І. Жалпы ережелері
1.Осы Ереже оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары облыстық «Зерде» конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастырылуын, мақсаты мен міндеттерін, өткізу тәртібі мен қаржыландыруын, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
2.Конкурсты Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі- ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы) ұйымдастырады.
3.Конкурстың басты мақсаты балалардың танымдық қызығушылықтары және зияткерлік - шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
4.Конкурстың басты міндеттері:
- оқушылардың зияткерлік шығармашылығын ерте мектеп жасынан дамыту, бала кезінен ғылыми ізденіс жұмыстарына қызығушылығын ояту;
-ғылыми-техникалық және зияткерлік шығармашылық саласында қабілетті және дарынды балаларды айқындау, оларға қолдау көрсету;
- оқушылардың жоғары жетістіктерін, білім беру ұйымдарының оқу және ғылыми-ізденістегі жұмыс тәжірибесін, өзара қарым-қатынасын ұйымдастыруды насихаттау және демонстрациялау;
- педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;
- қоғамның зияткерлік әлеуетін дамыту мәселесіне көпшіліктің назарын аудару.
2. Конкурстың қатысушылары
5. Конкурсқа жас зерттеушілер – 1-7-сынып оқушылары жеке, сондай-ақ, командалық құрамда қатыса алады (2 қатысушыдан аспау керек).
3. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі
6. Конкурс 3 кезеңнен тұрады:
- бірінші кезең – аудандық/қалалық (қыркүйек айының III он күндігінде).
- екінші кезең – облыстық (қазан айының ІІ - ІІІ онкүндігі);
- үшінші (қорытынды) кезең – республикалық (қаңтардың екінші он күндігінде).
7. Жұмысты қорғаған кезде авторға 10 минут уақыт (7 мин. докладқа, 3 мин. сұраққа) беріледі.
8.Конкурсқа қатысу үшін аудандық/қалалық білім беру бөлімі басшыларының және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының қолымен куәландырылған өтінім қажет.
9. Конкурс жас ерекшеліктеріне байланысты өткізіледі:
1 топ - 1-4 - сынып оқушылары;
2 топ - 5-7 - сынып оқушылары
10. Облыстық кезеңге әрбір секция бойынша әрбір ауданнан/қаладан 2 үздік жұмыс ұсынылады ( 1- топтан бір жұмыс, 2- топтан бір жұмыс).
11. Конкурсқа ұсынылған жұмыстарға түсініктеме берілмейді және қайтарылмайды.
12. Оқушылардың зерттеу жұмыстары келесі секциялар бойынша қабылданады:
- қазақ тілі мен әдебиеті;
- орыс тілі мен әдебиеті;
- информатика, математика;
- физика, техника;
- психология, медицина;
- тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
- биология, химия, адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау;
- география, экология
13. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды
14. Конкурстың қорытындысы ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының сайтына орналастырылады: www.shygysdaryny.kz.
15. Ұйымдастыру комитетінің адресі: ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы, Ворошилов көшесі, 79. тел. 55-20-12 e-mail: vk_daryn@mail.ru
4. Конкурсқа ұсынылатын зерттеу жұмысын рәсімдеуге
қойылатын талаптар
16.Әрбір бағыт бойынша зерттеу жұмыстары теориялық, эксперименттік, көркем және қиял-ғажайып түрлерінде жоспарлануы мүмкін. Зерттеу жұмыстары қазақ немесе орыс тілдерінде таныстырылады. Жұмыс көлемі 20 беттен аспауы керек. Беттердің жиектері мен нөмірлері болуы қажет.
17.Әрбір зерттеу жұмысында зерттеушінің таңдаған тақырыбына қосқан жаңалықтары, жетістіктері мен кемшіліктері көрсетіліп, жетекшінің пікірі, маманның рецензиясы болу керек.
18. Жұмысқа қойылатын талаптар:
1) жұмыс мәтіні толық компьютерде басылып шығуы (WORD; 14 шрифт; ара қашықтығы 1,5; сол жақтан - 2 см шегініс) және келесілерден тұруы қажет:
- басқы бет;
- мазмұны;
- резюме (аннотация) – қазақ және орыс тілдерінде жұмыстың негізгі бөлімінің қысқаша мазмұндамасы (жұмыстың қай тілде жазылуына байланысты);
- кіріспе – жұмыстың өзектілігі және тақырыптың таңдалуы, мақсаты мен міндеттері, жұмыстың орындалған жерін көрсетеді;
- негізгі бөлім: зерттеу материалы мен әдістері, эксперименттік бөлімі, жұмыс нәтижелері және оларды талқылау.
- әдебиеттерге (отандық және шетелдік) шолу, зерттеу проблемасына әсері;
- қорытынды (нәтижелер мен ұсыныстар);
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
2) бастапқы бетте қөрсетіледі:
- жұмыс орындалған ұйымның толық атауы;
- жұмыстың тақырыбы;
- бағыты;
- орындаушы (аты-жөні, сыныбы, мектебі, облысы, қаласы, ауданы);
- жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, жұмыс орны);
- жұмыстың орындалған уақыты;
- жұмыстың электронды түрін дискіге жазып, жұмыспен қоса жіберу керек.
19. Конкурстың қорытынды кезеңінде қатысушылардың өз зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобаларын қорғау үшін көрнекі құралдары, сызбалары, суреттері не макеттері болу керек.
20. Конкурс жұмыстары келесі критерийлермен бағаланады:
- жұмысты орындаудағы дербестік деңгейі;
- шығармашылық ізденіс;
- берілген сұрақтарға жауаптардың толық болуы;
- мәселелердің терең талқылануы.
5. Қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
21. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады
22. Конкурстың қорытындысы бойынша үздік жұмыстар 1-7-сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық кезеңіне жіберіледі.
6. Қаржыландыру
23. Іс-шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.
24. Облыстық конкурсқа қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары (екі жаққа жол шығыны) жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |