І. Есенберлин атындағы мдшо бар орта мектебінің 2021-2022 оқу жылындағы тәрбие жұмысының сараптамасы Тәрбие жұмысының проблемасы



бет1/2
Дата10.06.2022
өлшемі33.51 Kb.
#459117
  1   2
І.Есенберлин ОМ тәрбие жылдық есеп 2021-2022 жыл


І.Есенберлин атындағы МДШО бар орта мектебінің 2021-2022 оқу жылындағы тәрбие жұмысының сараптамасы
Тәрбие жұмысының проблемасы:
Білім алушы жас ұрпақтың тәрбие беру жүйесінде рухты патриоттары ретінде қалыптасуы мен болашақ маман иесі болып, өздерінің дене және рухани күштерін жете бағалайтын , өз күшіне ,өз қаблетіне өмірлік мақсаты мен міндетіне жету жолындағы мүмкіндігіне сенімді болуына , кәсіби, интелектуалды және шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының мүддесін ойлайтын, Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы үшін ат салысатын, құқықтық сана мен құқықтық мәдениеті қалыптасқан,елінің әдет-ғұрпын, салт-санасын тілін, дінін тарихын құрметтейтін, азаматтық құндылықтарды меңгерген, бәсекеге қабілетті, интелектуалды білімді тұлға қалыптастыру.
Міндеттер:
Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз және жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;

  • Білім беру үрдісінің біртұтас бөлігі ретінде сабақтан және мектептен тыс шаралардың әртүрлі формалармен түрлерінің ұйымдастыру бойынша ата – аналар мен педагог ұжымының бірлескен әрекеттер жүйесін қалыптастыру.

  • Балалар мен жас ұрпақты азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;

  • Әлеуметтік сау тұлға ретінде оқушының тәрбие жүйесін жетілдіруге жағдай жасау;

  • Мектепте және мектеп жанындағы интернатта оқушылардың өзін-өзі басқару жұмыстарын жандандыру;

  • Отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру;

  • Азаматтық құқығын қорғай алатын білім мен қабілет қалыптастыру, ел өмірінде болып жатқан өзгерістердің адамзат үшін маңызын білу мен Қазақстанның дүние жүзіндегі орыны туралы тұтас ұғым қалыптастыру .

Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға қарым-қатынастардан байқалатын критерийлер ұсынылды.
Тамыз айында барлық мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға жан-жақты материалдық көмек көрсету мақсатында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды, аз қамтылған отбасынан шыққан біздің мектебімізде білім алатын оқушыларға кеңсе тауарлары және мектеп формасын демеушілердің есебінен киіндірдік.
2021-2022 оқу жылы өскелең жас ұрпақтың бойына патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихын, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында мектеп бойынша төмендегідей іс-шаралар өткізілді.
2021-2022 оқу жылының басталуы барысында мектебімізде 2021-2022 оқу жылы өткізілген тәрбие сағаттары бойынша:
1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық,тәрбие, құқықтық тәрбие- 13
2. Рухани-адагершілік тәрбие-6
3. Ұлттық тәрбие-1
4. Отбасы тәрбиесі-1
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие-9
6. Көпмәдениетті және көркем –эстетикалық тәрбие-2
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі-1
8. Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты-1
Осымен 8 бағыт бойынша 34 сағатты құрайды.

жоспар бойынша өткізілетін мерекелік іс-шаралардың барлығы өз деңгейінде жүргізілді. Атап айтсақ:


1 қыркүйек - білім күніне «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ » білім беру барша оқушылар мен аяулы ұстаздардың асыға күткен мерекесі. Білім күнін коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында 1 қыркүйек Білім күні және жаңа 2021-2022 оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шара мектеалды даярлық тобы және 5-11 сынып оқушыларына атаулы сынып сағаттары жүргізілді. Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға байланысты шектеулер ескеріліп, кезекші 1-4 сыныптарда атаулы іс-шара әр сыныпта сынып сағаттары қатаң санитарлық талаптарды сақтап өткізілді.
5-7 сынып оқушылары арасында балалардың санасына дәстүрлі ұлттық және адамгершілік құндылықтарды жандандыру, отбасы негізінде қалыптастыру мақсатында "Отбасы –бақыт мекені" тақырыбында сурет салу байқауы ұйымдастырылып өткізілді . Байқауға әр сыныптан 2 - 3 оқушыдан жалпы 27 оқушы қатысты. Сурет салу барысында оқушылар өз отбасы жайлы әңгімелеп, берілген тақырып бойынша сурет салды. Оқушылар белгіленген уақыт ішінде берілген тапсырманы дер кезінде орындап бітірді. Байқау соңында бекітілген қазылар алқасының қорытындысы бойынша, оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай, марапаттарға ие болды. "Жас суретші" номинациясымен 5 сынып оқушысы Тлеукен Жанель марапатталса, 3-орынды 5 сынып оқушысы Асанқылы Лаура , 2-орынды 8 сынып оқушысы Ануарбек Серікбол , 1-орынды 1 сынып оқушысы Қаптағай Рахымбек, бас жүлдені 11 сынып оқушысы Әділбеков Саят иеленді. Байқауға қатысушы барлық оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. 
«Дені сау ұрпақ ұлт болашағы» күніне орай 8-9-10 сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты нығайту, көңіл күйді көтеру, сыныппен бірге ұйымшылдықты сезіну мақсатында «Көңіл күй және денсаулық» тақырыбында флэш-моб байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Байқау мектеп АКТ залында өтті. Байқауға жалпы - 10 сынып қатысты, әр сыныптан 5-8 оқушыдан қатысты. Оқушылар барлығы байқау шартында берілген ережеге сәйкес, бірегей формада киініп, түрлі жаттығуларды әуеннің ырғағымен орындады. Байқау соңында флэш-моб талаптарын жоғары дәрежеде орындаған 10, 9, 8 , 7 сыныптары мектептің мақтау қағаздарымен марапатталды.

1 Қазан – Халықаралық Қарттар күніне «Қарттарым– асыл қазынам» арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері «Құрметпен қарттарыма сәлемдеме» атты акция ұйымдастырып қарт ата-апаларымыздың үйіне барып мерекелерімен құттықтап ризашылығына бөленіп қайтты. Акция «Қарты бар ел – қазыналы ел» тақырыбында кездесу кешімен жалғасты. Кешімізге аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы бастаған бір топ қарт аталарымызбен мектебіміздің қарт ата-апаларыда қатысты. Кешті мектеп директоры Сейдаханова Айгүл Жұмаханқызы ашып мерекелерімен құттықтады. Қарт ардагер ата-апаларымыз мектеп оқушыларының дайындаған олең, жыр шумақтарын тыңдап, мың бұралған бишілер тобының концерттік бағдарламасын тамашалап оқушыларымызға деген жылы лебіздерін білдірді. Кеш соңында «Жас Ұлан» ұйымының бір топ мүшелері қарт ата-апаларымзға гүл шоқтарын сыйға тарттып риза етті.


1-5 қазан күндері аралығында мектебімізде ұстаздар күніне арналған 1-10 сыныптар арасында түрлі іс-шаралар өткізілді. 11 сынып оқушылары сынып жетекшісі Б.Алтанхан. «Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік кеш ұйымдастырды. Кешке ұстаздар, мектеп әкімшілігі қатысты. Мерекелік кеш мектеп АКТ залында мерекеге сай безендіріліп өткізілді. Кеште оқушыларымыз өздері дайындаған жыр шумақтарын, ән-би өнерлерін ұсатздарына тарту етіп, ұстаздардың ризашылығына бөленді. Кеш соңында бітіруші сынып оқушылары ұстаздарына арнап «Ұстазым» әнін хормен орындап мерекелік кешті аяқтады.

16 желтоқсан «Тәуелсіз елім Қазақстан » мерекесіне арналған іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Мектеп АКТ залында 1-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік» атты іс-шара өтті. Ұстаздар мен 11 сынып оқушылары қатысты. Тәуелсіздік мерекесіне арналған іс-шаралар «Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік» атты әдеби сазды кешпен жалғасты. Қазақстан Республикасының Гимнмен ашылды. Мектеп директоры мерекелік іс -шараны ашып, барша ұстаздар қауымын «Тәуелсіз елім Қазақстан» мерекесімен құттықтап жылы лебізін білдірді. Іс-шараға жас ұлан ұйымының мүшелері белсене қатысып өз өнерлерін көрсетті. «Балдәурен» бишілер тобы дайындаған ән, би өнерлерімен,10 сынып оқушыларының дайындаған «Желтоқсан оқиғасы» атты көріністерімен қорытындыланды.



28-30 желтоқсан аралығында мектепішілік «Кел, Жаңа жыл ортаға» тақырыбында жаңа жылдық шырша мерекесі ұйыдастырылып өткізілді. Жаңа жылдық шырша, түрлі-түсті ойыншықтар, аяз-ата мен ақшақар суреті бейнеленген баннермен безендірілді. Шыршаға барлық сынып оқушылары түгелдей қатысты. Алғашқы шырша мерекесін бірінші болып, 1 сынып бастап берді. Мектеп директоры Айнур Токеновна шырша мерекесіне келген барлық оқушылар мен ата-аналарды келе жатқан 2021 жыл, БАРЫС жылымен құттықтап жаңа жылдық шырша шамын жағып мерекені ашып берді. Барлық оқушыларымыз өз өнерлерін ортаға салып Аяз-ата мен Ақшақардың сыйлығына бөленді. Шырша мерекесі барлық оқушыларымызға көтеріңкі көңіл – күй сыйлап қуантты. Ата-аналарымызда өз ризашылықтарын білдірді.
Мектебіміздің оқушыларының қысқы демалыстары ұйымдастырылып іс- шаралар өткізілді. Қаңтар айында «Қамқорлық» акциясы өткізілді. Мектебіміздің жанашыр мұғалімдері оқушыларымызға қамқорлық көкөмегін көрсетті.Сондай-ақ мектебімізде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты онкүндігі өткізіліп оқушыларымыз белсенді қатысты. «Денсаулық күні» атты спорттық сайыс болу керек болған дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері өткізбеді.
Мектебіміздің тіл мамандарының ұйымдастырылуымен «Қазақ поэзиясяняң Хан Тәңірі Мұқағали» атты әдеби саз кеші ұйымдастырылса, 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтілді.
Алғашқы әскери дайындығы пәнінің мұғалімі Игілік Қуанбекұлы Оспановтың ұйымдастырылуымен «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» білім сайысы 10-11 сыныптар арасында өтікізілді.
Сондай ақ 9 сынып оқушыларымен тарих пәнінің мұғалімі Б.Мурынбаев «Баптар туралы» атты тақырыбында әңгіме сабағы өтілді. Мектебімізде Өзін- өзі тану пәнінің онкүндігі өтіліп пән мұғалімдері оқушылармен іс-шараларын өткізді.
14.02 күні «Ауғанда от кешкендер» атты ауылымыздағы ардагерлермен кездесу ұйымдастырылып сынып сағаттары өткізілді.
14 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына арналған «Ауғанда от кешкендер» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Ауған соғысы жайлы мағлұматтар алып, оқушылардың өрелік қабілеттерін кеңейту,тарихи оқиға туралы мәлімет беру,оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ауған соғысы ардагерлерімен әдеби – сазды тарихи кездесу кеші ұйымдастырылды. Кешімізге Сарманбетов Қазбек Құдайбергенұлы, Жақсыбаев Болат Кәдерсізұлы аты аталған ардегер ағаларымыз қатысты. Кездесу барысында слайдтар, фотосуреттер, ауған соғысы фильмінен үзінділер көрсетіліп, Қанат ағамызбен мыңдаған жауынгерлердің рухына 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Оқушылар ардагерлерге өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, ардагерлермен сұхбаттасты. Сұхбаттасу барысында сұрапыл соғыста кеудесін отқа тосып, Отан алдындағы борышын атқарып келген жауынгер-интернационалист ағаларымыз соғыс кезінде бастан кешкен қиындықтары туралы әңгімеледі. Кездесу кешіміз оқушыларымыздың дайындаған қазақ, орыс, ағылшын тілінде жыр шумақтары мен ән, биімен жалғасты. Кеш ҚР Мемлекеттік Гимнімен жабылды. Іс - шара соңында ардагерлер сөз алып оқушыларға өз ризашылығын білдірді.
«Алғыс айту» күніне дөңгелек үстал, сынып сағаттары ұйымдастырылды. 1-11 сынып оқушылары белсенді қатысты. 05.03 күні «Ана – гүл, ана-өмір шуағы» атты мерекелік концерт, сынып сағаттар өткізіліп, 1-11 сынып оқушылар қамтылды.
1-11 сынып оқушыларына өскелең ұрпақты патриотизм, жоғары мәдени- адамгершілік құндылықтар рухына тәрбиелеуге, ел бірлігінің құндылығын, әр адамның отбасы мен жақындарының амандығын, жауапкершілікті ұғынуға ықпал ете отырып «Бірлік пен ынтымақ» тақырыбында сынып сағаттары ватсап желісі арқылы өтілді. Оқушыларға 1 Мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бұл күн тек қана бір-бірімізді еске алып қана қоймай, шын жүректен бақыт, денсаулық, татулық тілейтін күн. Қазақстан халықтарының бірлігі күні – біздің көпұлтты ұланғайыр еліміздің әр тұрғыны үшін асыға күтетін мерекесі. Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.  Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 136 -дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейтінін оқушыларға түсіндіріп өтті.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналғанын айтып өтті. «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі. Оқушыларымызға «Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауыз бірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай сынып сағаттар өткізіліп, оқушыларға Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында өтілді. Сынып сағаттарда ватсап желісімен презентациялар, бейнероликтер фото суреттер көрсетілді.
Ер-азаматтардың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! Сондықтан халқымыз «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы» деп ерекше ардақтаған.
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз оқушыларымызды осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсетеуге үйрету.
Мектебіміздің 1-11 сынып оқушыларына 9 мамыр – Ұлы Отан соғысының 77 жылдығына орай сынып сағаттары ватсап желісі арқылы өткізіліп, оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға , Отанға деген сүйіспеншілігін арта отырып, патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыта отырып үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 76 жыл толғаның түсіндіріліп соғыс туралы бейнефильмдер, фото суреттер көрсетілді. Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты , соғыста ұмытылмастай ізін қалдырғаны туралы айтылды. Жеңіс күні- бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке - бейбітшілік пенқайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер- солдаттар менофицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Жеңіс күні- абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. 

20202жылдың 25 мамыр күні мектебіміздің оқушылары мен ата-аталарына «Сәт сапар, жас түлек!» тақырыбында салтанатты жиын өтілді. Салтанатты жиынға мектеп оқушылары мен ата-аналар, ұстаздар қатысты.


«Сәт сапар, жас түлек!» салтанатты жиында мектеп директоры Раушан Сагнаева мектеп оқушыларын, ата-аналарын, ұстаздарын оқу жылының аяқталуымен құттықтап, мектеп үздіктерін, республикалық, облыстық, халықаралық жеңімпаз оқушылар мен ұстаздарды, оқушылардың ата-аналарын алғыс хатпен марапаттады. 11 сынып оқушыларына алдағы ҰБТ-ге ақ жол тілеп тілек білдірді.
«Оқу жылының аяқталуы туралы» бұйрықпен директордың оқу ісі жөніндегі орындасары МАмангелдіқызы таныстырды.
Қамқоршылық кеңестің төрағасы Елдос Жетписбаев оқушыларға , ұстаздарға өзінің жақсы тілектерін білдірді. Оқушыларға «Мәңгілік елдің» патриоты болуға, мектепті тек жақсы бағамен бітіріп, еліміздің үлгі тұтарлық азаматтары болуға тілек білдірді. 2020-2021 оқу жылында білім ордамызда 4 рет бітіруші түлектерге сөз берілді. 11 сынып оқушы саны - 18


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет