І. Жалпы ережелер



бет1/4
Дата07.02.2024
өлшемі48.16 Kb.
#491263
  1   2   3   4
«Ясауитану» Республикалық байқауының қағидасы

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық байқауының қағидасы



І. Жалпы ережелер


  1. Осы қағида Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық байқауының мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

  2. 2024 жылғы дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық байқауы сәуір айының 18-19 жұлдызында Түркістан қаласында өтеді.

  3. Республикалық «Ясауитану» байқауының Қағидасын «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК жанындағы Ғылыми кеңес ұсынысымен музей директоры бекітеді.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:


  1. Қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттау;

  2. Өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру;

  3. Жас өркеннің интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру;

  4. Жас буынды елдік санаға баулу;

  5. Ұлы баба өнегесімен шәкірттерді адамгершілікке, ізгілікке баулу;

  6. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру;

  7. Тарихи-мәдени ескерткіштерді, жәдігерлерді насихаттау.



ІІ. БАЙҚАУДЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТӘРТІБІ.




2.1. Іріктеу турларына қатысу тәртібі


  1. Дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық байқауына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11-сыныптарының оқушылары қатыса алады.

  2. Сайысқа www.azretsultan.kz веб-сайтына жарияланған 40 хикметті жаттаған оқушылар қатысады.

  3. www.azretsultan.kz веб-сайтында жарияланған сұрақтар негізінде аудандық және облыстық іріктеу турлары өткізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет