И телекоммуникации


Аттестациялық процедураларға қойылатын талаптар белгіленген тәртіппен бекітілетін төмендегі нормативтік құжаттармен анықталады



бет6/6
Дата20.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#149673
1   2   3   4   5   6

11Аттестациялық процедураларға қойылатын талаптар белгіленген тәртіппен бекітілетін төмендегі нормативтік құжаттармен анықталады


    1. Аттестациялау және сертификаттау комиссияларына қойылатын талаптар

Аттестациялау комиссиялары білім сапасының деңгейін сырттан қадағалау үшін келесі түрлерде құрылады: білім мекемесін аттестациялау, аралық мемлекеттік бақылау, оқушыларды қорытынды мемлекеттік аттестациялау.

Білім мекемесін аттестациялау білім беру қызметтеріне рұқсат беру үшін осы қызметтердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына және біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру үшін жүргізіледі

Аттестациялық комиссиялар өз жұмыстарын 1999 жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен № 1305 «Білім мекемелерін мемлекеттік аттестациялау қағидалары» мен Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылдың 13 ақпанындағы № 79 бұйрығымен бекітілген «Білім мекемелерін мемлекеттік аттестациялауға арналған нұсқаулар» негізінде жүргізеді.

Аралық мемлекеттік бақылау жоғары оқу орындарының 2 (3) курс студенттерінің оқу барысындағы жетістіктерін бақылауды бірегей өлшеу-бақылау материалдарының (тестілік тапсырмалар) негізінде бакалавриат мамандықтарының жалпы білімдік және негіздік пәндер бағдарында жүргізіледі.

Аралық мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру үшін Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылдың 31 наурызында № 264 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім беру мекемелерінің оқушыларын аралық мемлекеттік бақылаудан өткізу және ұйымдастыру тәртіптері» бойынша мемлекеттік және регионалдық комиссиялар құрылады

Қорытынды мемлекеттік аттестациялау оқушылардың алған білім деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкестігін анықтау үшін жүргізіледі.

Мемлекеттік аттестациялауды өткізу үшін белгіленген тәртіп бойынша Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылдың 12 шілдесіндегі № 714 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарының оқушыларын қорытынды аттестациялаудан өткізу және ұйымдастыру тәртіптерінің ережелеріне» сәйкес мемлекеттік аттестациялау комиссиялары (МАК) құрылады.

Сертификаттау комиссиялары бағалау материалдарының, стандартталған тестілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына, олардың сапа кепілдігіне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсаттарында құрылады.

Сертификаттау комиссиялары өз қызметтерін келесі құжаттар неізінде атқарады:

ҚР СТ 3.0-2001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Жалпы қағидалар;

ҚР СТ 3.8-2000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Эксперт-аудиторлар. Біліктілік талаптары, даярлау және аттестациялау тәртіптері.


    1. Ағымдық, аралық және қорытынды аттестациялауға қойылатын талаптар

Ағымдық, аралық және қорытынды аттестациялау оқушылардың білім бағдарламаларын меңгерудегі жетістіктерін бағалау үшін құрылады.

Ағымдық, аралық және қорытынды аттестациялауды жүргізудің негізгі талаптары: шындық, міндеттілік, мерзімділік және жариялылық.

Оқушыларды ағымдық аттестациядан өткізуді жоғары оқу орындары өз беттерімен өткізеді.

Оқушыларды аралық аттестациядан өткізуді білім ордалары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылдың 11 наурызындағы № 151 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарының жұмыстарын ұйымдастыру тәртіптеріне» сай жүргізеді.

Жоғары оқу орындарының 2 (3) курс студенттерінің аралық мемлекеттік бақылауын ұйымдастыру мен өткізу белгіленген тәртіп бойынша Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылдың 31 наурызындағы № 264 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім беру мекемелерінің оқушыларын аралық мемлекеттік бақылаудан өткізу және ұйымдастыру тәртіптеріне» сай іске асырылады.

Жоғары оқу орындарының оқушыларын қорытынды мемлекеттік аттестациялауға қойылатын талаптар белгіленген тәртіп бойынша Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылдың 12 шілдесіндегі № 714 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарының оқушыларын қорытынды аттестациялаудан өткізу және ұйымдастыру тәртіптерінің ережелеріне» сәйкес белгіленеді.



    1. Бағалау құралдары мен технологияларына қойылатын талаптар

Оқу мекемелері мен оқушыларды аттестациялау стандартталған технологиялар бойынша орталықтандырылған тестілік түрде атқарылады.

Оқу жетістіктерін бағалау тәртібі – нәтижелерді бірегей ережелер бойынша орындау, тексеру, өңдеу мен бағалау түрінде жүргізіледі.

Тестілеу белгіленген тәртіпте сертификаттаудан өткен стандартталған материалдарды, тестілерді және біліктілік тапсырмаларын пайдалану арқылы өткізіледі.


    1. Бағалаудың нормаларына (критерийлеріне) қойылатын талаптар

Аттестациялаудың барлық түрлерінің нәтижелерін бағалау белгіленген тәртіп бойынша нормативтік сәйкес құжаттарға сүйене анықталады.

12Мемлекеттік білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын жасауға, жаңартуға (өзгертуге, өңдеуге) қойылатын талаптар


    1. МЖМБС-ты егізудің бастама тәртібі

Мемлекеттік білім берудің жалпыға міндетті стандарттарына өзгертулер, қосымшалар енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.09.99 ж. № 1290 «Мемлекеттік білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын жасау, бекіту және пайдалану мерзімін анықтау тәртіптері» Қарарына сай жүргізіледі.

    1. МЖМБС-ты жасау тәртібі

Қазақстан Республикасының білім бағытындағы орталық атқарушы органы мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын жасауды конкурстық негізде ұйымдастырады.

    1. МЖМБС-ты сараптамадан өткізу тәртібі

МЖМБС-ты сараптамадан өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылдың 8 мамырындағы № 400 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік жалпыға міндетті кәсіби білім стандарттарының жобаларын жасауға конкурстар өткізу тәртіптеріне нұсқаулар» негізінде анықталады.

    1. МЖМБС-ты тәжірибелік енгізуден өткізу тәртібі

Бекітілген МЖМБС ведоствалық тәуелділігіне және меншік түріне қарамай келесі оқу жылынан бастап барлық оқу орындарында бір мезгілде енгізіледі.

Жаңа МЖМБС технологиялары мен оқу әдістемелерін енгізу алдымен тәжірибелік байқау ретінде кейбір оқу мекемелерінде жүргізіледі.



    1. МЖМБС-ты бекіту тәртібі

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын енгізу, олардың жұмыс атқару мерзімдерін белгілеу Қазақстан Республикасының білім бағытындағы орталық атқарушы органы ұйымдастырған конкурстық комиссияның шешімімен, мемлекеттік стандарттау, метрология және сертификаттау мекемесімен келісілген жағдайда жүргізіледі.

    1. Бұқаралық білім беру процесіне енгізу тәртібі

Жоғары білім беретін оқу орындары меншіктік формаларына, типтеріне және түрлеріне қарамай мемлекеттік білім деңгейіне сәйкес жалпыға міндетті білім стандарттарын ұстауға міндетті.

13Академиялық дәреже алғандықты растайтын құжат пен оның қосымшасына қойылатын талаптар


Оқу бітіргендерге «бакалавр” дәрежесі беріліп, жоғары білім туралы диплом мен оқу жоспарына сәйкес меңгерілген пәндер бойынша бағалары мен игерілген кредиттер, академиялық сағаттар саны көрсетілген академиялық анықтама тапсырылады.
А қосымшасы

ТИПТІК ОҚУ ЖОСПАРЫ

050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Оқу мерзімі:4 жыл

Академиялық дәрежесі: бакалавр


Пән циклы

Пәннің

коды


Пән аты

Кредиттер саны

Семестр

Бақылау түрі

1

2

3

4

5

6

ЖБП




Жалпы білім беру пәндері

32







Міндетті компонент (пәндер тізбесі)

20







ЖБП1

IKZ100

Қазақстан тарихы

3

1

емтих.

ЖБП2

FIL200

Философия

3

4

емтих.

ЖБП3

KAZ100

Қазақ (орыс) тілі

3

2

емтих.

ЖБП4

INO100

Шет тілі

6

1,2

емтих.

ЖБП5

INF100

Информатика

3

1

емтих.

ЖБП6

EKO300

Экология

1

5

емтих.

ЖБП7

HIM300

Химия

1

2

емтих.

ЖБП8

FKY100

Денешынықтыру










ЖБПТ




Таңдау бойынша компонент

12

























БП




Базалық пәндер

64







Міндетті компонент (пәндер тізбесі)

40







БП1

MAT101

Математика 1

3

1

емтих.

БП2

MAT102

Математика 2

3

1

емтих.

БП3

MAT103

Математика 3

3

2

емтих.

БП4

FIZ101

Физика 1

4

2

емтих.

БП5

FIZ202

Физика 2

3

3

емтих.

БП6

TEC201

Электр тібектерінің теориясы 1

4

3

емтих.

БП7

TEC202

Электр тібектерінің теориясы 2

3

4

емтих., курс. жұмыс

БП8

MET200

Метрология, стандарттау және сертификаттау

2

4

емтих.

БП9

RET201

Радиотехника, электроника және телекоммуникация негіздері 1

2

4

емтих.

БП10

RET202

Радиотехника, электроника және телекоммуникация негіздері 2

4

4

емтих.

1-кестенің соңы



1

2

3

4

5

6

БП11

TES300

Электрлік байланыс теориясы

4

5

емтих., курс.ж.

БП12

TPV300

Электромагниттік толқындарды тарату теориясы

3

5

емтих.

БП13

OTB400

Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігінің негіздері

2

8

емтих.

БПТ




Таңдау бойынша компонент

24







ПП




Профильдік пәндер

32







Міндетті компонент (пәндер тізбесі)

13







ПП1

EAN201

Электроника және аналогтық құрылғылардың схематехникасы

2

3

емтих.

ПП2

EAN202

Электроника және аналогтық құрылғылардың схематехникасы

3

4

емтих., курс.ж.

ПП3

ZYM300

Цифрлық құрылғылар мен микропроцессорлар

3

5

емтих., курс.ж.

ПП4

TBS300

Сымсыз байланыс технологиялары

2

5

емтих.

ПП5

TDS300

Цифрлық байланыс технологиялары

3

6

емтих., курс.ж.

ППТ




Таңдау бойынша компонент

19































БАРЛЫҒЫ

128







Практикалар

Оқу-өндірістік

3







Өндірістік- бітіруалдылық

7



















Мемлекттік қорытынды аттестация

1. Мамандық бойынша мемлекеттік емтихен:










2. Бітіруші жұмысты қорғау










Барлығы











Ескертулер:

Тиісті білім беру деңгейінің кредиттеріндегі оқу пәндерінің тізімі мен көлемін реттейтін негізгі құжат, оларды оқу тәртібі.

Оқу жоспарларында пәндерді кодтаудың біріңғай жүйесін қолдану ұсынылады, ол оқу жоспарының әрбір пәніне әріптен (латын алфавитінің үш немесе төрт бас әрпі) және саннан (үш немесе төрт таңбалы, мұнда бірінші цифр оқу курсын білдіреді) тұратын тиісті кодтан құралады.

УДК 621.396.6:621.394/397 МКС 01.040.01 Т 50
Негізгі сөздер: мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, жоғары кәсіби білім, бакалавр, бітіруші жұмыс, базалық пәндер, профильдік пәндер, радиотехника, электроника, телекоммуникация, компьютерлік технологиялар
Стандартты құрастырушылар
Авторлық ұжым:

Алматы энергетика және байланыс институтының


(АЭжБИ) «Автоматты электрлік байланыс»
кафедрасының меңгерушiсi, т.ғ.к., профессор Т. Қ. Бектібаев

АЭжБИ «Электроника және компьютерлік технологиялар»


кафедрасының меңгерушiсi, т.ғ.к., профессор Ә. Б. Берікұлы

АЭжБИ «Автоматты электрлік байланыс»


кафедрасының профессоры, т.ғ.к. Ә. Д. Жанғозин

Қарағанды мемлекеттік университетінің


«Радиофизика және электроника» кафедрасының
меңгерушiсi, ф.м.ғ.к., профессор Қ. Т. Ермағанбетов

Қ.И. Сәтбаев атындағы Ұлттық қазақ техникалық


университетінің (ҚазҰТУ) «Есептеу техникасы»
кафедрасының меңгерушiсi, т.ғ.к., профессор А. С. Ермаков

АЭжБИ «Телекоммуникациялық жүйелер»


кафедрасының меңгерушiсi, т.ғ.к., доцент С. В. Коньшин

ҚазҰТУ «Есептеу техникасы»


кафедрасының профессоры, т.ғ.к. Ж. Н. Ниеталин

ҚазҰТУ «Есептеу техникасы»


кафедрасының доценті, т.ғ.к. Ж. Ж. Ниеталина

АЭжБИ оқу әдістемелік


бөлімінің бастығы, т.ғ.д., профессор О. З. Рутгайзер

Бекітілген:

Қазақстан Республикасының Бiлiм және


ғылым министрлiгiнiң Жоғары және орта кейiнгi
бiлiм беру департаментiнiң директоры Б.Абдрасилов
«______»____________2004 ж.


Келісілді:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік


стандарт төрағасы А. Құсайынов
№ _____ хат, «______»____________2004 ж




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет