4.4.4 ҚР сақтандыру компанияларында
Практикаленуші студент оқу практикасін өту барысында, сақтандыру компаниясының ұйымдастырушылық құрылымымен танысып, кемінде күнтізбелік соңғы үш жыл бойындағы аналитикалық ақпараттарды жинаумен айналысады.
Сақтандыру компаниясының ұйымдастырылу құрылымының түрлі мүмкіндіктерін ескере отырып, практикаленуші студент компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерімен танысып, есепті ұсынуы тиіс.
1.Қаржылық департамент
Бұл Департамен бойынша студенттің өндірістік практика есебінде компанияның төлем қабілеттілігі мен тұрақтылығын сипаттайтын қаржылық есептіліктің түрлері мен нұсқалары көрсетілуі тиіс (қаржылық көрсеткіштері, активтері, динамикадағы инвестициялық қоржындары).
2.Сақтандыру департаменті
Бұл Департамент бойынша практикаленуші студенттің есебінде болуы тиіс:
жүргізілетін сақтандыру түрлері;
қайта сақтандырудың жағдайы мен дамуы;
осы сақтандыру компаниясының даму болашағы жайында.
Сақтандырудың құрылымын, нұсқалары мен сыныпталуын, сала бойынша сақтандыру бойынша төлемдер мен сақтандыру сыйақыларының түсуін көрсетілуі тиіс.
Қайта сақтандыруға жіберілген сақтандыру сый ақыларының құрылымын көрсету керек.
3.Сату департаментінде
Бұл Департамен бойынша студент сақтандыру компаниясының маркетингтік саясатын, оның мақсаты мен міндеттерін зерттеу керек. Тұтынушыларға сақтандыру қызметтерінің қозғалысы тәсілдері мен әдістерін анықтау керек.
1.Заң бөлімінде:
Компанияның нормативтік және заңнамалық актілердің сақталуын алып, талдап және ұсынуы тиіс. ҚР сақтандырудың заңнамалық базасын жетілдірудің мүмкін болатын бағытын келесі сұрақтар бойынша зерттеу:
сақтандыру төлемдерінің кепілдендірілген жүйесі;
міндетті сақтандыру жүйесі;
сақтандыру нарығын реттеу мен бақылау жүйесі.
Оқу практика бойынша есеп (мүмкіндігінше) сақтандыру компаниясының келесі құжаттарын мазмұндау керек: (бухгалтерлік баланс, сақтандыру келісім шарттары, сақтандыру ережелері, табыстар мен шығыстар есебі, сақтандыру полистері және т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: |