Илек өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар



бет1/3
Дата17.07.2016
өлшемі0.54 Mb.
#205661
  1   2   3


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылғы «25» шілдедегі

№ 132 бұйрығымен

бекітілген

Илек өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

1-тарау. Жалпы талаптар
1. Осы Талап илек өндірісін жобалауға, салуға және қайта құруға таратылады.

2. Негізгі жабдықтардың конструкциясы мен технологиялық сызбасына

өзгерістер енгізу жобалау мекемесі немесе дайындаушы-зауыттың келісімін алған жағдайда жүзеге асырылады.

3. Қолданыстағы илек өндірісінде өндірістік бақылаудың технологиялық регламенті, апатты жою жоспары әзірленеді.



2-тарау. Ғимараттар мен имараттар
4. Терезе және шам түптеуіштерін ашуға арналған механизмдер жеңіл қол жетерлік және қызмет көрсетілуіне қауіпсіз жерде орналастырылады.

5. Цехтарда ғимарат ішіндегі шаң мен қоқысты, сондай-ақ, өндірістік ғимараттар шатырынан шаң мен мұзды, қарды жинауға арналған механикаландырылған құралдар қарастырылады.

6. Адамдар кіретін жерге қозғалыстағы составтың ғимаратқа кіруіне арналған қақпа орналастыруға тыйым салынады.

7. Илек цехтарында адамдардың қауіпсіз жүріп - тұруы үшін сәйкесінше өтетін жерлер, асу жол көпірлері мен тоннелдер салынады.

Цех пен шаруашылық ғимараттарды қосып тұратын тоннелдерден шығу орны көпірлік кран жұмысының төңірегінде орналасады.

8. Илек цехтарының едені мықты, тозуға жарамды материалдардан жасалынады, тегіс, сырғанамайтын болады. Өндіріс ғимараттарындағы жұмыс орындары әр ауысым сайын тазаланып тұрады.

Технологиялық процестер түріне қарай майлар мен эмульсиялар қолданылатын өндіріс телімдерінде майлар мен эмульсияның еденге түспеуінің алдын алу шаралары орындалады. Сырғанауды болдыртпау үшін мұндай телімдердің едендері жүйелі түрде тазаланып, қажетті жағдайда ағаш ұнтағы себіледі.

9. Кранның жөнделу орнында жұмыс ыңғайлы және қауіпсіз болу үшін жүк көтергіш қондырғылар, жөндеу алаңдары қарастырылады.

10. Илек цехтарының түтін шығу мұржасын тексеру және оны күту қолданыстағы нормативті техникалық құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

11. Илек цехтары аймағының барлық бос жер телімдері жасыл желекпен қоршалынады.



3-тарау. Еңбектің қауіпсіз шарттарын жасаудағы

жалпы ережелер
12. Илек стандары, олардың негізгі және қосалқы агрегаттары мен жабдықтарына негізгі техникалық мәліметтер келтірілген төлқұжаты болады.

Агрегаттардың қолданылуы кезеңінде агрегатта болған барлық өзгерістер, оған жасалған іргелі жөндеулер, орын алған апаттар, инцинденттер және олардың салдарын жою жөніндегі шаралар туралы барлық мәліметтер төлқұжатқа жазылады.

13. Илек стандары мен агрегаттардың қиын қол жеткізілетін жерлерде орналасқан қозғалатын және айналатын бөлімдерін жалпылай, жабылатын қондырғымен қоршауға рұқсат етіледі. Қоршау олардың қызметін қиындатпайды.

14. Контржүктер қоршалынады немесе адамдардың қауіпті аймаққа енуін болдырмайтын жабық бағыттаушы қондырғыларға (құдықтар, құбырлар, шахталар) орналастырылады.

15. Ғимараттарды желдету үшін қолданылатын желдеткіштердің ауызғы сорғышында сақтандырғыш тор болады. Тасымалданатын желдеткіштерді қолданған кезде, олардың қалақтарында 20 х 20 мм ұяшық өлшеміне сәйкес болатын сақтандырғыш тор болады.

16. Маховиктердің бірыңғай барьер немесе төменгі жағынан тігілген басқыш ұстамалары түрінде болатын жанама қоршаулары болады. Маховиктердің құрсау бойынша қоршаулары биіктігі 2 м кем болмайтын бірыңғай қалқан ретінде орындалады.

Маховик айналымы аумағында, оның бас двигателі цех ішінде орналасқан жағдайда, жұмысшылардың демалыс орнын жасауға болмайды.

17. Пневматикалық және гидравликалық механизмдер шлангілері МемСТ 9356 - 75 сәйкес болады. Шлангілердің штуцер мен жабдықтарға бекітілуі, олардың жұмыс кезінде үзілуін болдырмайды. Шлангілердің қосылуы мен ажыратылуы ауа немесе су берілуді тоқтатқаннан кейін орындалады.

18. Илек цехтарындағы жетектер, контржүктер және басқа қондырғылар берік жабылып, биіктігі 0,9 м кем болмайтын, төменгі жағы 0,14 м биіктікке дейін бірыңғай тігілген қоршаумен қоршалынады.

19. Илек стандары механизмдерінің қозғалатын бөліктеріне және басқа да жабдықтарға май жағу орталықтандырылады. Жұмыс бабындағы машиналар мен механизмдерді қолдан май жағу қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы қондырғылар болған жағдайда рұқсат етіледі.

Машиналар мен механизмдерді күту кезінде қолданылатын май жағу және жұқтыру материалдары жабық металл жәшіктерде, арнайы орнатылған жерлерде сақталынады.

20. Ыстық металл, шлак, су және сол сияқтылардан өте жақын орналасқан жұмыс орындары жылу шығару мен ұшып кететін бөлшектерден сақтандыру мақсатында торлар және басқа да құрылғылармен жабдықталынады.

21. Рольганг, шлепперлер, конвейерлер және сол сияқты имараттардан адамдардың қауіпсіз өтуі үшін ұстағыштары бар көпірлер орнатылады.

Ыстық металдан өтуге арналған көпірлерде ыстық жібермейтін жабынды болып, жанамалары – темір парақтардан жасалған қалқанмен немесе биіктігі

18 м кем болмайтын қою металл тормен экрандалған болады.

22. Күтудегі агрегаттар мен жеке механизмдер жанындағы аудандар мен

едендер таза болады.

23. Қайшылар, штемпельді басқыштар, фрезерлі және бұрғылау

станоктары және металды суықтай өңдеуге арналған басқа агрегаттар тұрған жұмыс орындарының едендеріне, арасы 30 мм аспайтын планкалары бар ағаш тор төселінеді. Төсеме құрғақ және жұмыс бабында болады.

24. Негізгі өтетін жерлердің шекаралары ені 50 мм кем болмайтын ашық түсті сызықтармен немесе оларды ауыстыра алатын белгілермен көрсетіледі.

Габариттері ескерілмеген жерлерде алдын ала ескерту плакаттары ілінеді.

25. Тоннелдер, жертөлелер мен басқа қауіпті орындардың кіреберістері құлыпқа жабылады.

26. Жұмысшылардың үнемі аптап ыстықта болатын жұмыс орындары (стан клеттері, қайшы, ара, стеллаж және басқа агрегаттар) температураның санитарлық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ететін ауадан су бүркетін қондырғылармен (жаз кезінде алдын ала суытып, ылғалдандыратын және қыста жылытатын) жабдықталынады.

27. Жұмыс процесінде шаң пайда болатын барлық станоктарда, оны жоюға қарсы шаралар қолданылады (гидросубүрку, сорғыш желдету және сол сияқтылар).

Илек стандары, жабдықтар мен жұмыс орындарын тазалауға арналған, жұмыстарды барынша механизацияландыратын, кір су ағындарын өткізіп, оларды тазалайтын жүйесі бар құрылғы және қондырғылармен жабдықталынады.

28. Ауысым ішінде жұмыстарды персоналы ауысып орындайтын илек цехтарында жағдайлар жасалған демалыс орындары қарастырылады.

29. Машина залдарында, май жертөлелерінде, насос станцияларында және

сол сияқты тұрақты жұмыс орындары бар учаскелерде персоналды өндіріс ортасының зиянды факторларынан қорғайтын кабиналар қарастырылады.

30. Илек цехтарында запастағы және ауыстыруға арналған жабдықтарды

жинап сақтауға арналған орындар, сондай-ақ, жүк көтергіш механизмдермен жабдықталған жөндеу орындары болады. Запастағы және ауыстыруға арналған жабдықтарды оларды сақтауға арналмаған жерде жиыстыруға тыйым салынады.

31. Қолданыстағы илек цехтарында құрылыс - монтаждау жұмыстарын бастамастан бұрын, кәсіпорынның және құрылыс-монтаждау мекемесінің техникалық басшылары бекітетін, құрылысшылардың және цех персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, жұмысты ұйымдастыру жобасы жасалынады.

32. Илек цехтарында қолданылатын утилизатор – қазандар, қазандық шаруашылық жабдықтарының құрылымы мен қауіпсіз қолданылу талаптарына сәйкес болады.

33. Барлық өндірістік және қосалқы ғимараттар, имараттар мен қоймалар

алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады. Бұл құралдардың саны металлургия өнеркәсібіндегі кәсіпорындар мен мекемелер үшін қарастырылған алғашқы өрт сөндіру құралдары нормаларына сәйкес болады.

Өрт сөндіру құралдары мен өртке қарсы инвентарь өртке қарсы қызметпен келісе отырып, оңай алынатын жерлерде орналастырылады.

34. Тез жанғыш және жанатын заттар қолданылатын цехтарда, осы заттарды орталықтандыра отырып тасымалдап, жұмыс орындарына жеткізу жүргізіледі.

Орталықтандырылған тасымалдау болмаған жағдайда, аталған заттарды жұмыс орындарына жеткізу арнайы ыдыспен жүзеге асырылады.

Жұмыс орындарында материалдарды сақтау (қолданысқа дайын күйінде)

ауысым қажеттілігінен аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі, бұл жағдайда материал салынған ыдыстар мықты жабылады.

4-тарау. Металл қоймалары
35. Ашық қоймаларда су мен қар үйінділері болмауы керек.

36. Қоймалардың жұмыс аймақтары, жүру орындары және жүктерді тасымалдау жолдары тазалықта сақталынады. Қоймалардың жұмыс аймақтарын, жүру орындары және жүктерді тасымалдау жолдарын күл қоқысқа толтыруға жол берілмейді.

37. Жамбыларды штабельге жіңішке және жуан жақтарын ауыстыра отырып салады. Штабельдің биіктігі жамбылардың өлшеміне қарай технологиялық регламентте көрсетіледі, бірақ 3 м аспайды.

Блюмдар мен квадрат дайындамаларды штабельге крестіге-крест ретін де,

ұзындығы 5 м дейін болғанда биіктігі 2,5 м – ге дейін және ұзындығы 5 м жоғары кезде биіктігі 4 м дейінгі тәртіппен орналастырады.

Слябілерді бір бағытта немесе крестіге-крест етіп жиналайды. Штабельдің

биіктігі слябілер мен орналастырушы құрылымдардың еніне байланысты, технологиялық регламентте көрсетіледі. Бірақ ол бір бағытта орналастырған кезде 3 м, крестіге - крест кезінде – 4 м болады.

Жапырақшалар мен жапырақшалар жиынын бір бағытта немесе крестіге крест етіп жинау керек. Жапырақшалы металл үшін штабель биіктігі жапырақша енінің бір жарымынан аспайды, бірақ, жуандары үшін 3 м, жіңішкелері үшін 2 м болады.

Рулондардағы ыстықтай иленген жолақтарды штабельге бірнеше қатарға, биіктігі 4,5 м пирамида болатындай етіп, тігінен орналастырады.

Рулондардағы суықтай және ыстықтай иленген жолақтарды операцияаралық қоймаларда арнайы стеллаждарға бір қатарға көлденеңінен орналастырады, ал ленталарды – екі қатарға.

Рельстер 4 м биіктікке дейінгі штабельге бір бағытта орналастырылады.

Балкалар мен швеллерлерді 4 м биіктікке дейінгі штабельге бір бағытта немесе крестіге-крест етіп орналастырады.

Дөңгелек дайындамаларды, жоғары сортты, орта сортты және төмен сортты металды 4 м биіктікке дейінгі штабельге крестіге - крест етіп орап, жинақталған күйінде орналастырады.

Бунттағы катанканы 5 м биіктікке дейінгі штабельге бірнеше қатарға орналастырады.

38. Суық металл үшін штабельдердің ара қашықтығы 1 м кем болмайды, ыстық металл үшін 1,5 м кем болады. Басты өту орнының ені мен штабельден ғимаратқа дейінгі қашықтық 2 м кем болмайды.

39. Канава, траншея, май жертөлесі, тоннелдер, люктер және сол сияқтылардың аралықтарынан металл жүргізуге болмайды. Аралықтар орындары цех еденінде анық белгіленіп, сонымен қатар, сәйкесінше жазбалар жазылады. Егер бұл имараттарды жобалау кезінде аралықтарға түсетін салмақ ескерілген болса, онда ол жөнінде де сәйкес жазбалар белгіленеді.

40. Металл қоймалары көтергіш - транспорт құрылғыларымен жабдықталынады (крандар, электрокар және сол сияқтылар). Қойма ішінде металдың орын ауыстырылуы мен жүк тиелуі қол еңбегін пайдаланусыз, электромагниттік крандар арқылы, механикаландырылған және автоматтандырылған жүк көтергіш құрылыстар көмегімен жүзеге асырылады.

Механикаландырылған жүк көтергіш қондырғыларды пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда, металды іліп алу үшін жүк көтергіш крандарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, қол еңбегін пайдалануға рұқсат етіледі.

41. Қоймаларда автомашиналар, автожүктиегіштер және автокарлар үшін штабель мен транспорттың арасы 1 м болатын қашықтықты қамтамасыз ететін жолдар белгіленеді. Металл сақталатын әрбір қоймада қоймалау сызбасы ілініп тұрады.
5-тарау. Қыздыру қондырғылары
42. Жалпы талаптар:

1) пештер жұмысшылардың екі жақты жылулық сәулеленуіне жол бермейтін қондырғылармен жабдықталынады;

2) жылыту пештерінің, рекуператорлардың біріккен жерлерін, сондай-ақ, жандырғыш, бақылау-өлшеуіш құралдарын (әрі қарай - БӨҚ) және автоматиканы күту және жөндеу үшін, бірігу жерлеріне нақты қатыссыз болатын орындар болады. Біріктіру жерлерінде жүруге болмайды;

3) жылыту пештерінде қолданылатын шарнирлік крандар мен басқа да машиналарда кран кабинасының, машинаның колонна мен ғимарат қабырғаларына 1 м қашықтыққа дейін жақындауына жол бермейтін тежеуіштер болады. Кран кабинасының төменгі жағынан, машинадан еденге дейінгі қашықтықтың ең шекті мәні 0,5 м кем болмайды.

Шарнирлік машинаның жұмыс жасау аумағы қоршауға алынады;

4) пештерді күту кезінде жергілікті суыртпалар ыңғайсыздық жағдайын тудырмайды;

5) қыздыру пештерінің жан-жағындағы еден сырғанамайтын болады.

Жоғары температуралар төңірегінде орналасқан орындар жылудан изоляцияланады;

6) пештердің терезелері рамасына тығыз тиіп тұратын қақпақпен жабылады. Терезелер қақпақтары жылудан изоляцияланып, суытқышпен жабдықталынады;

7) металды тиеп, шығару үшін жұмыс терезелерінің көтергіштері механикаландырылады.

43. Қыздыру құдықтары:

1) құдықтардың теміржолға жақындау габариттері МемСТ 9238-83 сәйкес болады. Құдықтар жиынтығы теміржол жағынан цехтың еденінен құдықтардың жұмыс жасау төңірегіне дейін қоршалынады.

Құдықтар орналасқан ғимараттарда құймалар мен запас жабдықтардың қоймасын жасауға және олармен ғимарат территориясын қоқыстандыруға болмайды;

2) регераторлар мен рекуперлердің біріккен жерлері мен көру терезелері газдың өтіп кетуінен сақтайтын газ өткізбейтін массамен тығыздалады. Регенераторлар мен рекуперлерді қолдану кезінде газдың өтпеуін қадағалалауға арналған арнайы бақылау тағайындалады. Жырықтар мен саңылаулар дер кезінде жабылады. Регенераторлар мен рекуперлердің қабырғалары газ өткізбейді;

3) жылыту құдықтарының жұмыс орындары, құймаларды ауыстыру жағын ескермегенде барлық жағынан, төменгі жағы бірыңғай тігілген ұстамасы бар қоршаумен жабылады.

Едендік - қақпалық кран скаттарын қарап жөндеу үшін ысытылған жолдар жағынан жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғылар қарастырылады.

Жылыту құдықтарындағы ячейкаларды жөндеу кезіндегі жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс орнының шекарасына алынатын қоршау орналастырылады;

4) жылыту құдықтарының қақпақтары оларды камераға қондырған кезінде тығыз болуын және от жалынының шығуына кедергі келтіретін құрылғылармен жабдықталады. Қақпақ пен камера арасындағы саңылау сәйкес материалмен тығындалады (құм, тағы басқалар);

5) жылыту құдықтарының қақпақтарын басқару пульттерінің алдында жылу өткізбейтін экран болады.

Терезе арқылы қажетті мөлшерде таза ауамен қамтамасыз етуге жағдай жасалмаған басқару пульттері бар қолданыстағы цехтарда, басқару пульттерінің жанындағы жұмыс орындарына берілетін ауа температурасын реттейтін желдеткіш болады.

Еденді - қақпақтық крандардың басқарылуы дистанциялы болады. Дистанциялы басқару болмаған жағдайда, рекуперативтік құдықтардағы еденді-қақпақтық крандардың басқару кабинасы ауаны кондиционерлеу құрылғысымен немесе ауадан су бүрку қондырғысымен жабдықталады.

Құдықтардың ашық камераларының алдындағы, сондай-ақ, құймаларды тиеп, берілу кезінде оларды тасымалдау аландарында жұмысшыларға жүруге рұқсат етілмейді.

БӨҚ – бақылаушы өлшегіш құрылғы орналасқан площадкалар мен басқару пульттері жылыту құдықтары жағынан экрандалады;

6) құймаларды тасымалдау үшін жұмыс барысындағы керндері бар қысқыштарды қолдануға болмайды. Керндер төзімді металдан жасалып, қатты құймамен құйылады.

Суық құймаларды суытылмаған қысқыштармен алуға болмайды. Қысқыштары ылғалдандыратын ыдыстарға ағынды су келіп тұруы үшін, оның температурасы 45 ° С төмен болмайды;

7) қысқышты кранның қабырғалары мен едендері изоляцияланады. Кран машинистінің жылу сәулелерінен сақталынуы үшін кабина терезелері екі қатар әйнектелінеді. Сыртқы әйнек жылу сындыратын болады.

Кабиналар кондиционермен жабдықталынады;

8) құйма тасуды басқару, оны түсіру дистанциялы болады. Түсіргіш қондырғы құймалардың беріктігін қамтамасыз етіп, олардың басқа жаққа ауытқуын болдырмайды. Құйма тасушының жолы біркелкі болған кезде, берік тупикпен қамтамасыз етіледі.

Құйманы дөңгелек бойынша тасымалдаған кезде, жолдың дөңгелену тұсында құйматасушының қозғалысын білдіретін жарықтық сигнализация орналастырылады.

Жаңадан жобаланған илек цехтарында құйматасушының жолынан шлактан тазарту механикаландырылады;

9) құйматасушыны басқару посты құйматасушының жол бойындағы барлық қозғалысын көруге болатындай жерде орналастырылады;

10) құйматасушыны жөндеу арнайы телімде жасалынады;

11) жылыту құдықтарын шлактан тазарту механикаландырылады;

12) ылғалды құралмен шлакты тазалауға немесе шығаруға рұқсат етілмейді;

13) шлак салынатын қораптар мен ковштар жөнделген және құрғақ болады.

Ковштарды (қораптарды) сұйық шлакпен толтыруға рұқсат етілмейді.

Ылғалды шлак толтырылған ковштарды, қораптарды жинау дер кезінде атқарылады. Сұйық дәнекерлеу шлагын сумен арластыруға болмайды. Шлак қойылған жұмыс орындар ауадан су бүрку құралымен жабдықталады. Жылыту құдықтарының шлак орналасқан жерлеріндегі қабырғалары экранмен жабылады;

14) шлакты құдық астынан шлак сақтау орындарына жіберу механикаландырылады.

Шлак тасу арбашалары дыбыс сигнализациясымен жабдықталып, қажетті жағдайда жүргізушінің орнында қорғаушы саңылауша болады;

15) шлағы бар ковштер мен қораптарды теміржол вагондарына тасымалдау шлак суытылғаннан кейін жасалынады. Шлактың суытылу мерзімі технологиялық регламентте келтіріледі;

16) шлакты шлак тоннелінің еденіне тастауға болмайды;

17) шлак қораптарын ашқан кезде, оның жанында тұруға болмайды.

44. Итергіш және механикаландырылған жылыту пештері:

1) металды жылыту пештеріне беру және металды пештен алу механикаландырылады;

2) ендіру құралдары пешке енгізілетін дайындамаларды түзететін қондырғылармен жабдықталынады (тіреуіштер, манипуляторлар, сызғыштар және тағы басқалары).

Дайындамаларды пешке жіберу кезінде ендіру құралдарында тұруға болмайды;

3) итергіштерді басқару постыларының орналасуы ендіру құрылғыларындағы дайындамалардың жақсы көрінуін қамтамасыз етеді. Басқару постыларында дайындамалардың пештен алынуын хабарлайтын сигнализация болады;

4) жаңадан салынатын немесе қайта жаңартылған пештерде құймалар мен дайындамаларды түсіру механикаландырылады. Пештер құйманың жылжып кету жағдайында жанама қабырғалардың бұзылуына жол бермейтін қондырғылармен жабдықталынады;

5) жоғарғы ретте орналасқан жанғыштарды күту үшін қарастырылған аумақтар ұстағыштармен қамтамасыз етіліп, кемінде екі кіру орны болады, тік басқыштар орналастыруға рұқсат етілмейді;

6) пештегі қысым жалын мен газдың ең аз шығуын қамтамасыз етеді;

7) пештің шиберлерін басқару механикаландырылады. Шиберлер қауіпсіз және жөндеуге қолайлы жерде орналастырылады;

8) сұйық шлак пештен қораптар мен ковштерге құйылады. Шлак орындары қалқанмен қоршалынады.

Шлакты қораптар мен ковштен түсіру, бөліктерге бөлу, оның толықтай суытылуынан кейін, арнайы жасақталған орында жасалынады;

9) жылыту пештерінің жанындағы жұмыс орындары су бүрку қондырғыларымен жасақталынады.

45. Жылытқыш құрылғыларды газбен жылыту;

1) жылытқыш құрылғылардың жылулық режимі автоматтандырылады;

2) жылытқыш құрылғыларына газ жіберер алдында, пештің барлық механизмдерінің, бақылау-өлшеуіш аппаратураларының, жабындының, дроссельдік құрылғылардың, клапан мен басқа арматураның жұмыс қалпында екендігі тексеріледі;

3) ауыспалы клапандардың сальниктері тығыздалынады. Олар әр ауысым сайын тексеріледі;

4) ауыспалы құрылғыларда газдық және ауа клапандарының бір мезетте ауысуына жол бермейтін тежеуіштер болады.

Клапандарды ауыстыру кезінде, автоматты түрде оның басталуы мен аяқталуын білдіретін дыбыстық және жарықтық сигнал беріледі.

Клапандарды ауыстыру кезінде олардың жанында адамдардың жүруіне рұқсат етілмейді;

5) клапандардың ауыспалы құрылғыларының айналасындағы жұмыс орнының ені 0,8 м кем болмайды;

6) регенеративті пештердің жарқабағының шығысы мен қабырғалары герметикаланылады. Жарқабақтар арнайы тығыздаушы жағындылармен жабылады;

7) пештің жарқабағына өту құбыры жарқабақтың үстінен орналасады.

Жарқабаққа түсу үшін мықты жасалған қапсырма немесе баспалдақ орнатылады.

Көруге арналған құбырда ұяшыққа тығыз орналасқан екі қатар қақпақ болады;

8) жылытқыш құрылғылар су түсуден қорғалуы керек, ал су түскен жағдайда дер кезінде суы тартылады.

46. Жылытқыш құрылғыларды сұйық жанармаймен жылыту:

1) пеште жандыру үшін берілетін мазут фильтрленіп, бу темпертурасынан аспайтындай температураға жылынады;

2) мазут құбырлары жылуизоляцияланған және олардың мүмкін болатын шығысына қарай 0,003 кем емес көлбеу орналастырылады.

Мазут құбырларына параллель етіп оның жалпы изоляциялану бойында жылытатын бу құбыры жүргізіледі.

Мазут құбыры жоғарғы жағынан төменгі белгісіне дейін бумен үрленетін болады;

3) мазуттың төгілуі кезінде мазутты құйып алатын апаттық ыдыстар цех ғимаратының сыртында орналастырылады;

4) мазут құбырының цехқа кіре берісінде тоқтататын нышан болады;

5) пештерді сұйық жанармаймен жаққан кезде, күту және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін форсункаға еркін қол жететіндей болады.

Жиынтықты форсункалы пештер жылуизоляциялық тігілмесі бар стационар орындармен жабдықталынады.

Тасымалданатын төсемелерді қолдануға болмайды.

Жалынның кері екпіні кезінде күю жарақатын алмау үшін, форсункаларды орналастыратын тесіктер торуылмен жабылып, ал вентильдер басқа жаққа қарай біршама ығыстырылады.

Форсункаларды жағу техникалық нұсқауға сәйкес жүзеге асырылады;

6) форсунканың орнын өзгерту механикалық тәсілмен жүзеге асырылады;

7) мазут құйылған ыдыстар мазут буынан сақтайтын сақтандырғыш латун торы бар сығынды түтікпен және ыдыстың толып кетуінен сақтайтын құю түтіктерімен жабдықталады;

8) ыдыстардағы мазут деңгейін анықтау үшін деңгей өлшеуіші қолданылады;

9) өрт кезінде мазутты шығару үшін мазут ыдыстары арнайы ыдыстармен жабық құбырлар арқылы қосылады. Бұл ыдыстарға мазуттың шығыс ыдыстарының құю түтіктері қосылады;

10) апат немесе өрт жағдайында мазутты тоқтату үшін мазут құбырларында күтімге ыңғайлы жерде орналасқан вентилдер орнатылады;

11) мазут құйылған ыдысқа адамдарды жіберу рұқсат-наряды бойынша, ыдыс құбырдан тоқтатылып, мазут шығарылып, буланып, желдетіліп, ауасы зиянды заттардың болуына талдау жасалғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

Адамдар ыдыстың ішінде болған кезде, олардың барлық люктері ашық болады. Егер люктерді ашу арқылы ыдысты желдету жеткіліксіз болса, жасанды желдету жолы жүзеге асырылады.

Адамдар ыдыстың ішінде жұмыс істеген кезде жарықтандыру үшін жарылыстан сақталатын шырақтар қолданылады. Шырақтарды қосып, сөндіру ыдыстың сыртынан жүзеге асырылады.

12) пешті жөндеу кезінде, сұйық жанармайды форсункаға әкелетін құбырлар ыдыстан ажыратылып, нышан мен тығын арқылы жабылып, жанармай қалдығынан босатылады.

47. Электр термиялық қондырғылар:

1) электр термиялық телімдердің құрылымы, орналасуы және қауіпсіз қолданылуы (индукциялық жылыту қондырғылары, кедергі электр пештері, металды қыздыруға қолданылатын жоғары жиілікті қондырғылар және тағы сол сияқты.) МемСт 12.1006-84 сәйкес болады;

2) электр термиялық қондырғылар электр жабдықтарын және осы қондырғылардың механизмдерін қауіпсіз күтуді қамтамасыз ететін қажетті тежеуіштермен жабдықталынады;

3) электр термиялық қодырғыларды басқару аппараттары, әдетте осы қондырғыларда жүргізілетін өндірістік операцияларды қауіпсіз бақылауға мүмкіндік беретіндей етіліп орналастырылады;

4) басқару қалқандарында электр термиялық қоңдырғылардың қосылу және ажыратылуын көрсететін сигнализация болады;

5) электр термиялық қондырғыларды сумен салқындату кезінде және адамдарға әсер ету мүмкіншілігі кезінде судың тасып кетуін болдырмау үшін изоляциялық шлангілер қарастырылады. Суды салқындату жүйесінің металл құбырлары жерлестіріледі.

Судың шығысындағы температурасы технологиялық регламентте қарастырылған деңгейден аспайды;

6) салқындататын судың үздіксіз келіп тұруы, пешке судың жеткіліксіз келуі кезінде, қажеттігіне қарай, оны автоматты түрде сөндіретін арнайы аспаптар арқылы бақыланады, сондай-ақ, бұл аспаптар суыту жүйесіндегі судың қызып кеткендігін көрсетеді;

7) индукциялық жылыту құралдарында жылыту процесін басқару қондырғылары, сонымен қатар, индукторға дайындамаларды салатын және алатын механизмдері болады;

8) индукциялық пештердің қаптамасы индуктордан берік изоляцияланып, жерлестіріледі. Барлық электр аппаратуралары және индукциялық қондырғылардың ток өткізетін бөлшектері қоршауға алынады;

9) индуктордың жұмыстан шығуы кезінде пештер ток көзінен автоматты түрде ажыратылады;

10) металды қыздыруда қолданылатын жоғары жиілікті қондырғылар экрандалады.

Электр магниттік өрістің ең шекті кернеулік шамасы санитарлық нормамен қарастырылған шамадан артпайды;

11) кедергі электр пешінің құрылымы күту персоналының жылытқыштарға жанасуын болдырмайды;

12) жабдықтарды, роликті сымдар мен сақтандырғыштарды жөндеу кернеуді ажыратып жасалынады.

48. Термиялық пештер:

1) металды термиялық өңдеу процестері барынша механикаландырылады және автоматтандырылады;

2) пештерді басқару органдарының орналасуы жұмысшылардың сәулеленудін болдырудан сақтайды;

3) сутегі қолдана отырып жұмыс істейтін пештер орналасқан цехтар имараттары жарықтық және дыбыстық сигнализациясы бар газоанализаторлық құрылғылармен жабдықталады;

4) сутегі, азот қолдана отырып жұмыс істейтін термиялық пештер герметикаландырылады;

5) қаптама ажыратқышы мен түйіндерінің орындарын герметизациялау үшін қолданылатын материалдар сутегімен химиялық әсерге түспейді, сонымен қатар, термиялық деформация әсерінен газ өткізу және булануды болдырмайды;

6) қалпақты пештердің жапқыштары сутегінің сыртқа шығуын және пештің жұмыс төңірегінде ауа соруды болдырмайды;

7) сутегінің келтіру және әкету құбырларының өзара орналасуы пештің тиімді желдетіліп, тұрып қалатындай аймақтарын болдырмайды;

8) пеш сутегінің шығынын анықтайтын аспаппен жабдықталынады;

9) сутегіні муфельден цех ішіне тастауға жол берілмейді;

10) вакуумды - сутегілі пештердің қалпағы сутегі ортасына төзімді, отқа төзімді материалдан салынады;

11) муфель немесе қалпақ астындағы қысымның төмендеуі кезінде сутегіні беру автоматты түрде тоқтатылып, инертті газбен үрлеу іске қосылады. Бұл жағдайда дыбыстық және жарықтық сигнализация іске қосылады;

12) термиялық бөлімде муфельдер мен қалпақты тығыздыққа сынайтын және жөндеуге арналған стендтер болады.

Стендтің конструкциясы муфельді нақты орнатуға арналған орталықтандыру құрылғыларын қарастырады.

13) муфель герметикаланады;

14) сутегіні дайындауға арналған қондырғыда шешілетін фланцті қосымшалар саны өте аз болады;

15) сутегі өндіру жөніндегі агрегаттар, қондырғылар және газ құбырларының конструкциясы барлық жабдықтар жүйесінің желденуін қамтамасыз етеді;

16) газ құбырларының жеке қалпақтарға қосылуы, газды жағу, қалпақты газ пештерін ажырату және газ құбырларын жөндеу, газ қауіпті жұмыстарды ұйымдастыру қолданыстағы қауіпсіздік талаптарына сәйкес болады;

17) адымдағыш подтары бар конвейерлік пештерде құрылымның ішіне жану өнімдері мен сутегі тарамау үшін арнайы орнатылған құрылғылар болады;

18) үздіксіз қыздырумен өңдеуге арналған құрылғыларда механизмдердің жұмысқа қосылуын хабарлайтын жарық пен дыбыстық белгі беру және негізгі агретаттардың жанында орнатылған апаттық сөндіргіштер болады;

19) қызумен өңдеуден кейін жолақтар мен қаңылтырларды сумен суыту кезінде жұмыс орнына бу мен ыстық су тамшыларының шашырауына жол бермейтін құрылғылар қарастырылады;

20) үзілген жолақтардың шеттерін пештен шығару үшін арнайы құрылғылар қолданылады;

21) қызумен өңдеу бөлімшелеріндегі крандар машинистерінің кабинасы кондиционерлермен жабдықталынады;

22) жылжымалы поды бар қызумен өңдеу пештерінің есіктерінде механикалық тежегіштер және дыбыстық сигнализация орнатылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет