Ата-аналар мен балалардың эмоциялық интеллект қалыптасуы мен дамуының маңызы
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Инновациялық білім беру факультеті Психология және арнайы білім беру кафедрасы
Жоспар:
Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Эмоциялық интелект терминіне анықтама
2.Ата-аналардың эмоциялық интелект
3.Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық интелектісі
4.Ата-аналардың эмоциясын қалыпқа келтіру жолдары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Эмоциялық интеллект - 1997 жылдан бастап эмоциялық интеллектіні эксперименталды зерттеу басталды. Арнайы трейнингтер мен дамыту топтары жанұялық климатты, тұлға аралық қарым- қатынасты реттей бастады, яғни эмоциялық интеллект іс жүзінде нəтиже бере бастады. Эмоциялық интеллект деңгейі жоғары тұлғалар өзінің жəне өзгенің эмоциясын түсінетін, эмпатияға бейім, қарым-қатынаста эмоцияны басқара алатын болғандықтан əлеуметте адаптацияланған əрі мақсаттарына жете алатын индивид ретінде көрінеді. Ата-ана тəрбиесінде эмоциялық интеллектінің алатын орнының маңызды тұстарын жəне бала дамуында эмоциялық интеллектінің рөлін зерттеу арқылы отбасындағы психологиялық жағдайды қалыптастыру өте маңызды.
Қазіргі зерттеулердің бір сыпырасы эмоция мен интеллект арасындағы өзара байланысты зерттеуге бағытталған. «Эмоциялық интеллект» психологиядағы жаңа бағыттардың біріне кіреді - Қазіргі зерттеулердің бір сыпырасы эмоция мен интеллект арасындағы өзара байланысты зерттеуге бағытталған. «Эмоциялық интеллект» психологиядағы жаңа бағыттардың біріне кіреді
- Г.Гарднер мен П. Сэловей ұсынған эмоциялық интеллект ұғымы мыналарды қамтиды:
- 1) өзіндік эмоцияларды тану,
- 2) эмоцияларды басқара алу,
- 3) өзіндік мотивация,
- 4) өзге адамдардың эмоциясын тани білу.
- «Эмоциялық интеллект» ұғымымен «эмоциялық білімділік» ұғымдары өзара тығыз байланыста десек қателеспейміз, яғни баланың əлеуметтік жəне эмоциялық компетенттілігін қалыптастырушы. Осы бағытта, эмоциялық интеллектіні дамытуға арналған арнайы бағдарламалар қалыптасуда.
Баладағы эмоциялық интеллектінің оптималды жағдайда дамуына, ерлі-зайыптылардың өзара қатынастары, ата-ананың өздері қалыптастырған отбасылық өмірлеріне қанағаттануының да əсері бар. АҚШ-тағы жүргізілген зерттеу нəтижелері бойынша, отбасылық өмірлеріне разы ерлі-зайыптылардың балаларының эмоциялық интеллект дəрежесі отбасылық өмірлеріне разы емес адамдардың балаларына қарағанда əлдеқайда жоғары болғандығы анықталды
1.Мектепке дейінгі балалардың эмоциялық интеллектілерін дамыту арқылы баланың өзге адамдар эмоциясын ескере отырып, болашақта тууы ықтимал шиеленістің алдын алуға деген дайындықтың болуын қамтамасыз етуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |