I. Статистикалық мәліметтер



Дата30.06.2016
өлшемі54.48 Kb.
#168656
«Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған аудандық іс-шаралар жоспары (екінші кезең) 2014 жылдың 15 сәуірінде Атбасар ауданы әкімдігінің №А-4/147 қаулысымен бекітілді.
I. Статистикалық мәліметтер
Статистика департаментінің ақпаратына сәйкес 2015 жылдың 1 қарашасына аудан бойынша халық саны 49971 адамды құрайды. Оның ішінде 18216-і қазақтар, яғни 36,5%, 31755-і өзге ұлт өкілдері, яғни 63,5%.

Аудан бойынша 132 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгергендері – 85 адам, яғни 64,4%.

Аумақтағы мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 2015 жылы 82%-ды құраса, 2016 жылы бұл көрсеткішті 82,5%-ға көтеру жоспарланып отыр.

«Атбасар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ кадрлық құрамы.






Тегі, аты,

әкесінің аты

Лауазымы

Байланыс телефондары

Е-mail

1

Кайдаулова Айнұр Қайдауылқызы

Бөлім басшысы

ж.т. 5-32-04

ұ.т. +77712980622



atbasar_kult@mail.ru


2

Серікпаев

Әділхан Дастанұлы



Бас маман

ж.т. 5-32-10

ұ.т. +77771809293



atbasar_kult@mail.ru


3

Ержанова Динара Шұғайыпқызы

Бас маман есепші

ж.т. 7-90-67

ұ.т. +77764142210



atbasar_kult@mail.ru


II. Білім саласы

Аудандағы мектепке дейінгі мекемелердің жалпы саны – 37. Оның ішінде 5-еуі балабақша, 32-і шағын орталық. 3 шағын орталық аралас тілде, 5-уі таза қазақ тілінде, қалғандары орыс тілінде тәрбие беруде. Олардағы бүлдіршіндердің жалпы саны – 1977, оның ішінде қазақ топтарында тәрбие алатындары – 716, яғни 36,2%. Аудандағы мектептердің жалпы саны – 33, оның ішінде таза қазақ тілінде оқытатын 4 мектеп, орыс тілінде – 26, аралас тілде - 3. Олардағы оқушылардың жалпы саны – 6677, оның ішінде 1420, яғни 21,3% қазақ сыныптарында оқытылуда.

Атбасар қаласында 3 колледж бар, оның 1-еуі аралас тілді. Олардағы студенттердің жалпы саны 849, таза қазақ тілінде 44 студент білім алуда.

III. Орталық қызметі
«Атбасар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанында «Атбасар ауданының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2008 жылдан бері тіл саясатына қатысты жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.

2015-2016 оқу жылы бойынша орталықта 172 тіл үйренуші оқуда, олардың 69-ы мемлекеттік қызметші. Барлығы 12 топ құрылды, оның 2 бастауыш (34 тыңдаушы), 5 жалғастырушы (69 тыңдаушы), 5 жетілдіру (69 тыңдаушы) білім алуда.

Соңғы 4 жылда мемлекеттік тілді үйренем деушілердің саны 2 есеге дейін артты. Орталықтың материалдық - техникалық базасы: 16 компьютер жабдықтарымен, мультимедиялық бөлме, 2 қазақ тілі кабинеті бар.

Ағымдағы жылы «Ең үздік кабинет» облыстық байқауында «Атбасар ауданының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүлделі 3 орынды иеленді.


IV. ҚАЗТЕСТ жүйесі
2015 жылдың тамыз-қараша айлары арасында Атбасар ауданында Қазтест бағдарламасы бойынша тестілеуден 302 адам өтті. Олардың барлығы мемлекеттік қызметкерлер.

Тестілеудің нәтижесі бойынша тестіленушілердің орташа білім сапасы жақсы, пайыздық көрсеткіші - 78,4% құрады.

ҚАЗТЕСТ жүйесін насихаттау мақсатында аудан мекемелеріндегі жұмыс істейтін мемлекеттік, азаматтық қызметшілеріне ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп, аудандық «Атбасар», «Простор» газеттерінде мақалалар жарияланды.


