I. тармақ: Курчатов қаласының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының
негізгі бағыттары
Кіріспе
Курчатов қаласының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімдік жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымындағы № 647 бекітілген қаулысымен Қазақстан Республикасын әлеуметтік-экономикалық дамыту орта мерзімдік жоспарларды әзірлеу Ережесіне сәйкес әзірленіп, 2010 жылға дейін дамыту Стартегиялық жоспарында, Елбасының «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан халқына жолдауында, Қазақстанның бағдарламалық құжаттарында қабылданған 50 айырықша бәсекеге қабілетті әлем елдерінің ішіне кіру Стратегиясында негізделеді: индустриалдық-инновациялық дамуы, шағын кәсіпкерлік, білім жүйесі, денсаулық сақтау, сумен қамту, тұрғын үй құрылысы, және халықты әлеуметтік қорғау.
Ортамерзімдік кезеңдегі қаралатын облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаты мен тапсырмалары 2006-2007 жылдардағы экономканы дамуытудың талдануына негізделіп, 2008 жылға өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының бағасы экономикалық өсуді қамтамасыз етумен және экономиканың әлеуметтік бағдарлануын нығайту басымдылықтарынан шығады.
I. 2005-2007 жылдарға қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау
1.1. Жалпы экономикалық жағдай
1.1.1. Қаржылық қызмет саласының дамуы
Қалада «КАЗКОММЕРЦБАНК» банктерін ұсынушылар және Қазақстанның Халық Банкісі, «БанкТұранӘлем», «ТемірБанк», сонымен қоса «Валют Транзит» және «Мұнай сақтандыру компаниясы» сақтандыру компаниясының филиалдары жұмыс істейді, банк қызметтерінің жеке түрлерін «Қазпошта» АҚ филиалы көрсетеді.
1.1.2. Инвестициялық сала
2006 жылы қала экономикасындағы негізгі капиталға жұмсалған инвестицияның көлемі 3198,4 млн. теңгені құрады, бұл 2005 жылдың деңгейінен 14,6% -ға жоғары.
Қаражаттың (44,1%) басым бөлігі басқа да күрделі жұмыстар мен шығындарға жұмсалған.
2007 жылы қала экономикасына 3377,4 млн. теңге салынды бұл 2006 жылға қарағанда инфляция индексінің есебімен 22,8%-ға аз. 2007 жылы республикалық бюджеттен инвестицияның өсуі байқалып, олар негізгі капиталға жұмсалған инвестицияның жалпы көлемінен 86,8%-ды құрады, бұл технопарк құрылысын салуға тікелей байланысты.
1.1.3. Коммуналдық мүлікті басқару
2007 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Курчатов қаласы аумағында 2 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, 15 мемлекеттік мекеме және 3 қазыналық кәсіпорыны жұмыс істейді.
2007 жылы шағын бизне субъектілерімен 3 коммуналдық объектілері меншікке берілді, соның ішінде: 1- сенімді басқармаға бір жыл мерзімімен, 1- меншікке, 1- жалға берілді.
2008 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша шағын бизнес субъектілеріне 2 коммуналдық объектілері меншікке берілді, соның ішінде: 1- меншікке, 1- жалға берілді.
2007 жылы мүліктік жалға бос мемлекеттік қорын ұсынуда қалалық бюджет түсімі 2005 жылға 5,8 есе өсімімен 3710,4 мың теңгені құрады, 2008 жылы түсім көлемі 2007 жылға 107,0%-ға өсімімен 3970,0 мың теңгеге күтілуде.
Мемлекеттік коммуналдық меншік басқармасының тиімділігін арттыру мақсатында 2007 жылы Облыстық әкімдік қаулысымен коммуналдық меншікті басқару бойынша өкілеттілік облыстан қала деңгейіне берілді.
1.1.4. Кәсіпкерлікті және бәсекелестіктің дамуы
2006 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерімен жүргізілген тауарлар өндіру (жұмыс, қызмет көрсету) көлемі 297,2 млн. теңгені, 2007 жылы – 285,6 млн. теңгені құрады. 2008 жылы яғни шағын кәсіпкерлік субъектілерімен жүргізілген тауарлар өндіру (жұмыс, қызмет көрсету) көлемі 2007 жылға 7,2%-ға өсімімен 306,1 млн. теңгені құрайтындығы күтілуде.
2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша 51 шағын бизнес кәсіпорыны тіркеліп, соның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 32 (62,7%) құрайды.
2007 жылы барлық деңгейдегі шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке түскен түсімдердің жалпы көлемі 54,7 млн. теңгені құрады және 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда 14,3 %-ға артты, соның ішінде 16,3%-ға өсімімен жергілікті бюджетке 38,9 млн. теңге түсті.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жеке шаруа қожалық кәсіпкерлерінің қызметін қосқанда жүргізілген таурарлар өндіру (жұмыс, қызмет көрсету) көлемі 2007 жылға 12,6%-ға өсімімен 2008 жылы 321,5 млн. теңге сомасында бағалануда. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны жеке кәсіпкерлерді есепке алумен бірге 6,4%-ға өсіп, 323-ті құрайды.
1.1.5. Өнеркәсіп
2006 жылы өнеркәсіптік өнімдер көлемі 291,3 млн. тенгені құрап, 2005 жылдың деңгейіне нақты көлем индексі 114,5 %-ды құрады.
2007 жылы өнеркәсіптік өнімдерді (жұмыс, қызмет көрсету) өндіру көлемі 579,5 млн. теңге деңгейінде қалыптасып, 2006 жылға нақты көлем индексі - 177%-ды құрады.
Кен өнеркәсібі
2006 жылы кен өнеркәсібінде өнеркәсіптік өнімдерді өндіру көлемі 15,3%-ды құрады. «Дегеленсемейтау» ЖШС қиыршықтас өндіру бойынша жұмыстардың тоқталылуы есебінен өнеркәсіптік өнімдер көлемінің төмендеуі байқалады.
2007 жылы 213,4 млн. теңгеге өнімдер өндірілді.
2008 жылы жалпы 393,8 млн. теңге сомасына өнімдерді өндіру күтілуде, күтілудегі нақты көлем индексі 184,5%.
Өнеркәсіптік өнімдер көлемінің артуы 2006 жылдың желтоқсан айында «Қараджал» жерінде табылған флюориттік кенді өндіру мен қайта өңдеу бойынша фабриканың іске енуі есебінен жетті.
Өңдеу өнеркәсібі
2006 жылы тауарлық өнімдер (жұмыс, қызмет көрсету) көлемі 93,5 млн. теңгені, 2005 жылға нақты көлем индексі – 107,8 %-ды құрады.
2007 жылы өнімдерді өндіру көлемі 155,7 млн. теңге деңгейінде қалыптасып, 2006 жылға НКИ 128,5%-ды құрады.
2008 жылы өңдейтін өнеркәсіп саласында өнеркәсіптік өнімдер көлемі 183,4 млн. теңге сомасында күтіліп, күтілудегі нақты көлем индексі 117,8%-дан кем емес.
Өнеркәсіптік өндірістегі өңдейтін секторда өнімдерді өндіру көлемінің артуы химия өнеркәсібінде, басқа да металл емес минералды өнімдер өндірісінде, электрожабдықтау, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісінде өндірістердің артуы есебінен болды.
Электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу
2006 жылы 172,1 млн. теңге сомасына тауарлық өнімдер өндіріліп, 2005 жылға нақты көлем индексі 100,5%-ды құрады.
2007 жылы өнімдерді өндіру көлемі 210,5 млн. теңге деңгейінде қалыптасып, 2006 жылға НКИ 94,2%-ды құрады.
2007 жылға 110,2%-ға өсімімен 2008 жылы 232,0 млн. теңге көлемінде өнімдерді өндіру күтілуде.
1.1.6. Құрылыс
2006 жылы орындалған мердігерлік жұмыстар көлемі 429,1 млн. теңгені құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 57,1%-ды құрайды. Мердігерлік жұмыстардың көлемінде негізгі үлесті жеке меншік кәсіпорындары алды.
Құрылыс ұйымдарының өз күштерімен орындалған құрылыс-жинақтау жұмыстарының көлемі 47,5 млн. теңге деңгейінде қалыптасты, бұл 2006 жылы орындалған мердігерлік жұмыстардың жалпы көлеміне 11,1 %-ды құрады.
2007 жылы құрылыс ұйымдарының өз күштерімен орындалған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылдың деңгейімен салыстыру бойынша 16,2%-ға төмендеп және 387,5 млн. теңгені құрады, соның ішінде құрылыс-жинақтау жұмыстары 48,9 млн. теңге сомасына орындалды, бұл өткен жылдың деңгейінен 2,1 %-ға төмен. Мердігерлік жұмыстар көлемінде негізгі үлес жеке меншік кәсіпорындарымен орындалған.
1.1.7. Ауыл шаруашылық
2007 жылғы ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 95 млн. теңге деңгейінде қалыптасты. Жалпы ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі 76,6%-ды құрады, соның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 63,1%, мал шаруашылығы бойынша – 118,3%.
2007 жылы ет өндіру 2006 жылдың деңгейімен салыстыру бойынша 56,3%-ға артып және 120,5 тоннаны құрады, сүт 568,6 тоннаға (111,9%), тауық жұмыртқасы 30 мың дана (93,8%) өндірілді.
Ірі қара мал басының саны өткен жылдың деңгейіне 1,7%-ға өсімімен 1,4 мың басты құрады, қой мен ешкі – 2,6 мың бас (өсімі – 46,2%), шошқа – 0,229 мың бас (өсімі – 2,2%).
2008 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің көлемі 2007 жылға 2,2%-ға өсімімен 97,1 млн. теңгені құрайтындығы күтілуде.
1.1.8. Көлік және коммуникация
Көлік кешені. 2006 жылы көліктің барлық түрлерімен 0,02861 млн.тонна жүк тасымалданып, жолаушыларды тасымалдау – 0,005 млн. адамды құрады.
2007 жылы көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 2006 жылмен салыстыру бойынша 3,8%-ға төмендеп және 0,02752 млн. тонна жүкті құрады, 0,00560 млн. адам тасымалданды, бұл 2006 жылдың деңгейінен 7,7 %-ға жоғары.
2008 жылы көліктің барлық түрлерімен 0,028804 млн. тонна жүктерді, 2007 жылға 1,9%-ға және 0,5%-ға сәйкес өсімімен 0,00563 млн. жолаушыларды тасымалдау күтілуде.
Автомобиль жолдары. Қаланың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 172 километрді құрайды, соның ішінде жолдардың 100 пайызына қатты жабын төселген. Әр түрлі ақаулары бар жол бөліктерінің ұзындығы – 80 км-ден артық, 40 км-дей жолдарды шұғыл және күрделі жөндеуден өткізу қажет.
Телекоммуникациялар. Қала аумағында бір автоматты телефон станциясы (АТС) жұмыс істейді.
Байланыс және телекоммуникациялар саласында негізгі телефон нөмірлерінің саны 2 721 құрады, соның ішінде 2006 жылы орнатылғаны – 122.
2007 жылы 230 негізгі телефон нөмірлері орнатылды, бұл 2006 жылдың деңгейінен 1,9 есеге жоғары.
2008 жылы 220 негізгі телефон нөмірлерін орнату жоспарлануда.
«Қазақтелеком» АҚ жыл сайын халыққа көрсететін қызметтерінің тізімін көбейтуде, қазіргі таңда келесідей қызметтер көрсетіледі: жергілікті байланыс, қалаарлаық және халықаралық байланыс, (Интернет) мәліметтерін беру қызметтері, интеллектуальды байланыс қызметтері.
1.2 Тұрақты даму, адами ресурстарды дамыту мен халықтың өмір сүру сапасын көтеру
1.1.9. Демогафия және көші-қон
2008 жылдың 1 қаңтарына қала халқының саны 10,6 мың адамды, соның ішінде қала тұрғындары -10,6 мың адамды құрады, бұл 2006 жылдың деңгейінен 3,9%-ға жоғары.
2007 жылы 156 адам туды 2006 жылмен салыстыру бойынша туылғандар саны 23 адамға немесе 17,3%-ға артты.
Қайтыс болғандар саны 85 адамды құрады, бұл 2006 жылдың деңгейінен 10,6%-ға төмен.
2007 жылы қалаға 403 адам келіп, 267 адам көшіп кетті, көші-қон өсуі 136 адамды құрады, 2006 жылға сәйкес 440 адам келіп, 299 адам кетті.
Негізгі үлес немесе келгендердің жалпы санынан 70%-дан астамы облыстық көші-қонға жатады.
1.2.2 Еңбек ресурсы
2006 жылы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 6,3 мың адам деңгейінде қалыптасып, 2005 жылға 109,6% өсімді құрады. Экономикадағы барлық жұмыспен қамтылғандар 5,9 мың адамдар, бұл 2005 жылдың деңгейінен 11,5%-ға жоғары, олардан жалданбалы жұмысшылар 5,1 мың адамды құрап, экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санындағы олардың үлесі 2005 жылы 93%-дан 2006 жылы 94,6%-ға дейін артты.
2007 жылы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 2006 жылдың деңгейінде қалып және 6,3 мың адамды құрады.
2007 жылы 281 жаңа жұмыс орыны құрылды. Жұмыспен қамту қызметінің жәрдемімен жаңадан құрылған және бос жұмыс орнындарына 283 адам жұмысқа орналасты.
2008 жылды бағалау бойынша яғни жұмысшылар саны 3,7 мың адам деңгейінде қалыптасып, 2007 жылға 1,5%-ға өсімімен күтілуде, соның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда 1,4 %-ға өсімімен 3,4 мың адам, шағын кәсіпорындарда 2,8%-ға өсімімен – 0,3 мың адам. Жұмыссыздар саны 5 адамға азайып және жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде қалыптасқан, бұл 2007 жылдың көрсеткішінен 0,3 пайыздық пунктінде төмен.
1.2.3. Гендерлік даму
Курчатов қаласында гендерлік саясат мәселелері бойынша отбасының жұмыстары және гендерлік саясат жөнінде комиссия шұғылданады. Олардың қызметтерінің негізгі бағыттарына мыналар жатады: жыныс белгілері бойынша күштеуден босату, отбасындағы қызметтері мен құқықтарының тең болуын қалыптастыру, қызмет бойынша өзінің бизнесі мен жоғарылауын дамыту, әйелдердің экономикалық бағыныштылығын теңестіруге жағдай жасау, өктемдік ортадағы әйел мен ердің қатысуының бірдей болуына қол жеткізу.
Қазіргі уақытта Курчатов қаласында атқарушы огандар құрамында 34 әйел адамдар жұмыс істейді, олардың 3-еуі басқарушы орынында. Қалалық мәслихаттың депутаттық корпусында 3 әйел депутат ұсынылған.
Қалалық ауруханада 148 әйел адамдар еңбек етеді. Олардың 100-ден астамы – медициналық қызметкерлер. 19 әйел дәрігерлерден – 12-сі бірінші және екінші біліктілік санатында.
3514 әскери бөлімде қызмет істейтін қызметкердің 25-сі әйел адамдар, олардың 2-еуі офицерлер, 4-еуі прапорщиктер, 19-ы сержанттар.
Қала мектебінде 104 әйел мұғалімдер еңбек етеді, олардың 91-і жоғары санатта.
Курчатов қаласы әкімдігінің «Курчатов қалалық көп салалы эксплутациялық кәсіпорыны» МКК кәсіпорынында 114 әйел адамдар еңбек етеді, яғни барлық жұмысшылар санынан 37%-ды құрайды. Бұл дегеніміз жоғары, орта және бастапқы кәсіби білімімен 72% қызметкерлер, 29% жұмысшылар.
Қалада 89 ұйымдар мен кәсіпорындар тіркелген, олардың он екісіне әйел адамдар жетекшілік етеді..
Орта және шағын бизнес аясында 51 кәсіпорын тіркелген, олардың 3 әйел адамдар басқарады.
1.2.4. Тұрғын үй саласы
Қаланың дамуы арқасында халықтың белсенділігі артып, қала болашағының қалыптасуына байланысты, тұрғын үй тапшылығы пайда болды.
Қазіргі уақытта 34 учаскеге арналған жеке құрылыстық жоспар-жүйе әзірленіп, қалалық бюджеттен инженерлік коммуникациялар құрылысына арналған қаражат бөлінді.
2006 жылы 984 кв.м. көлемдегі 4 жеке тұрғын үй іске қосылды. 2007 жылы жалпы алаңы 1365 кв.метр болатын 1 көп пәтерлі тұрғын үй салынды.
2007 жылы тұрғын үйлерді іске қосу көлемінің өсуі өткен жылмен салыстырғанда 38,7-ды құрады.
2008 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Ядролық технологиялар паркі қызметкерлеріне арналған тұрғын қайта қалпына келтіріліп, 4,5 мың квадрат метр жалпы алаңы пайдалнуға берілді, бұл 2007 жылдың деңгейінен 3,3 есеге жоғары.
Жеке меншік инвесторлар қаражаты есебінен 5 тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғасуда, 1 тұрғын үй республикалық бюджет қаражаты есебінен (әскери бөлім қызметкерлеріне арналған), 1 тұрғын үй облыстық бюджеттен мақсатты трансферттер қаражаты есебінен қалпына келтірілуде.
1.2.4. Білім
Қалада 7 білім беру мекемелері ұсынылған:
- 2 мемлекеттік жалпы білім беру мектебінде оқитындар контингенті -1324 адам;
-
«Журавушка» бала бақша контингенті – 311 бала;
-
«Заман» кәсіби мектебі Семей филиалы - 60 оқушы;
-
балалар мен жас-өспірімдер спорт мектебіне - 334 оқушы қатысады;
-
балалар музыкалық мектебінде -88 оқушы;
-
«Горизонт» балалар -жасөспірімдер клубы - 60 бала;
-
«Скала» балалар -жасөспірімдер клубына 58 бала барады.
2007 жылы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 12,0 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Бұрынғы №1 КТМ ғимаратының канализацияларына, мектеп-гимназияны сумен жабдықтау жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. № 3 орта мектептің акті залына күрделі жөндеу жасалынды.
2008 жылға 97,0 млн. теңгеден астам қаражат бөлініп, соның ішінде мемлекеттік тілде білім берумен орта мектеп ашу үшін ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге 72,7 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.
Жыл сайын жалпы міндетті оқу қорына бөлінген қаражат көлемі ұлғаюда: 2007 жылы 2,1 млн. теңге бөлініп, 2008 жылы – 2,7 млн. теңге, бұл 2007 жылмен салыстыру бойынша 28,6%-ға артық.
Қаладағы барлық білім беру мекемелері компьютерленген және Интернет жүйесіне қосылған. Курчатов қаласының мектептері үшін 1,7 млн. теңге сомасына интерактивті сабақты өткізуге арналған жабдықтар сатып алынды. ADSL технологиясы бойынша жоғары жиіліктегі Интернет жүйесі қосылған. 2008 жылдың мамыр айында 11,9 млн. теңге сомасына интерактивті жабдықтар толықтырылды. Облыстық бюджеттен пән кабинеттеріне жабдықтар сатып алуға жалпы құны 9,1 млн. теңге болатын қаражат бөлінді.
111 компьютерлер бар, бір компьютерге оқитындар саны – 12 адамды құрайды.
Жыл сайын бір оқушыға жылдық шығын сомасы өсуде 2007 жылы берілген көрсеткіш 71,3 мың теңгені құрап, яғни 2008 жылы бір оқушыға арналған шығын сомасы 72,4 мың теңгені құрайды, бұл 2007 жылға қарағанда 1,5 %-ға артық.
Жазғы демалыс кезеңінде ұйымдастырылған демалысқа 1152 адам (89) қамтылған: мектеп жанындағы сауықтыру алаңдарындағы жұмыстар үшін 600 мың теңге бөлінген, оларға 120 бала барады; «Берег» демалу базасына 4 экспедиция ұйымдастырылған.
1.2.6. Денсаулық сақтау
Курчатов қаласының тұрғындарына медициналық көмекті «Қалалық аурухана» МКҚК көрсетеді, сондай-ақ онда 55 орындық жатын бөлім, емханаға 145 адам қатысады және тәулік бойы жұмыс істейтін жедел шұғыл жәрдем қызмет көрсетеді.
Қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады. Кепілді тегін медициналық көмек көрсету, Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген кепілді тегін медициналық көмек тізімге сәйке толық көлемде жүзеге асырылады.
2005-2007 жылдарға арналған ШҚО денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық орталықтарын нығайту мен күрделі жөндеу бойынша Өңірлік Бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде бағдарламаларды жүзеге асыру кезеңінде облыстық бюджеттен 48,548 млн. теңге бөлінді, соның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарын күрделі жөндеуден өткізуге – 44,525 млн. теңге, денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыру- 4,023 млн. теңге.
Шығыс Қазақстан облысының 2008-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтау жүйелерін дамыту және Реформалау Бағдарламалары аясында 2008 жылы қалалық аурухананың ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу бойынша жұмыстарды аяқтауға облыс бюджеті қаражатынан 30 млн. теңге бөлінді.
2008 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша медициналық жабдықтармен жарақтау пайызы 41-43 %-ды құрайды.
1.2.7. Халықты әлеуметтік қамсыздандыру
2006 жылы кедейшілік шегінен төмен тұратын адамдардың саны 2005 жылмен салыстыру бойынша 29,3%-ға қысқартылып немесе 247 адам және 597 адамды құрады, 2007 жылы 2006 жылмен салыстыру бойынша нақты көрсеткіш 60,1%-ға азайып немесе 359 адам және 238 адамды құрады.
2008 жылды бағалау бойынша яғни осы санаттағы азаматтар саны 2007 жылдың деңгейінде қалып және 238 адамды құрайтындығы қаралуда.
2006 жылы зейнеткерлердің орташа жылдық саны 1 160 адам санында қалыптасты, бұл 2005 жылдың деңгейінен 0,3%-ға жоғары, 2007 жылы олардың саны 1 149 адамды құрады, бұл 2006 жылдың деңгейінен 1%-ға немесе 11 адамға төмен. 2008 жылды бағалау бойынша зейнеткерлер саны 1 145 адамды құрады.
1.2.8. Мәдениет және спорт
Қала мәдениетін ұйымдастыру қызметі әлеуметтік-маңызды мәдени жаппай іс-шараларды өткізуді жүзеге асыруға бағытталған, сондай-ақ оны «Қалалық мәдениет үйі» МКҚК, «Қалалық кітапхана» ММ екі мәдени мекемесі қамтамасыз етді.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру 2001-2010 жылдарға арналған тілге қызмет көрсету Мемлекеттік бағдарламалары аясында 2007 жылдың бірінші жарты жылдығында қалада Мемлекеттік тілді оқыту орталығы құрылды.
2007 жылы әр түрлі бағытта мемлекеттік және орыс тілінде 120 мәдени-жаппай іс-шаралар өткізілді, олардың 38 балалар іс-шаралары.
Барлық мәдени-көңіл көтеру іс-шараларын өткізуге 1627,0 теңге шығындалған.
2007 жылы Курчатов қаласының 60 жылдығы кеңінен аталып өтті. «Қала күні» мерекесін өткізудің негізгі идеясы көрермендерге маңыздылығы мен Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының жеткен жетістіктерін бағалау толықтай айтқанда: «Сегодня Курчатов заявил о себе ярко и значимо»- мерекелік іс-шараның негізгі ойы.
Қалалық мәдениет үйі үшін 2007 жылғы маңызды іс-шаралардың бірі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 15-жыл толуына арналған төртінші облыстық өз күшімен ұйымдастырылған көркемөнер байқауына қатысу болып табылады.
Қалалық кітапхананың басты мақсаты – кіпапханалық қызмет көрсетуде пайдалнушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттаныру болып табылады.
Қалалық кітапхананың кітаптық қоры 32015 дананы құрайды, 2008 жылға ол 220 кітапқа толықты. 990 оқырмандар кітапхана қызметін пайдаланады, олардың төртінші бөлігі – 15 жастан 23 жас аралығындағы жастар. Кітапхана тұрғындардың барлық топтарындағы оқырмандарға және жас санатындағы адамдарға қызмет көрсетеді. Физикалық мүмкіншілігімен шектеулі тұлғаларға және зейнеткерлерге үйге қызмет көрсетіледі.
Кітапхана оқырмандары үшін мәдени – жаппай іс-шаралары өткізіледі: әдеби-музыкалық кеш, оқырман конференциялары, театрлық көрініс, ойын және ғылыми-таным бағдарламалары.
Қазақстан Республикасында 2007-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру және спортты дамыту мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша қалада жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта 15 спорт ғимараттары жұмыс істеді: 8 спорт залдары, 3 алаң, 3 спорттық алаңшалар.
1 тоқсанда гирлік спорт және армрестлинг, үстел тенисі, қазақша күрес, тоғыз құмалақ, волейбол, футбол бойнша жарыстар өткізілді. Қала жиыны республикалық және облыстық жарыстарға қатысты. Қатысудың қорытындысында, сондай-ақ гирлық спорт және таэквондо бойынша спортсмендер алтын және күміс медальдарға ие болды, футбол бойынша қала жиыны 1 орынды алды. Осы жылы Шығыс Қазақстан облысындағы әйелдер арасындағы гирлық спорт бойынша БЖСМ тәрбиеленушісі Хилько Анастасия рекортқа жетті.
Қалада спортты одан әрі қарай дамыту үшін: футбол, волейбол, хоккей – көптеген спорт түрлерін дамыту есебінен дене шынықтыру және спортпен айналысушылардың санын арттыру, сонымен қатар балалардың ойын алаңдарын қайта қалпына келтіру; ұлттық ойын түрлерін дамыту – қазақша күрес және тоғыз құмалақ; қалалық стадионды салу, шығатын жарыстарға қала спортсмендерінің қатысуын ұлғайту; гирлық спорт және армрестлинг, волейбол бойынша қалада облыстық және республикалық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу жоспарлануда.
1.2.9. Табиғатты пайдалану мен экологияның тұрақты дамуы
2006 жылы табиғатты қорғау іс-шараларын қаржыландыруға қалалық бюджеттен 0,8 млн. теңге бөлінді. 2007 жылы осы мақсаттарға 5,1 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.
Қаланың экологиялық қауіпсіздік мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылы 29 тамыздағы № 409 Жарлығымен жабылған бұрынғы Семей сынақ ядролық полигоны аумағындағы радиациялық жағдайына тікелей байланысты.
Семей сынақ ядролық полигонының мәселелерін шешуге бағытталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 927 қаулысымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған бұрынғы Семей сынақ ядролық полигоны мәселелерін кешенді шешу бойынша 2007 жылы мелекеттік Бағдарламаларды жүзеге асыру аяқталды.
2008 жылы табиғатты қорғау іс-шараларын қаржыландыруға 58,0 млн. теңге қаралды, соның ішінде облыстық бюджет қаражаты есебінен 24,7 млн. теңге, қалалық бюджетте 33,3 млн. теңге қаралды.
1.3. Индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыру
1.3.1. Өңдейтін өнеркәсіпте басым салалардың дамуы
Қалада үш өңдейтін кәсіпорын жұмыс істейді, олармен 2006 жылы 93,5 млн. теңге сомасына өнеркәсіптік өнімдер өндіріліді, 2005 жылға 7,8%-ға өсімімен.
2007 жылы өңдейтін өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін өнеркәсіптік кәсіпорындармен жалпы 155,7 млн. теңге сомасына тауарлық өнімдер өндірілді, өнеркәсіптік өнімдердің нақты көлем индексі 2006 жылдың деңгейіне 128,5%-ды құрады.
2008 жылы өңдейтін өнеркәсіптің көлемі 183,4 млн. теңгені құрап, 2007 жылға кем дегенде 17%-ға өсімімен күтілуде.
1.3.2. Технологиялардың және инновациялардың дамуы.
Өңір экономикасының индустриалды секторында алдағы кезеңге қоятын басты тапсырма базалық өнеркәсіптік қондырғылар құру және олардың базасында жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, соның ішінде термоусадтық муфт, көбіктенген полэтилен, заманауи полимерлі жабын және гидроизоляциялық материалдар, рентгендік диагностика жүйелерін әзірлеу және өндіру, лазерлік масс – спектрометрлерін, сонымен қатар осы өндірістер есебінен өнеркәсіптік өндірістер көлемін және өнеркәсіптік сипаттағы қызмет көрсетулерді өсіру болып табылады.
Басты тапсырманың бірі сонымен қатар ғылымның озық жетістіктері және бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру үшін техника есебімен өндірісті техникалық және технологикалық жетілдіру болып табылады.
Бүгінгі таңда қалада «Ядролық технологиялар паркі» салалық технопарк құру бойынша жұмыстар басталды, сондай-ақ келешекте айтқысыз, Ортаазиялық өңірде ядролық физика негізінде жоғары технологиялар туындысының бірегей орталығы болады.
Технопаркті құрудың мақсаты Қазақстан Республикасында индустриалдық-инновациялық дамуына көмек көрсету, ядролы және ілеспелі технологияларды дамыту үшін заманауи инфрақұрылымдарын құру, нарыққа енгізуге жоғары технологиялық әзірлеулердің жылжыуын қамтамасыз ету, ғылыми өндірістер құру болып табылады.
Бүгінгі таңда қалада Шығыс Қазақстан облысның 44 серпінді жобаларының құрамына қосылған 2 серпінді жобалар жүзеге асырылуда:
- өнеркәсіпте: Технологиялық кешенін құру (радий – 226, актиний - 225) изотоптарын өндіру. Күтілетін нәтиже – қазіргі заманның ғылыми жоғары технологиялық өндірісін құру, отандық радиоизотоптық фармацевтиканың дамуын қарқындату және медицинаға арналған радиоизотоптар өндіру, ғылыми зерттеулер.
- энергетикада: АБВ типіндегі бірегей реакторлы қондырғысы базасында қуаттылығы аз АЭС құру. Күтілетін нәтиже – қаланың жылу беру және ыстық сумен жабдықтау мәселелерін шешу, жобалау бойынша тәжірибе жинақтау, қуаттылығы аз реакторымен ұшатын АЭС салу және пайдалну.
Жағымды инвестициялық ахуал құру мақсатымен «Табыс» Венчурлық қоры» тәуекелді инвестициялау акционерлік инвестициялық қоры» АҚ құрылды.
1.3.4. Инфрақұрылымның дамуы, соның ішінде шағын кәсіпкерлік
Қаланы әрі қарай дамыту және қалпына келтіру мақсатымен «Курчатов қаласында 2005-2015 жылдарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы» қабылданды. Осы бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы «Дегелен» станциясында тұрғын үй салуға бөлінген жер телімдеріне инженерлік коммуникациялар салынады, қатты тұрмыстық қалдықтарға арнаған полигон құрылысы бойынша жұмыстар басталды, қаланы көріктендіру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Шағын кәсіпкелікті әрі қарай дамытып, 9 шағын бизнес объектілерін ашу жоспарлануда, соның ішінде: ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша шағын-зауыт пен жылы жайларды қайта қалпына келтіру.
«Сова» ЖШС жобалау, локалдық компьютерлік жүйелердің құрылысы және пайдану бойынша жұмыстар жүргізілуде, соңында бірыңғай қалалық жүйесіне бірігумен, сонымен қатар ведомостық және ЭВМ жеке қолданушыларының меншік локалды жүйелерін қолдау бойынша қызметтер көрсету.
1.4. Тұжырым
Курчатов қаласында жылдар бойы қоғамдық –саяси жағдай тұрақты сақталуда, әлеуметтік – экономикалық жағдайдың даму қорытындысы оңды серпінді динамикамен белгіленген.
Жыл сайын өнеркәсіптік өнімдерді өңдіру көлемі ұлғаюда. Агроөнеркәсіптік кешенінде ауылшаруашылық өнімдерін өңдірудің ұлғаюы белгіленуде, соның ішінде ет, сүт, жұмыртқа және сонымен қатар мал мен құс санының өсуі белгіленген.
Шағын бизнестің келешектегі даму беталысы белгіленуде, бұл жергілікті базарлардың толығуын тікелей өзіне тартып, бәсекелестік ортаны дамытады.
Өткізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша кедейшілікті төмендету жөнінде жұмыссыз халықтың жалпы беталыс деңгейінінің төмендеуі байқалуда, кедейшілік шегінен төмен тұратын адамдардың төмендеуін тікелей өзіне тартады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың мектеп алды дайындығына қамтылуы 100%-ға қамтамасыз етілген, сонмен бірге, балалар мектеп алды ұйымдарда орындардың жетіспеушілігі өткір белгіленуде.
2. Қаланың әлеуметтік және экономикалық дамуының 2009-2011 жылдарға арнаған негізгі бағыттары
2.1. Қаланың әлеуметтік және экономикалық дамуының проблемалы мәселелері
2.1.1. Инженерлік инфрақұрылым
ЖО құрылысы және су құбырларының магистральдық жүйелерін қайта жаңғырту
Курчатов қаласының жылу энергетикалық кешені ең бір негізгі, ең ауыр және қаланың инженерлік инфрақұрылымдағы әлеуметтік-маңызды нысаны болып табылады.
Бүгінгі таңда Курчатов қаласында тұрғын үй қорына бес қатты отында жанатын қазандықтар қызмет көрсетуде, сонымен қоса қаланың кейбір кәсіпорындары мен ұйымдарының меншігінде қатты және сұйық отында жанатын қазандықтары бар.
Сонымен бірге пайдалануға берілген уақыт кезеңінде қазандықтар мен қазандықтар жабдықтарының өндірістік қуаттылықты өндіргенін және 60%-ға тозғандығын атап өту қажет.
Қазандықтар ғимараты қаланың шетінде орналасқан, көмірде жұмыс істегендіктен жел тұрғанда түтін тұрғын үйлердің көлемін жабады, бұл экологиялық мөлшерді дөрекі бұзу болып табылады.
Курчатов қаласы қазіргі уақытта ыстық сумен қамтамасыз етілмеген, қазандықтардың қуаттылығы тұтынушыларға ыстық су беруді қамтамасыз ете алмайды.
Жылу жүйелерінің және қолда бар жабдықтардың 80 % -нан көбін ауыстыру қажет. Жөндеу жұмыстарына инвестиция салмай бірнеше жылдар қатарынан жылу көздерін және жолдарын пайдалану, технологиялық жабдықтар мен жолдарының толықтай тозуына әкеліп соқты, осыған байланысты, Курчатов қаласында ЖО құрылысына өткір қажеттілік туындады.
3868,7 млн. теңге сомасында қаражат бөлу мүмкіндігі талап етіледі, соның ішінде 2009 жылы облыстық бюджеттен 45,0 млн. теңге – ТЭН дайындауға, 2010 жылы – ЖСҚ дайындауға 400,0 млн. теңге, 2011 жылдан бастап республикалық бюджеттен – жылу орталықтары құрылысын салуға 3423,7 млн. теңге.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыру басым бағыттардың бірі болып табылады. Өмір сүрудің деңгейі мен сапасын халықтың толық қанды ауыз суымен қамтамасыз етілуі дәрежесі бойынша бағалауға болады.
Курчатов қаласын ауыз сумен қамтамасыз ету Ертіс өзенінің шектеуінен су бетінің есебінен болады, ол айтарлықтай өндірістік ластануға душар болған және еліміздің лас өзендерінің бірі болып табылады. Ертіс өзенінің суларын алдын-ала дайындаусыз шаруашылық және ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қолдана алмайды.
1948-1968 жылдары су тазалау станциясы және магистральдық сутартқыш, су іркігіш құрылыс бақыраштау ғимараттары пайдалануға берілген, тозу деңгейі 80%-ды құрайды. Соңғы 25 жылда осы нысандарда күрделі жөнеу жұмыстары жүргізілген жоқ.
Ұзақ мерзімде пайдаланудағы су тазалау ғимараттарының абажадай кешенінің ескірген, тозған жабдықтары су тазалау станциялары жұмыстарының сенімділігін төмендетіп және қанағаттандырмауға әкеп соқты, сонымен қатар қазіргі уақытта су дайындауды тиісінше қамтамасыз етпейді, санитарлық талаптарға жауап бермейді, пайдалану және электр энергиясы шығындарының өсуіне ықпалын тигізеді.
Суларды зарарсыздандыру үшін хлорды пайдалану, адамның ағзасына зиянды әсер етеді. Ауыз суды дайындауда экологиялық таза технологияларды табиғи материалдарды қолдана отырып, судың дәм сапасын төмендетпей адам ағзасына тигізетін зиянды химиялық қоспалардан тиімді тазалауды қамтамасыз етіп, су тазалау станцияларын қайта құруда ескірген тазалау технологияларынан жаңасына көшу қажет.
Курчатов қаласында магистральдық сумен жабдықтау жүйелерін және су дайындау жолдарын қайта жаңғырту, қызмет көрсету мен 70%-ға дейінгі сумен жабдықтау жүйелерінің ағымдағы жөнделуіне шығындарды төмендетіп, сапасын жақсартып және судың өзіндік құнын түсіреді, бұл сумен жабдықтау қызметтеріне арнаған белгіленген бағаны төмендетуге жағдай жасайды.
1517,2 млн. теңге сомасында қаражат бөлу мүмкіндігі талап етіледі, соның ішінде 2009 жылы облыстық бюджеттен 43,0 млн. теңге – іздестіру жұмыстарына, 2010 жылы – ТЭН және ЖСҚ дайындауға 139,2 млн. теңге, 2011 жылдан бастап республикалық бюджеттен – магистральді сумен жабықтау жолдарын және су дайындау жүйелерін қайта жаңғыртуға 1335,0 млн. теңге.
2.1.2. Қоршаған ортаны қорғау
2003 жылы бірінші кезекте өндірістік қалдықтарға арналған полигон құрылысы салынып, пайдалануға берілді.
Нақты уақытта жобалау-сметалық құжаттарға қайта есептеуді өткізу қажет, бұл тиісті шығындардың артуына әкеледі.
49,5 млн. теңге сомасында қаражат бөлу мүмкіндігі талап етіледі, соның ішінде 2009 жылы қалалық бюджеттен 4,5 млн. теңге – ЖСҚ дайындауға, 2010 жылы облыстық бюджеттен құрылыс салуға 45,0 млн. теңге.
2.1.3. Білім беру
Қаланың мектеп алды білім беру мекемесі бір «Журавушка» балалар бала-бақшасымен ұсынылған. Жұмыс істеп тұрған мекетеп алды мекемесінің жобалық қуаттылығы 280 орын, шындығында 324 бала жүктелген, осыған байланысты, қазіргі уақытта қалада орынға қатты қажеттілік туындады, балалар мектеп алды мекемесіне баруға арналған кезекте 300–ден аса балалар тұр.
338,3 млн. теңге сомасында қаражат бөлу мүмкіндігі талап етіледі, соның ішінде 2009 жылы облыстық бюджеттен 30,0 млн. теңге – Абай көшесі, 33 бойынша бұрынғы бала-бақша ғимаратын сатып алуға, республикалық бюджеттен –308,3 млн. теңге, соның ішінде: 2009 жылы ЖСҚ дайындауға 8,3 млн. теңге, 2010 жылы – бала-бақшаны қайта жаңғыртуға 300,0 млн. теңге.
2.1.4 Денсаулық сақтау
Қаланың денсаулық сақтау мекемесі «Қалалық аурухана» КМҚК ұсынылған, стационардың жобалық қуаттылығы 55 орынды құрайды, орындар қуаттылығының жоспары толықтай және асыра орындалады. Қалалық ауруханының қуаттылығын қосымша пайдалну мүмкіндігі жоқ. Қалалық аурухананың құрамына 145 баруға арналған поликлинкасы кіреді, шұғыл жедел жәрдем бөлімі тәулікке қызмет көрсетеді. Қала халқына қажетті медициналық көмекті аса сапалы көрсету үшін қажеттіліктер бар.
2009 жылы республикалық бюджеттен 1091,0 млн. теңге сомасында қаражат бөлу мүмкіндігі талап етіледі 2009 жылы 155,0 млн. теңге – ЖСҚ дайындауға және жаңғыртуды бастауға, 2010 жылы – жаңғырту бойынша жұмыстарды аяқтауға 936,0 млн. теңге.
2.1.5. Әкімшілік – аумақтық бөліну
Курчатов қаласының және Семей сынақ полигонының жерлерін Шығыс Қазақстан облысының құрамына беру туралы.
Курчатов қаласының аумақтық орналасқан жері, 1947 жылы қорғаныс кешені үшін Павлодар облысының жерлерінен алынған Семей полигонының жерлері болып табылады. 1947 жылдан бастап Курчатов қаласы Семей облысының әкімшілік бағынуында болды және 1974 жылға дейін Семей 21 атауын иеленді. Курчатов қаласын бүкіл әлемде Семей ядролық полигонының орталығы деп біледі. Біздің қаламызға келген барлық шетелдік делегациялар Семей қаласы мен Курчатов қаласын бір бүтін деп байланыстырады, сондықтан Курчатов қаласы Шығыс қазақстан облысының құрамында қалу керек және басқа балама нұсқалары болуы мүмкін емес. Семей сынақ полигонының жерлері қазіргі уақытта үш облыстық аумақтық бағынуында. Қазақстан Республикасының «Ұлттық ядролық орталық» РМК және оның құрылымдық бөлімшелері Курчатов қаласында орналасқандықтан, мұнда әкімшілік - аумақтық басқарманы оңтайландыру үшін бұрынғы ССП әкімшілік орталығын құру қажет, ол жер қатынастарын реттеу үлгілерін анықтаумен, яғни полигон жерлерін басқару жүйесін тәртіпке келтіруге жағдай жасайды, ядролық сынақ нәтижелерінен бұзылған осы аумақты уақытылы және сапалы бақылауды, жер құқығын ақтауды ұйымдастыруды қамтамасыз етді.
Курчатов қаласы және Семей сынақ полигонының жерлерін Шығыс Қазақстан облысының құрамына беру туралы мәселені шешу мүмкіндігін қарау ұсынылуда.
2.2. Облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуының 2009-2011 жылдарға арналған мақсаты мен тапсырмалары
Қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағыттары Мемлекет басшысының «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясатың басты мақсаты» Қазақстан халқына жолдауында, Үкімет Бағдарламасында, Индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясында анықталған мақсаттар мен тапсырмаларға сәйкес келеді.
2009-2011 жылдарға арналған бірінші кезектегі тапсырмалар:
- өнеркәсіптік кәсіпорындардың және өз қызметін экономиканың басқа салаларында жүзеге асыратын кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңарту, шағын бизнес субъектілеріне еркін бәсекелесу ортасын және тең жағдай жасау, қала экономикасына инвестициялар тарту, мектеп алды ұйымдарын ашу, халықтың кепілді орта білім алуы, денсаулық сақтау объектілеріндегі жүйелерді сақтау, ана мен баланың денсаулығын нығайту, халықтың саниталық-эпидемиологиялық амандығын қамтамасыз ету, кедейшілікті төмендету, қоғамдық жұмыстардың түрлерін көбейту және кеңейту, жұмысқа орналасуда жәрдем көрсету, мәдениет объектілерін сақтау болып табылады.
2.3. Қаланың әлеуметтік–экномикалық дауының 2009-2011 жылдарға арналған сандық индекаторлары
2009 жылдан бастап 2011 жылдары аралығындағы кезеңде өнеркәсіптік өндірістер көлемі 1,5 есеге өсіп және 2011 жылға 1 млрд. 205 млн. теңгені құрайды, соның ішінде өңдейтін өнеркәсіп саласында өнеркәсіптік өндірістер көлемі 2011 жылға 254,9 млн. теңгеге жетеді 2008 жылға 1,4 есеге өсімімен.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2011 жылға 119,3 млн. теңге сомасында қалыптасты, бұл 2008 жылдың деңгейіне 122,9%-ды құрайды.
Жыл сайын орташа айлық еңбекақы төлемінің өсу қарқыны 10,9%-дан 14,5%-ға дейін өсуді құрайды.
2011 жылға шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өнімдер шығару 384,5 млн. теңгеге жетіп және 2008 жылдың деңгейіне қарағанда 34,6%-ға өседі.
2011 жылға жұмыссыздық деңгейі 3,9%-ға дейін төмендейді немесе 0,3-0,4%-ға жыл сайын.
2011 жылға кедейшілік шегінен төмен өмір сүретін адамдардың саны 2008 жылдың көрсеткішіне қарағанда 8,4%-ға немесе 20 адмаға қысқарады.
3.1 Басымдылық 1. Экономикалық саясатты жүргізудің тиімділігін көтеру
1. Шара. Экономикалық өсудегі орталықтар мен «нүктелердің» дамуы
Қолда бар және болашақтық потенциалды ескере отырып, Курчатов қаласында 2005 жылы «Ядролық технологиялар паркі» технопарк құрылысы басталды, сондай-ақ ол қаланың экономикалық дауының жылжыйтын күші болып табылады.
2. Шара. Инвестициялық саясат
2009-2011 жылдары кезеңінде одан әрі қарай негізгі капталға инветиция салумен сипатталады. 2008 жылы 2,0 млрд. теңге сомасында инвестиция тарту жоспарлануда.
Кәсіпорынның меншік қаражаттары техникалық және техникалық қайта жарақтандыруға жұмылдыру, ал бюджеттік – әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға ұйғарылуда.
3. Шара Қаржы қызметі саласының дамуы
Келешекте қаржы жүйесінде экономиканы және халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және халықарлық стандарттарға сәйкес келетін қаржы жүйесінің тұрақты қалыптасуы мен тиімді қолданылуы жалғасады.
Халықты бөлшек несиелеу бойынша несиелік қоржынын арттыру, жедел салымдарға халық клиенттерді тарту, еңбекақылар мен зейнетақыларды пластикалық карточкаларға ауыстыру бойынша жұмыстар жалғасады.
Халық банкінің филиалымен және банктер ұсынушыларымен тұрғын үйлерді қалпына келтірумен ипотекалық несиені, жедел – несиелеуді дамыту жоспарлануда.
4. Шара. Коммуналдық мүлік пен басқаруды жетілдіру
2011 жылға мүліктік жалға мемлекеттік кісі тұрмайтын қорларының ұсынуынан қала бюджетіне түсім 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда 1,2 есеге артуы жоспарлауда.
5. Шара. Тең бәсекелес жағдайын қалыптастыру және бизнес- ортаны жақсарту
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту шараларын жүзеге асыру бекітілген бағдарламаларына сәйкес оның дамуына бөгет жасайтын тосқауылдарды жою және қолайлы жағдайлар жасау, шағын және орта бизнестің қызметтерін ынталандыру бағытында жүзеге асырылады.
Осымен осы бағыттағы мемлекеттік шаралардың тиімділігінің негізгі жағдайы кәсіпкерлер ассоциациясымен өзара байланысты ұйымдастыру болып табылады.
Қалада кәсіпкерлікті дамытуда тосқауылдарды жою бойынша құрамына мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлер қоғамдық бірлестіктерінің басшылары кіретін жұмыстық топ жұмыс істеді.
3.2. Басымдылық 2. Тұрақты дамуға көшу, халықтың өмір сүру сапасын көтеру мен амади капиталды дамыту
3.2.1. Шара 1. Тұрақты дамуға көшуді қамтамасыз ету
Қалада тиімді экономикалық өсуге, адами ресурстар сапасын көтеруге, сонымен қатар экологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған шаралар жүзеге асырылады.
3.2.2. Шара 2. Демографиялық және көші-қон жағдайларын тұрақтандыру
2009 жылы орташа жылдық халық санының болжамы 10,7 мың адамды құрайды (2008 жылға 100,9%), 2010 жылы – 12,6 мың адам (2009 жылға 117,8%), 2011 жылы – 14,5 мың адам (2010 жылға 115,1%).
Жақсылық нышанының беталысы байқалады – бұл қайтыс болу деңгейінен туу деңгейінің асып түсуі.
3.2.3. Шара 3.Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін толық жетілдіру және халықтың әл-ауқатын көтеру
Әлеуметтік саладағы негізгі басымдылық жұмыспен қамту саясатын белсенді жүргізу, тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсарту, жұмысқа жарамайтын және аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік колдауды қамтамасыз ету болып табылады.
3.2.4. Шара 4. Халықтың денсаулық жағдайын жақсарту
Денсаулық сақтауды дамытудың басым бағыты медициналық қызметтерге қол жетушілік және сапасын қамтамсыз ету, халықтың денсаулығын жақсарту болып табылады.
3.2.5. Шара 5. Білімді дамыту мен кадрларларды дайындау сапасын көтеру
2009-2011 жылдарға арналған негзгі басымдылықтар білім беру ұйымдарының жүйелерін сақтау, 12-жылдық оқытуға көшу болып табылады. Мектеп алды білім беру жүйелерін одан әрі қарай дамыту бойынша шаралар жүзеге асырылады, осыған байланысты балалар мектеп алды ұйымдарын қайта жаңғырту белгіленуде.
3.2.6. Шара 6. Спорт пен мәдениеттің дамуы
Мәдениет және спортты дамыту саласында басым бағыт болып салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дене шынықтыру және спорт құралдарымен тұрғындардың барлық санаттарын заманауи сапалы мәдени қызметтерімен тең қамтамасыз ету болып табылады. Талданбалы кезең ішінде мәдениет объектілерін сақтау және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.
3.2.7. Шара 7. Халықтың тұрғын үйге қол жетушілігін қамтамсыз ету
Курчатов қаласы «Молдары» кентін және «Дегелен» темір жол станциясын қосқанда айтарлықтай аумақты алып жатыр. 1994 жылы әскери бөлімдердің шығарылғанынан соң тұрғын үй қоры 70%-ға босап қалды. Көптеген жылдар өте келе тұрғын үйлерге тығыздалуы жүзеге асырылды, көптеген тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу қажет, олардың салынған мерзімі 30 жыл және одан да артық, күрделі жөндеулер жүргізілмеген.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жедел экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғырту жолында» Қазақстан халқына жолдауының жариялануымен 34 жеке тұрғын үйлер құрылысын және 8 тұрғын үйлерді қайта жаңғырту жоспарлануда, соның ішінде 2008 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 1 тұрғын үйді қайта қалпына келтіру (әскери бөлім) және 1 үйді облыстық бюджет қаражаты есебінен іске қосу жоспарлануда.
3.2.8. Шара 8. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету
Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін жұмыстар еңбек нарығында әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін көтеруге, әйелдер арасында кәсіпкерлікті одан әрі қарай дамытуға, әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және жағдайларын жақсартуға, олардың қоғамдық –саяси өмірде теңдік негізінде жан жақты қатысуына бағытталады.
3.2.9. Шара 9. Экологиялық жағдайды жақсарту. Жаңартылған ресурстарды және энергия көздерін дамыту
Қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатымен табиғатты қорғау іс-шараларына 2009 жылы – 238,4 млн. теңге, 2010 жылы – 76,2 млн. теңге, 2011 жылы – 0,7 млн. теңге қаржыландыруды қарау жоспарлануда.
3.3 Басымдылық 3. Инфрақұрылымдарды дамыту
3.3.1. Автомобиль құралдарын дамыту және автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту
Қалада тіршілік қарекетін қамтамасыз етуде маңызды бағыттың бірі Семей-Курчатов автомобиль жолдары болып табылады. Ұзындығы 130,0 км. созылған жолға шұғыл күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.
Сонымен қатар қала жолдарына, ораміші жолдары және жаяу жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
-
Телекоммуникация және пошталық байланыстың дамуы
Облыстағы телекоммуникациялық қызметтердің басым бағыттары жүйелерді жетілдіру мен дамыту, жаңа технологияларды енгізу болып табылады.
Келешекте Курчатов қалалық телекомуникация торабын дамыту жоғары шапшаң Интернет жүйесі үшін қосымша құрал жабдық орнату және телефон аппараттарының станциялық сыйымдылығын кеңейту жоспарлануда.
Қызмет көрсетуді жақсарту және пошталық байланыста көрсетілген қызмет түрлерін кеңейту мақсатымен жеке тұратын пошта ғимараты салынып және пайдалануға берілді.
3.4. Басымдылық 4. Экономиканы жетілдіру және әртараптандыру
3.4.1. Шара 1. Экономика секторының индустриалық- инновациялық дамуы
Технологиялар және инновациялардың дамуы
Озық технологиялар мен инновацияларды қолдану және жетілдіру, әзірлеу, құру бойынша жұмыстар жалғасуда.
«Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамы мынадай жобаларды жүзеге асыруды жоспарлауда:
- мұнай газдық жабдықтарды радиоактивті ластанудан тазарту және қатерсіздендіру бойынша мобильді химико-технологиялық кешенін құру;
- «Коврелен-2» көбіктенген және гидроизоляциялық жабын материалының өндірісін құру;
- жылу сорғы қондырғы өндірісін құру;
- ИЛУ -10 үдеткіш базасында радиациялық стерилдеу кешенін құру.
3.4.2. Шара 2. Өңдейтін өнеркәсіптің дамуы
Өңдейтін өнеркәсіпті дамыту мақсатымен осы саладағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жабдықтарын жетілдіру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады.
2009 жылы өңдейтін саладағы өнеркәсіптік өнімдерді өндіру көлемі 202,8 млн. теңгені құрады 2008 жылдың деңгейіне 110,6%-ға өсімімен; 2010 жылы – 226 млн. теңге, 2009 жылдың деңгейіне 111,4%-ға өсімімен, 2011 жылы – 254,9 млн. теңге 2008 жылдың деңгейіне 1,4 есеге өсімімен.
3.4.6. Шара 3. Құрылыс индустриясының салынуы және дамуы
2009 жылы «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамы радиациялық қондырғы кешені базасында заманауи полимерлі жабын және гидроизоляциялық материалдар өндірісінің құрылысын бастау жоспарлануда.
4. 2009-2011 жылдарға арналған жергілікті бюджет шығындарының негізгі бағыттары
2009-2011 жылдарға арналған бюджеттік саясат өткізілетін әлеуметтік реформаны қаржылай қамтамасыз етуге, білімді дамытуға, мәдениет және тұрғын - үй комуналдық шаруашылыққа бағытталады.
Бағдарламаны іске асыру республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан қамтамасыз етіледі.
48. Тексеру және Жоспарды бақылау.
Қаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту орта мерзімдік жоспарын жүзеге асыруда ұсынушы және атқарушы билік органдарымен үнемі бақылауда, Жоспардың негізгі көрсеткіштерінің орындалу қорытындысы мәслихат және қалалық әкімдік отырысында жүйелі түрде қаралады. Мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың жүзеге асуын тоқсан сайын бақылау қаралған. Жоспардың негізгі көрсеткіштерін орындау бойынша қаланың әлеуметтік–экономикалық дамуының рейтингтік бағалауы өткізіледі.
Экономика және бюджеттік
жосапрлау бөлімінің бастығы Т. Ельникова
Достарыңызбен бөлісу: |