Мұғалімнің аты-жөні:
|
Елемесова Алмагул Габдилмаликовна
|
Пән/Сынып:
|
3 сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
4-тоқсан 2-ші аптаның 1-ші сабағы 81-сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
Су-тіршілік көзі
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Таза бұлақ. Ы.Алтынсарин
|
Оқу мақсаты:
|
3.1.4.1 – сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, вербальды емес тілдік құралдарды қолдану.
|
Бағалау критерийі:
|
Мәтінді бөліктерге бөліп оқиды,сюжеттің дамуын болжайды;
Сөйлеу барысында нақыл сөздерді қолдана алады;
Сурет арқылы бұлақты сипаттап жазады.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
1 минут
|
|
1-слайд,
Сабақ тақырыбы
2-слайд
Сабақ мақсаты
Мәтінді түсініп оқып, өз сөзімен әңгімелеу, сөз өнері туралы әңгімелеу
|
Не меңгеретінін білу үшін
.
|
|
Презентация № 1бет
|
7-8 минут
|
Жаңа сабақ
|
Суретте не бейнеленген?
Бұлақ дегеніміз не?
Бұлақ – жер бетіне шығып жатқан табиғи жер асты суы.
Бұлақтың суы қандай деп ойлайсың?
Бұлақ суы: мөлдір, тұнық, тұщы, ащы, кәусар
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
|
Жарайсыңдар!
|
Презентация № 2бет
|
8 минут
|
Тәжірибе
|
Түсініп оқы, сұраққа жауап бер.
Бұлақтың қайнап жатқан көзіне жақын қазандай бір тасты қойыпты да, тасқа: «Ей, жолаушы, болсаң осы таза бұлақтай бол!» – деп жазыпты.
Осы жазуды сен қалай түсінесің?
Үш жолаушы қандай бұлаққа кез болды? Олар нені байқап қалды?
Бірінші жолаушы тастағы жазуды қалай түсінді?
Екінші жолаушы ойын қалай жеткізді?
Үшінші жолаушы қандай ойға тоқталды?
|
Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру
|
|
Презентация № 3бет
|
3 минут
|
Бекіту
|
Бүгінгі тақырып бойынша не меңгергенімізді білу үшін тапсырмалар орындайық.
1-тапсырма. Мәтіннен суреттегі бұлақ сипатталған жолдарды тауып, көркемсөздерді дәптеріңе жаз.
Айнала қалың ағаш, жапырақтары бұлақтың үстіне төгілген, суы мұздай салқын, шыныдай мөлдір, өте таза бұлақ.
2-тапсырма. «Түйінді сөз»әдісі. Мәтіндегі әр жолаушының пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, нақыл сөзбен тұжырымда.
1-жолаушының айтқанына:
«Адал қызмет қыл, жалқауланып тоқтап қалма»
2-жолаушының айтқанына:
«Біреуге жақсылық етсең, міндет етпе»
3-жолаушының айтқанына:
«Көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта»
Қорытынды
Сен бүгінгі сабақта:
Мәтінді бөліктерге бөліп оқып,сюжеттің дамуын болжай алдың;
Сөйлеу барысында нақыл сөздерді қолдана аладың;
Сурет арқылы бұлақты сипаттап жаздың.
Оқу тапсырмасы
1. «Таза бұлақ» мәтінін түсініп оқы, мазмұндап айтуға дайындал.
2. 87-бет, 5-тапсырманы орында. Сызбаға қарап, Ы.Алтынсарин туралы білетініңді тұжырымдап айт.
|
Тақырыпты меңгергенін анықтау
|
Дескриптор:
Мәтіннен бұлақ суреттелген жолдарды таба алады.
Дескриптор:
Өз ойын нақыл сөздермен тұжырымдай алады.
Дескриптор
Мәтінді оқып, мазмұндай алады
Ы.Алтынсарин туралы білетінін тұжырымдап айтады.
|
Презентация № 4бет
|