Махамбет Өтемісұлы (1804-1846). Қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында туған. Ауыл молдасынан дәріс алған. Исатай батыр бастаған шаруалар көтерілісі көсемдерінің бірі. Хан озбырлығына қарсы шыққан қозғалысқа дем беруші, басты ұраншысы болды.
Өзінің уытты, насихаттық мазмұнға толы өлеңдерінде дауылпаз ақын жастарды тәні мен жаны бірдей шынығуына, олардың күшті ерік - жігері мен қайсар мінез – құлқын тәрбиелеу ісіне зор маңыз береді. Ұрыс кезінде қорқақтық пен жалтақтықты айыптап, сатқындық барып тұрған қасиетсіздік, туған халқы мен ағайын алдында кешірілмес күнә,- деп есептейді. Жастарды бұқара халыққа қиянат жасайтын жан – сұлтандарға қарсы күрестің мәнін терең түсіне білетін қас батыр етіп шығуы үшін Махамбет тәрбие мәселесін халықтың абыройы жолындағы күреспен ұштастыруға, өскелең ұрпақтың мұрат – мүддесінің әлеуметтік мәнін ашуға тырысады.
Доспамбет жырау (XVI ). Дон өзенінің төменгі жағындағы Азау қаласында дүниеге келген. Кіші Орданы билеуші ноғайлардың әскери шонжарлар әулетінен шыққан. Оның толғауларынан өз заманындағы білікті адамның бірі болғандығы, көшпенділер тұрмысымен салт – санасының өзіндік ерекшеліктерін жақсы білетіндігі, көпті көргендігі жақсы аңғарылады. Бүкіл Дешті Қыпшақты шарлаған жорық жырауы туыстас түркі тайпалармен елдік, намыс, туған жер, адамның асқақ асыл армандары сөз болған. Мұның қазіргі ұрпаққа тәлімдік жағынан тигізетін әсері жоқ емес. Жыраудың шығармаларында жастарға батыр, ер жүрек адамдары үлгілі болатындығы жақсы жарияланған.
Шалкиіз жырау (XVI ). Жайықтың сол жағалауында (Кіші жүз) дүниеге келген. Орта ғасырдағы қазақтың қоғамдық ой-пікір тарихындағы ең жақын да елеулі тұлғалардың бірі. Дала батырының ұрыстағы қаһармандағы мен ержүректігін, көшпенділер қару - жарағы – алдаспанның қуаты, тайпалар бірлігін аңсау – жырау толғауларының басты тақырыбы болады.
Суайттар мен қоян жүрек қорқақтар, мақтаншақ бөспелер адам деген ардақты атқа лайықсыз жандар, деген. Асқар таудың құзар шыңына ұмтылған жаннан қайран жоқ. Жақсы адам дос – жараланғанды жауға тастамайды, «тұяғымен жер тарпыған» тұлпары оның жан серігі. Феодалдық заманның перзенті болған жырау алдымен дала жуандары мен мықтыларының мінез – құлық ерекшеліктеріне назар аударады. Ақынның шығармаларынан жақсы байқалады. Шалкиіз толғауларының рухы аса күшті, философиялық ой – толғамдар байлығымен, көркемдігімен, қысқа да болса нұсқалығымен ерекшелінеді.
Қазақ жерінде, әсіресе оның отырықшы аудандарында орта ғасырдың өзінде –ақ (УІІ –УІІІ ғғ.) көптеген діни мектептер (мұсылмандық бастауыш оқу орындары) мен медреселер (діни жоғары оқу орны) ашыла бастады. Олардың саны және қанша шәкірт оқығандығы белгісіз. Ірі қалаларда мәдени және діни орталығы болып саналатын медресер өз жұмыстарын атқарды. Діни мектептер ауылдың, еді мекендердің көпшілігінде болды. Бұл мектепте сырттан шақырылған молдалар ұстаздық еткен, олардың еңбек ақысын халық жинап берген. Оқу жылы 4 немесе 6 айға созылған. Оқитын оқу мерзімі 4 жыл болған, ер балалар 7 жастан бастап қабылданған. Балардың білімі Құранды жаттаумен шектелген. Сауат ашу жолы араб әріптері мен сөздерін жаттауға негізделген, араб тіліндегі Құранның жолдарын жатқа оқытып үйреткен.
Ал медреседе ислам дінін уағыздайтын молдалар мен сопылар даярланған. Шариғат заңдарын түсіндіре алатын, жоғары лауазымды дін қызметкерлері білім алған. Бұл мұсылман рәміздерін тарататын арнаулы оқу орны ғана болған жоқ. Сонымен қатар медреселер үлкен мәдени міндеттерді атқарды. Медреседе мына пәндер жүргізілді: тарих, логика, риторика, математика, астрономия, философия, медицина, жағрафия т.б. Медреселердің ірі кітапханалары болды. Оқу мерзімі тұрақты болған жоқ, кейде 15-20 жылға дейін оқу үдерісі созылған.
ХУІІІ – ХІХ ғғ. бірінші жартысындағы орыс-ұлттық мектептердің пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |