Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ


Бақсылық -Ежілгі пұтқа табынушылықпен, анимизм, тотемизм және рухтарға сенумен



бет48/79
Дата16.09.2022
өлшемі218.07 Kb.
#460840
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   79
ерте орта дамыған қаз тарих

Бақсылық

-Ежілгі пұтқа табынушылықпен, анимизм, тотемизм және рухтарға сенумен байланысты. Бақсы-о дүниелік әлеммен және рухтармен байланысты жүзеге асыратын, сиқырлық іс-әрекеттерімен (қобызда немесе домбырада ойнау, ән айту т.б.) адамдарды емдеуге қабілетті адам. Ислам уақытында бақсылар емдеу мен балгерлік іспен айналыса отырып, өз ықпалын сақтауды жалғастырды.

Ата-баба рухына табыну

-Тәңіршілдікте ата-баба рухына (аруаққа) табынуға зор мән берілді. Ол жерлеу-еске алу ғұрыптарынан, ата-бабалар зираттарына тәу ету, құрбандық шалу, ата-бабалар атын әскери ұрандар ретінде пайдаланудан көрініс тапты.
-Қорқыт ата түркілерде халықты Тәңірмен жалғастырушы болып есептеледі. Түркілер Қорқыт атаның әруағы аруды емдеп, бақытсыздықтан сақтайтындығына, балаларды түрлі сырқаттардан қорғайтынына сенді.Қорқыт атаның айтуынша, адам үшін ең жағымсыз қасиет-адамгершіліктің жоғалуы.

«Көк бөрі»

-Ежелгі түріктер Көк бөріге табынған.Ашина әулетінің шығу тегінің қасқырмен байланысы туралы аңыз болды.Қазақтарда бөріге табынудың белгісі – оның қасқыр атын атамауы.
- «Оғызнама» дастанында бөрі Оғыз ханға: « жорыққа мен бастап барайын»деп тіл қатқан.

Фарн

-Фарн-түрлі халықтарда соңғы кезге дейін береке-байлық, денсаулық, сонымен қатар, қаскөй күштерден үй ішін қорғаушы рөлін атқарып келген.
-Қой-оғыздар өздерінің шыққан тегін байланыстырып, қорғаушысы ретінде табынған жануар. Жазба деректерде Сырдария аймағында қойға табыну салты өріс алғандығы айтылады. Мұндай бейнелер зооастралық фарнға байланысты туған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет