I тарау. Биологиялық білім беру проблемалары


III.4.4. Нуклеин қышқылдары ДНҚ және РНҚ



бет5/5
Дата24.02.2016
өлшемі1.47 Mb.
#16066
1   2   3   4   5

III.4.4. Нуклеин қышқылдары ДНҚ және РНҚ

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды нуклеин қышқылдарының құрылысы мен жасушадағы атқаратын қызметімен таныстыру. ДНК-ның құрылысымен таныстырып, олардың тұқым қуалаушылық қызметі жөнінде кеңірек мағлұматтар беру. Оқушылардың нуклеин қышқылдарының құрылысын құрай біліп, осы тақырыпқа арналған биологиялық есептер шығаруға үйрету.

Тәрбиелік мәні: Оқушылардың материалистік көзқарасын қалыптастырып, кітаппен, сызнұсқада, және кестелермен жұмыс жасай білуге, ойлау қабілетін арттыруға, проблемалық сұрақтарға жауап беруді үйрету.

Көрнекілігі: ДНК моделі, сызба нұсқалар, кестелер, карточкалар, ДНК молекуласының құрылымына арналған көрнекіліктері.

Сабақтың түрі: іскерілік пен дағдыны қалыптастыру.

Әдісі: әңгімелеу /сұхбаттасу, түсіндіру, жазу/, көркемдеу /көрнекіліктерді пайдалану/.

Пәнаралық байланысы: Химия, математика, әдебиет, халықтық педагогика, медицина, ән-күй.

Сабақтың құрылысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылар білімін тексеру кезеңі.

ІІІ. Жаңа сабақты оқыту кезеңі.

ІҮ. Алған білімін жүзеге асыру кезеңі.

Ү. Білімді меңгергендігін бақылау.

ҮІ. Пысықтау, бекіту кезеңі.

ҮІІ. Оқушылар білімін бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысуын және де бүгінгі сабаққа дайындығын тексеру, план тазалығына көңіл бөлемін.

ІІ. Оқушылар білімін тексеру кезеңі.

Үйге берілген көмірсулар, липидтер, және ақуыздардың құрылысы мен қызметі тақырыптары бойынша тақтаға екі оқушыға «Көмірсулар және липидтер» тақырыбына арналған сызба нұсқаны толтыруын талап еттім.

Сонымен бірге төрт оқушыға «Дұрыс жауабын тап» деген карточкалар таратып, белгілі уақыт бердім. Ал, қалған оқушылармен жасушаның химиялық құрамы бойынша сұхбаттастым.

1. Жасушаның химиялық құрамы қаңдай?

2. Ақуыздар дегеніміз не? Олардың құрамы қандай?

3. Ақуыздардың қанша реттік құрылымы бар?

4. Ақуыздар жасушада қандай қызмет атқарады?

5. Ферменттер дегеніміз не? Оның қызметі қандай?

6. Ақуыздар денатурациясы дегеніміз не?

7. Көмірсулар дегеніміз не? Олар қандай жасушада көп кездеседі?

8. Көмірсулардың биологиялық маңызы қандай?

9. Липидтер дегеніміз не? Олар қандай жасушада көп болады?

10.Липидтердің биологиялық маңызы қандай?

Сонымен балалармен жасушаның химиялық құрамы, органикалық заттары ақуыздар, көмірсулар, липидтердің құрылысы, қызметі және биологиялық ролі мен қасиеттері туралы сұхбаттасып, жасушаның органикалық қосылыстарының бірі нуклеин қышқылдары екенін айта келіп, өтілетін сабақтың жалпы мақсатымен таныстырдым.



ІІІ. Жаңа сабақты оқыту кезеңі.

Мен жаңа сабақты нуклеин қышқылдарына анықтама беріп, онда жасушадағы биологиялық маңызынан бастадым. Нуклеин қышқылдары латынша «нуклеус» - ядро деген сөзден шыққандығын, оның алғаш ядрода табылғанын айта келе, нуклеин қышқылдары дегеніміз – құрамында нуклеотидтер /азоттық негіз, көмірсулар, фосфор қышқылы кіретін, жасушада тұқым қуалаушылық қызмет атқаратын органикалық заттар.

Нуклеин қышқылдарының жасушадағы қызметіне байланысты аналық жасушаның келесі ұрпаққа тұқым қуалау арқылы берілетіндігін ескере отырып, жасушаның қасиеттері оның құрамындағы ақуыздарға немесе гендерге байланысты болатынын, ал нуклеин қышқылдары оларды дәл аналық жасушадағыдай етіп, синтездейтінін айта келе «ген» сөзіне анықтама беріп, өмірде кездесетін мысалдарға тоқталдым. Ген дегеніміз – ДНК молекуласының кесіндісі, яғни тұқым қуалаушылық белгі гендерде орналасады. Осы арада ақын М.Шахановтың мына өлең шумағы арқылы:

Шын достықтың қашанда арманы мол,

Асыл ниет қалайша самғамасын.

Сен бар жердің бәрінде мен жүремін,

Мен бар жердің бәрінде сен жүресің, дегендей тұқымқуалаушылық белгілері аталық және аналық гаметалардың қосылу нәтижесінде жүретіндігін ескере келіп, осы мақсатта айтылған даналық сөздерді мысалға келтірдім:

«Ата-анадан өсіп, ұрпақ тараған жақсы,

Жаман болса бала – солардан».

Ж.Баласағұн.

«Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш – бала сүю».

Б.Момышұлы

«Балаларым болса екеу деу – табиғи нәрсе,

Бала болмаса адам мен адамның табиғи байланысы болуы да мүмкін емес».

Цицерон

Осы сөздердің тәрбиелік мәнін түсіңдірдім, сонымен бірге тұқымқуалаушылықты зерттеудің қазіргі кезде ғылыми және медициналық дәлелдемелері бар екенін ескеріп, кейбір аурулардың дарындылықтың ұрпақтан ұрпаққа тұқым қуалай берілетіндігін айттым. Мыс: өзіміздің қазақта Құнанбай әулетінен тарағандарда ақын, композиторлар көп болған. Олар ақын Абай, оның балалары мен немерелері Әбдірахман, Мағауия, Шәкәрім т.б. айта кеттім. Сосын нуклеин қышқылдарыньң түрлері ДНҚ және РНҚ тоқталдым.



ДНҚ – дезокиерибонуклеин қышқылдары.

РНҚ – рибонуклеин қышқылдары.

ДНҚ құрылысының моделін көрсету арқылы оның бірі екіншісін айнала орап жатқан спираль тәрізді екі жіпшеден құралғанын, ені 2 км, ал ұзындығы жүздеген км жететіндігін айттым.

Сонымен жаңа тақырыпты қалай меңгергенін қорыта келіп, балалардың жаңа тақырыпты қалай меңгергенін тексеру бағытында ДНҚ және РНҚ-ның молекуланың құрылыуын салыстыруға арналған мына төмендегі берілген кестені толтыруын талап етіп, тақтаға сыздым.

ІҮ. Оқушылардың алған білімін жүзеге асыру кезеңі ДНҚ мен РНҚ молекулалық құрылымын салыстыру.

Нуклеин қышқылы

Жасушада орналасады

Нуклетидтер

Тізбек

Көмірсу

Азот. негіз

Фосфор қыш.

ДНҚ


ядрода митохонд, хлороплас.


дезоксо-

рибоза



аденин гуанин тимин цитозин

фосфор тобы



екеу


РНҚ

цитоплаз. рибосомада ядрошықта

рибоза

аденин гуанин цитозил

фосфор тобы

біреу

Сонымен бірге оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергендігін байқау мақсатында жекелеген оқушыларды тақтаға шақырып, жасалынған нуклеотидтер бойынша ДНҚ және РНҚ-ның молекулалық құрылымын құруын талап еттім. Осы жасалған көрсеткіштер арқылы олардың есте сақтау қабілетінің артуын және химиядан алған білімін кеңейтуге ықпал етемін. Жасалынған көрсеткіштер мына төмендегідей болды.


ДНҚ-ның молекулалық құрылысы.


Оқушыларға тақырыпты жетік меңгерту мақсатында «комплементтік принципке» сәйкес осы тақырыпқа биологиялық есептер шығарттым.

Ү. Алған білімді меңгергендігін байқау кезеңі.

Есеп №1. ДНҚ молекуласының бір бөлігі мынандай нуклеотидтерден құралған А-Г-Ц-Т-Ц-Ц-Г-Г-Г-А-А-Т ДНҚ-ның екіншісі тізбегі қандай?

А-Г-Ц-Т-Ц-Ц-Г-Г-Т-А-А

Т-Ц-Г-А-Г-Г-Ц-Ц-А-Т-Т

Жауабы: комплементтік принципке сәйкес.

Есеп №2. ДНҚ молекуласындағы азоттық негіз А/аденин/ 32% құрайды. ДНҚ молекуласындағы қалған нуклеотидтер санының проценттік құрамына тең.

Берілгені: Шешуі: комплементтік принцип бойынша

А – 32% А=Т тең

т/к: Т - ? 1. A + Т = 32% + 32% = 64%.

Ц - ? 2. 100% - 64% = 36%.

Г - ? 3. 36% : 2/Ц+Г/ = 18%.

Жауабы: A - 32%; Т = 32%; Г - 18%; Ц = 18%.
Есеп №3. ДНҚ молекуласында 880 гуанинді нуклеотидтер табылған, олар жалпы нуклеотидтердің 22% құрайды. Жекелеп алғанда ДНҚ молекуласында қанша нуклеотидтер бар және ДНҚ ұзындығы қандай?

Берілгені: Шешуі /А+Т/ + /Г/Ц/ = 100%.

Г - 880 100% - /Г+Ц/ = 100% - 22% + 22% = 56%.

Г – 227 56% : 2/А+Т/ = 28% Г + Ц = 22% - 880

т/к: А-Т-? А + Т = 28% - X

Г-W-? /880+880/ + /1120 + 1120/ = 4000

4000 : 2 = 2000

2000 – 0,34м = 680

Жауабы: А – 1120, Т – 1120, Г – 880, Г – 880 ұзындығы 680 нм.

ҮІ. Сабақты қорытындылау, бекіту.

Сабақты бекітуге арнап, балаларға мынадай сұрақтар бойынша сұхбаттастым.

1. Нуклеин қышқылдарының биологиялық маңызы қандай?

Оқушылар жауабы: нуклеин қышқылдары жасушада тұқым қуалаушылық қызметін атқарады және де жасушадағы зат алмасу мен энергияның өзгеруіне қатысады.

2. Нуклеин қышқылдарының қандай түрлері бар?

Жауабы: Екі түрі бар. ДНК және РНК.

3. ДНҚ және РНҚ-ның молекулалық құрамына салыстырмалы түрде сипаттама бар?

Жауабы: ДНҚ да, РНҚ да полинуклеотидтер, олардың мономерлері азоттың негіздер, көмірсулар, фосфар тобынан тұратын химиялық қосылыстар. ДНҚ мен РНҚ арасындағы айырмашылықтар олардың құрамындағы ДНҚ екі тізбектен тұрса, РНҚ да бір ғана тізбек болады. ДНҚ да азоттық негіз аденин, тимин, гуанин, цитозин болса, РНҚ да азоттың негіз тимин орнына урация болады. Сонымен қатар ДНҚ да рибуза көмірсуы болады.

4. РНҚ-ның қандай түрлері бар, қызметі қандай?

РНҚ-ның үш түрі бар, ол тасымалдаушы РНҚ, ақпарат ДНҚ рибосомалық РНҚ, олардың бәрі де аңыздар биосинтезіне қатысады.

ҮІІ. Оқушылар білімін бағалау кезеңі. Үй тапсырмасы бойынша және жаңа сабақта жақсы белсенділік көрсеткен оқушыларды мадақтау арқылы бағалап, күнделіктеріне баға қойдым.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі.

№6, №7 тақырыптарды оқып, «комплементтік принцип» заңдылығына арналған есептер құрастырып келіңдер.

Қорытынды сабақ. Осы тарау бойынша 1 сағат қорытынды сабақ.

Оқушылардың білімін, білігін, дағдысын тексеру – оқыту үрдісінің ең маңызды бөлімінің бірі. Білім, білік, дағдылы тексерудің басты мақсаты - оқулықтың үлгерімін үнемі қадағалау. Жүйелі түрде тексерудің диагностикалық, білім беру және тәрбиелік маңызы өте зор. Оқушының білім дәрежесін оны тексеру әдісімен де тығыз байланысты. Тексеру барысында бағдарлама талаптарында көрсетілген нәтижелер қаншалықты жеткізілгені анықталып, қорытынды нәтижесі дұрыс бағаланады. Дидактикалық белгілеріне қарай білімді тексеру күнделікті, алдын-ала қорытындылау деп бөлінеді. Әдістеме бойынша, ауызша, жазбаша, эксперименттік деп бөлуге болады. Тексеру жүйесі белгілі мақсатқа жету үшін жоғарыда аталған түрлердің барлығын қолдануды қажет етеді. Алдын-ала тексерудің мақсаты -жаңа материалды игеруге қажетті білім, білік, дағды деңгейін анықтау болып табылады.

Мерзімді тексеру. Бұл оқушылар білімін тексеру нәтижесі ескеріліп жүргізіледі. Ол тоқсан соңында, жарты жылдықтар кейін немесе тақырыпты, тарауды өткен соң белгілі бір мерзім ішінде ұйымдастырылады. Мұндай тексеруді жоғары сыныптарда зачет ретінде жүргізу өте қолайлы. Көбінесе тақырыптық және қорыту зачеті жиі қолданылады. Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып жүр. Оқыту саласында тесті қолдану білімді тексеру әдісін жетілдіруге қосылып отырған үлкен үлес болып есептеледі.

Сабақ тақырыбы: Қорытынды сабақ.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың осы тарау бойынша алған білімдерін тексеру.

Сабақтың әдісі: тест әдісі.

Сонымен балалар, дәптерлеріңді ашып, жазыңдар:

1. Қай органоидта ақуыз түзіледі?

а. митохондрия

ә. лизосома

б. рибосома

в. эндоплазмалық тор

г. гольджи аппараты

2. Жасушадағы бейорганикалық қосылыстарды ата:

а. су

ә. ақуыз


б. фермент

в. тұздар

г. көмірсу

3. Қай органикалық зат катализатор қызметін атқарады?

а. ферменттер

ә. майлар

б. көмірсулар

в. нуклеин қышқылдары

г. тұздар

4. Қарапайым заттардан күрделі заттың түзілуі

а. зат алмасу

ә. биологиялық түзілу

б. қозу

в. тітіркену



5. Липидтердің ауада ерімеуі қандай қызметіне негізделген?

а. энергия беру

ә. полярлы еместігі

б. қор жинау

в. су көзі

6. Көмірсулардың биологиялық ролі қандай?

а/ қорғаныштық

ә/ қозғалысқа, секрецияға

б/ құрылыс материалдары

в/ энергия көзі

7. Ақуыздың атқаратын қызметі

а/ рецептор

ә/ қорғаныштық, хабар беру, энергия

б/ тұқым қуалау

в/ тасымалдау қозғалыс

8. Нуклеин қышқылдарын ата

а/ДНҚ

ә/ РНҚ


9. Екі тізбекті нуклеин қышқылы

а/ рРНҚ


ә/ тРНҚ

б/ДНҚ


в/ РНҚ

10.ДНҚ-ның нуклеотидтерін ата

а/ Аденин, гуанин

ә/ цитозин, урацил

б/ тимин, аденин, урацил

в/ аденин, тимин, гуанин, цитозин

г/ урацил, аделин, гуанин, тимин

11. РНҚ-ның нуклеотидтерін ата.

а. аденин, урацил

ә. тимин, гуанин, аденин

б. цитозин, аданви, урацил

в. аденин, тимин.

12. РНҚ-ның қанша түрі бар?

а. біреу

ә. екеу

б. төртеу



в. үшеу

Оқушыларға бөлгіленген уақыт беріледі.

Сонымен қатар мектепте химия, тіршіліктану айлығын өткіздік. Оқушылардың химия, биология пәндеріне деген ықыласьл, қызығушылығын арттыру мақсатында осы пәндерден айлық өткіздік. Біз, бір 45 минутта көп нәрсені айтып үлгере алмаймыз, тек өтілетін тақырыппен шектелеміз, ал сыныптан тыс жұмыстарды өткізу кезінде қосымша материалдарды оқу бағдарламасымен байланыстыра жеткізуге болады. Бұл айлық «Ғылымдар саласында» І-ші апта «Жарысқа шық жас химик», 2-ші апта «Экология және біз» 3 апта, «Қорытындылау» 4-ші апта. Біз «Тіршіліктану пәні бойынша шоу-викторина сұрақтары» деген тақырыппен Менделеев және Ломоносов тобы 2-ге бөлініп өткіздік. Сұрақ қойылады екі топқа бірдей, 1 минуттан соң дұрыс жауабын айту керек. Мыс:

1. Биология ғылымының негізін қалаушы - Ч.Дарвин.

2. Жасуша теориясын кім, қанша жасады - 1938 ж. Т.Шванн.

Осындай 8 сұрақ қойылды. Екі топ 1:1 есебімен тең түсті. «Экология және біз» апталығында оқушылар «Ауаның маңызы», «Ауаны ластайтын заттар», «Ішімдіктің зардабы» деген тақырыпта бағдарламалар жасады. Қорытындылау кеші болды. Орын алған оқушыларға, жақсы белсенділік көрсеткен оқушыларға сыйлықтар мен алғыстар жарияланды.



Кластан тыс уақытта биологиядан көрнекі құралдар жасау. №37 Фурқат атындағы мектептің мұғалімі С.Қасымовтың тәжірибесінен алынған «Биологиядан сабақ өткенде көрнекі құралдарды пайдалану ежелден үлкен орын алып келген. Атақты педагогтар методистер өздерінің еңбектерінде көрнекі құралдарды пайдаланып, сабақ өту тиімді деп дәлелденген. С.Г.Шаповаленко биология сабағын оқытудағы пайдаланатын құралдарды, табиғи көрнекі құралдар, бейнелеу, кейіптеу д/б. Табиғи қ.қ. тірі жануарлар, құстар, балықтар, гербарийлер, микропрепараттар, тұлыптар т.б. Объектіні бейнелеу және кейіптеу көрнекі құралдар муляж, модель, схема, диаграмма, сурет, диафильм, телевизиялық хабар т.б. жатады. Мектептерде көрнекі құралдар жеткіліксіз, көрнекі құралдарды мұғалім кластан тыс уақыттарда оқушылар немесе үйірме мүшелерімен бірге жасауына болады. Қасымовтың сабаққа пайдаланып жүрген көрнекілікті қалай жасауға болатындығы туралы рецептерімен таныстық. Оқушылармен біріге отырып, құстардың жұмыстарын т.б. жасадық. Табиғи көрнекі құралдар жануарлар мен өсімдіктер түрін, түсін, қимыл, іс-әрекетін, пішінін, ол жайында толық мағлұмат алуына көмектеседі. Кластан тыс уақытта басқаша да өткізуге болады. Мыс: экскурсия т.б.

Қорытынды
Клетка туралы ілім, клетканың химияльқ құрылымы, атқаратын қызметі, информациясы туралы қалыптастыру бағытында кең көлемді мәселелерді қарастырдым. Клетканы химиялық құрамына методикалық өңдеу жасау барысында көптеген әдістер қолданыладь. Мен көптеген мектептерде болып, озық ұстаздардың тәжірибелерімен таныстым. Цитология тарауы бойынша жасушаның химиялық құрылысы, «Көмірсулар және липидтер», «Ақуыздар», «Нуклеин қышқылдары» тақырыптары бойынша методикалық өңдеулер жасалынды. Ақуыздар тақырыбын «Нұрахметов, К.Қымбатбеков, С.Жапабекова озық тәжірибелі мамандардың / «Биология және химия»/ әдістерін қолдана отырып пәнаралық байланыс түрінде өткіздік. Осы клетканың химиялық құрылысына ғалымдар көптеген еңбектерін сіңірген. Жұмысты жазу барысында, оқушыларга сабақ өту барысында Ченцов Ю.С. «Общая цитология», Н.П.Дубинина «Общая биология», А.А.Шаверзин, А.Д.Харазова «Основы общей цитологий» т.б. көптеген ғалымдардың кітаптарын қолдандым. Сабақтарда пәнаралық байланыс, дәстүрлі емес сабақ, тест, сабақтары т.б. әдістерді қолдана отырып өткіздім. Өңдеудің мақсаты: жаңа әдістерді қолдана отырып, оқушылардың ғылыми көзқарасын, дағдысын көтеру, жаңа техникалық прогресс, ғылымдағы болып жатқан жаңалықтармен хабар ету, білімдерін жақсарту сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру. Яғни біз ұсынып отырған клетканың цитологиялық жүйесі бүкіл процестердің морфологиялық структуралармен және химиялық заттармен тығыз байланысты тұтас екенін көрсетеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Анастасова Л.П. «Самостоятельные работа учащихся по общии биологий. 1979 г. Москва.

  2. Ақелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманқұлова С. «Ботаника». Алматы 1998.

  3. Р.Әлімқұлова. «Жалпы биологиядан кейбір тақырыптарынан методикалық талдау, өңдеу». Алматы, 1969.

  4. Р.Әлімқұлова, Р.Сәтімбаев «Зоология сабақтары». Алматы, 1980.

  5. Белов И.Г., З.А.Корчагина «Ботаника сабақтары». Мектеп, 1979.

  6. Брунов Е.И., Малахова Г.Я., Соколова Е.А. «Адам анатомиясы, физиологиясы және гигинасынан өтілетін сабақтар». Алматы, 1970.

  7. Вилли К. «Биология». Москва, «Мир». 1964.

  8. Верзилин Н.М. «Уроки ботаники в 5 классе». Москва, 1952

  9. Верзилин Н.К. «Основы методики преподования ботаники». Москва, 1956.

  10. Гурова Р.А. «Уроки общей биологий». Томск 1988

  11. Дубинина Н.П. «Общая биология». Москва, 1988.

  12. Заверзин А.А., Харазова А.Д. «Основы общей цитологий». Ленинград, I982.

  13. Казанова, Короткова, Мокеева, Корсунской. «Хрестоматия по общей биологий». Москва, 1974.

  14. Леви А., Сикевич Ф. «Структура и функции клетки». Москва, 1971.

  15. Мягкова А.И., Сивоглазов З.И. «Планирования учебного процесса по общей биологий». ВШ, Москва. 1990.

  16. Муртазин Г.М. «Активные формы и методы обучение биологии». Москва, 1989

  17. Полянский «Жалпьі биология». Москва, 1984.

  18. Реймерс Н.Ф. «Негізгі биологиялық терминдер мен түсініктер». Москва, 1986

  19. Де Робертие Э.Новлинский В., С.Саэсф. «Биология клетки». Москва, 1971.

  20. Қ.Сапаров. «Жалпы цитология негіздері». Алматы, 1994.

  21. Свенсон К. Уэбстер П. «Клетка». Москва, 1980.

  22. Тәртенов М., Әлімқұлова Р. «Қызьқты ботаника». Алматы, 1976.

  23. Қасымова Т., Л.Аманжолова, Ж.Әкімов, Р.Сәтімбекұлы. «Тіршіліктану». 1997.

  24. М.Шаханов «Өлеңдер жинағы», «Ақылдың кені». Алматы, 1987.

  25. Н.И.Филатова, А.А.Луцкая, В.М.Дудникова. «Зоология сабақтары». Мектеп, Алматы. 1972.

  26. Ченцов Ю.С. «Общая цитология». Москва, 1984.

  27. «Әдістемелік жаршы». 1998 - №1.

  28. «Биология және химия» журналы. 1996, №1-2.

  29. «Қазақстан мектебі» журналы. 1988, №1.

  30. «Биология в школе» журналы. 1990, №5, 1995 №1, 1991 №3.

  31. Biology – 2. Osman ARPACI. Musa Ozet J.ELKS.

  32. Биология және химия, география журналы. 1998, 1997.



ҚОСЫМША

1-сурет. Прокариот клеткаларының киыстырылған үлгісі:

1 - клетка қабығы, 2 - плазматикалық мембрана, 3 - нуклеоид аймағындағы ДНҚ, 4 – цитоплазманың полирибосомалары, 5-мезосома, 6 - ламелларлы құрылымдар, 7-плазматикалық мембрананың клетканың ішкі жағына ығысуы, 8 - хроматофоры, 9 – клетка қосындыларының вакуольдері, 10 - талшықтар, 11-қатпарлы тилакоидтар.

2-сурет. Эукариот клеткаларының киыстырылған үлгісі:



a - жануар клеткасы, б - өсімдік клеткасы, 1 - хроматыны және ядрошығы бар ядро, 2 - плазматика мембранасы, 3 - клетка қабығы, 4 - плазмодеома, 5 - кедір-бұдырлы эндоплазмалық тор, 6 - тегіс эндоплазмалық тор, 7 - пиноцитоз вакуолі, 8 – Гольджи аппараты, 9 - лизосом, 10 - тегіс эндоплазмалық тордағы май тамшылары, 11 - центрольдер, микротүтікшелер және центросфералар, 12 - митохондрия, 13 - гиалоплазманың полирибосомдары, 14 - орталық вакуоль, 15 - хлоропласт.


3-cурет. Клетканың жалпы құрылысының үлгісі.

(Ж.-К Ролан, А. Селоши, Д. Селоши бойынша).




5-сурет. Клетканың ішкі мембраналарының үлгісі:

1 - ядро қабықшасы, 2 - ядро кабықшасындағы порлар, 3 – поисомалар, 4 - кедір-бұдырлы цитоплазмалық тор, 5 - жазық эндонлазмалық тор, 6 –ауыспалы көпіршіктер. 7 - вакуоль, 8 - диктиосома, 9 – плазматикалық мембрана, 10 - цитоплазмалық көпіршік.


7-сурет. Гольджи аппараты бақаның аш ішек клеткаларында орналасуы (осмиймен боялған): 1- ядро, 2 - Гольджи аппараты (Кирпичников және Левинсон, 1953).

8-сурет. Гольджи аппаратының нерв клеткаларында орналасуы: 1 - ядро, 2 - ядрошық, 3 - Гольджи аппараты, 4 - қосымша клеткалардың ядролары (Кирпичников және Левинсон, 1953).





11-сурет. Лизосомалардың қызметін көрсететін үлгі:

1 - лизосоманың бірінші түрінің пайда болуы (Гольджи аппаратынан). 2 - экзогенді заттардың еруі (лизис). Құрамында гидролаза ферменттері бар лизосоманың бірінші түрі мен пиноцитоз және фагоцитоз көпіршіктенінің қосылуының нәтижесінде лизосоманың екінші түрінің пайда болуы, 3-эндогенді заттардың еруі (лизис). Аутофагоцитоз вакуолінің пайда болуы, 5 - қорытылмаған заттардың.


12-сурет. Митохондрияның құрылысы: a - көлденең кесіндісі, б - кеңістіктегі құрылысының үлгісі, в – кристалдардың бетіне саңырауқұлақ тәрізді денешіктер мен АТФ-соманың орналасуы.


13-сурет. Митохондрияның жұқа кесіндісінің жалпы құрылысы.


_______________ «Биология курсындағы жасушаның химиялық құрамына әдістемелік өңдеулер» тақырыбына жазылған дипломдық жұмысына
П I К I Р

Дипломдық жұмыс: кіріспе, 3 тараудан, қорытынды, қолданған әдебиеттер, қосымшадан тұрады.

Дипломдық жұмысты жазу барысында _______________ цитологиялық білімдерді қолдану әдістемелігіне тереңірек тоқталған. Клетканың химиялық құрамы атқаратын қызметі туралы жан-жақты білім қалыптастыру бағытында кең көлемді мәселелерді қарастырған. Клетканың химиялық құрамына методикалық талдау жасау барысында көптеген әдістемелер қолданылған. Сабақтарда пәнаралық байланыс, дәстүрлі емес сабақ, тест сабақтарын т.б. әдістерді қолдана өткізген.

Жұмыстың соңында қазіргі таңдағы жалпыға бірдей білім беретін мектептердің дамуындағы көздеген мәселелеріне тығыз байланыста қорытынды жасалған.

Дипломдық жұмыс мазмұнды келешекте әдістемелік нұсқау ретінде, көмекші құрал есебінде студенттерге, мұғалімдерге себін тигізетіні сөзсіз. Жұмыстың орындалу деңгейі университеттің талабына сай және «өте жақсы» деген бағаға лайық деп есептеймін.

А. Ясауи атындағы

ХҚТУ доценті Р. Асылбеков


Жаратылыстану - педагогика факультетінің «Биология» мамандығы бойынша бітірді ІҮ-курс студенті «Биология курсындағы жасушаның химиялық құрамына әдістемелік өңдеулер» тақырыбы бойынша жазған дипломдық жұмысына арналған



П I К I Р

_________________________жұмысы өте жауапкершілікпен орындалды. Өз бетінше орындаған жұмысатары, әдістері мен әдістемелік нұсқаулары дұрыс бағытта, жоғары деңгейде жүргізілген. Дипломдық деңгейдегі жұмыстың орындалуы ұқыпты, қатесіз, эстетикаға сай. Зерттеу проблемаларына байланысты пайдаланған әдебиеттерінің саны жеткілікті көлемде.

Бұл тақырып бойынша екі жыл бойы жинақтау жұмыстарын жүргізген. Таңдап алған тақырыбы бойынша студенттердің ғылыми-практикалық конференцияларында баяндама жасады. ІІІ-курс та биологияны оқыту әдісі пәнінен, осы тақырып бойынша курстық жұмыс қорғады.

Жұмыстың соңында қазіргі таңдағы жалпыға бірдей білім беретін мектептердің дамуындағы көздеген мәселелеріне тығыз байланыста қорытынды жасалған.



айналысқан мәселесі жүйелі түрде курстық жұмыстан дипломдық жұмысқа жалғасқан.

Дипломдық жұмыс мазмұнды келешекте әдістемелік нұсқау ретінде, көмекші құрал есебінде студенттерге , мұғалімдерге себін тигізетіні сөзсіз.



Жұмыстың орындалу деңгейі университеттің талабына сай және "өте жоғары" бағаға лайық деп есептеймін.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет