И телекоммуникации



бет1/6
Дата20.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#149673
  1   2   3   4   5   6




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА
МІНДЕТТІ БІЛІМ СТАНДАРТЫ


ЖОҒАРЫ КӘСІБИ БІЛІМ

БАКАЛАВРИАТ

МАМАНДЫҒЫ 050719 – РАДИОТЕХНИКА, ЭЛЕКТРОНИКА

ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР

СПЕЦИАЛЬНОСТЬ 050719 – РАДИОТЕХНИКА, ЭЛЕКТРОНИКА

И ТЕЛЕКОММУНИКАЦИИ

SPECIALITY 050719 – Radioengineering, electronics

and telecommunications


ҚР МЖМБС 3.08.094 – 2004


Ресми басылым
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Астана
Алғысөз
1 Алматы энергетика және байланыс институты мен Қ.И. Сәтбаев атындағы Ұлттық қазақ техникалық университеті ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН.
2 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «____» ___________ 2004 ж. №_______ бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН.

3 АЛҒАШҚЫ РЕТ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН



4 Бұл стандартта Қазақстан Республикасының 07.06.1999 ж. № 389-1 «Білім туралы» Заңының және 02.09.1999 ж. №1290 «Мемлекеттік білім стандарттарын әзірлеу, бекіту және қолданыста болуы мерзімдерін белгілеу тәртібі туралы» қаулысының нормалары жүзеге асырылған.
5 Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда Министрлігінің стандарттау, метрология және сертификаттау Комитетімен ___________ 2004 ж. № _____ КЕЛIСТIРIЛГЕН.

Бұл стандарт Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жазбаша рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара көбейтіле және таратыла алмайды.



Мазмұны

3 АЛҒАШҚЫ РЕТ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН II

1 Қолданыс бағыты 5

2 Нормативтік сілтемелер 5

3 Анықтамалар мен қысқартулар 5

4 Мамандық ауқымындағы оқу бағдарламаларының тізімі 6

5 Біліктілік пен қызметтер тізімі 6

6 050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бакалаврының біліктілік сипаттамасы 6

7 Білім беру негізінің жалпы бұқаралық мақсаттары мен сатылары 16

8 Бітірушілердің білімділік деңгейіне қойылатын талаптар 17

9 050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша оқыту бағдарламасының мазмұны 20

10 050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша бакалаврды дайындау білім беру ортасына қойылатын талаптар 36

11 Аттестациялық процедураларға қойылатын талаптар белгіленген тәртіппен бекітілетін төмендегі нормативтік құжаттармен анықталады 39

12 Мемлекеттік білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын жасауға, жаңартуға (өзгертуге, өңдеуге) қойылатын талаптар 42

13 Академиялық дәреже алғандықты растайтын құжат пен оның қосымшасына қойылатын талаптар 43

А қосымшасы

ТИПТІК ОҚУ ЖОСПАРЫ 44




Кіріспе
Бұл мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары кәсіби білім беру стандартының жасалу мақсаты, оқушылардың оқу процесі барысында қажетті білім деңгейі мен дағдыларын алуды қамтамасыз ету.

Оқу процесін ұйымдастыру оқушылардың міндетті білім деңгейін алуын, олардың оқу материалдарын толығымен меңгеруін және жеке шығармашылық тұлға ретінде қалыптасуына жағдай туғызуды қамтамасыз етуі тиіс

Оқушы оқу материалдарының мемлекеттік компонент сабақтарына қойылатын міндетті аумағын игеруде, оның игеру деңгейін өз бетінше таңдау мүмкіндігі, бакалаврдың дайындық деңгейінің, жоғары білім деңгейін растайтын құжаттардың жақын және алыс шетелдерде танылуын қамтамасыз етеді.

Бұл мемлекеттік стандарт жоғары кәсіби білім беру жүйесі шеңберінде оқытудың жалпы талаптарын қамтамасыз ете отырып, оқушылардың бітіруші жұмыс тақырыбын, және де бірқатар оқытылатын пәндерді таңдау мүмкіндіктерін бере отырып, әр оқушының жеке ыңғайына қарай оқытуды қамтамасыз етеді.




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ СТАНДАРТЫ




ЖОҒАРЫ КӘСІБИ БІЛІМ
БАКАЛАВРИАТ


МАМАНДЫҚ: 050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар




Енгізу күні_____________

1Қолданыс бағыты


Бұл стандарт ҚР МЖМБС 5.03.001-2004 негізінде жасалып дайындалған және 050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша бакалавр білімінің мазмұны мен оларды дайындау деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.

Стандарттың Ережелері, аталған мамандық бойынша, бакалавр дайындауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында, олардың ведомстволық бағыныштылығына, ұйымдастырушылық-құқықтық және оқу түрлеріне байланыссыз, қолданылуға және сақталуға міндетті.


2Нормативтік сілтемелер


Бұл стандартта ҚР МЖМБС 5.03.001-2004 «Жоғары кәсіби білім. Бакалавриат. Негізгі ережелері»-не жасалған сілтеме пайдаланылған.

3Анықтамалар мен қысқартулар


Бұл стандартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және ҚР МЖМБС 5.03.001-2004-ке сәйкес анықтамалар мен қысқартулар қолданылады.
Ресми басылым

4Мамандық ауқымындағы оқу бағдарламаларының тізімі


Мамандық ауқымындағы оқу бағдарламаларының тізімін жоғары оқу орнының Кеңесі белгілейді және оның өндірістік бағыттары электрондық жүйелер мен технологиялар, байланыс желілері мен коммутациялау жүйелері, көпарналы телекоммуникациялық жүйелер, радиотехника, радиобайланыс, радиохабар және теледидар, жылжымалы байланыс жүйелері мен жабдықтары, радиобайланыс және радионавигация бойынша анықталады.

Оқу бағдарламаларының ауқымында күндізгі, сырттан және қысқартылған (жеделдетілген) оқу түрлері қарастырылған. Олардың оқу мерзімдері:



  • күндізгі – 4 жыл;

  • сырттан – 6 жыл;

  • күндізгі қысқартылған (жеделдетілген) – 3 жыл;

  • сырттан қысқартылған (жеделдетілген) – 4-5 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет