І. Тақырып : Ет қоректілер дифиллоботриозы ІІ. Сабақтың мақсаты



бет1/4
Дата05.02.2024
өлшемі23.8 Kb.
#490902
түріСабақ
  1   2   3   4
Документ Microsoft Word (2)


І.Тақырып : Ет қоректілер дифиллоботриозы
ІІ. Сабақтың мақсаты: Ет қоректілер дифиллоботриозы-ның індеттік деректерін, ауру белгілерін және емдеу әдістерін үйрену. Гельминтокопрологиялық әдіс.
ІІІ. Мазмұны:
Дифиллоботриоз - жануарлар мен адамдарда кездесетін, ас қорыту жүйесінің зақымдануымен, интоксикация (улану) пайда болуымен сипатталатын табиғи ошақты гельминтоз ауру.
Қоздырғышы: Diphyllobothrium latum
Жалпақ баулы құрт, ұзындығы 10 м. Сколексі (басы) ұзынша болып келеді, екі саңылау немесе ботриялар бар.
Жұмыртқасы ұсақ, сопақша, сұрғылт түсті, екі қабығы, бір шетінде қақпақша бар.
Орналасатын жері: ащы ішек. Балаңдар-плероцеркоидтар қосымша иелерінің ішкі мүшелері мен ұлпаларында.
Даму айналымы: жұмыртқа → корацидий →процеркоид → плероцеркоид
Биогельминт. Оның үш иесі бар:
Ақтық ие – ит, мысық, түлкі, көгілдір түлкі, адам;.
Аралық ие – ескек аяқты шаяндар
Қосымша ие – шортан, алабұға, лақа, таутан
Індеттік деректері: Ауру Қазақстанда Ертіс және оған барып құйылатын өзендер бойында тіркелген. Терісі бағалы аңдарды ұстап бағатын кейбір фермаларда кездесіп қалады. Дифиллоботриоздың көп тараған жерлері өзен, көл жағалауларынан қоныс тепкен елді мекендер.
Аурудың сырт белгілері: Ит пен мысықтың тәбеті бұзылады. Олар көп жағдайда құсады. Біртіндеп арықтайды. Адамда да осыған ұқсас ауру белгілері байқалады.
Балау:
Гельминтокопрологиялық зерттеулер: Аңдар нәжісін овоскопиялық әдістермен зерттейміз. Қолданылатын әдістер:
Нәжісті сумен біртіндеп шаю әдісі;
Фюллеборн әдісі.
Дарлинг әдісі.
Балықты тексеру арқылы.
Өлекседегі өзгерістер: Айқындалмаған. Өлімтікті сойғанда ішінен таспа құрт табылуы шарт.
Емі:
Азинил – 10 мг/кг мөлшерінде азыққа;
Азинокс – 5 мг/кг мөлшерінде бір рет ауыз арқылы
Дронтал плюс- 10-20 кг-2; 20-30 кг-3; 30-40 кг- 4 таблетка;
Пирител – 0,8 г 10 кг салмаққа, ішке
Пирантел – 8-10 мг/кг ішке; таблеткалар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет