Жоқ, шық үсті керім от, іріп тұр екен. Несін айтасың, бой болып өскен сарбалақ бұйырған кілк-кілк етеді (Ә.Нұрпейісов).
–Оның кім? Баяғыда «әліпті» таяқ деп, молладан таяқ жейтін баладай біреу емес пе екен?- деді...
–Жоқ, ол ондай кеще емес. Сіз бен бізге де ұқсамайды. Ол өзі соғыс үшін жаралған кісі (Ә.Нұрпейісов).
Бұл сөйленімдерде жоқ сөзі әңгімелесушінің пікірін жалпы мақұлдамауды білдіреді де, соңынан үтір қойылып, не себепті мақұлдамайтындығы түсіндіріліп тұр.
–Айтатыны жоқ, сол жігіт сен дегенде...
–Иә, иә, сен дегенде...
–Несін айтасың, мырза жігіттің жаны жоқ қой.
–Жаны жоқ (Ә.Нұрпейісов).
Бұл сөйленімдерде сөйлеуші (сөйлеушілер) әңгімелесуші (көбінесе сұрақ қоюшы) жақтың сөзіндегі ремалық сөздерді қайталау арқылы оның сөзін, пікірін мақұлдайтындығын, растайтындығын білдіреді.
2) Жоқ сөзі сөйленімде дауыстың созылуы арқылы айтылғанда немесе «жұмсарту» реңкті сөз тіркестері қолданылғанда әлсіз мақұлдамау, ішінара келіспеу мағынасы білдіріледі. Мысалы:
–Неғылса да бізден бір білместік болды,- деді ол міңгірлеп.
–Жо-жоқ, бұл білместік емес, бұл біздің мырзаға біліп тұрып істеген жаулығың. Жау кісінің ісі (Ә.Нұрпейісов).
–Жарайды. Тек артынан ақылдасып істемедің деп...
–Жоқ, дегенің білсін (Ә.Нұрпейісов).
Бірінші сөйленімде жоқ сөзінің созыла айтылуы жазуда жо-жоқ түрінде беріліп, ал екіншісінде дегенің білсін тіркесінің қоланылуы арқылы мақұлдамау мағынасы «жұмсартыла» білдірілген.
Жалпы мақұлдамау модалдігінің білдіретін жоқ сөзі сөз-сөйлем ретінде және қайталанып қолданылғанда немесе диалогта нақты әңгімелесушінің аты келтірілгенде, мақұлдамау мағынасының реңкі күшейіп, түпкілікті мақұлдамауға жуықтайды. Мысалы:
–Айғаншажан-ай, шаршадың ғой, азырақ дем алсаңшы.
–
Достарыңызбен бөлісу: |