Зайсан ауданы әкімдігің «Жастар орталығы» кмм-ның 2013 жылы атқарған іс-шаралары



Дата29.02.2016
өлшемі42.45 Kb.
#33183
Зайсан ауданы әкімдігің «Жастар орталығы» КММ-ның

2013 жылы атқарған іс-шаралары
Зайсан ауданында жастармен жұмыс басты назарға алынып, жақсы жолға қойылған. Мемлекеттік жастар саясатын институционалды қамтамасыз ету мақсатында ауданда аудан әкімі жанынан құрылған жастар ісі жөніндегі Кеңес, «Жас Отан» ЖҚ қоғамдық бірлестігі, «Поэзия» жастар театры, «Сайхан» спорт клубы, музыка мектебінде көптеген үйірмелер жұмыс істейді. Сонымен қатар, ауданда аудан әкімдігі жанында «Жастар орталығы» КММ құрылған. Орталық құрамында 1 директор, 2 маман, 1 есепші қызмет атқарады. Жастар орталығы аудандық мәдениет үйінен арнайы кабинетпен, жиһаздармен, техникалық құрал-жабдықтармен, кеңсе құралдарымен толықтай қамтамасыз етілген.

Жастардың бүгінгі күні бос уақытын тиімді пайдалануына, жұмыс істеуіне, қоғамдық жұмыстарға араласуына, жұмыспен қамтылуына, тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне барлық жағдайлар жасалуда. Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарлама бойынша жыл сайын қаржы бөлініп тұрады. 2009 жылы 335 мың теңге, 2010 жылы 650 мың теңге, 2011 жылы 1 млн 300 мың теңге, 2012 жылы 1 млн теңге бөлініп, игерілген. 2013 жылы «Жастар орталығы» КММ ашылып, жұмыс істеуіне 5,2 млн. теңге бөлінді.

Аудандық ішкі саясат бөлімі мен Жастар орталығы жастар арасында қоғамдық-саяси ахуалды бақылап отыру үшін арнайы әлеуметтік зерттеулер, сауалнамалар жүргізіп отырады. 78% ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына орай қазақстандықтардың өмірі анағұрлым жақсарады деп санайтындықтарын білдірді.Сауалнама қорытындысы бойынша 14-29 жас аралығындағы халықтың мемлекеттік жастар саясатына қанағаттану деңгейі – 82 %.

Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына Зайсан аудандық білім беру мекемелері бойынша өткен 2011-2012 оқу жылында 1000 оқушы мүшелікке өтіп, 2012-2013 оқу жылында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 530 оқушы өтті. 2013 жылдың 4 маусым күні 200 оқушы ұйымға мүше болды. Сонымен, биылғы оқу жылында жалпы аудан бойынша 1230 оқушы ұйым мүшесі болып табылады.

«Жас Ұлан» ұйымы мүшелері бүгінгі күнге дейін мектепте қайырымдылық, қамқорлық акцияларын, жоспарланған іс-шараларды өткізуге, бастауыш сынып оқушыларының мерекелік шараларының мазмұнды өтуіне ат салысуда. Биылғы оқу жылы 30 сәуірде «Жас Ұлан» ұйымының аудандық слеті өткізілді. «Бәйтерек» спорттық-сауықтыру кешеніндегі жаздық лагерьдің ІІ маусымының ашылу салтанатын да жасұландықтар жоғары дәрежеде өткізді.

Зайсан ауданында 2008 жылдың 28 сәуірінде аудан әкімінің №7 шешімімен аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес құрылған. Кеңестің құрамына соңғы өзгерістер аудандық мәслихаттың 2013 жылдың 28 наурызы күнгі сессиясында енгізілді. Кеңес құрамы 13 адамнан тұрады. Кеңеске аудан әкімі төрағалық етуде.

Жастардың бойындағы рухани құндылықтарды қалыптастырудағы Ұлттық тәрбие беру, жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ауданымыздың белсенді жастары, ардагерлердің қатысуымен «Жастар орталығы», аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп «Қазақ тілінің қоғамдағы орны», «Салауатты жарнама, тіл мәдениетінің көрінісі» атты дөңгелек үстел отырыстары, «Ата текті қазақшаландыру» акциясы, аудандық ішкі саясат бөлімі және Жастар орталығының ұйымдастыруымен жастар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау туралы ІІБ инспекторлары және аудандық білім бөлімінің жасөспірімдер ісі мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел отырыстары ұйымдастырылды. Патриоттық тәрбие беру және жастарды мәдениеттілікке тәрбиелеу мақсатында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын нсихаттауға арналған «Болашақ бүгіннен басталады» тақырыбында конференция ұйымдастырылды. «Нұр Отан» ХДП кубогіне арналған ауданымыздың жастары арасында КВН ойындары өтті. Сонымен қатар Партия күніне орай «Нұр Отан»ХДП париясы өкілдерімен ішкі саясат бөлімі және ауданымыздың белсенді жастары, бірлесіп форум өткізді. «Бұлақ көрсең-көзін аш» акциясы аясында «Жеменей» өзенінің маңына тазалық жұмыстары жүргізілді. «Бір тал кессең-он тал ек» акциясы барысында ауданымыздың белсенді жастарымен ағаш отырғызу рәсімі болып өтті. Чернобль апаты және радиациялық авариялар мен зілзалаларда опат болғандарды еске алу күніне арналған дөңгелек үстел отырсы, 1 маусым балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Бақытты балалық шақ» атты балаларға арналған базарлық, ойын алаңында демалыс ұйымдастырылды. 4-маусым ҚР мемлекеттік рәміздер күні, «Жастар арасында салауатты өмір салтын сақтау» атты дөңгелек үстел, қос жанарынан айырылған Айсұлу Серікқызына арналған «Жан шуағы» атты қайырымдылық концерті, «Астана күніне арналған мерекелік концерт», облыстық «Жас ұландар ұйымының» шығармашылық концерті, облыстық делегаттардың қатысуымен «Жастар арасындағы діни сауаттылық және жалпы аймақтағы діни хал ахуал» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

«Қазақстан Республикасы Жастар саясатын жүзеге асыру және жастар бастамаларын дамыту» тақырыбы бойынша Зайсан ауданында өткен ауданаралық тәжірибе алмасу жөніндегі облыстық семинар-кеңес, Зайсан аудандық ерікті мүгедектер қоғамымен бірлесе ұйымдастырылған Жанерке Құсайыноваға арналған қайырымдылық ән-кеші, аудан жастары арасында «Жайдарман» ойындарының маусымашары.

16-желтоқсан ҚР тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік-тұғырым» атты аудандық жастар форумы, жаңа жылға байланысты мерекелік іс-шаралар өткізілді.Қазіргі уақытта жастар орталығына күн сайын келіп тұратын жастардың да саны артуда.

Сонымен қатар, жазғы мерзімде студенттерді жұмыспен қамту мәселесін шешу мақсатында облыстық студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарымен аудандардағы жастар орталықтары арасында меморандум жасалған болатын. Қазіргі уақытта ауылдық округтерде студенттер құрылыс жұмыстарына қатысып еңбек етуде.

Жалпы ауданда белсенді жастар саны – 5544. Яғни ауданда белсенді жастардың үлес салмағы 60 %. «Жас Отан» Жастар қанатының құрамында бүгінгі күні 62 мүше, 192 ерікті бар. Зайсан ауданы әкімі жанынан құрылған Жастар орталығы коммуналдық мекемесі ұйымдастыратын іс-шараларға белсене араласатын ауыл және қала жастарының саны – 427 адам. Аудандағы 28 мектепте қоғамдық маңызды іс-шараларға белсене араласатын 4863 оқушы бар.

Келер жылға студенттік құрылыс жасақтарын құрып, ауданымызда бой көтеріп жатқан құрылыс нысандарына жұмысқа тарту жоспарлануда.



Сондай-ақ, жастардың қызығушылықтарын арттыру, талпыныс беру мақсатында жыл сайын жастар арасында түрлі мамандықтар номинациясы бойынша үздіктерді анықтап, оларды салтанатты жағдайда марапаттау рәсімдері жүргізілетін болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет