Құқық” кафедрасы «Қазақстан Республикасының салық құқығы»


Салықтық міндеттеменің құрамы: субъектілері, объектісі, мәні



бет5/6
Дата14.06.2016
өлшемі1.45 Mb.
#136141
1   2   3   4   5   6

10.Салықтық міндеттеменің құрамы: субъектілері, объектісі, мәні


11. Салық заң құрамы элементтерінің ұғымы және құқықтық маңызы

12. Салық субъектісі: ұғымы, түрлері.

13. Салық объектісі және заты

14. Салық нормасы, салық салу бірлігі, салық ставкасы

ЕКІНШІ РЕЙТИНГ БАҚЫЛАУ

ЕКІНШІ РЕЙТИНГ БАҚЫЛАУ






Тақырыптар

Апталар

реті


Ұпайлар

Бақылау

түрі


15

Қосылған құн салығы


Салықты төлеушілер

Қосылған құн салығы ставкалары


8 - апта





Глоссарий





16

Акциздер

Салық төлеушілері, салық салу объектісі

Салықтық кезең, төлеу мерзімдері


5,00 балл

17

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу. Әлеуметтік салық

Жер қойнауын пайдаланушының шығынын өтеу тәртібі

Әлеуметтік салықты есептеу және төлеу тәртібі

9 - апта





Тест тапсырмалары


18

Жер салығы. Көлік құралдары салығы. Мүлік салығы

Салық базасын айқындау тәртібі, есептеу тәртібі

Көлік құралдары салығын төлеушілер, салық салу объектісі


5,00 балл

19

Арнаулы салық режимі

Шағын бизнес субъектілері

Шағын бизнес субъектілеріне арнаулы салық режимін қолдану жағдайлары

10 - апта







Реферат

20

Арнаулы салық режимі

Заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған арнаулы салық режимі

Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі


4,00 балл

21

Тіркеу, лицензиялау алымы және өзге де алымдар

Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым

11 - апта







Үй тапсырмасы

22

Пайдаланғаны үшін төлемақы

Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы

Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы


4,00 балл

23

Мемлекеттік баж. Кедендік төлемдер

Жалпы ережелер

Консулдық алым мемлекеттік баждың бір түрі ретінде

12 - апта







Тест

тапсырмалары



24

Салық салу аясындағы мемлекеттік мәжбүрлеу және заңи жауапкершілік

Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын салық салу аясында қолдану ерекшеліктері

ҚР салық заңнамасын бұзғаны үшін қолданылатын заңды жауапкершілік негізі


4,00 балл

25

Салықтық құқық бұзушылықтар

Салықтық құқық бұзушылықтың субъектісі мен объектісі

Салықтық қылмыс ұғымы


13 - апта





Глоссарий

26

Салық заңнамасын бұзғаны үшін қаржылық құқықтық жауапкершілік

1. Салық құқық бұзушылықтар үшін қаржылық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы.

2. Салық заңнамасын бұзғаны үшін қаржылық құқықтық жауапкершіліктің қолданыстағы режимінің негізі


4,00 балл

27

Салық заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқықтық жауапкершілік

Әкімшілік құқықтық жауапкершілікке тарту мән-жайлары

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндіріс

14 - апта







Коллоквиум

28

Салық заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік

Қылмыстық жауапкер-шілікке тарту тәртібі

ҚР ҚК 221-бабында “Азаматтық салық төлеуден жалтаруы” мән-жайына орай көзделген қылмыстық жауапкер-шілік


4,00 балл

29

Салықтық жоспарлаудың құқықтық негіздері

1 Салықтық жоспарлау ұғымы

2.Салықтық жоспарлау тәсілдері


15 - апта




Үй тапсырмасы

30

Салықтық жоспарлаудың құқықтық негіздері

Салықтық жоспарлау этаптары.

Салықтық жоспарлау шегі


2 аралық бақылау

30,00 балл






8 – апта
Акциздер

Бақылау түрі – Глоссарий

Тақырыбы: Қосылған құн салығы


Жанама салықтар – бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушілердің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесіне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына әсер етуі мүмкін. Бұдан басқа, салық төлеушілер үшін табыстарға тура салық салудың өсуінен гөрі олардың шығыстарына салық салудың өсуі жақсырақ. Сонымен бірге тұтынуға салынатын салықтар болып акциздерді, сатудан алынатын салықты, қосылған құнға салынатын салықты пайдаланудың көбірек артықшылығы болады, өйткені, олардан жалтарыну қиынрақ; олармен экономикалық бұзушылық аз байланысты; олар еңбекке деген ынталандырмаларды аз қысқартады; тапшылықтың жоқтығы жағдайында, ауыстырушы тауарға да тапшылықтың жоқтығын қоса олар тұтынушыға таңдау құқығын сақтап қалады; салықтардың жасырымдылығын қамтамасыз етеді.

Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы еңгізілген қосылған құнға салынатын салық – ҚҚС болып табылады. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеуді сатып алушығы аударады. Салық салу объектісі материалдық шығындарсыз өндірілген өнім (амортизациясы бар таза өнім) болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар кіріктірілуі мүмкін.

Демек, бұл салықтын ерекшелігі – оның салық салынатын объектісі сатудан (өткізуден) түскен бүкіл түсім-ақша емес, тек салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында. ҚҚС дүние жүзінің 40-тан астам елдерінде, соның ішінде Еуропа экономикалық одағының 17 елінде пайдаланады. ҚҚС қазіргі кезде Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің аса маңызды көздерінің бірі болып саналады. Мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы сомасында бұл төлемнің үлес салмағы 27,1% құрады.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Салық кодексі бойынша қосылған құнға салынатын салық деп тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды айтады. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті ҚҚС сатылған тауарлар үшін есептелген ҚҚС сомасы мен алынған тауарлар үшін төленуге тиісті ҚҚС сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Сонғыда салық бойынша есепке алу механизмі көрінісін табады. Заңнамаға сәйкес салық салынатын айналым және салық салынытын импорт ҚҚС-тың салық салу объектілері болып есептеледі. ҚҚС-ты төлеушінің тауарларды өткізу бойынша жасаған айналым салық салынытын айналым болып табылады, оған салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығынан босатылған және өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын айналым қосылмайды. Салық салынатын айналым мөлшері, оған қосылған құн салығын қоспай, мәміле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілетін тауарлар құны негізінде анықталады. Өткізілген тауарлардың құны қандай бір өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес мағлумдамалануға тиісті, Қазақстан аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда салық салынатын импорт болып табылады. Салық салынатын импорт мөлшеріне кеден заңнамасына сәйкес белгіленетін импортталатын тауардың кедендік құны, сондай-ақ қосылған құнға салынатын салықты қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары қосылады.

Жұмыстарды, қызметтер көрсетуді өткізу бойынша айналым кез келген жұмыстарды орындауды немесе қызмет көрсетуді, соның ішінде олардың тегін орындалуын, сондай-ақ тауардың өткізуден өзге сыйақы үшін кез келген қызметті білдіреді.

Қосылған құнға салынатын салық – көп дүркінді, тауарды өндіру мен өткізудің әрбір сатысында өндіріп алынатын салық, ол өзіне тауар қозғалысының өткен стадияларындығы барлық алынымдарды қосып алады, бірақ мемлекетке тек осы тауардың өндірусіші тауарды өндіру мен өткізу стадиясында алынған қосылған құнға салынатын салық түседі. Сонымен бірге кәсіпкерлердің салық жүйесі алдындағы теңдігі пайда болады.

2004 жылдың 1 қантарынан қосылған құнға салынатын салық мөлшерлемесі 15 пайызға тең және салық салынатын айналым мөлшеріне қолданылады.

Түсті және қара металлдар сынығының экспортын қоспаған экспортқа тауарлар өткізу бойынша айналымға, халықаралық тасылымдарға байланысты орындалатын жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады. Қеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.

Салық салынатын импорт бойынша ҚҚС мөлшерлемесі салық салынатын импорт мөлшерінің 15 пайызына тең болады. Салық салынатын импорт мөлшеріне кеден заңнамасына сәйкес белгіленетін импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ ҚҚС-ты қоспағанда Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезінде салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы кіріктіріледі.

Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарлар импорты кезінде ҚҚС жиынтық кеден төлемінің құрамында төлей алады, оның мөлшері Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес анықталады.



Тақырыбы: Акциздер

Бақылау түрі – Глоссарий

Алым
Жергілікті бюджет
Мемлекеттік бюджет
Корпорациялық табыс салығы
Жеке табыс салығы
Қосылған құн салығы
Жанама салық
Салық төлеуші
Салық базасы
Салық ставкасы
Салық салу объектісі
Шот-фактура
Салық
Төлемақы

9 – апта
Жер салығы. Көлік құралдары салығы. Мүлік салығы

Бақылау түрі – Тест тапсырмалары

Тақырыбы: Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу.



Әлеуметтік салық

Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтарын төлеушілер:

Техногендік минералды құрылымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайдаға салынатын салығы мен арнаулы төлемдерді төлеушілер болып табылады.



Бонустар жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері болып табылады және жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шартта белгіленген мөлшерлерде және тәртіппен ақшалай насында төленеді.

Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануды жүргізудің жеке жағдайларын негізге ала отырып, бонустардың мынадай түрлерін:



      1. қол қойылатын;

      2. коммерциялық табу бонусын төлейді.

Жасалатын келісім-шарттың техникалық-экономикалық есептеулеріне сәйкес бонустардың бір немесе екі түрі де белгіленуі мүмкін.

Жер қойнауын пайдаланушы роялтиді Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін пайдалы қазбалардың әр түрі бойынша, оның сатып алушыларға өткізілгеніне немесе өз қажетіне пайдаланлғанына қарамастан, жеке төлейді.

Төлеушілер: Техногендік минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда,пайдалы қазбалар өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар, есепті кезеңде олардың өткізілген-өкізілмегеніне қарамастан,роялти

төлеушілер болып табылады.



Роялти салынатын объект:Пайдалы қазбалардың көлемі немесе нақты өндірілген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнім өндірілген пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша роялти салынатын объект болып табылады.

Үстеме пайда салығы

Төлеушілер: Өнімді бөлу туралы келісім-шарттар және кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын өндіруге жасалған келісім-шарттар бойынша қызметті жүзеге асыратындарды қоспағанда,жер қойнауын пайдаланушылар осы келісім-шарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруді көздемеген жағдайда, үстеме пайдаға салық төлеушілер болып табылады.

Салық салу объектісі: Жер қойнауын пайдаланушы пайданың ішкі нормасының 20 проценттен астамын алған салық кезеңіндегі әрбір жекелеген келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының таза табыс сомасы үстеме пайдаға салық салу объектісі болып табылады.

Әлеуметтік салықты төлеушілер :

  • Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

  • қызметтің жекелеген түрлері үшін арнаулы салық режимінен басқа, арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер;

  • жеке нотариустар, адвокаттар.

Белгіленетін кірістер түрінде жұмыс берушінің қызметкерлерге төлейтін шығындары аталған төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.

Тақырыбы: Жер салығы. Көлік құралдары салығы. Мүлік салығы
Бақылау түрі – Тест тапсырмалары

Тест сұрақтары:
1. Жер салығы – бұл:

1) Тікелей нақты салық

2) Тікелей жеке салық

3) Жанама жекеше салық

4) Жанама әмбебап салық

5) Арнайы салық

2. Мүлік салығы – бұл:

1) Тікелей жеке салық

2) Тікелей нақты салық

3) Жанама жекеше салық

4) Жанама әмбебап салық

5) Арнайы салық

3. Көлік құралдары салығы – бұл:

1) Тікелей нақты салық

2) Тікелей жеке салық

3) Жанама жекеше салық

4) Жанама әмбебап салық

5) Арнайы салық

4. Салық – бұл:

1) Міндетті, қайтарылмайтын, өтелмейтін және ұдайы алынып тұратын төлем

2) Міндетті, қайтарылмайтын, өтелетін және ұдайы алынып тұратын төлем

3) Міндетті, қайтарылмайтын, өтелмейтін және біржолғы төлем

4) Ерікті, қайтарылмайтын, өтелмейтін және біржолғы төлем

5) Ерікті, қайтарылмайтын, өтелмейтін және ұдайы алынып тұратын төлем

5. Салықтың субъектісі – бұл:

1) Салық төлеуге міндетті тұлға

2) Салықты белгілеген тұлға

3) Салық төлеушіден салықты ұстап қалуға міндетті тұлға

4) Салықтардың жиналуын жүзеге асыратын тұлға

5) Пайдасына салық төленетін тұлға

6. Салық элементтерінің қайсысы міндетті болып табылмайды?

1) Салық жеңілдіктері

2) Салық ставкасы

3) Салық кезеңі

4) Салық базасы

5) Салық төлеу тәртібі


7. Салық салудың қай принципін Адам Смит тұжырымдаған жоқ?

1) Салық салудың экономикалық негізділігінің принципі

2)Салық салудың ыңғайлы болу принципі

3) Салық салудың айқын болу принципі

4) Салық төлеушінің шаруашылық тәуелсіздігі мен еркіндігі принципі

5) Салық салудың үнемді болу принципі

8. Салық кодексінде салық салудың қай принципі жоқ?

1) Салық салудың мөлшерлестігі принципі

2) Салық салудың міндеттілігі принципі

3)Салық салудың айқын болу принципі

4) Салық салудың әділетті болу принципі

5) Салық жүйесінің бірлігі принципі

9. Қай салық негізінен пропорционалды болып табылады?

1) Заңды тұлғалардың мүлік салығы

2) Жеке тұлғалардың мүлік салығы

3) Жеке табыс салығы

4) Әлеуметтік салық

5) Үстеме пайда салығы

10. Қай салық негізінен прогресивті болып табылады?

1) Жеке табыс салығы

2) Корпорациялық табыс салығы

3) Әлеуметтік салық

4) Қосылған құн салығы

5) Акциздер

11. Қай салық негізінен регресивті болып табылады?

1) Әлеуметтік салық

2) Корпорациялық табыс салығы

3) Жеке табыс салығы

4) Үстеме пайда салығы

5) Жеке тұлғалардың мүлік салығы

12. Резиденттік қағидасы салықтың қай элементімен байланысты?

1) Салық субъектісі

2) Салық объектісі

3) Салық базасы

4) Салық ставкасы

5) Салық кезеңі



10 – апта
Арнаулы салық режимі

Бақылау түрі – Реферат тапсырмалары

Тақырыбы: Арнаулы салық режимі


Шағын бизнес субъектілеріне, шаруа (фермер) қожалықтарына; ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға; кәсіпкерлік қызметтің жекелеген тұрлеріне қатысты арнаулы салық режимдері көзделеді.

Біржолғы талон – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат.

Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын жеке салық сомаларының бюджетке төлеген фактісін растайтын құжат.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші шаруа(фермер) қожалықтары мен заңды тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде жүзеге асыра алады.

Базарларда тауар сату бойынша (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы киоскілерде, тұрақты үй-жайларда өткізіду қоспағанда) бюджетпен есеп айырысу Кодексте белгіленген тәртіппен біржолғы талон негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі бойынша жүргізіледі.

Демек, арнаулы салық режимдерінің түрлері:



  • шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі ( біржолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимдері);

  • шаруа(фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі;

  • ауыл-шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі;

  • кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі;

Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін тапсырудің төменде аталған тәртіптерінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы:

  • жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;

  • бір жолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі;

  • патент негізінднгі арнаулы салық режимі;

  • оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі;

Бұл талап базарларда(жолдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы тұрақты үй-жайларда сауда жасайтындарды қоспағанда) тауарлар өткізетін адамдарға қолданылмайды.
Шағын бизнес субъектілері:

  • күнтізбелік жылда бәрін жинақтағанда тоқсан күннен аспайтын қызмет аратұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет;

  • жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

  • жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;

  • жыл ішіндегі табысы 2 млн. теңгеден аспайтын жеке кәсіпкерлер

  • жеке кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бес адам болса;

  • салық кезеңі ішінде шекті табысы 4,5 млн. теңге болса;

Заңды тұлғалар үшін:

  • қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде елу адам болса;

  • салық кезеңі ішінде шекті табысы 25 млн. теңге болса;

Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі.

Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер: базарларда тауар сату бойынша (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы киоскілерде, тұрақты үй-жайларда өткізуді қоспағанда) бюджетпен есеп айырысатын кәсіпкерлер; күнтізбелік жылда бәрін жинақтағанда тоқсан күннен аспайтын қызмет аратұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет.

Қызмет түрлерінің тізбесін, біржолғы талондардың нысаны мен берілу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Біржолғы талондардың құны кіріс алынатын объектінің орналасқан жерін,түрін, қызметті жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен көлемін, сондай-ақ қызметпен шұғылдану тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, салық органы жүргізген орташа күндік хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректері негізінде жергілікті өкілді органдардың шешімімен белгіленеді.

Жалдамалы еңбекті қолданбай біржолғы талон негізінде ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар әлеуметтік салық төлеушілер болып табылмайды және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден босатылады.


  1. Салық кодексінің 371, 372, 374, 376 – баптарында белгіленген талаптарға сай келетін жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар салық салу мақсаттары үшін шағын бизнес субъектілрі деп аталады.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтік салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.

Аталған салықты есептеудің оңайлатылған тәртібі салық салу объектісіне Салық кодексінің 375, 377 – баптарында белгілеген ставканы қолдану жолымен жүргізіледі.

Салықтық төлем көзінен салық ұсталғанын растайтын құжаттар немесе біржолғы талон болған кезде, бұрын салық салынбаған табыстарды қосспағанда, ҚР-ң аумағында және оның шегінен тыс жерлерде алынған табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық салу объектісі болып табылады.

Жеке кәсіпкердің, мүлікті жалға беруден түскен табыстарды қоспағанда, төлем кезінде салық салынбайтын мүліктік табысы мен өзге де табыстары салық салу объектісі болып табылмайды.

Патент негізінен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін салықтық кезең күнтізбелік жыл, ал бюджетпен есеп айырысуды оңайлатылған декларация негізінде жүзеге асыратын шағын бизнес субъектісі үшін салық кезеңі тоқсан болып табылады.

Арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері кәсіпкерлік қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайды олардың табысы қызметтің барлық түрін жүзеге асырудың жиынтығымен айқындалады. Арнаулы салық режимін қолданатын және қосылған құн салығының сомасы табысқа қосылмайды.

Тақырыбы: Арнаулы салық режимі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет