үрдісіне көп көңіл бөлініп, даму ұғымы күрделі термодинамикалық және ақпараттық үрдістерді түсінуге мүмкіндік берді.
Мақсат ұғымы да жан-жақты. Оны "қалаған болашақ үлгісі" немесе ұмтылу деп түсінуге болады. Ұйымдастырылған жүйелердегі мақсаттарды негіздеу барысы күрделі және ол толық меңгерілген емес.

Күрделі жүйелерді зерттеуде, жобалауда (тұрғызуда) және ұйымдастыруда жалпы жүйелер теориясының негізгі жағдайларын қолдану әдісі жүйелік ыңғайды қалыптастырады.


Жүйелік ыңғайдың зерттеуді жүйелік қамту, жүйелік бейнелеу және жүйелік ұйымдастыру секілді талаптары бар.
Жүйелік қамту зерттеушінің мәселені жан-жақты зерттеп, оған қажетті мамандарды жұмылдыра білуін қажет етсе, жүйелік бейнелеу жүйелік зерттеу бойынша зерттеу объектісінің бірыңғай үлгісін жасауды қарастырады. Ал жүйелік ұйымдастыру жүйені тұрғызудың барлық сатыларында өңдеулерді жоспарлау, басқару және жұмысты үйлестіру (координациялау) талаптары болып табылады.

Жүйелік ыңғай — құрамы сандық көрсеткіштер арқылы сипатталып, алдағы мақсаттарға байланысты өзгеріп отыратын абстрактілі күрделі жүйелерді ғылыми зерттеулердің әдісін білдіреді. Бұл жағдайда зерттеліп отырған объект элементтерге бөлшектелініп, олардың қасиеттері мен бірігуі барысындағы өзара байланысы негізінде қарастырылады.
Мысалы, келесі кибернетикалық жүйені қарастырайық (7-сурет). Қарастырылып отырған кибернетикалық жүйеде мысалы, болашақтағы экономикалық көрсеткіш шамалар, қорлар — (1), (2) ену элементтері ретінде беріліп, олардың өзара әсерлесуі нәтижесінде (3) — басқарылатын бөлімде енген элементтер "өңделінеді". Басқарушы бөлім - (4) өз кезегінде тікелей және кері - (5), (6) тізбектер арқылы (3) басқарылатын бөліммен байланысады. Осындай алмасулар арқылы нәтиже, яғни дайын тұтыну өнімі мен оған сәйкес экономикалық көрсеткіштер - (7), (8) шығу элементтер ретінде қалыптасады.

Кибернетикалық жүйеден шыққан элементтерді қайта қарастырып, қалыптастыру - (9) қажет болса, басқару жүйелері кері байланыс - (10) арқылы, басқарылушы жүйеге қайтадан белгі береді.



Cурет 7. Кибернетикалық жүйе
Объектіні зерттеу барысында немесе қажетті мәселені шешуде, объектіні немесе мәселені шешу үрдісін жүйе ретінде қарастыруға болады. Ол үшін қажетті элементтерді және байланыс арналарын алға қойған мақсатқа жуықтап жететіндей, қажетті жүйені қалыптастыратындай түрде бөліп алу қажет. Сондықтан бірінші кезекте, "жүйені" ортадан бөліп ала білген дұрыс. Оның сыртқы ортамен байланыстарын "ену-шығу" арналары арқылы көрсетіп, жүйелік теория үғымындағы "қара жәшікті" түрғызу керек.
Берілген жүйе үшін қоршаған сыртқы орта деп, қасиеттерінің өзгерісі жүйеге әсер ететін барлық объектілерді немесе жүйе өзгерісінің нәтижесі әсер ететін ортаны айтамыз.

Сонымен, жалпы жүйені толық қарастырғанда, 8-суреттегі ену және шығу элементтерінен басқа, алдағы мақсат және сыртқы қоршаған орта ұғымдары қоса жүреді.



Сурет 8. Жүйенің қоршаған сыртқы ортамен байланысы
Жүйе түсінігіне "ақпараттық" сөздің қосылуы, оны құру және қызмет жасау мақсатын бейнелейді. Ақпараттық жүйелер кез келген саладан міндеттердің шешімін қабылдау процесінде керек, ақпаратты жинау, сақтау, өндеу, іздеу, беруін қамтамасыз етеді.
Сонымен, біз жүйе не екенін анықтадық, енді ақпараттық жүйенің анықтамасын берейік.


Ақпараттық жүйе (АЖ) - қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға беру үшін пайдаланатын құралдардың, әдістердің және адамдардың өзара байланысты жиыны.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (ААЖ) –ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге және сұраным бойынша талап етушіге жеткізуге арналған программалық және техникалық құралдар кешені.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет