І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Педагог ғалымдардың ғылыми-педагогикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары



бет32/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Педагог ғалымдардың ғылыми-педагогикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары
Кеңестік педагогика өзінің өмір сүрген алғашқы жылдарынан бастап, жас өспірімдерді оқыту және тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешу ізденістерін жүргізді. Ғылыми-педагогикалық мекемелердің қызметінің басты қағидасы мұғалімдермен, мектептің практикалық жұмысымен тығыз байланысты болды. Жаңа педагогиканың теориялық қағидалары мен идеяларын насихаттауды байқау мақсатында үлгі-тәжірибе мектептері мен станцияларының жүйесі құрылды, олар ғылыми-педагогикалық қызметтің экперименттік базасы болды.
Бұл жылдары әдіснамалық жалпы теориялық сипаттағы зерттеулер орындалды (Ф.Ф.Королевтің және В.Е.Гмурманның ред.басқаруымен "Педагогиканың жалпы негіздері", М.А.Даниловтың, Н.И.Болдыревтің "Дидактика негіздері", А.И.Пискуновтің, Г.В.Воробьевтің редакциясын басқаруымен "Педагогикалық эксперименттің теориясы мен практикасы", Б.П.Есиповтың редакциясын басқаруымен "Педагогикалық зерттеулердің әдістері").
Оқытудың мазмұны және әдістері ғылыми-зерттеу институтының алдына ғылымның, техниканың және мәдениеттін қол жеткен даму деңгейіне сәйкес мектептегі білім берудің мазмұнын келтіру міндеті қойылды.Оқытудың мазмұны мен әдістері мәселелерін іргелі және қолданбалы зерттеулерді одан әрі дамыту үшін жан-жақты тәжірибелік-эксперименттік материал жинақталды. Дидактикалық-әдістемелік мәселелерді зерттеуге ерекше үлес қосқан М.Н.Скаткинді, И.Д.Зверевті, Ю.К.Бабанскийді, М.П.Кашинді, В.В.Краевскийді, И.Я.Лернерді, В.М.Монаховты, Б.Г.Разумовскийді, Г.И.Беленькийді, Н.М.Шанскийді және басқа ғалымдарды ерекше атауға болады.
60-70-жылдары проблемалық оқытудың негізделген әдістерін түсінуге және оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге көмектесетін ұйымдастыру-педагогикалық шаралар мен әрекеттер жүйесі белсенді талданылды (И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин), оқытудың жаңа техникалық құралдарын кешенді қолданудың әдістемесі (С.Г.Шаповаленко) және оқыту әдістерінің тиімді ұштасуын тандау (Ю. К. Бабанский).
Тәрбие саласында зерттеу жұмысын қорытындылай келіп, бұл жылдары оқытудың тәрбиелік қағидасы теориялық және практикалық жағынан дами түсті (В.М.Коротов); тәрбие әдістерін кешенді қолдану идеясы дамыды (Б.Т.Лихачев, Г.Н.Филонов); тәрбие үрдісін тиімді басқару туралы қағида талданылды (Ю.К.Бабанский); педагогикалық ынталандыру мен түрткілер теориясы мен әдістері (Л.Ю.Гордин, З.И.Равкин); адамгершілік тәрбиесінің әдістері одан әрі талданылды (Н.И.Боддырев, И.С.Марьенко, О.С.Богданова). Еңбек тәрибесі және кәсіптік бағдар беру мәселелері өте терең талданылды. П.А.Атутовтың, С.Я.Батышевтің, К.А. Ивановичтің, М.Н.Скаткиннің, Д.А. Эпштейннің және басқа да ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, зерттеушілер оқушылардың еңбегінің мазмұны мен ұйымдастыру мәселелерін шешудің ерекше тиімді жолдарын анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет