Өмір сен Балалық шақтың әнімен,
Балауса, балғын сәнімен
Ертегілердің елінен
Еркелей басып келіп ем.
Өмірдің көркем бағынан
Өзіңді көрсем, жаным-ән!
Бөлеп ең мені бақытқа,
Сол күндерімді сағынам.
А-хау, сол бір күндер-ай,
Сағындың ба өзің де…
Жалғыз сенсің – өмірде,
Жалғыз сенсің – көңілде.
Жалғыз сен ғана жалғанда
Бастайтын мені таңдарға!
Жанымда болса екен деп,
Оранам аппақ арманға.
Қуаныш шашшы көңілге
Түсімде және өңімде!
Ғашық боп, жаным, жүрмін мен
Сен бар деп мынау өмірде!
Фариза Оңғарсынованың бұл өлеңі махаббат жырымен жазылған. Өлең 2-3 буынды, 7-8 буынды.
Өлең басы аллитерациямен көркемделіп ассонансқа жалғасқан. Бұл жолдарда автор балалықтан өткенін баяндайды.
Кейінгі жолдарда ассонанспен көркемдеп, көркем бақ деген эпитеттерді қоданған. Бөлеп ең мені бақытқа жолында меніңше ауыспалы мағына бар. Бақытқа бөлену тура мағынада емес,себебі бақыт дерексіз зат есім. Бақытқа бөлену бақытты болу деген мағынада.
Жалғыз сенсің-өмірде
Жалғыз сенсің-көңілде- анафора бар
Аппақ арман-эпитет, және арманға орану синтаксистік шартты мағына.
Қуаныш шашшы көңілге бұл да синтаксистік шартты мағына болады.
Түсімде-өңімде-антоним,осы антонимді беру арқылы автор сезімінің күштілігін жеткізіп отыр.