V. Тілдерді дамыту шаралары
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында жыл басынан көптеген іс-шара өткізіліп, аудандық байқаудың жеңімпаздары облыстық байқауларға қатысты. Атап айтсақ; «Тіл парасат», «Сөзмерген», «Тапқыр достар», «Берекелі дастарқан», «Қазақтың ұлттық ойындары», «Жігіт сұлтаны», «Әйел бақыты» ток-шоуы, «Ортақ шаңырақ аясында» фестивалі т.б.

Қыркүйек айының үшінші жексенбісі Қазақстан халқының тілдер күні мерекесі ретінде атап өту жақсы дәстүрге айналды. Атбасар ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 2 қыркүйектегі №А- а-9/290 қаулысына сәйкес 2015 жылдың 7-16 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған тілдер онкүндігі өткізілді.

Онкүндікті өткізу жоспарына сәйкес ауданымызда 20 іс-шара өткізілді. Олар: дөңгелек үстелдер, байқаулар, семинарлар, позэия кештері т.б.

БАҚ ахуалы. Аудандық саяси-әлеуметтік «Атбасар», «Простор» газеттерінде жыл басынан бері тіл саясатына қатысты қазақ тілінде 44 мақала, орыс тілінде 19 мақала жалпы 63 мақала жарияланды.

2014 жылы аудандық БАҚ-та тіл саясатына қатысты 72 мақала жарық көрді.

Ай сайын жүргізілетін мониторинг нәтижесіне сәйкес аудан бойынша 2015 жылы мемлекеттік органдардан шығатын іс-қағаздардың мемлекеттік тілдегі үлесі 96%-ы құрайды.

2015 жылдың 25 қыркүйегінде аудандық әкімдіктің аппарат кеңесінде Атбасар ауданында Тіл саясатына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы сұрақ қаралды.


VI. Тіл туралы заңнаманың орындалуы
Көрнекі ақпарат пен деректемелерді «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңының орындалу барысын тексеру мақсатында Атбасар ауданында сыртқы жарнама рәсімдеу ақпараттарын тексеру мақсатында Атбасар қаласында ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында ауылдық округтарда «Ауыл келбеті» және тамыз-қыркүйек айларында «Қала келбеті» рейдтері жүргізілді.

Рейд барысында жеке кәсіпкерлер тарапынан Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдары бұзылғаны анықталды. Ағымдағы жылы зерделенген 105 көрнекі ақпараттың 22-і эстетикалық жағынан тозған, орналасу тәртібі, әріп өлшемдері сақталмаған, және емлелік қатесі бар жарнамалар болып анықталды. Бүгінгі күні барлық кемшіліктер жойылды.



VII. Ономастика
2015 жылы Атбасар ауданының Октябрьский ауылы Кеңес Одағының Батыры Ақан Құрманов ауылына, Октябрьский ауылдық округі Ақан Құрманов ауылдық округіне өзгертілді. Сонымен қатар Номоариновка ауылының бір көшесіне Мәншүк Маметова, Тельман ауылының бір көшесіне Әлия Молдағұлова және Ақан Құрманов ауылының бір көшесіне Иван Лихобаба атаулары берілді.

VIII. Қазақстандағы лингвистикалық капиталды дамыту
Ауданда бес этномәдени орталық бар, олардың жаңында өз туған тілін оқыту курстары ашылмаған. Атбасар қаласында «Целина» қоғамдық қоры ағылшын және неміс тілдерін оқытады. Неміс тілін оқытуға 4 топ ұйымдастырылған, онда 100 адам және бүгінгі күні халықаралық қатынас тіліне айналған ағылшын тілін оқытуға 5 топ үйымдастырылып онда 110 адам тіл үйренуге мүмкіндік алды.
IХ. Қаржы мәселесі
2015 жылы бюджеттен 4727,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде іс-шараларға 52 мың теңге. 2016 жылға аудандық бюджеттен 4189,0 мың теңге қаражат қарастырылуда, оның ішінде іс-шараларға қаражат қарастырылған жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет