І бөлім. Жалпы фармакология



бет113/117
Дата03.11.2022
өлшемі1.02 Mb.
#463898
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117
Farmakologia kitap

Миелосан (бусульфан, миелеран және т.б.) түймедақтары - 0,002 г №100. Миелосанды созылмалы гранулоцитарлық лейкемия (миелолейкоз), нағыз полицитемия, эссенциалдық тромбоцитопения және миелофиброз кезінде қолданады. Емнің ең бірінші күндері миелосанды 0,06 мг/кг мөлшерде береді. Кейін дәрінің тәуліктік мөлшері 4 мг-ға дейін көбейтеді. Ем ұзақтығы 12-20 апта.
Миелосанның жанама әсерлері: лоқсу, құсу, жөтел, тамырлық дистония, уақытша аменорея, ерлерде импотенция пайда болады, бауырдың жұмысы бұзылады, аллергиялық реакциялар байқалады. Жедел лейкоз, қайталамалы созылмалы миелолейкоз, айқын тромбоцитопения кезінде, жүкті және бала емізіп жүрген әйелдерге қолдануға болмайды.
Барлық алкилдік дәрілерге жалпы зақымдайтын әсер тән – ол көптеген жағдайларда лейкопения, тромбоцитопения және анемиямен байқалады. Қан түзілуді белсендіру үшін, цитокиндер, интерлейкиндер мен эритропоэтиндер (филграстим, молграстим) қолданылады. Иммунитеттің тежелуіне байланысты бактериялық асқынулар болып жатса, онда антибиотиктерді енгізу керек.
2. Антиметаболиттер ДНҚ-ның және кейде РНҚ-ның құрылысына қатерлі әсер етіп зат алмасуды бұзады. Қатерлі ісік жасушаларының көбеюін тежейді. Антиметаболиттердің механизміне келсек, метотрексат дегидрофлатредуктаза ферментін тежейді, пурин мен тимидин түзілуі бұзылады, нәтижесінде ДНҚ құрылысы бұзылады.
Метотрексат (зексат, трексан, триксилем және т.б.) түймедақтары - 0,0025, 0,005 және 0,01 г, №20, №50 және №100; флакондағы ұнтақтары - 0,005; 0,02; 0,05; 0,1; 0,5 және 1 г; ампулалары - 1%; 2,5% және 5% - 1, 2 және 5 мл; флакондағы ерітінділері –0,1%; 0,25%; 1%; 2,5%; 5% - 1, 2, 4, 8, 10, 20, 40 және 200 мл; флакондағы концентраты 10% - 5, 10 және 50 мл шығарылады.
Қатерлі ісікке қарсы метотрексатты күн сайын 2,5-5 мг мөлшерде ішу керек, бірінші улы көрсеткіші байқалғанша дейін немесе күн сайын 15-20 мг-нан 4 күн бойы немесе 25-30 мг-нан күнара 4 рет қолданылады. Бұлшықет және қан тамыр арқылы пайдаланғанда, күніне 0,4 мг/кг 5 күн бойы беріледі, немесе осы мөлшермен 4 апта ішінде 5 тәулікте 1 рет немесе 1-ші және 8-ші күні 30-40 мг/кг қолданылады, бұдан кейін қосымша басқа емдеу кестесін пайдалануға болады.
Метотрексаты жедел лимфобластомдық лейкозды, бастың, мойынның, тамақтың, қуықтың, өкпенің, тыныс жолдарының, сүт безінің, жатырдың, т.б. мүшелердің қатерлі ісіктерін емдеу үшін қолданады. Бұның жанама және қатерлік әсерлері де бар: нейтропения, тромбоцитопения, анемия, анорексия, диарея, құсу, стоматит, тері бөртуі және т.б. өзгерістер. Бұл жағдайда фоль қышқылын беру керек. Аптасына 3 рет қанды зерттеп отыру керек, ең қажетті көрсеткіштері - лейкоциттер мен тромбоциттер саны. Метотрексатты сүйек кемігі, бауыр және бүйрек аурулары, лейкопения, тромбоцитопения кезінде және жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет