І бөлім. Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі өткізілетін психологиялық тренингке қош келіпсіздер! Бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
Таңертең үйден шығар алдында айнаға қарап шыққан адам қол көтерсін. Ал, айнаға қарап күлімдеген адам қол көтерсін. Көріп тұрғанымыздай, күлімдеп шыққан адам аз. Сондықтан, құрметті әріптестер қазір жүзімізге күлкі ұялатып, бір-бірімізге күлімсіреп қарайық.
Қатысушылар шеңбер құрып, бір-бірлеріне тығыз жақындап тұрады. 2 командаға бөлінеді.Қолдарын алдыға созып, алақандарын ашып тұрады. Ортаға бір қатысушы шығып, көзін жұмады. Басқа команда қатысушылары құлаған адамды тез арада құлатпай, тірек болу қажет. Мақсаты: бір-біріне сенім арту.
Есімдер аллитирациясы. Әр қатысушы бір адам осы жерде отырған команда мұшелерінің есімдерін айтып және де есімдерінінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиеттерін айту керек. Талдау:
Сіздің есіміңізді, жақсы қасиеттеріңізді айтып жатырғанда қандай сезімде болдыңыз?
Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл күйде отырсыз?
ІІ бөлім. Мини-лекция.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТТІҢ
педагогтармен кәсіби
жану (күю) синдромының
алдын алу бойынша
ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУІ
АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен және «Жастар қызметкерлерінің қауымдастығы» ҚҚ
ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, ҚР ДСМ Республикалық
психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) бірлескен жоспары шеңберінде
Педагогтар психикалық денсаулығы мен
амандығын қалай сақтай және нығайта алады
ЭМОЦИЯЛЫҚ ЖАНУ СИНДРОМЫ ДЕГЕН НЕ?
бұл кәсіби салада көрініс беретін
физикалық, эмоциялық және ақыл-ой
сарқылу күйі. «Эмоциялық жану синдромы» (ЭККС) ұғымы (ағылшын тілінен «burnout» – жану, күю) алғаш рет 1974 жылы америкалық психиатр Х. Дж. Фрейденбергермен енгізілген.
КӘСІБИ ЖАНУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ/ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ
Эмоциялық жүдеу – бүкіл жұмыс барысына немқұрайлы қарау. Адам
өзін құлазығандай сезінеді, өз эмоцияларының бәсеңдеуінен вакуумда
қалғандай болады. Кәсіби міндеттер үстірт қана атқарылады.
Тұлғасыздану – жұмыстағы әріптестермен және басқа да адамдармен
аралас-құралас болудан ішінара немесе толығымен алшақтау. Бұл құбылыс
эмоциялық тұрғыдан тым көп жүк түсуден қорғану реакциясы ретінде
туындайды және іштей ашуланумен ілесе жүреді. Ара-тұра оқыстан
қаһарға міну орын алуы мүмкін.
Кәсіби жетістіктерді құнсыздандыру (редукция) қызметкерге тым
жоғары талап қойылғанда туындайды және өз біліктілігіне күмән келтіру
сезімімен сипатталады. Көбінесе адам болмашы кемшіліктер үшін өзін
шектен тыс кінәлі сезінеді. Яғни өзін тиісінше бағалау қабілеті төмендейді.
Америкалық ғалымдар К. Маслак және С. Джексон
ЖАНУҒА СЕБЕП БОЛАТЫН ФАКТОРЛАР
ТҰЛҒАЛЫҚ
ЖАҒДАЯТТЫҚ
Тым жоғары қызығушылық, жанқиярлық пен идеализм
Мақсаттарға жетуге бекем бағыт алу
Маман рөлінің және оған артылатын үміттің айқын болмауы
Түрлі деңгейлі талаптар арасындағы қайшылық
Тұлғааралық қақтығыстар
«Жоқ» дей алмау
Шамадан тыс күш түсу
Өзін құрбандыққа шалуға бейімділік
«Алушы» емес, «беруші» болуға жақын
тұру
Бұрыс мотивация
Қажетті уақытта жеткілікті болмауы
Жеткілікті дәрежеде әлеуметтік қолдау
көрсетілмеуі
Ризашылық жеткіліксіздігі
Өзіне және өзгелерге тым көп үміт арту
КӘСІБИ СТРЕСС ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ ҮШІН ЖАНУҒА СЕБЕП БОЛАТЫН ФАКТОРЛАРДЫ
ЖОЙЫҢЫЗ НЕМЕСЕ ОЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫН АЗАЙТЫҢЫЗ
ЭМОЦИЯЛЫҚ ЖАНУ БЕЛГІЛЕРІ
Физикалық
Эмоциялық
Мінез-құлықтық
• шаршау, жүдеу, бас айналу, салмақ өзгерісі;
• иммунитет төмендеуі, өзін нашар сезіну, шектен тыс терлеу, қалтырау;
• тәбет пен ұйқы нашарлауы, жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары.
• жолы болмау сезімі және өзін сенімсіз сезіну, енжарлық, қалжырау,
шаршау;
• дәрменсіздік пен шарасыздық сезімі, эмоциялық жүдеу, идеалдардан
және үміттерден айырылу, есірік;
• безушілік, жалғызсырау, депрессия және өзін кінәлі сезіну;
• міндетін атқарғанына сенімділіктің және қанағаттанудың азаюы, жан
азабы;
• мотивация мен болашақ кәсіби мүмкіндіктерден айырылу, өз кәсіби
даярлығын жағымсыз кейіпте көру.
жауапкершіліктен қашу, албырт эмоцияға толы мінез-құлық;
әлеуметтен оқшаулану;
өз басындағы келеңсіздіктерді басқаларға «көшіру»;
жекелеген жұмыстарды орындауға бұрынғыдан да көбірек уақыт
жұмсау.
ӨЗ-ӨЗІНЕ КӨМЕК БЕРУДІҢ АЛТЫ САЛАСЫ
Өз-өзіне физикалық көмек беру: тамақтану, физикалық
жүктеме, ұйқы, спортпен шұғылдану, жаяу жүру, суға түсу (монша, душ, хауыз), сабырлы, байсалды адамдармен араласу, жүйке-бұлшық еттік релаксация
Өз-өзіне психологиялық көмек беру: Рефлексия, оқу, уақыт пен күш жұмсауды шектеу, өзөзіне көмек беру жаттығуларын жасау
Өз-өзіне эмоциялық көмек беру: достармен бірге уақыт өткізу, айналадағыларға зиян мен
залал келтірмей өзін-өзі таныту, әзіл, сүйікті істер, хобби, шабыт беретін әдебиет, визуализация, арт-терапия
Өз-өзіне рухани көмек беру: ойлану-толғану, басымдықтарды ретпен орналастыру, табиғат аясында серуендеу, медитация, дұға оқу.
Өз-өзіне кәсіби көмек көрсету: жұмыс арасында жеткілікті үзілістер (түскі ас, демалыс)
жасау, маңызды мәселелерді шешуге уақыт бөлу, жайлы жұмыс орны.
Тепе-теңдік: жұмыс пен отбасылық (жеке) өмір арасындағы тепе-теңдік.
Стресс деңгейін және кәсіби жануды зерттеу үшін
психологиялық әдістерді қолданыңыз
Кәсіби тұрғыдан күйіп кету белгілеріне өз бетінше диагностика жасау сауалнамасын
Google үлгісін ашу арқылы қашықтан өткізуге болады. ҚОЛДАНУҒА КЕҢЕС БЕРІЛЕДІ.
Testometrika (тестометрика) сайтындағы кәсіби тұрғыдан жануға диагностика жасауға
арналған онлайн тест. Аталмыш тестті тек орыс тілінде ғана өтуге болады, бірақ,
клиенттерге ыңғайлы болуы үшін тесттің қазақша аудармасын жіберуге болады. Тесттен
өткен соң, клиент үш сала (Эмоциялық жүдеу, Тұлғасыздану және Кәсіби жетістіктердің
кемуі) бойынша нәтижелерін алып, педагог-психологпен бөлісе алады.
Сілтеме: https://testometrika.com/a/l7nsnSZGrOvSj9Q%252B1mvn0Q/
Testometrika (тестометрика) сайтындағы кәсіби тұрғыдан жануға диагностика жасауға
арналған онлайн тест. Аталмыш тестті тек орыс тілінде ғана өтуге болады, бірақ,
клиенттерге ыңғайлы болуы үшін тесттің қазақша аудармасын жіберуге болады. тесттен
өткен соң, клиент үш сала (Резистенция, Жүдеу және Ширығу) бойынша нәтижелерін
алып, педагог-психологпен бөлісе алады. Тест ұсынымдарына сақтықпен қараған жөн.
Сілтеме: https://testometrika.com/depression-and-stress/emotional-burnout/
Достарыңызбен бөлісу: |