«Лексикалық бірлік – парадигмалық және синтагмалық қатардың мүшесі» атты бөлімшеде идеографиялық оқу сөздігіне алынатын бірліктердің парадигмалық жүйесі мен валенттілігі туралы сөз болады. Жалпы алғанда, идеографиялық оқу сөздіктерінде сөздердің тіркесімділігін көрсету үшін алынатын материал оқытудың мақсат-міндеттеріне сәйкес және оқушылардың құрамы мен деңгейіне байланысты және тақырыптардың ерекшеліктері мен сөйлеу жағдаяттарына қарай екшеліп отырады. Мағынаның синтагмалық компонентін сипаттау мәселесінде сөздікте лексикалық бірліктің жиі қолданылатын байланыс түрлері көрсетілуі керек. Лексикографияда идеографиялық оқу сөздіктердегі тілдік материалды кешенді түрде сипаттау тенденциясы қалыптаса бастады, оның негізінде сөздің таза лингвистикалық сипаттамалары негізге алынады. Идеографиялық оқу сөздіктері логикамен байланысты болғандықтан, ол түсіндірме сөздіктердегі тәрізді жеке сөздерді емес, терминологиялық салалық және энциклопедиялық сөздіктердегі сияқты ұғымды қамтиды. Мысалы, Н.И.Ильминский сөздігінен сөз тіркестері мол ұшырасады. Сол тіркестер қандай мақсатпен, қандай принциптер негізінде сұрыпталып алынды, - міне, мәселе сонда. Ол кезеңде қазақ тіл білімінде сөздің тіркесім моделдері, синтаксистік амалдары көрсетілетін еңбектер болмағандықтан, сөз тіркестері интуитивті негізде алынады. Қазіргі кездің өзінде ең қажетті сөз тіркесін таңдап алып, оны сөздікте орынды жерінде қолдану көкейкесті мәселе болып отыр. Себебі, сөз тіркестерінің сөздігі жоқ.
Н.И.Ильминский сөздігі мен 1897 жылғы қазақша-орысша сөздікке халқымыздың материалдық және рухани дүниесін ашатын ұлттық әдет-ғұрып, салт-сана ерекшелігін көрсететін тіркестер таңдалып алынған. Сөзіміз дәлелді болу үшін, жол сөзінің берілімін мысалға келтірелік: Жол - дорога, путь, право, - қара жол - торная, езжая дорога, несчастный путь, дурное поведение, Ақ жол - счастливый путь, честное поведение. Жолың болсын - добрый путь, (пожелание)! Жол ауыр - дорога плохая, дурная. Ұлы жол - большая дорога. Ұзақ жол - длинный путь. Жола - обычай, подойти. Қасыма жолама - не подходи ко мне близко. Жолат - дать дорогу, допустить. Жол аш - дать дорогу, проложить дорогу, начать, быть зачинчиком. Жол тап - найти дорогу, подыскать выход из затруднительного положения. Айтқаның жөн - говоришь справедливо. Жол ал - открыть себе путь, дорогу. Жол байла - задержать на дороге, остановить. Жолдан қайт - вернуться с дороги. Жолдан бұрыл - свернуть с дороги. Жолдан адас - сбиться с дороги. Жол сал - положить дорогу. Жол бер - дать дорогу, съехать с дороги. Жолдас - спутник, попутчик, товарищ. Жолдастас - быть товарищем, сотоварищем, попутчиком. Жол азық - дорожная провизия. Жолақ - полосатый, клетчатый (материя). Жолдау - счастливый в дороге. Жолшу - проежающий, проежый. Жолық - встретиться с кем, сходить кому за делом; распросить о чем. Жолыққан - встречный. Жолшыл - хорошо знающий дорогу. Жолмен - по дороге. Жолда - на дороге. Жолшыбай - дорогой. Жолсыз - без дороги, без пути, неосновательно. Жол көрген - умеющий обходиться, обходительный. Жол баста - быть вожаком. Жол жорға - не бойкий иноходец на котором хорошо ехать на дороге. Жол тос - ждать, подкарауливать кого то на дороге. Жол түсті - проложена дорога (большую частью говориться о дороге в начале зимы, когда установливаеться санный путь). Жоп - жолсыз - совершенно неосновательно, неувжительно. Жалғыз аяқ жол - тропинка. Екі аяқ, үш аяқ жол - дороги проселочные. Жол аяқ - угощение или подарок со стороны уезжающего тем, которые поздравляет его с отъездом или проважают. Жолы бар - он имеет право. Жолдық - доля, на получение которой имеется право. Жоғарыда келтірілген мысалдардан тілдегі идеографиялық жүйенің сұлбасы байқалады. «Жол» ұғымына кіретін басты түсініктер, ассоциативтік байланыстар желісі айқын көрініс тапқан.
1988 жылы шыққан «Қазақша-орысша сөздікте «үй» сөзі «жилище, дом, юрта» деген үш баламамен берілген болса, одан бір ғасырдай бұрын жарық көрген «Қазақша-орысша сөздікте» [13] үйдің құрылымы толық көрініс тапқан: Үй, киіз үй, ағаш үй, тас үй - деревянный, каменный дом; жена, үлкен үй - старшая жена, кіші үй - младшая жена. Устройство дома - үйдің тұрманы: кереге - решетка, составляющая основание или лучше стены (киргизы так называют и стены домов); она состоить из полотен - қанат (говариться: алты қанат үй - кибитка в шесть полотен или звеньев ); кереге басы; құлақ, - развилкообразные вершины решетки, - аяғы - таковые не снизу; сағанақ - кончики решетки сбоку; ірге - нижняя часть решетки (іргеден шығарып жіберемін - угроза непослушному сыну, - я тебя прогоню из под решетке кибитки, т.е. без надела, как собаку). Палочки решетки скрепляються ремешками из верблюжей кожи көк (көкте - скрепить такими ремешками); ремешки продеваются в скважины - көз; выше решетки - унины или выгнутые палки - уық. Они привязываются шерстянными шнурками уық бау к кереге, а верхний конец четырегранно заостренный - кәлем - (кәлемде - завостривать унину); этими концами унины вставляются в отверстия кровли - шаңырақ, который делается круглый как большое колесо из березового дерева; она имеет перекрестные радиусы - күлдіреуіш. Отверствие для двери ограждено двумя стойками - таяныш, порогам - табалдырық и сверху перекладиной - маңдайша; двери деревянные створчатые, дурные - ит кірмес, хорошие резные - сықырлауық. Кереге облекаеться снаружи кошмами - туырлық, на унины накрывается үзік, на самый верх четыругольная кошма - түндік с веревками на каждом углу для открывания ее; дверь завешивается особой кошмой или красивой цыновкой из палочника - это есік; она привязывается к шаңыраку, тесьми: таңғыш - тесьма, который привязыватся одно полотно решетки к другому; басқұр - широкая как кушак тесьма, идущая вдоль всей решетки и скрепляющая ее: белдеу - веревка опоясывающая туурлық снаружи: турлық бауы - тесьмы пришытые к каждой кошме туырлыка, они проходят по верх унин и держат кошмы на весу, үзік бауы привязывают үзік к белдеу: в богатых кибитках по низу үзік сшиваются из белой кошмы петли - дөдеге - и сквозь них проходит широкая тесьма - күлдіреуіш. Жапсар - место со внутри кибитки где үзік налегает на туырлық. В кибитке противоположное двери почетное место называется төр, босаға - близь двери. При кибитке находятся: бақан - шест, которым поднимается и поправляется түндік и сырық - толстый шест которым во время ветра совнутри подпирается шаңырақ. В хороших кибитках между решеткой и кошмой ставится род цыновки из палочника, это циновка называется - ши. Үй тік - поставить кибитку, үй жық - снять кибитку, үй көтер - перенести кибитку с одного места на другое не разбирая, а целиком, приобрести, строить себе кибитку, үй бас - прикрепить кибитку веревками во время ветра, чтобы не унесло, приготовить кибиточные палки. Үйлі - баранды - семейный и хозяйственный. Үй күшік - домосед. Үйлен - жениться.
Байқап отырғанымыздай, бұл сөздік мақала - тұтас дүние. Қазақтың киіз үйінің өзі де кішігірім әлем секілді болса, мына сөздік мақалада сол әлемнің тұтастығы сезіледі. Халықтың материалдық және рухани мәдениетінде өзіндік орны бар әрбір зат пен құбылыстың мағынасын ашудың жолы осындай болу керек секілді. Бұл сөздік мақала да идеографиялық оқу сөздігіндегі сөздік мақаланың бір жақсы үлгісі іспеттес.
Идеографиялық оқу сөздіктерінде лексика-семантикалық топтардың берілуіне байланысты төмендегідей ерекшеліктер байқалады:
- сөздіктің негізгі мақсаты – тілді оқыту міндетіне сәйкес оның лексика-семантикалық жүйесін (лексика-семантикалық топ жиынтығын) нақты бейнелеу;
- сөздік негізгі лексика-семантикалық топтар мен олардың өзара иерархиялық байланысын қамти отырып, оқу мақсатына сәйкес лексика-семантикалық топтарды іріктейді;
- сөздерді лексика-семантикалық топтарға біріктіре отырып, тұтас бірліктер түзеді, онда көп мағыналы сөздердің жекелеген мәндері тұтас дүниенің бөлшегі ретінде қызмет етіп, сөздік қор жүйелі түрде меңгеріледі;
- сөздерді жалпы ұғымдық компоненттер бойынша топтастыра отырып, тілдің өзіндік ерекшелігіне сәйкес жаңа ұғымдарды анықтауға, олардың өзара байланысын айқындауға мүмкіндік береді;
- сөздерді семантикалық негізде жүйелей отырып, адам жадында сөз бірліктерінің сақталу тәсілі мен сөз қолданыстың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келетін қажетті сөзді тез табуға мүмкіндік береді;
- лексика-семантикалық топтардың доминанты мен жиі қолданылатын стилистикалық бейтарап лексика-семантикалық топшалар мүшелерін, аз қолданылатын, стилистикалық жағынан шектелген шеткері мүшелерін анықтай отырып, оқушылардың лексика-семантикалық топтағы материалды өзегінен шет мүшелеріне қарай жүйелі түрде игеруін қамтамасыз етеді;
- сөздік анықтамаларында жиі қолданылатын сөздерді анықтай отырып, түсіндірме минимумдарын айқындайды, яғни басқа сөздердің мағынасын осы анықтауыш сөздерге сүйене отырып түсіндіруге жол ашады;
- идеографиялық оқу сөздіктерінің материалдары лексикалық жүйенің ерекшеліктерін молынан қамтиды, бір элементтердің басқа топтарға да ену мүмкіндігін тексереді, жекелеген сөздермен қатар лексика-семантикалық топтардың да өзара байланысын (бір лексика-семантикалық топтың басқа үлкен лексика-семантикалық топтарға, синонимдік қатарлардың лексика-семантикалық топтарға ену мүмкіндігін) тексереді;
- лексика-семантикалық топтарды сөздердің жай ғана тізбегі ретінде қарастырмай, олардың құрылымдық ұйымдасуын ашу, яғни олардың ішіндегі сөздерді мағынасы мен айырым белгілері бойынша қарама-қарсы қоя отырып, сөздің семантикалық құрылымын жақсы меңгеруге, олардың басқа сөздермен тіркесу қабілетіне, сөздердің өзара жақын немесе қарама-қарсы мәнде жұмсалуына ерекше назар аударуға жағдай жасайды.
«Сөздіктегі анықтамаларға қойылатын лингводидактикалық талаптар» атты бөлімшеде идеографиялық оқу сөздіктерінде берілетін анықтамалардың түрлері мен олардың тілді үйрету, оқыту талаптарына сәйкестігі мәселесі қарастырылады. Идеографиялық сөздіктерде сөздің семантикалық сипаттамасын жалпылап жинақтау ұстанымы кеңінен қолданылады.
Идеографиялық оқу сөздіктерінде сөзді сипаттаудың негізгі тенденцияларын анықтау үшін сөздердің мағыналарының ашылу тәсілдері мен құралдарын салыстыру керек. Сөздің мағыналық құрылымын көрсетуде бірізділіктің болмауы сөздікті құрастырушылардың теориялық ұстанымдарының әртүрлі болуынан ғана емес, сөз семантикасының академиялық сөздіктерде толық жетілдірілмеуінен де болады. Тілдік жүйені сөздердің лингво-семантикалық нұсқалары деңгейінде ықшамдаудың күрделілігінен, сөздіктерде көп мағыналылықтың түрліше көрсетілуінен болатыны да белгілі. Бір сөздіктегі бір мағынаға басқа сөздікте бірнеше мағына сәйкес келеді. Бір сөздікте сөздің мағыналық реңкі деп бағаланған нәрсе басқа сөздікте дербес мағына ретінде беріледі. Жоғарыда айтылған объективті себептерге байланысты идеографиялық оқу сөздіктеріндегі сөздің мағыналық құрылымын көрсету мәселесі әлі күнге дейін біржақты шешілген жоқ. Бұл, әсіресе көпмағыналы бірліктерге қатысты. Көпмағыналы сөздің мағыналарын жинақтап, жалпылай беруден ол сөздің басқа бір мағынада жұмсалу қабілеті, өзіндік ерекшелігі жоғалуы мүмкін. Көп мағыналы етістіктердің жеке мағыналарының айырмашылығы оларды шектеген жағдайда ғана көрініс табады. Көп мағыналы етістіктердің мағыналарын жинақтап берудің бір тәсілі ретінде сілтеме жасау әдісі қолданылады. Әртүрлі бағыттағы қозғалысты көрсететін көпмағыналы етістіктердің жеке мағыналарын сілтеме жасау арқылы және бір бағыттағы қозғалысты білдіретін етістіктердің мағынасымен теңбе-тең етіп жинақтап беру осы мағыналарды тілдік мысалдармен ашып, етістік қимылының сипатын көрсеткен жағдайда ғана дұрыс болады. Дегенмен кей жағдайда сілтеме жасау тәсілі етістіктің мағыналық құрылымын қате көрсетуге әкеліп соғады. Мысалы: бар- етістігі жүр- етістігі әртүрлі бағыттағы, түрлі уақыттағы болатын қозғалысты көрсетеді. Дәлізбен жүру. Артқа және алға жүру. Дүкенге бару. Автобустар үнемі жүреді. Шеткі ауылдарға паром жүреді. Сағат тура жүреді. Бар етістігінің мағыналарын нақтыламай, жүр етістігіне сілтеме жасау, бір жағынан, мағыналардың толық ашылмауына, екіншіден, тек бар етістігіне тән мағынаның жүру етістігімен теңестірілуіне әкеліп соғады. Осылайша, етістіктердің мағынасын жинақтап беру оның семантикасының қате берілуіне әкеледі. Идеографиялық сөздіктерде сөздік бірліктердің мағынасын ашудың алғашқы сатысы – мағынаның заттық немес ұғымдық компоненттерін сипаттау болып табылады. Келесі саты – сөздің тіл ішіндегі мәндерін, тілдің жүйесіндегі орнын көрсету, яғни мағынаның парадигмалық және синтагмалық компоненттерін көрсету. Бұл ең маңызды кезең болып табылады. Парадигмалық қатынастар түсіндірмеде де, сөздік мақаланың арнаулы бөлімдерінде де ескеріледі. Сөз мағынасының түсіндірілуі оның басқа сөздермен парадигмалық жағынан сәйкес келуіне де байланысты. Синонимдік және антонимдік әдістер сөздердің парадигмалық қатынасына байланысты болады.
Лексикалық мағынаны ашуда көпжылдық тәжірибе негізінде қалыптасқан анықтама түрлері бар. Оларды логикалық (тектік, бүтін мен бөлшектің қатынасы, сипаттама тәсілмен ашу) және лингвистикалық (синонимдік, деривациялық, релятивті-синтагмалық) деп жіктеуге болады. Аталған түсіндірмелердің ішінде идеографиялық сөздіктерде көбінесе тектік, сипаттама, синоним, антоним тәсілі мен аралас тәсіл жиі қолданылады. Тектік сипаттамада атаудың нақты, номинативті мағынасы ескеріледі. Сипаттама әдісі бойынша заттың қай топқа жататыны көрсетілмей, оның негізгі, басты айырым белгілері түсіндіріледі. Бұл тәсіл көбінесе мағынасы жалпыланған сөздер үшін қолданылады. Санамалау әдісі бойынша, осы сөздің мағынасына енетін мәндер екшеленіп, нақтыланып көрсетіледі. Сипатталатын сөз мағынасы кең, жалпы болады да оның мағынасын ашу үшін жекелеген шағын мәндері қамтылады. Мәселен, ыдыс-аяқ сөзін сипаттағанда, осы атаудың ішіне қандай заттар кіретіні санамаланып көрсетіледі: кесе, шәйнек, қасық, қазан т.с.с. Синоним әдісі лингвистикалық түсіндірмеге жатады. Мұнда сөз мағынасы өзі қатарлы, сол сөздің орнын алмастыра алатын басқа сөзбен беріледі. Синоним әдісімен берілетін сөздер көбінесе жалпы мәнде келеді. Антонимдік тәсілде сөз мағынасы тікелей сипатталмай, оған қарама-қарсы мағынада қолданылатын сөз арқылы нақтыланады.
Лексикографияда сөз мағынасын ашу мен сипаттау жолының мынадай аспектілері көрсетіліп жүр: бір топқа жататын сөздердің мағынасын бірдей үлгіде ашу; семантикалық жағынан өзара жақын сөздердің мағыналарын ашқанда, олардың ортақ және айырым мағыналарын жіктеп көрсету. Мұндай ұстаным сөздіктегі тілдік материалды нақты бір жүйеде беруге және сөз мағынасын жан-жақты, толық сипаттауға мүмкіндік береді. Лексикалық бірліктерді сұрыптауда оқырман осы сөздерді ғана білуі керек деген принципті көздемей, осы сөздерге сүйене отырып, сөздік қорын толықтыра түсуі, молайта түсуі қажет деген қағида басшылыққа алынуы керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Лексикографияда сөздіктердің айрықша түрі болып табылатын идеографиялық оқу сөздіктері оқыту мақсаты мен тілді меңгерту құралы ретінде ерекшеленеді. Идеографиялық оқу сөздігінің үш негізгі қызметі бар: оқыту, анықтама беру, жүйелеу. Басқа сөздіктермен өзіндік ұқсастықтары мен айырмашылықтары болумен қатар оның өзіне ғана тән мақсат-міндеті де бөлек. Тілді үйретуге арналған сөздіктің бір түрі ретінде идеографиялық сөздік лексикалық қорды оқу мақсатына сәйкес кешенді түрде сипаттайды. Идеографиялық оқу сөздіктерін түзуде лексикалық жүйені оқытудың әдістемелік аспектілері де ескеріледі. Атап айтқанда, оқыту кезеңі, жас ерекшелігі, білім деңгейі, мамандығы т.б. Бұл сөздіктің көлеміне, сөздік бірліктердің берілуіне, сипаттаманың әдіс-тәсілдеріне өз деңгейінде әсер етіп отырады.
Тақырыптық үлгідегі идеографиялық оқу сөздіктерінде кез келген лексикалық бірліктер беріле бермейді. Онда нақты бір тақырып бойынша ұйымдасқан, шоғырланған мағыналы сөздер ғана түзіледі. Әр тарау өз ішінен тақырыпшалар мен шағын тақырыптарға жіктеледі. Тақырыптық микрожүйе құрастыруда сол тақырыпқа сәйкес сөзжасам модельдері, сөзжасамдық ұялар ескерілуі тиіс. Сөздерді топтастыруда оның жүйелі сипаттары толық ескерілуі керек. Идеографиялық сөздік құрастыруда сөздердің тақырыптық және лексика-семантикалық байланыстарының маңызы зор. Сол себепті идеографиялық оқу сөздіктерін түзуде мағынадан тұлғаға қарайғы функционалды-семантикалық бағыт пен тілдік бірліктердің семантикалық жүйелілігі ұстанымына ерекше назар аудару қажет. Идеографиялық оқу сөздіктеріндің негізгі мақсаты – белгілі бір ойды жеткізу үшін қажетті тақырыптық сөздерді таңдауға көмектесу болып табылады. Прагматикалық тұрғыдан зерттегенде, тілдік бірліктер маңызды компонент ретінде қарастырылады, ол жалпы жағдаятты, адресанттың әлеуметтік белгілерін ескере отырып, тілдік бірліктерді қатынас құралы ретінде қолданушы адамның ерекшеліктерімен байланысты болып келеді. Сөздіктегі тілге жасалатын функционалды, коммуникативті, прагматикалық сипаттама өзара тығыз байланысты, әрі бірін-бірі үнемі толықтырып отырады. Тіл арқылы қарым-қатынас жасау барысында сөздікті түзуші прагматикалық, коммуникативті кеңістікті анықтайтын тілдік әрекеттердің субъектісі ретінде көрінеді. Ол коммуникативтік қызмет барысында тілді тұтынып, осы қатынастарды атап, көрсетіп, білдіреді, ал адресат осы мағыналарды қабылдап, талқылайды.
Қазақ тіл білімінде идеографиялық оқу сөздіктері, тақырыптық сөздіктер арнайы зерттеу нысанына айналмаған, тың мәселелердің қатарында. Мемлекеттік тілді үйрету, қазақ тілін басқа тілді аудиторияларды оқыту ісінде мұндай сөздіктердің берері мол. Сол себепті тақырыптық үлгідегі идеографиялық оқу сөздіктерді құрастырудың, олардың өзіндік ерекшеліктерін айқындап, зерттеудің маңызы зор.
Пайдаланылған әдебиет:
1. Dubois J., Dubois C. Introduction a la lexicographie. P., 1971.
2. Щерба Л.В. Опыт общей теории лексикографии // Языковая система и речевая деятельность, Л.: Наука, 1974.
3. Түсіпқалиева Р. Қазақ лексикографиясы: екітілді шағын сөздіктердің құрылымы. Фил. ғыл. канд. дис. автореф. Алматы, 2007. 24 б.
4. Морковкин В. В. Основы теории учебной лексикографии (научный доклад диссертации доктора фил. наук). Москва, 1990. С. 45.
5. Байниязова Ж. Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері. Филология ғылымдарының кандидаты авторефераты. Алматы, 2008. 24 б.
6. Денисов П. Н. Лексика русского языка и принципы ее описания. М.: Русский язык, 1993. – 248 с.
7. Ильминский Н.И. Материалы к изучению киргизского наречия. Казань, 1861.
8. Кушербаев Ж. Краткий русско-киргизский дорожник со словарем. Омск, 1911.
9. Бекчурин М. Начальное руководство к изучению арабского, персидского и татарского языков Казань, 1859.
10. Джетбысбаев Н.С. Начальное руководство арабского, персидского и киргизского языка. Казань, 1890.
11. Алтынсарин Ы. Оқу-методикалық шығармалары. // Ы.Алтынсарин. Таза бұлақ. Алматы, 1988.
12. Байтұрсынұлы А. Оқу құралы // Тіл тағылымы Алматы: Ғылым, 1991.
13. Киргизско-русский словарь. Оренбург, 1897. 243 с.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер:
1. Оқу идеографиялық сөздіктеріндегі лексика-семантикалық топтардың берілуі // Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ. М. Есеновтің 75 жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. –Алматы: Тіл білімі институты. 2006 ж. 174-177 б.
2. Тақырыптық сөздіктер және олардың лексикография тәжірибесіндегі орны // Ә.Құрышжанұлының 75 жылдық мерейтойына арналған «Бүгінгі түркітану және оның даму бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Алматы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты. 2006 ж. - 610-614-б.
3. Оқу сөздіктерінің мақсаты және материалдардың сұрыпталуы // әл- Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. 2006. №6. -103-105- б.
4. Идеографиялық сөздіктердегі лексикалық бірліктердің берілу ерекшеліктері // «Әлемдік рухани құндылықтар және қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми- практикалық конференция материалдары. ІІ том. Алматы, 2007. - 341-346 -б.
5. «Идеографиялық сөздіктердегі лексикалық бірліктердің сұрыпталуы» // «Жаратылыстану ғылымдары және олардың Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі». Алматы, 2007. -257-259 бб.
6. Лексика –семантикалық топтардың идеографиялық сөздіктерде түзілу ерекшеліктері // «Ахмет Байтұрсынұлы және ұлттық таным мәселелері». Аймақтық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Қостанай, 2007. - 64-67-б.
7. Оқу сөздіктеріндегі лексикалық бірліктердің сұрыпталу ерекшеліктері // ҚР ҰҒА Хабарлары.Тіл әдебиет сериясы. 2006 №3. 52 – 54 б.
8. Идеографиялық сөздік түзудің алғашқы тәжірибелері // Тілтаным, 2008. №3. 106-111 бб.
Р Е З Ю М Е
Иисова Эльмира Адильханкызы
Роль идеографического учебного словаря
в овладении языковой системой
Специальность - 10.02.02-казахский язык
В процессе эволюционного развития различных отраслей науки происходит естественная смена научных парадигм, что в свою очередь влечет к инновационным изменениям фундаментальных оснований, ведущих к углублению, обновлению системообразующих понятий конкретной отрасли, выработке новых подходов, методов и приемов исследования. В деле укрепления научных основ казахского языка как государственного, а также обучения в средних, среднеспециальных и высших учебных заведениях существует ряд насущных и безотлагательных задач, требующих незамедлительного решения. Одним из них является создание учебных словарей, направленных в качестве одного из крайне необходимых обучающих средств на овладение языковой системы в целом, его грамматического строя и лексического состава. Одной из актуальнейшей проблем учебной лексикографии, нового раздела отечественной лексикографии, зародившейся на стыке двух дисциплин - языкознания и лингводидактики, является создание идеографических учебных словарей, позволяющих оценивать уровень развтия лингвистики и лингводидактики и направлены на обучение языку с учетом возрастных особенностей обучающихся в определенный период обучения.
Актуальность исследования. В связи с приобретением казахским языком статуса государственного и ростом его общественной функции интенсивно развивается и учебная лексикография. Идеографические учебные словари, способствующие системной классификации понятий и представлений в казахском языке, усиливающие их возможности и потенциал, описывающие лексическую систему с учетом семантических связей, считаются особо значимыми в деле обучения языку. Алфавитный порядок составления толковых словарей, складывавшегося на протяжении столетий, считается наиболее удобным методом отражения лексического состава языка. Тем не менее в алфавитных словарях невозможно полностью отобразить системные семантические связи между лексическими единицами. Именно с этим связан недостаток словарей, словарные единицы в которых даются в соответствии с алфавитным порядком расположения, с графическими и орфографическими особенностями языка. В связи с этим в деле обучения казахскому языку с этим неоценима роль идеографических словарей. Однако в казахской лексикографии проблема создания идеографических словарей разработана на недостаточном уровне. До сих пор не стали предметом специального исследования и не в полном объеме исзучены такие аспекты, как структура идеграфических словарей, порядок подачи слов, особенности раскрытия значения слов, специфика составления словника. Не выяснен характер идеографических принципов, которыми руководствовались при составлении различных казахско-русских, русско-казахских словарей ранее в истории казахской лексикографии прошлых столетий. Также не стали объектом исследования лексический состав и структура тематических групп, приведенные в различных разговорниках, учебных пособиях дореволюционного периода. В связи с указанными обстоятельствами назрела необходимость выявления основных особенностей идеографических учебных словарей в казахской лексикографии, поиска наиболее эффективных путей, методов и приемов создания качественных словарей, что и предопределяет актуальность избранной темы исследования.
Достарыңызбен бөлісу: |