Иесіз қалған жер учаскелерін есепке алу және пайдалану жәйі туралы



Дата01.07.2016
өлшемі30.5 Kb.
#170209
Иесіз қалған жер учаскелерін есепке алу және пайдалану жәйі туралы.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің №1/1465; №1/4991 хаттамалық тапсырмалары бойынша «Аудан аумағында ауыл шаруашылық өндірісіне және объектілерді салуға берілген, мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскелеріне тексеру жүргізу» жөніндегі облыс әкімі Б. Сапарбаевтың тікелей бақылауында тұрған тапсырманы орындау мақсатында аудан әкімдігінің 01 сәуір 2009 жылғы № 109 қаулысымен арнайы комиссия құрылды.

Пайдаланусыз жатқан ауыл шаруашылығына арналған жерлерді қайтару үшін Жер кодексіндегі заңдылықты басшылыққа алып жұмыс ұйымдастыру, аталған тапсырманы орындау барысында аудандық жер қатынастары бөлімі 2008-2010 жылдар аралығында жалпы алаңы 24 мың гектар ауыл шаруашылық жер телімдерін есепке алды.

Иесіз мүлік ретінде есепте тұрған жер учаскелерін, босалқы жер есебінде ұстамай, ауыл шаруашылығына айналысқа енгізіп, жергілікті бюджетке кіріс енгізу мақсатында жер қатынастары бөлімі есепке алынған 24 мың гектар жер телімдерінің 3001 гектарын, Құмкөл ауылдық округі аумағында жұмыс істейтін «Бауыржан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне ( Бақыт Ахметжановқа) , 1272 гектарын Маңырақ ауылдық округінің «Жүргін» шаруа қожалығына (Ғазизов Тоқанға), 1360,7 гектарын Қызылкесік ауылдық округінің «Камшат» шаруа қожалығына (Жайлаубаева Алтынбүбіге), 3001 гектарын «Сағынқұмаров» шаруа қожалығына басшыларына жиыны - 8634,7 гектар ауыл шаруашылығы жерлерін 49 жылға өтеулі жер пайдалану құқығымен табыстады.

Аудандық жер қатынастары бөлімінің әр апта сайын облыстық жер қатынастары басқармасына беріп отыратын есебіне сәйкес, 2008-2010 жылдар аралығында иесіз мүлік ретінде есепке алынған 24076 гектар ауыл шаруашылық жерлерінің 14439 гектары , яғни 60 пайызы мемлекетке қайтарылып бүгінгі күнге, нақты иесіз мүлік ретінде есептегі жерлердің көлемі 9637,1 гектарды құрап отыр, оның 550 гектары егістік жер, мемлекетке қайтарылып алынған жерлер, аудан әкіміне жер сұрап өтініш беруші жеке және заңды тұлғаларға табысталуда.

2009 жылы аудан әкімдігінің қаулысымен құрылған ауыл шаруашылық жерлерін тексеріп-түгендеу жөнінде құрылған комиссиясының жұмыс нәтижесімен анықталған, аудан аумағынан басқа жаққа көшіп кеткен, алған жер учаскесін ұзақ уақыт бойы пайдаланбаған немесе шаруа қожалығының басшысы қайтыс болып кеткен 55 шаруа қожалықтарының 5632,6 гектар жерлерін аудандық жер қатынастары бөлімі иесіз мүлік ретінде есепке алып, Қазақстан Республикасының «Жер Кодесінің» 82 бабының 1,2 тармақтарында белгіленген заңдылық негізінде мемлекет жер қорына қайтарып алу үшін шаруашылықтардың іс-қағаздарын жинақтап, құжаттарды аудандық соттың қарауына маусым айында (июнь) ұсынатын болады.

Тарбағатай ауданы әкімдігі, иесіз мүлік ретінде есепке алынған жер телімдерін мемлекет жер қорына қайтарып, ауыл шаруашылығы айналысына енгізу мақсатында аудандық жер қатынастары бөлімінің, атқарып отырған жұмысын 22 ақпан 2010 жылы өзінің кезекті мәжілісінде қарап, жұмыс барысында жекелеген ауылдық округтерде жіберілген олқылықтармен кемшіліктердің жою жолдарын, алдағы уақытта Жер кодекісінің талаптарына сай аудан аумағында атқарылуға қажетті тапсырмаларды 24 ақпан, 2010 жылғы № 64 қаулымен белгілеп берді.



Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тікелей бақылауында тұрған пайдаланусыз жатқан ауыл шаруашылығына арналған жерлерді мемлекеттің арнайы жер қорына қайтарып-алу туралы тапсырмасын орындау мақсатында аудандық жер қатынастары бөлімі өз жұмысын Қазақстан Республикасы «Жер Кодексінің» талаптарында белгіленген заңдылықты басшылыққа ала отырып жүргізетін болады.

Аудандық жер қатынастары

бөлімінің бастығы Ғ.Ж.Нұғиев


Дайындаған: Т.Оспанов

2-18-99

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет