6-тарау. Илектер
49. Жалпы талаптар:
1) барлық илектер және олардың қосалқы агрегаттары барынша мехникаландырылады және автоматтандырылады;
2) илектердің әрбір клеттерін байланыстыратын бас валдарының адам өтетін жерлерінде қажетті жағдайда көпіршелер салынады.
Үздіксіз илектердің валдарында жеке көпіршелердің орнына әрбір клеттердің қасынан түсетін сатысы бар, бірыңғай үлкен көпір салынады;
3) жаңадан салынатын илектер валдарының арасындағы саңылауларды реттеу механикаландырылады;
4) илектерді басқарудың бас постында машина залы және қосалқы агрегаттарды басқару постыларымен байланыс және сигнализация жүйесі болады;
5) илектерді жұмысқа қосу, барлық жұмыс орындарында және оның қосалқы агрегаттарының қасында анық естілетін, дыбыс белгісі берілгеннен кейін жүзеге асырылады;
6) илектерді жұмысқа қосу белгісі берілгенге дейін ауысым шебері болмаса аға вальцовщик илектің өзін және оның барлық қоршау, сақтандыру құрылғыларын тексереді.
Илекті жұмысқа қосу үшін берілетін рұқсат, слесарьлар, гидравликтер, электриктердің жөндеу жұмыстарының басшыларының келісімімен және илектен барлық адамдарды шығарғаннан кейін беріледі.
Илектерді жұмысқа қосу, илектер және олардың қоршау, сақтандыру құрылғылары түгел болмаған немесе дұрыс жұмыс істемеген жағдайда рұқсат етілмейді.
Илектерді жұмысқа қосуға рұқсат ауысым шебері мен илек басшысының, болмаса аға вальцовщиктің арнайы белгісімен беріледі;
7) металды илеу кезінде механизмдерді немесе оның бөлшектерінжөндеуге болмайды.
Валдардың жұмысқа қосылмаған калибрлері қалқаншалармен жабылады.
Калибрлерді, валдардың арасындағы саңылауларды және өткізгіштерді тексеру арнайы жабдықтардың көмегімен өткізіледі;
8) барлық илектерде иленетін металлдардың аударылып-төңкерілуі механикаландырылады;
9) илектердің жолдарында, иленетін металдың өлшемдерін алу арнайы өлшеу аспаптарының көмегімен дистанциялы түрде жүзеге асырылады;
10) технологияда көрсетілген температурадан төмен жағдайда металды илеуге рұқсат етілмейді.
Илеу процесі кезінде клетке берілетін жолақтардың шеттері бақылауға алынады.
Жолақтардық шеттері түзу болмаған жағдайда, олар кесіледі. Кесу мүмкін болмаған жағдайда жолақ илеуге жіберілмейді;
11) үштік илектерде орташа валдарды гидравликалық теңестіру құрылғылары болған жағдайда траверса мен клеттің арасы қорғайтын қалқандармен жабдықталынады;
12) металды валға қолмен берген жағдайда вальцовщиктердің қысқыштары иленетін металдың сортына сәйкес болады. Қысқыштарды суыту үшін илектердің қасында ағынды суы бар, температурасы 45 о C аспайтын ыдыстар қойылады. Қысқыштар мен басқа да инструменттердің жағдайы қатаң бақылауда болады;
13) илектер мен оның жұмыс орындарының едендері тегіс болады. Вальцовщиктердің жұмыс орындарындағы еден тайғанақ болмайды;
14) дұрыс иленбеген және сынған валдарды жинастыру арнайы жабдықтар көмегімен жасалынады. Жинастыру ажыратылған электр схемаларының және илектің негізгі қозғалтқыштарының, ілгіштер мен байлағыштардың арнайы сызбасына сәйкес, ауысым шебері, болмаса аға вальцовщиктің басшылығымен жүзеге асырылады;
15) дұрыс иленбеген илектер дер кезінде арнайы белгіленген орындарға жиналады;
16) илектердің валдарындағы, рольгангтрдың роликтеріндегі, түзету машиналарының, орағыштардың және тағы сол сияқты ақауларын түзету және жою арнайы құрылғылардың көмегімен, қарсы айналдыру әдісімен, илектің тоқтап тұрған кезінде жүзеге асырылады;
17) рольгантар, илектердің басқа механизмдері мен агрегаттарының электр қозғалтқыштарының автоматтандырылған қосу жүйелері еркін қол жеткізілетін орындарда орналастырылады;
18) көтергіш - шайқағыш үстелдердің конструкциялары олардың үстінен иленетін металдардың түсіп кетуіне жол бермейді.
Жұмысшылардың жарақат алуына жол бермеу үшін осы үстелдердің шеттері металл қаңылтырлармен қапталынады. Үстелдердің жоғары тұрған жағдайында қаптама жұмыс орнындағы төсемеден биік болмайды;
19) көтергіш - шайқағыш үстелдердің астына түсу үшін ойық жасалынып, оған көлбеу сатылар қойылады.
Бұған жағдай болмаған кезде, осы үстелдердің шеттерінен құдық жасалынып, оған тік сатылар қойылады;
20) көтергіш - шайқағыш үстелдердің жұмыс істеу кезінде жөндеу, түзеу жұмыстарына жол берілмейді. Жөндеу, түзеу жұмыстары кезінде үстел барынша мықты бекітіледі;
21) рольгангтердің роликтерінің арасы, блюмингтер мен слябингтердің жанындағы жұмыс рольгантерін ескермегенде және олар басқа механизмдермен байланысты болмаған жағдайда бөлініп тұрады;
22) рольгангтердің үстімен жүруге болмайды. Олардан өту үшін көпіршелер пайдаланылады. Илегіштердің үстіндегі көпіршелердің конструкциясы мен биіктігі адамдардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді.
50. Күйінділерді жинау:
1) илектердің және басқа да жабдықтардың астындағы күйінділерді жинау барынша механикаландырылады (гидрожуу, қырғыштау және тағы басқалар);
2) істегі клеттердің астындағы күйінділерді жинауға арналған арнайы желобтар мен көлбеулер қарастырылады.
Күйінділер мен балшықтарды уақытылы жуу үшін барлық механизмдердің фундаменттерінде арнайы көлбеулер мен арықшалар болады. Барлық механизмдердің фундаменттеріндегі ойықтар оқшауланылады;
3) күйінділерді шығаратын клеттер мен гидрожуу қондырғыларында күйінділер мен ыстық судың шашырауынан қорғайтын қалқандар болады;
4) рольгангтер мен илектердің астынан өту жолдары күйінділер мен металл қиындыларынан қорғайтын арнайы қалқандармен жабдықталады. Ондай қалқаны жоқ цехтар мен тоннельдер жабық болады. Тоннельдің кіреберісі құлыпқа жабылады;
5) күйінділерді жинақтауға арналған тоннельдер кернеу 36 В аспайтын жарықпен жабдықталынады;
6) тұндырғыш бассейндер барлық жағынан биіктігі 1,1 м кем емес мықты қабырғалармен қоршалынады.
Тұндырғыш бассейндердің тоннельдерінің кіре берісі торлама барьерлерден жасалынады.
Шұңқырлар мен тұндырғыштардағы күйінділерді алу механикаландырылады (грейферлар, экскаваторлар және тағы басқа);
7) күйінділердің қораптары қойылатын құдықтар металл плиталармен қоршалынады.
Күйінділерді жинау кезінде құдықтардың үстіндегі ойықтар уақытша қақпақтармен жабылады;
8) барлық механизмдердің жұмыс істеп тұрған уақытында күйінділерді олардың астынан қолмен жинауға болмайды.
51. Илегіш валдарды қалпына келтіру:
1) илегіш валдарды қалпына келтіру арнайы жабдықталған механизмдер мен қондырғылардың көмегімен жүзеге асырылады. Ол үшін арнайы технологиялық регламент жасалынады;
2) валдар конструкциясы мықты арнайы дайындалған пирамидалар мен стеллаждарда сақталынады. Пирамидалар арасындағы өту жолының ені 1 м кем болмайды;
3) валдарды платформамен, автокөлікпен, арбалармен тасымалдау кезінде оларды арнайы стеллаждарға салып мықтап бекітеді;
4) илегіш валдарды қалпына келтіру бақылаушы тұлғамен жүргізіледі. Қалпына келтіру өндіріс телімдері қауіпсіздік белгілерімен қоршалады;
5) қосымша клеттер мен кассеталарды жұмысқа дайындау стендтер мен қажетті жабдықтармен жасақталған арнайы орында жасалынады;
6) қалпына келтіруден кейін илекті жұмысқа жіберу тек қана арнайы тағайындалған бақылаушы тұлғаның рұқсатымен жүзеге асырылады.
52. Қайшылар мен аралар:
1) илектерде орнатылған қайшылар мен аралар механикаландырылған металл қайшылармен жабдықталынады.
Аралар мен қайшылардың жұмысын басқару арнайы жабдықталған пультпен жасалады;
2) қайшылар механизмнің тоқтатылған кезінде супорттары түсіп кетпеуі үшін берік тежегіштермен жабдықталынады;
3) ыстық металдарды қию кезінде қайшылардың адамдар өтетін жағына қорғағыш экрандар орнатылады. Ыстық металды кесу кезінде жұмыскерлер сәулелік жылудың әсерінен қорғалады;
4) қайшылардан түскен металл қиындыларын жинау механикаландырылады. Қиындылар салынған қораптар қайшылардың жанында орнатылған, қоршалған ойықтарға қойылады;
5) желобтардың конструкциясы және қиындылар салынған қораптардың өлшемдері мен тұрған орындары қиындылрды қолмен түзетіп жіберуге жағдай жасамайды. Қиындыларды тасымалдайтын тоннельде жарықпен және қауіпсіздік габариттерімен қамтамасыз етіледі;
6) қайшыдан кейін кесілген металды рольгангтен қабылдау қалташаларына түсіру, конструкциясы қол жұмысына жол бермейтін, механизмдер көмегімен жүзеге асырылады. Қайшының қасындағы рольгангтердің қиындылардың шашылуынан сақтайтын қалқаншалары болады;
7) ыстық қиындыларды жинауға арналған конвейерлер торлармен, қалқандармен қоршалып, сонымен қатар өту көпіршелері орнатылады;
8) қайшылардың конструкциясы мен техникалық жағдайы қайталама қиюға (соққыға) жол бермейді. Жекелеген қайшыларды іске қосатын құрылғылар түймелі типте болады.
Кейбір аяқпен қосылатын қолданыстағы қайшылардың педальдарі үстіңгі жағынан сақтандырғыш қалқанмен қорғалады;
9) ыстық металл кесетін қайшылардың тұрған едендері тайғанақ болмайды;
10) дискілі қайшылар айдағыштармен және майдалағыштармен жабдықталынады;
11) гильотина типтегі қайшылар берілген металды қолмен түзеуге жол бермеу үшін арнайы бағыттағыштармен, қысқыштармен, келтіру роликтерімен және тағы басқалармен жабдықталады.
Қаңылтырларды қайшыға апаратын каналдар шайқалғыш подшипниктермен жабдықталады.
Металды қолмен түзету ұзын ілмектің көмегімен жүргізіледі, ол үшін қиюшы қайшының жанынан тұруы керек;
12) металды қайшыға қолмен беру кезінде алдынан және жанама жағынан, қиюшының қолын қауіпті аумаққа жеткізбейтін қорғаныс қалқандары орнатылады;
13) металды кесуге арналған араның дискілері араның сыну жағдайында пайдалану үшін конструкциясы мықты қаптамамен жабылады, оның ашық жерінің шамасы өте аз болады.
Араның дискісі әрбір ауысымда тексеруден өтіп, жарылған жағдайда ауыстырылады. Жарылған дискіні дәнекерлеуге болмайды және тістері түгел емес, болмаса бүлінген дискілерді қолдануға болмайды.
Аралардың құрылымы дискілердің оңай және қауіпсіз ауыстырылуын қамтамасыз етеді.
Ыстық металл кесуге арналған арамен салқын металл кесуге болмайды;
14) жаңадан салынып жатқан және қайта жөндеуден өткен илектерде аралар жеке бокстарда орнатылады. Аралардың басқару посттары операторға жақсы көрініп тұрады;
15) ыстық металл кесетін араларға металл беретін рольгангтердің металдың шығып кетуінен сақтайтын борттары болады. Араның алдынан және жанама жақтарынан мықты қорғаныс қалқандар орналасады.
Екі жақты мұздатқыштары бар илектердің бір арадан екінші араға өтуі үшін арнайы көпірлері болады, оның металдың берілетін жағынан мықты қорғаныс қалқандары болады;
16) араның подшипниктеріне және қысқыштарына май беретін май құбырлары олардың ыстық металдан зақымдануынан қорғалады;
17) металды кескен кезде қолмен дұрыстауды болдырмау үшін, аралар бағыттауыштар немесе қысқыштармен жабдықталады.
53. Басқару постылары мен пульттері:
1) басқару пульттері мен постылары ыстық металға жақын орналасқан кезде, олардың металға жақын едендері мен қабырғалары жылудан оқшауланады;
2) ыстық илек ағынында орналасқан басқару постыларына кондиционерлерген ауа жіберіледі.
Басқару постыларында дыбысты жібермейтін оқшаулау болады. Басқару пульттері мен постыларының ыстық металға жақын орналасқан жақтары, қызуды жібермейтін мықты әйнекпен әйнектеледі, ал оларға нұқсан келтірілген кезде металл тормен экрандалады;
3) басқару пульттері мен постылары күтудегі агрегаттардың жұмысқа қосылуы мен ажыратылуын хабарлайтын жарық және дыбыстық белгімен жабдықталады;
4) дискілі араларды басқару постылары дискінің айналу жазықтығына қарай ығыстырылады.
54. Электр қондырғылары мен машина залдары:
1) электр машиналарының тұрған жерлерінде телефондық байланыс, жарықтық және дыбыстық белгі, сонымен қатар жұмыс шартына сәйкес, қажет болған жағдайда сөйлесу орындары болады;
2) электр машиналарының орналасу орнындағы есіктерде өздігінен жабылатын құлыптар болып, олар ішкі жақтан кілтсіз ашылатын болады;
3) электр машиналары орналасқан орындардағы құбырлар өзгеше бояумен боялады. Сонымен қатар, салқын құбырларда буланудан, ал ыстықтарында қызудан қорғайтын қорғауыштар болады;
4) электр машиналар орналасқан жерде шаңды жинау үшін шаңсорғыштар болады;
5) электр машиналарын, түрлендіргіштерді және тағы сол сияқты жабдықтарды монтаждау, жіктеу және жинау үшін стационарлы, жылжымалы немесе инвентарлық көтерме - транспорт құрылғылары қолданылады;
6) сынап тіктеуішінің қорабына жапсырылған өлшеуіш аспаптар, аспап көрсеткіштерін тіктеуіштің қоршауынан өтпей бақылауға болатындай етіліп орналасып жарықтандырылады;
7) аккумуляторларды зарядтауға арналған орындардың желдеткіштері батарея зарядының алдында қосылып, газдың толық жойылуынан кейін ажыратылады;
8) аккумуляторларды зарядтауға арналған орындарды жарықтандыру үшін жарылысқауіпсіз етіп жасалған шамшырақтар қолданылады.
Ажыратқыштар, штепсельдік розеткалар мен сақтандырғыштар жұмыс орнының сыртында орналасады.
Электр желісі қышқылға төзімді жабындысы бар сымнан жасалынады;
9) зарядтау орнына жақын етіп су құбыры мен раковина орналастырылады.
55. Май жертөлелері мен тоннельдер:
1) май жертөлелерінің ағынды желобтары, ойықтары мен басқа да ұңғымалары шойын қаңылтырлармен жабылады;
2) май бактары, май насостары мен май құбырлары герметикаландырылады;
3) май насостары поддондармен жабдықталынады;
4) мұнай өнімдері тұрып қалған бактарды және басқа да резервуарларды тазалау механикаландырылады;
5) коммуникациялық тоннельдердің едендерінде ойықтарға қарай көлбеуліктері және желобтары болады, оларда май мен балшықтарды арнайы бакқа жіберетін насостар орналасады.
Май және кабель тоннельдері, оларға жұмыс орындарынан күйінділер, шаң немесе технологиялық сулар түспеуі үшін, толықтай герметикаландырылады;
6) тоннельдердің желдеткіш құралдары өрт жағдайында автоматты түрде ажыратылады.
56. Валдарды дайындау телімдері:
1) валдарды дайындау телімдерінің құрылымы мен қолданылуы қолданыстағы санитарлық нормалар талаптарына және МемСТ 12.3.028-82 сәйкес болады;
2) валдарды илектерге қондыру және суппортта қиындыларды бекіту конструкциялары мықты тәсілмен орындалады;
3) вальцеторкарлық станоктар жұмысшыларды ағаш ұшқындарынан сақтайтын мөлдір экранмен жабдықталады.
Экранның конструкциясы жеңіл орын ауыстыратын болып, оны тазалаудың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі қарастырылады;
4) станокшылардың жұмыс орындарында кесу, балқыту және басқа инструментті сақтайтын шкафтар немесе стеллаждар болады;
5) шойын валдарды кесуге арналған станоктар жергілікті сорғыштармен жабдықталады;
6) станоктар мен вальцетокарлық шеберханаларды ағаш ұшқындарынан жинау механикаландырылады;
7) станоктарда қыздырылған валдарды өңдеу кезінде жұмысшылардың жылулық сәулеленуден сақтануына шаралар қолданылады;
8) суытылған сұйықпен жұмыс жасайтын шлифтеу станоктарында жұмысшыларды су тамшыларынан қорғайтын құрылғылар қарастырылады.
Станоктың басқару пульті шлифтеу дөңгелегінің жазықтығында орналастырылмайды;
9) балқыту жұмыстарын жүргізгенде ауадағы зиянды заттардың концентрациясы рұқсат етілетін нормадан аспайды;
10) флюсті бункерге төгу, тігіндіден қолданылмаған флюсті жинау, тігіндіні шлактан тазалау механикаландырылады;
11) балқыту кезінде дәнекерлеу аэрозолі мен газды жинау үшін жергілікті сорғыштар болады;
12) валдарды клеттен шыққаннан кейін кірден тазалау механикаландырылған жуғышы бар жабық камерада жүзеге асырылады;
13) подшипникті түйіндерді жуу ванналары және оның құрамаларын кептіру үстелдері жергілікті сорғышпен жабдықталады.
Жууға арналған тез жанатын сұйықтықтарды илек цехтарында пайдалану технологиялық регламентке сәйкес орындалады;
14) ванналар кезеңмен тазаланады. Жұмыстан шыққан сұйықтар цехтың сыртында орналасқан бактарға құйылады.
57. Блюмингтер мен слябингтер:
1) илеу кезінде ұшқындайтын күйінділер мен шлак тамшыларынан қорғау үшін, блюминг клетінің жанамасында станинадағы тесікке қарсы және істегі рольгангтердің жанамасында сақтандырғаш қалқандар мен тор қоршау орналастырылады;
2) блюминг, слябинг клетінің қосу құралының көрсетушісі реттеуге оңай қол жетерлік және жақсы жарықтандырылған жерде орналасады. Өте көп мөлшерде бу пайда болған кезде көрімділікті жақсарту үшін, буды үрлеп кетіретін желдету қарастырылады;
3) кесілген блюмдер мен слябтерде белгі қою белгі қойғыш машинамен жасалады. Машинаны басқару дистанциялы және автоматты болады;
4) қиындыларды теміржол вагондарына тиеген кезде тиеу орындары қоршауға алынады.
Вагондардың қозғалысы кезінде, желобтарды тастау алдында дыбыстық белгі беріледі. Тиеу орындарында сақтандыру плакаттары ілініп тұрады;
5) қиындыларды қораптарға жинау кезінде оларды тым толтыруға жол берілмейді.
Қиындыларды шұңқырлардан немесе скрапты өту жерлерінің едендерінен жинау механикаландырылады. Скрапты өту жолдарының едендерін қиындылармен қоқыстауға жол берілмейді;
6) қиындыларды вагонға тиеуді бақылау үшін басқару постыларында телевизиялық, ал қиынды конвейерлерінде дистанциялы басқару қондырғылары жабдықталады.
58. Рельсті балкалық илектер:
1) рельсті балкалық илектердің жылжымалы үстелдері орналасқан жұмыс орындары, төменгі жағынан көмкерілген қоршауға алынады. Илектің жұмысы кезінде адамдардың қоршауға кіруіне болмайды;
2) рельстер мен балкаларға белгі қою механикаландырылады;
3) ыстық металл орналасқан стеллаждардың шеттері мен олардың бөлек секциялары аралығында рольгангтер арқылы өтуге арналған, көпірлі өту жолдары болады. Стеллаждар арқылы адамдардың өтуі үшін олардың үстінен көпірлер салынады;
4) рельстерді мостылы кранмен тасымалдау электромагнит көмегімен жүзеге асырылады;
5) иленген металды өңдеу агрегаттарына жіберу, оны түзету машиналары, басқыштар мен станоктар арасында орнын ауыстыру, сонымен қатар қоймаға апару механикаландырылып, мүмкіндігінше автоматтандырылады;
6) рельстерді бастыруда, инспекторлық стеллаждарда түзету механикаландырылған түзегіштермен жасалады. Қолдан жасауға тыйым салынады.
Түзету кезінде пайдаланылатын қойылымдардың ұзынша саптары болады. Басқыштың төменінде түзетушінің аяқтарын құлап түсетін қойылымдардан сақтайтын қоршау болады;
7) рельстің соңын индукциялық бекіту кезінде жұмысшылардың электр қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Бекіту аппараттары кабиналарының жанындағы рельс стеллаждары барьерлермен қоршалынады;
8) фрезеровщиктердің жұмыс орындарында ағын желісінің механизмдерін апаттық ажырату түймешесі болады.
59. Сорттық иленетін және желілік стандар:
1) төмен сортты және желілі үздіксіз стандарда металды илеу кезінде түйіндерді болдырмау үшін, валдар арқылы жолақтар дер кезінде алынуға, жеке клеть валдарының дөңгелену жылдамдықтарының дұрыс реттелуіне және жолақтың алдыңғы жағының жабылып қалмауына жол бермеу шаралары қарастырылады;
2) төмен сортты және желілі үздіксіз стандарда клеттердің соңғы жинағында, барлық клеттерді үстінен және жанынан жабатын, қорғаушы көзілдіріктер орналастырылады. Торлар ұяшықтарының өлшемдері иленетін металл кесіндісінің енінен кем болып, ал қоршаудың тығыздығы, металл жолақтың алдыңғы жағымен жанасқан кезінде тордың зақымдануын болдырмайтындай болады.
Клеттерді күтуді жеңілдету үшін, станды дұрыстап жөндеген кезде, бірыңғай тордан жасалған қоршаудың секциялары оңай ашылатын болады.
Стандардың түйінді үстелдерінде биіктігі 0,9 м болатын қоршау болады.
Клеттер мен түйінді үстелдердің қоршауларына тәуелсіз, желілік үздіксіз стандарда, клеттің орналасу аумағындағы барлық өту жолдары мен көпірлер қоршалынады.
Төмен сортты үздіксіз стандарда рольгангтерден өтуге арналған көпірлер ақырғы клеттен кейін бірыңғай қоршауға алынады.
Көрсетілген қоршаулар болмаған жағдайда металды илеуге жол берілмейді;
3) төмен сортты стандардың соңғы клеттерінің рольгангтері биіктігі 0,3 м болатын жанамалармен қоршалынады. Өту жолдары жағынан бұл жанамалар қозғалыстағы жолақтың түсуіне жол бермейтін көлбеулікте болады.
Металл илеген кезде, түйін пайда болу мүмкіншілігі болған жағдайда, рольгангтердің үстіне шешілетін немесе ығыстырылатын қоршаулар жүргізіледі;
4) үздіксіз сортты стандардың клеттері арасында, бағыттаушы желобтары бар үстел болмаған жағдайда, клеттердің арасында қоршау болады.
Металды илеу кезінде жұмысшыларды жылулық сәулеленуден қорғау үшін үздіксіз стандардағы және клеттері бірінен соң бірі орналасқан стандардағы бағыттаушы желобтар борттармен жабдықталады;
5) сызықтық типтегі сортты стандарды илеу алқабы, илеу кезінде металдың шығып кетуіне жол бермейтін, бірыңғай борттармен қоршалады. Борттарды бекіту әдістері жолақтың соңының бітелуіне және түйіннің пайда болуына жол бермейді;
6) сызықтық типтегі стандарда, ұзынша илектер немесе түйіндер болған жағдайда, сонымен қатар, стандар маңындағы аудан жеткіліксіз болғанда, ауыздықтары жеткілікті ашылған, ал қажетті жағдайда роликтері болатын әуеге ілінген желобтар немесе жерге бекітілген қалташалар болады.
Иленген металдың желоб бортынан түсіп кетуіне жол бермеу үшін, қабылдау желобтарының ауыздықтары жоғарғы жағынан және жанамаларынан жабық болады.
Желобтардың қаңылтырлары мен плиталары бір-біріне тығыз бекітіледі.
Таяу орналасатын қалташалар қабырғамен бөлінеді;
7) металды бір клеттен басқасына беретін желобтар, түйіндер пайда болмас үшін, қақпақпен жабылады.
Металды илеу кезінде желобтарды және қалташаларды жөндеуге, сонымен қатар жолда тұрып қалған жолақтарды түсіріп алуға жол берілмейді;
8) бракты орау құрылғылары адамдарға қауіпсіз орындарда орналастырылады. Олардың алдында бағыттаушы воронкалар болады.
Бракты орау құрылғыларын басқару пульті қауіпсіз жерде орналастырылады;
9) жаңа стандарда валдарды ось бойынша қалыпқа келтіру арнайы жасақтар арқылы жүзеге асырылады, оларды басқару сызықтық стандарда клеттердің алдына, ал барлық басқалары үшін клеттердің ішкі жанама жақтарына шығарылады;
10) металды валға беру кезінде роликті немесе ашылатын есіктері бар кіріспе қораптары пайдаланылады.
Желілі стандарда қораптары басқа калибрге механикалық жолмен қозғалатын көпсалалы есіктер қолданылады;
11) түйіндік илек кезінде төменсортты және желілік стандардың клеттері алдынан және артқы жағынан қоршау апаратымен жабдықталады;
12) төмен сортты және желілік стандарда металды қолмен берген кезде клеттерде қорғау бағандары болады;
13) металды қолмен беру кезінде төмен сортты және желілік сызықтық стандарда клеттердің алдында сақтандырғыш тарамалар болады;
14) мұздатқыштардың конструкциясы илектің шығып кетуіне жол бермейді. Мұздатқыштар күтуге арналған аудандар және жылу сәулесін шығарудан қорғалатын өту көпірлерімен жабдықталады;
15) иленетін металдан сынама алу, механикалық жолмен, осы жұмысты орындайтын жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып жасалынады.
Қажетті жағдайда сынама алынатын жерлерде қорғау қалқандары орнатылады;
16) иленетін металдың сынамасын суыту арнайы дайындалған орында жасалады;
17) стандарды металдан тазарту, сонымен қатар, оны өңдеу агрегаттарына тасымалдау механикаландырылады;
18) орағыштардың конструкциясы, құрылымы және қоршауларды орау кезінде металдың шығып кетуіне жол берілмейді;
19) бунттерді тасымалдау және жинау механикаландырылады.
60. Қаңылтыр стандар:
1) илектерді тасымалдау, илеу және өңдеу жөніндегі барлық операциялар механикаландырылады және басым жағдайда ағында істелінеді;
2) металды илеу кезінде күйінділер слябтер мен құймалардың жоғарғы жағынан арнайы қондырғылармен алынады (күйінділерді сындырғыштар, гидросбивтер және тағы басқалар);
3) илеу кезінде қаңылтырлар мен илемелердің қалыңдығын, енін және температурасын өлшеу арнайы құрылғылар арқылы дистанциялы түрде жасалынады;
4) инспекторлық бақылау және қаңылтырларды белгілеу олардың температурасы 60 о C жоғары емес температураға суытылғаннан кейін жүзеге асырылады.
Инспекторлық үстелдерде ауадан су бүрку құралдары болады.
Инспекторлық үстелдерде қаңылтырларды суытуға мүмкіндік болу үшін плиталық төсемелерде ені 0,06 м тесіктер болады.
Инспекторлық үстелдердің шет жақтарынан адамдар өтуге арналған жүру жолдары қарастырылады.
Инспекторлық үстелден өту үшін өтпелі көпірлер болады.
Қаңылтырларды белгілеу, маркілеу операцияларын қолмен орындаған кезде транспорттық қондырғылар тоқтатылады;
5) қаңылтырдың бетін тексеру үшін оның шеттері оңай және еркін енетіндей болады;
6) ыстық рулондарды тасымалдауға арналған тоннелдерде қабырға мен конвейердің арасында 1 м кем емес жол қалады;
7) жұқа қаңылтырларды сорттау, маркілеу және қаптау механикаландырылады;
8) вал типті дублерлерде қорғаныс қоршаулары болады.
61. Суық илекті және ойық профильді стандар:
1) илекті тасымалдау, илеу және өңдеу операцияларының барлығы механикаландырылған.
Жолақтың соңын қолмен беру тек барабанды толық тоқтатқаннан кейін жүзеге асырылады:
2) илектерді орау телімі қорғаушы торлармен қоршалады. Илек клеттерінің күту жағындағы арасы алынбалы қалқандармен жабылады;
3) валдарды қыздыру үшін қолданылатын газ форсункаларды басқару клеттен әрі қарай, қауіпсіз жерде орналасады.
Валдардың қозғалысы кезінде форсункаларды жөндеуге немесе реттеуге рұқсат етілмейді;
4) эмульсияның берілу мөлшерін реттейтін вентильдер клеттен әрі қарай, қауіпсіз жерде орналасады. Клеттерде, жұмыс орындарында эмульсияның шашырауына жол бермейтін қалқандар орналастырылады.
Эмульсияның буы мен шағын дисперсиялық тамшыларды теру үшін жергілікті сорғыштар орналастырылады.
Істен шыққан эмульсия үшін эмульсияны қоқыс орнына жіберетін жинақ қарастырылады;
5) технологиялық жағын пайдаланылатын суық илекті және ойық профильді стандарда, жұмыс орындары мен жағындыдан өту жерлері дер кезінде тазартылып тұруына жағдай жасалады;
6) илеу кезінде зиянды заттар шығаратын жағындыны қолданған кезде, жұмыс аумағында зиянды заттардың болуына жол бермеу шаралары қарастырылады;
7) жолақтарының шеті майысқан, жинақталған, үзілген жерлері және басқа да ақаулары бар рулондарды илеуге жол берілмейді;
8) рулондарды жуу конустарынан кернеуді ажыратпай және гидравлика насостарын тоқтатпай түсіруге жол берілмейді;
9) иленетін жолақтарды керу арнайы құрылғылар арқылы жүзеге асырылады. Жолақтың керілуін қолмен анықтауға болмайды;
10) валдардың үстін, оларды жырық пайда болу, сыры түсу және істен шығуына әкелетін қауіпті ішкі кернеу тудырмау үшін, бірден суытуға болмайды. Валды суыту станды іске қосумен бірге басталып, оның тоқтауы кезінде аяқталады;
11) суық илекті стандар, жұмысшыларды ұшқындардан қорғайтын қондырғылармен жабдықталады.
62. Дөңгелек илекті стандар:
1) дөңгелектерді тасымалдау, өңдеу бойынша барлық операциялар механикаландырылады;
2) құймаларды созылудан сақтау үшін арнайы стеллаждарға орналастырады;
3) құймаларды кесу үшін станокқа орналастыру және тасымалдау, автоматты жүк көтеру қондырғысымен жабдықталған кранмен жасалады;
4) станоктар инструменттің кенеттен істен шығуы кезінде жұмысшылар ағаш ұшқындары мен қалдықтарынан қорғайтын экрандармен жабдықталады.
Өңдеу процесін бақылау үшін, экрандарда жоғары температура, ұшқындар және сол сияқтылардың әсерінен мөлдірлігін жоғалтпайтын мықты материалдардан жасалған көру терезелері жасалады;
5) гидравликалық және пневматикалық қысқыш құрылғылар (қондырғылар), ауа және сұйық берілудің төмендеуі немесе тоқтатылуы жағдайында өңдеудегі бөлшектер мен кесу инструменттерінің шығып кетуін болдырмау үшін, станоктың жұмысын автоматты түрде тоқтататын тежеуіштермен жабдықталады;
6) станоктардан кесінділерді жинау механикаландырылады;
7) құймабұзушы қондырғы машинисінің жұмыс орны құймабұзушы жағынан тормен қоршалады;
8) қыздыру пештерінің енгізу желобтарында құймалардың желобтан құлауына жол бермейтін борттары болады;
9) едендік машинаның жұмыс аумағында адамдардың жүруіне жол берілмейді;
10) қысымның астындағы басқыштың барлық бөлшектері, қолданылу басшылыққа сәйкес, кезеңмен техникалық куәландыру мен сынақтан өтеді;
11) дөңгелектерді технологиялық желімен тасымалдау жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғылармен жасалады;
12) дайын дөңгелектер олардың дөңгелеп кетуіне жол бермейтін стеллаждарға жиналады.
63. Шарлық илек станы:
1) вагондарды түсіру, металл пакеттерін тасымалдап, оны қыздыру пешінің торына салу, сонымен қатар, дайын шарларды вагонға тиеу техникаландырылады;
2) электромагнитті траверсалы көпірлі крандарды қолданған кезде, кранның жұмыс ауданында адамдарға жүруге болмайды. Кранның жұмыс аумағында осы мәтіндегі плакаттар ілінеді;
3) станның қабылдау желобына құйманы беру электр сұлбасында, қауіпті жағдайда вальцовщиктің құйманы желобқа салуына жол бермейтін қондырғымен жабдықталады;
4) станның қабылдау желобы құйманың желобтан шығып кетуін болдырмайтын құрылғымен жабдықталады;
5) қысқартылған құймаларды илеген кезде, вальцовщиктер үшін, құйманы илеу аумағының сыртында орналасқан арнайы орын қарастырылады.
Қысқартылған құймаларды валға беру қажетті өлшемдегі төсеме арқылы іске асырылады;
6) станның жоғарғы желісін ауыстыру оның кенеттен құлауына жол бермейтін құрылғы көмегімен жүзеге асырылады;
7) элеватордың апатты тоқтауы кезінде стан тоқтатылып, шұңқырға кететін су жабылады.
Элеваторды жөндеу шарлар суығаннан кейін, белгі жүйесінің талаптарымен жасалынады;
8) элеватор мен шұңқырдың конструкциясы шардың тұрып қалуына жол бермейтіндей болады.
Достарыңызбен бөлісу: |