МАЗМҰНЫ:
Кіріспе
I - тарау. Биологиялық білім беру проблемалары.................................3-20
ІІ - тарау. Жасуша
ІІ.1. Жасушаның құрылысына жалпы түсінік.......................................21-25
II.2. Жасушаның химиялық құрамы.......................................................26-40
ІІІ - тарау. Биология сабақтарында цитологиялық білімдерді қолдану
әдістемесі
ІІІ.1. Өсімдіктану пәні бойынша өсімдік жасушасының құрылысы,
оқыту методикасы..............................................................................41-51
ІІІ.2. Жануартану пәні бойынша жануар жасушасының құрылысы,
оқыту методикасы............................................................................51- 53
ІІІ.3. Тәнтану пәні бойынша адам ұлпасы жасушасының құрылысын
оқыту методикасы...........................................................................53-58
ІІІ.4. Тіршіліктану пәні бойынша клетканың химиялық құрылысына
методикалық өңдеу...........................................................................58-60
ІІІ.4.1. Тірі ағзалардың химиялық құрылысы....................................60-64
ІІІ.4.2. Көмірсулар және липидтер........................................................64-71
ІІІ.4.3. Ақуыздар....................................................................................71-76
ІІІ.4.4. Нуклеин қышқылдары..............................................................78-89
ІІІ.5. Кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру................................... 88-90
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
К I Р I С П Е
КЛЕТКА - тірі организмнің құрыльмдық және функционалдық бірлігі. Барлық тірі организмдер клеткалардан тұрады.
Тірі организмдердің клеткалық құрылымын зерттеу жұмыстары микроскоп деп аталатын оптикалық аспаптың жасалуымен байланысты жүргізіледі.
ХҮІ ғасыр аяғы мен ХҮП ғасырдың басында табиғат тану ғылымдары саласында оптикалық аспапен тәжірибе жүргізу дамыды. Оптикалық аспаптар жасағандардың алғашқылары голландтық шеберлер ағайынды Ганс және Зарахиус Янсендер еді. Микроскопты алғаш рет ғылыми жұмысқа пайдаланған ағылшын ғальмы Роберт Гук сол кездегі барлық жаратылыс сияқты физика, химия, ботаниканы жақсы меңгерген білгір маман. 1665 жылы шыққан "Микрография немесе өте майда денелерді үлкейтіп көрсететін шыны арқылы зерттеу" деген еңбегінде микроскоптан көрінген ырғай, аскөк, қамыс өсімдіктері сабақтарының жұқа кесінділерін суреттеп, оған толық сипаттама берген. Ол тығын кесіндісіндегі ара ұясы іспеттес қуыстарға "клетка" деген ат берді. Кейін бұл ғылыми терминге айталды.
Өсімдіктер анатомиясы туралы тұңғыш рет еңбек жазған ағылшын ғалымы Н.Грю және италияндық ғалым М.Мальпичи еді. 1881 ж. Роберт Браун клетка ядросын ашып, оның клетка тіршілігі үшін аса маңызды рөл атқаратыны туралы пікір айтты. 1839 ж. чех ғалымы Ян Пуркинье және оның шәкірттері клетка ішіндеғі сұйықтықты зерттеп, оны протоплазма деп атаған. 1934 ж. П.Ф.Горянинов "Барлық тірі дүние клеткалардан тұрады және клеткадан пайда болады" деп тұжырымдаған. 1938 ж. М.Шлейден пияз клеткасы ядросының ядрошығын ашты. Клетка туралы мәліметтерді жинап, ботаник М.Шлейден және зоолог Т.Шванн бірге клетка теориясының негізін қалады.
Клетка теорияның қағидалары Шлейденнің 1838 жылғы "Өсімдіктердің дамуы туралы деректер", Шванның 1839 жылғы "Жануарлар мен өсімдіктердің құрылымы мен өсуіндегі сәйкестік туралы микроскоптық зерттеулер" деген еңбектерінде баяндалады. Осы жылдан бастап клетка теориясының негізі қалыптасты.
Клетка теориясын Ф.Энгельс XIX ғ. жаратылыстану ғылымындағы жаңалықтардың бірі болда деп жоғары бағалаған. 1840 жылы орыс ғалымы Н.И.Железнов /І8І6-І877/ традеснанция өсімдігінің түгін зерттеп, ондағы ядроның бөлінуін байқаған. Біртіндеп микроскоптық техниканың жетілдірілуіне байланысты тір организмдердің клеткалық құрылымына көптеген жаңалықтар қосылды. Орыс ғалымдары И.Д. Чистяков 1874, Э.Страсбургер /1875/ клетканың кариокенез немесе митоз жолымен, 1892-1894 жылы І.И.Беляев оның редукциялық, мейоз жолымен бөлінуін, 1898 жылы С.Г. Навашин гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануын ашты.
XIX ғ.аяғы мен XX ғ. басында өсімдіктер клеткасын зерттеу қарқынды дамыған кезең. Клетканың протопласт бөлімі митохондрия, гольджи аппараты, т.б. клетка органеллаларының құрылысы, химиялық құрамы және қызметі туралы мәліметтер жинақталды. XX ғасырдың 50 ж. электрондық микроскоппен кең түрде қолданылуымен байланысты клетканың бұрын белгілі құрамдас бөліктерінің субмикроскоптық құрылымы зерттеліп жаңа әсіресе құрылымдарын ашу жүзеге асырыла бастады.
ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқу-тәрбие жұмысының барысында биология курсының әр түрлі салаларынан оқушыларға цитология бөлімінен, клетканың химиялық құрылысы, осы бөлімнің әр түрлі тақырыптарында сабақ өту әдістемесіне методикалық өңдеулер жасау.
ЖҰМЫСТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
- Клетка ұғымы туралы жалпы түсінік
- Өсімдіктану пәні бойынша клетка тақырыбын өту методикасы
- Жануартану пәні бойынша жануар клеткасы құрылысымен танысу
- Тәнтану пәні бойынша клетка және оның құрылысы, оқыту методикасы
- Тіршіліктану пәні бойынша "Цитология негіздері" тарауы бойынша методикалық білім қалыптастыру.
ЗЕРТТЕУ ОБЬЕКТІСІ:
Мектеп биология пәндерін оқыту барысында оқушыларға әртүрлі тақырыпта цитология негізінен, клетканың химиялық құрылысы туралы, клетка туралы, тіршіліктің негізі - клетка екендігі туралы методикалық білім қалыптастыру. Оқушылардың білімін көтеру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізу.
І ТАРАУ
БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Жалпы білім беретін мектептегі биологиялық білім мазмұнын, оны оқыту әдістерін түбегейлі жаңартудың қажеттігі көп жылдар бойы қалылтасқан ескі әдіснамалық ұстанымдарра негізделіп жасалған пәннің дәстүрлі әдістемесінің қоғам дамуындағы жаңа бағытта даму үрдісінен шыға алмай дағдарысқа түсуінен туындап отыр.
Қазіргі мектептегі биология курсы XX ғасырда биология ғылымдарында болған, танымдық, білімдік және тәрбиелік жағынан аса маңызды деген өзгерістерді жеткілікті дәрежеде игермеген.
Тіршіліктің жасушаның - ағзалық деңгейі бүкіл оңу материалының 90% астамын алады: ал популяциялық - түрлік, биосфералық биогеоценотикалық деңгейлер қажетті көлемде және тереңірек қарастырылмайды, себептілік, тарихилық, жүйелілік, полицентриуі т.б. сияқты білімді дүниетанымдық көзқарас жүйесіне жалғастырыг енгізетін биологиялық таным әдістері арнайы оқытылмайды: ғылыми болжам жасау, оны тексеріп байқау әдістері туралы айтылмайды.
ҮІ-ҮІІІ сыныптардағы өсімдіктану жануартану пәндерінде тірі ағзалар топтарының жекелеген өкілдерінің аттарын атап, сыртқы, ішкі құрылысын тәптіштеп сипаттауға, жіктеп топтастыруға өте көп көңіл бөлінеді де, экология, диалектикалық көзқарас қалыптастыру мәселелеріне жете мән берілмейді.
IX сыныптағы тәнтану пәнінде адам омыртқалы жануарлардың тіршілік үрдістерін зерделеудің моделі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік мәні, дүниенің ғылыми бейнесіндегі орны, өмір сүру мақсаты, құндылығы, салауатты өмір, т.б. қазіргі заманғы адамтанудың аса маңызды мәселелері мектептегі бүкіл білім мазмұнынан тыс қалған.
Мектептегі биологиялық білім мазмұнының ізгіліктендіру ұстанымын жүзеге асыратындай, оқушыларда тіршіліктің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастыратындай, экологиялық сауаттылығын арттырып, мәдениеттілікке тәрбиелейтіндей ойлауын дамытуымыз керек.
Қазіргі заманда ғылыми білімнің қуатты кіріктіру кезеңі жүріп жатыр. Мектепте білім мазмұнын пәндерге жіктеп оқыту басымдылығы берік сақталған. Орта, жоғарғы сыныптарда пәндік оқытуға мән берілуі қажет, онсыз оқушыларға қазіргі заманғы ғылым негіздерінен тиянақты білім беру мүмкін емес. Пәндік оқытудың гипертрофиясы биологияның басқа пәндермен байланысын былай қойғанда, өз ішіндегі салалық бөлімдері арасындағы байланыстың үзілуіне әкеп соқтырған. Мысалы: тіршіліктану курсы бір-бірімен байланысы аз цитология, эюлюциялық ілім, экология және генетика сияқты: тіпті әрқайсысы өз ғылыми пәнін де қажетті деңгейде бейнелей алмайтын жеке-жеке бөлімдерден тұрады.
Тіршілік жүйесінде жүретін физикалық-химиялық заңдылықтардың негізін түсінуге көмектесетіндей алдын-ала дайындау пәндер оқытылмайды. Мысалы, диффузия, адсорбция, сәуле-жарық, ионды алмасу, қысым, т.б. туралы қарапайым мәліметтері жоқ. Ү-ҮІІІ сынып оқушылары өсімдік, жануар, адам ағзасында жүретін тіршілік үрдістері туралы /қоректену, тыныс алу, көбею, өсу, даму, қозғалу т.б./ материалдарды жаттанды оқуға мәжбүр болады. Мектептегі басқа пәндер сияқты биологиядан да оқушыларға көп жағдайда, дайын білім ұсынылады. Оқыту әдістері оларды өздігінен жаңа ақпараттарды іздестіруге, оқу тапсырмаларын өздігінен шешуге талпындырмайды, яғни оқыту әдістемесі, догмалық ойлау типі басым, дайын нұсқауларды бұлжытпай орындаушылар тәрбиелеуге бағдарланып құрылған. Еліміз тәуелсіз даму жолына түсіп отырған жағдайда оқушылардың өз еліне, туған табиғатқа, жеріне терең, аялы сезімін оятып, патриоттық рухта тәрбиелейтіндей, эстетикалық талғамын қалыптастыратындай материалдар, ұлттық мәдениетіміздің элементтері биология пәні мазмұнында жеткіліксіз.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына орай жалпы білім беретін мектептің құрылымы, әр сатысының оқу-тәрбиедегі қызметі өзгереді. Ал, қазіргі мектепте оқытылып жүрген биология пәні әдістемесінің негізгі құрамдас бөліктері /мақсаты, мазмұны, әдістері, оқу жұмысын ұйымдастыру түрлері, құралдары/ түбегейлі өзгеріске түскен жоқ, ескі базисте сақталып отыр. "Жаңа" деп жасалған оқулықтары /"Өсімдіктану, Жануартану, Тіршіліктану, Тәнтану/ ескі базиске құрылғандықтан аталған кемшіліктерден арылмаған. Оның үстіне республикадағы көп мектептер бұрынғы Одақта жасалған ескі оқулықтар пайдалануда. Осының бәрі жалпы білім беретін мектептегі биология пәні әдістемесін түбегейлі жаңартып, қайта құру қажеттігін көрсетеді.
Биологиядан жалпы білім берудің мақсаты, мазмұны, құрылымы, ең алдымен қоғамның әлеуметтік сұранысына, қазіргі заманғы биология ғылымының жүйесі мен әдіснамасының ұсыныстарына және орта буын сыныптары оқушыларының жас ерекшелігімен байланысты таным мүмкіндігіне сай анықталады.
Мектептің негізгі сатысында биологиядан білім берудің негізгі мақсаты -тіршілікті ең жоғары құндылық деп түсінетін, экологиялық және эволюциялық ойлау стилі қалыптасқан, экологиялық мәдениеті, дүниенің ғылым бейнесіндегі тірі табиғаттың, тіршіліктің орны мен мәнін сауатты бағдарлайтын, биологияның ғылыми танымдық әдіс, тәсілдерін, іргелі ұғымдар жүйесін қажетті деңгейде меңгерген және биологиялық білімін экожүйелер мен тірі ағзалардың көптүрлілігін сақтап, қорғауға, өндірістік енбек үрдістерін экологияландыруға, салауатты өмір сүруге тиімді қолдану біліктері бар, биологиялық сауатты тұлға дайын болуы керек.
Бұл мақсат мынадай міндеттер жүктейді;
- Оқушылардың ғылыми дүние танымын, тірі жүйелерге, адамға ең жоғары құндылық, мінсіз әсемдік ретіндегі қарым-қатынасын қалыптастырып, биологияны мәдениет құбылысы деп танып, қабылдауын қамтамасыз ету;
- тіршіліктің, адамның дүниесінің ғылыми бейнесіндегі орны мен ролін түсініп, меңгеруіне жағдай жасау;
- биологияның негізгі идеяларын ұстанымдарын, идея мен деректің өзара байланысын, теориялар мен тұжырымдамалардың қалыптасуы мен дамуын, алмасуын саналы меңгерту;
- тірі жүйелер туралы білімді практикада қолдану біліктерін қалыптастыру;
- биологиямен байланысты мәдениет салаларына қажетті негізгі әрекет түрлері туралы түсінік, білік, дағдыларды меңгерту;
- биологиямен байланыеты мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу.
Биологияны оқыту мақсаты педагогикалық психологияда анықталғандай, орта буындағы сынып оқушысында теориялық ойлаудың даму мүмкіндігінің жоғары болуы жаңа білім мазмұны негізін дамыта отырып, оқыту идеясын игеру қажеттігін көрсетеді. Бұл идеяның негізгі ұстанымдарының бірі - білімнің теориялық деңгейін көтеру екені белгілі. Мектептің негізгі сатысында жалпы биологиялық білімнің аяқталған сипаты болуы қажеттігіне орай, білімнің теориялық деңгейін көтеру бұрын Х-ХІ сыныптарда оқытылатын биологияның іргелі теориялары мен тұжырымдамалары /жасуша, хромосома, онтогенез, эволюция т.б./ туралы ақпараттарды осы сатыға түсіру арңылы жүзеге асырылады. Мұнда оқушылардың таным мүмкіндігі ескеріледі; ең алдымен, ХҮ-Х сыныптардағы бұрынғы өсімдік, жануар, адам туралы бір-бірімен байланыссыз, индуктивті сипатта, эмперикалық деңгейде оқытылатын материалдардағы ұсақтүйек, білімдік, дүниетанымдық жағынан онша мәні жоқ мағлұматтар қысқартылып, қалғаны жүйеленеді, жалпы биологиялық заңдылықтарды ашатын теориялар мен тұжырымдамалар ықшамдалып жеңілдетіледі /тұқым қуалаудың химиялық негіздері, жасуша деңгейіндегі зат және энергия алмасуының физикалық-химиялық аспектілері т.б./ және басқа материалдармен кірістіріледі. Мұның өзі мектепте оқытылатын биологиянм сәйкес ғылымның моделі ретінде қарастырып, жүйелілік, полицентризм, себептілік, тарихилық ұстанымдары тұрғысынан бір-тұтас курс түрінде құруға және оның мазмұнында тіршіліктің үш деңгейі туралы білімді қамтуға мүмкіндік береді тіршіліктің біртұтастығын, дүниенің бейнесіндегі орнын, биологиялық үрдістер мен құбылыстардың мәнін саналы түсінуге аса қажетті жалпы биологиялың заңдылықтармен оқушыларды ертерек таныстырып, мектептің негізгі сатысының өзінде-ақ олардың жалпы білімділік дайындығының толық болуын қамтамасыз етеді.
Мұндағы әдіснамалық ұстанымдардың ролі білім мазмұнын, құрылымын, құрамын, оқыту әдістерін анықтауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар олардың өзі білім мазмұнының құрамдас бөлігі бола отырып, биологиялық білімді дүниетанымдық жүйемен ұштастырады. Соның нәтижесінде "Оқушылардың тірі табиғатқа деген ғылыми көзқарасын қалыптастыру" талабы /мақсат/ тек сөз жүзінде қалмай, мазмұны арқылы жүзеге асырылады.
Бұл орта буын кезеңіндегі /11—15 жастағы/ оқушыда жетекші орынға шығатын құндылық бағдарлы әрекеттің қалыптасуына елеулі ықпал етіп, соның негізінде өмірдің мәнін іздестіру, дүниеге көзқарасын, адамгершілік сезімін, мұрағият ұстанымын, эстетикалық талғамын айқындау бағытындағы талпынысы мен мүддесіне сай келеді. Дамыта отырып оқыту идеясы мектеп биологиясының әдістемесінде тірі табиғаттың біртұтастығы, онымен әрекеттік қарымқатынасын, оқушы тұлғасы дамуының ерекшелігі мен оқу пәні қисынының бірлікте қарастырылуы, биологиялық білімінің жалпы мәдениеттегі орнын анықтайтын ізгіліктендіру идеялары арқылы нақтыланып, биологиялық білім мазмұны құрылымы, құрамы, оны оқыту әдістері осы идеяларға негізделеді.
Оқытудың мақсаты мен білім мазмұнының негізіне алынған дамыта оқыту идеясына, оның ұстанымдарына сәйкес білім мазмұнының төмендегідей құрылымы анықталады:
- Тірі табиғат туралы білім.
Бұл тірі табиғаттың ғылыми бейнесін көрсететін қазіргі заманғы биологиялық ғыльми білім жүйесін және осыны толықтырып, оған әлеуметтік-мәдени фон беретін тірі табиғаттың көркем моделі мен ол туралы әр түрлі мифтік, діни мағлұматтарды қамтиды.
Тірі табиғаттың ғылыми бейнесіне
а/ биологиялық обьектілер мен құбылыстар /өсімдік, жануар, адам тіршілігі/ туралы түсініктер;
б/ түрлі обьектілердің, оларда жүретін үрдістердің және тіршілік қызметінің /қасиеттері, құрылымы, қарым-қатынастық байланыстары, т.б./ басты сипаттамалары;
в/ биологиялық, теориялар, т.б, туралы білім кіреді.
Оқушылар меңгеруі тиіс әрекет түрлері туралы білім. Бұған ғылыми-зерттеу, көркем қабылдау, құрастыру, технологиялы практикалық сипаттары және тірі табиғатқа қатынасты, оның мәдениеттегі орнын түсініп бағалауға арналған адамгершілік сипаттағы оқу тапсырмаларын шешуге бағытталған әрекет түрлері жатады.
- Білімді меңгерудің әдіс-тәсілдері туралы білім.
Бұл білім туралы /эмпирикалық, теориялық, практикалық, білік, дағдылар/ және оны меңгерту тәсілдері туралы /логикалық: талдау, синтез, жалпылау, салыстыру ғылыми, бақылау, тәжірибе, эксперимент, модельдеу т.б / білімді қамтиды.
Білім берудің мақсатына орай, оқушының жасына байланысты таным ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың бәрінің білім алуына тең мүмкіндік берілуі қажет дейтін дидактикалық ұстанымға сүйенгенде, сонымен қатар біздің мектептерімізде берілетін биологиялық білім деңгейінің алдыңғы қатарлы елдерден төмен болмауын көздегенде, ең алдымен, әр оқушыға мектеп ұстанатын оңу материалының базалық /өзгеріссіз/ денгейі, яғни базалық білім мазмұны анықталуы тиіс. Бұл деңгей қандай типті екеніне қарамастан мектептің негізгі сатыда әр оқу үшін ұсынатын білім мазмұнын толық ашады және оқу бағдарламалары осы мазмұнға құрылады.
Біздің пікірінше, биология мазмұнының салалық бағыттары бойынша алғанда базалық білім мазмұнына мынадай мәселелер кіреді. Биология пәні, құрылымы, әдістері, ғылымының даму кезеңдері. Тіршілік, оның қасиеттері, үрдістері тірі ағзалардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы. Биологиялық обьектілермен, құралдармен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелері.
ЭКОЛОГИЯ ПӘНІ. Экологиялық факторлар, экожүйелер, олардың құрылымы, тіршілік ету ұстанымдары: экожүйеге адамның әcepi; агроценоз, оның өнімділігі. Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас ережелері,
Тірі ағзалардың сан алуандығы. Бір жасушалы, көп жасушалы ағзалар: негізгі экожүйелілік топтар, олардың өзара тәуелділігі, сипаттамасы: басты таксондар. Жергілікті жердегі сирек кездесетін, жойылып бара жатқан өсімдік жануар түрлері, жергілікті мәдени өсімдік іріктемелері, үй хайуанаттары тұқымдары.
Жасуша биологиясы.
Жасуша теориясының негізгі қағидалары. Прокариот, эукариот жасушаларының құрылысы, онда жүретін тіршілік үрдістері, бөліну жолдары.
Генетика. "Генетика", "өзгергіштік", "тұқымқуалау", "ген", "генотип", "фенотип" ұғымдарының мәні, хромосомалардың ролі, адамдағы тұқым қуалауға ортанын жағымсыз жағдайларының әсері. Тұқьм қуалайтын өзгерістер.
Эволюция. Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері, тіршілік дамуының кезендері, эволюция ілімінің негізгі қағидалары, Қазақстандағы селекция жетістіктері.
Адам. Адам - тірі ағза. Оның құрылысы, тіршілік үрдістерінің ерекшеліктері, иммунитет. Жоғары жүйке қызметі. Биологиялық ырғақ: салауатты өмір сүрудін биологиялық негіздері. Онтогенез. Адамдағы тұқым қуалау мен өзгергіштікті зерттеу әдістері. Мутация, ортадағы рутогендік факторлар. Дәрігерлік - генетикалық кеңес.
Антропосоциогенез. Адамның шығу тегі. Адам және биосфера экожүйелер.
Адам - әлеуметтік тұлға. Темлерамент, мінез-құлық, қабілет. Отбасының ұлттық мәдениеттің жеке тұлға тәрбиесіндегі ролі, маңызы.
Ғылыми-техникалық прогресс және адам. Адамның болашағы: адам мен биосфераның ноэволюциясы. Ноосфера туралы түсінік.
Бұл мазмұн құрамындағы тірі табиғат туралы білім жүйесін бейнелейді.
Ал, әрекет түрлері мен білім алудың әдіс-тәсілдері туралы білім микроскоппен бір жасушалы ағзалар құрылысын, тіршілігін, өсімдік, жануар жасушалары мен ұлпаларының микропрепаратын дайындап, ерекшелігін зерделеу; өсімдіктер мен жануарлардың тыныс алуы, қоректенуі, көбеюі, т.б. тіршілік үрдістері зерттеуге қойылатын эксперимент, тәжірибелерді жоспарлау, жүргізу әдістемесі, өсімдік, жануар жасушасы мен ұлпасын, бактериялар арқылы әр түрлі аурудың таралуын, экожүйелерді т.б. моделдеу, сызба, талдау, салыстыру арқылы түрлердін ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, қоректік байланыс арқылы улы химикаттардың әсерінен келетін зиянды, т.б. анықтау, аутотренинг, жеке адамдар арасында болатын тұлғалық қарым-қатынастарды талдау т.б. негізінде беріліп меңгертіледі.
Базалық мазмұн бойынша жасалатын оқу бағдарламалары мен оқулықтарда қажетті және сәйкес жерлерде еліміздің табиғат /мыс: өсімдік, жануар түрлері, экожүйелер, агроценоздар, экологиялық жағдайлары, т.б./ экономикалық-шаруашылық ерекшеліктері, ғылым мәдениет жетістіктері, белгілі ғылым қайраткерлері, т.б. туралы мағлұматтар кеңінен беріліп отырады.
Мектептің негізгі сатысындағы биологиялық білім мазмұнының алдын-ала дайындығы бастауыш сыныптарындағы "Дүниетану" пәнінде беріледі.
Негізгі сатыда /ҮІ-ІХ сыныптар/ биология біртұтас курс түрінде оқытылады дедік. Курстық ҮІ сыныптағы мазмұны "Тірі ағзалар" деген тақырыппен беріледі. Мұнда ең алдымен, бір жасушалы, көпжасушалы өсімдіктердің жалпы құрылысы, тіршілік үрдістері жекелеген өкілдерінің мысалы негізінде /жасыл балдыр вошерия - бір жасушалы өсімдіктер, спирогира - ұлпасыз көп жасушалы өсімдіктер өкілі, теніз орамжапырағы - қарапайым ұлпалы көпжасушалы өсімдіктер өкілі/ қарастырылады. Одан соң саңырауқұлақтар мен бактерияларға /құрылысы, тіршілік ерекшелігі т.б. тұрғысынан/ шолу жасалып, бір және көп жасушалы жануарлар дәл осы жоспармен қарастырылады. Осыдан оқушылар бір жасуша дербес ағза бола алатынын біледі. Жасуша құрылысы мен ондагы тіршілік үрдістері туралы қажетті түсінік, ұғым алады; көпжасушыларды өткенде қызметінің жіктеліп, жаңаша топтасып, ағза тіршілігі тұтас алғанда жасуша топтарының үйлесімді қызметі арқылы қамтамасыз етілетіні туралы аса маңызды ұғым алады. Сөйтіп ҮІ сыныптың өзінде-ақ оқушылар "Жасуша - тірі ағза", "жасуша - ағза құрылысы мен тіршілігінің элементар бірлігі -негізі", "жасушаның бөлінуі арқылы көбею", "біржасушылар мен көпжасушалы ағзалар арасындағы байланыс", ұрпақтың ата-анамен ұқсас болып туылуы", "ағза тіршілігінің орта жағдайларымен байланысы" т.б. сияқты қарапайым, бірақ aсa маңызды түсініктермен ұғымдар арқылы келесі сыныптарда жасуша теориясының, эволюциялық ілімнің, тұқымқуалау заңдылықтарының, экологияның негізгі қағидаларын саналы зерделеуге дайындықтан өтеді.
Бұл ҮІІ сыныпта курс мазмұнын "Систематикаға, экологияға, генетикаға және эволюциялық ілімге кіріспе" деген тақырыпқа құруға басым бөлігі ҮІІІ сыныпта оқытылатын "Түрлердің сан алуандығы және оларды қорғау" деген тақырыпты бастауға мүмкіндік береді. Бірінші тақырыпта "популяция", "түр", "экожүйе" т.б, сияқты твориялық ұғымдардың мазмұны эволюция теориясының оқушылар түсінігіне лайықталып ықшамдалған, жеңілдетілген нұсқасынын және популяциялар мен биоценоздардың идеал моделдері негізінде ашылады. Екінші тақырып мазмұны экология, эволюциялық ілім, тұқым қуалау жасуша теориясы идеяларын нақтылап, одан әрі дамытуға, түрлері мен экожүйелерді қорғаудың ғылыми негіздерін ашуға бағдарланып құрылады.
Адам. ҮІ сыныпта "Адамның тірі ағза ретіндегі ерекшеліктері деген тақырыппен тірі табиғат бөліктерімен бірге қарастырылады. ҮІІ-ҮІІІ сыныптарды жалпы биологиялық ұғымдар, заңдылықтар, теориялар негізінде адамның құрылысы мен тіршілігіндегі ерекшеліктер ашылады /Мыс: ҮІІ сыныпта: адамдағы тұқым қуалау мен өзгергіштік, адамдағы биологиялық ырғақ т.б. ҮІІІ сыныпта: ноосфера, адамның экожүйелерге әсері т.б./ IX сыныпта бүкіл курс "Адам" деген тақырыпқа құрылады. Оның мазмұны адамның биологиялық және әлеуметтік мәнін ашуға бағытталады. Адамтану проблемалары іргелі биологиялық теориялар мен шекаралық және қоғамдық-әлеуметтік тұжырымдамалар тұрғысынан қарастырылады. Биологияны мектепте оқытудың ңазіргі заманғы тұжырымдамаларында бұл курс "Әлеуметтік-мәдени жүйеде" қарастырылады. Мұнда биологияның "екі жақты" табиғаты бар екені атап көрсетіледі. Өзінің зерттеу обьектісі, әдістері тұрғысынан биология пәні жаратылыстану саласындағы физика, химия география, астрономия сияқты пәндермен етене жақын, тығыз байланысады. Ал, тіршілік, оның мәні, құндылығы, адам, антропосоционез, салауатты өмір сүру, адам-табиғат қарым-қатынасының адамгершілік-эстетикалық көзқарастары, т,б. тұрғысынан ізгілік, қоғамдық, өнер саласындағы пәндермен жаңғыра түседі. Осыған байланысты биологиядан білім берудің мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда, әсіресе биологиялық іргелі ұғымдарды қалыптастыруда пәнаралық байланыстын маңызы зор. Оқушының физика мен химиядан алған білімі тіршіліктік табиғи-аумақтық кешендер ландшафтар, географиялық қабаттар туралы білім, түр популяция, биогеоценоз, биосфера сияқты тіршілік формасының заңдылықтарын түсініп, саналы меңгеруіне мүмкіндік туғызады. Салауатты өмір сүру туралы білім беруі, гигиеналық, экологиялық тәрбиені бірлікте жүзеге асыру, адам мен табиғат арасындағы этикалық-эстетикалық қарым-қатынасты қалыптастыру, т.б. мәселелер тек кең көлемді пәнаралық байланыс негізінде ғана тиімді шешілмек. Тек осы байланыс негізінде биологияны ізгіліктендіруге және басқа пәндерде биологияландыруға, осы арқылы тіршілікті техникаға немесе өлі табиғат жағдайларына тәуелді етіп қарастырудан туындайтын адамның оған деген "үстемдік" психологиясынан арылып, тіршілікке аса жоғары құндылық деп, құрметпен қатынас жасауына қол жеткізуге болады. Біздің ғасырдың атақты гуманисі А.Швейцар: "Тіршілікті толық және жалпы мақсатқа сай сақтап, дамыту ғана әдептілік. Оның өзі тіршілікті қастерлей білуге бағытталған кез келген өзге қажеттілік немесе мақсатқа сәйкестік әдептілік бола алмайды" деп тіршілікті құрметтеп, қасиет тұту империативтік - басты ұстаным етіп алуды ұсынған болатын.
Оқушылардың даралық ерекшеліктеріне қарай білім мазмұнын көп деңгейлі етіп құруға ерекше маңыз беріледі. Мұны оқу бағдарламасында екі деңгейлі, оқушының білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар түрінде көрсетуге болады:
1. Мүмкіндік деңгейлер - базалық білім мазмұны ауқымында анықталады;
2. Міндетті деңгей - оқушы меңгеруі тиіс білім, білік дағдының ең аз мөлшерін көрсетеді.
Бұл талаптарды оқушылар "Үрдісті немесе құбылысты ашып түсіндір", "салыстыр", білімді пайдалан, "қорытынды жаса", "негіздеме бер", тәжірибе қой, жаса", "обектіні анықта" т.б, сияқты алуан түрлі оқу әрекеті әдіс-тәсілдерін қолдана отырып орындайды. Соның нәтижесінде, оқушы оқу әрекетінің әдіс-тәсілдерін меңгереді. Әрі солар арқылы оның белсенділігі артады және саналы, берік биологиялық білім алады.
Биологияны нәтижелі оқытуда оқушылардың білімін бақылап, бағалаудың белгілі бір жүйесі, әдістері елеулі ролі бар екенін атап көрсету керек.
Қазіргі мектепте басым қолданылып жүрген бес балдық бағалау жүйесі бүгінгі күнгі дамыта отырып оқыту идеясы талаптарына сай келмейді. Жүйе негізінен, оқушыларды "нашар", "жақсы" оқитындар деп жіктеуге көбірек баға жинақтап, соның орташа көрсеткішімен қорытынды жасауға бағытталған, оқу материалынан барлық оқушылардың алған білім, білік дағдыларының обьективтілігіне кепілдік бере алмайды: дамытушылық, тәрбиелік, диагностикалық қызметі жоқтың қасы: бағалау мұғалімнің пікірімен ғана жүргізіледі, оқушылар қатыспайды. Мұғалім қойған "қорытынды" бағаның дұрыстығына, әділдігіне оқушының, ата-ананың сенімі көп жағдайда болмайды.
Қазіргі кезеңде, кейбір мектеп тәжірибесінде оқушы білімін бақылап, бағалаудың әр түрлі әдіс-тәсілдері, жолдары қолданылып жүр. Солардың ішінен жаңа деп бір-бірімен байланысты жүргізілетін тест-тапсырманы айтуға болады.
Теет-тапсырма сыныптағы бүкіл оңушылар білімін тұтас пән немесе үлкен тақырыптар, көлемі шағын материалдар бойынша бір мезгілде түгел бақылап, бағалауға мүмкіндік береді, бұған уақыт көп кетпейді. Бағалаудың бұл түрі туралы:
1. оқушы дұрыс жауапты кездейсоқ табуы мүмкін
2. мазмұндағы мәселелерді түгел қамти алмайды
3. оқушы өз ойын, пікір қисынды тұрғыдан талдап, дәлелдеп толық айта алмайды деген сын-пікірлер бар.
Мұндай тестерді, негізінен, күнделікті бақылау-бағалау жұмыстарында кең қолдануға болады. Мұнда да дұрыс жауапты оқушы әрі ойланбай, кездейсоқ оғай таба алады деуге болмайды және әр жауапты ойлана отырып, ой елегінен өткізетін болады. Тапсырма шарты - жауапты дұрыс табу. Оқушылар білімінің міндетті деңгейдегі талаптардан төмен еместігін анықтауға берілетін тест-тапсырмалар осы деңгейде білім, білік, дағдыларды толық қамтитындай етіп құрылады және білімнің тұрақтылық ролін атқара алады, бағдарламада осындай тест-тапсырмалардың үлгілерін берген жөн.
Оқушы білімін күнделікті тексеріп-бағалауға, әрине оның өз ой-пікірін білдіріп, талдап дәлелдеуіне мүмкіндік беретін еркін жауаптарын, тәжірибе қою, нәтижесін баяндау, бақылау қорытындысынан есеп беру т.б. пайдаланылады.
Мектептегі биологиялық білімнің мазмұнын, құрылымын, құрамын оқыту әдістерін мүндай бағыттарда жаңарту, оның құралдарын қайта қарап, жетілдіруді талап етеді. Ең алдымен оқу әдістемелік құралдар қажет. Біздің ойымызша негізгі сатыдағы биологияның оқу-әдістемелік құралдарына шамамен мыналар кіруі тиіс:
1. Биологиядан мектепте білім берудің тұжырымдамасы жаңа мазмұнның, оны оқыту әдістемесінің дидактикалық әдістемелік негіздерін, бүкіл идеологиясын түсініп, оқулық жасауда мұғалімге сабақты дұрыс бағытта жоспарлай тиімді өткізуге көмектеседі.
2. Оқу бағдарламасы /6-9 сыныптар/
3. Оқулық /6-9 сыныптар/
4. Қосымша оқу құралдары /хрестоматиялық, анықтамалық т.б./
5. Таратылып берілетін дидактикалық материалдар /оқу тапсырмалары, суреттер т.б./
6. Көрсетілімдік дидактикалық көрнекі құралдар /кестелер, суреттер т.б,/
7. Альбомдар /өсімдік, жануар, адам, әр түрлі экожүйелер/
8. Фонокүйтабақтар, магниттаспалар /жануарлар әлеміндегі дыбыстар/
9. Видеофильмдер.
10.Әдістемелік нұсқаулар.
11.Мұғалімдерге арналған хреетоматиялық материалдар
12.Биологияның әр бөлім, ірі тақырыптары бойынша фабрикада дайындалған табиғи обьектілер /тұлыптар, кеппешөптер/ жинақтамалар, қанқалар т.б./ нақнұсқалар т.б.
Болашақ курсының осы уаңытқа дейін оқытылып жүрген пәннен елеулі ерекшеліктері бар. Қазір Ы.Алтынсарин атындары Қазақтың Білім проблемалары институтының химия, биология, географияны оқыту зертханасында биологиянын жаға оқу бағдарламасын жасау қолға алынып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |