Тақырып 1. Криминологияның түсінігі және жүйесі,
криминологиялық зерттеулердің әдістемесі
Жоспары
1.
Криминология ғылым ретінде
2. Криминология жүйесі
3. Криминологиялық зерттеулердің әдістемесі
Адамдардың қылмыстық әрекеттері – әлеуметтік қызметтің ерекше,
қоғамға қайшы түрі. Қылмыстық құқық, қылмыстық-іс жүргізу құқығы,
қылмыстық-атқарушылық құқық сияқты құқықтық ғылымдар адамдардың
қолдарына қылмыстық құқық бұзушылықты ұғыну құралын ұстатты,
қылмыстық құқық бұзушылық түрлерін құрастырды және оларды
қылмыстық кодестерге енгізді, әр түрлі
деңгейдегі қылмыстық құқық
бұзушылықтармен күрестің процессуалдық тәртібін, формалары мен
тәсілдерін анықтады, қылмыскерлермен байланыс ережелерін бекітті.
Аталған проблемаға терең бойлай отырып, қылмыстылықпен күресте
қылмыскерлерді әшкерелеудің жетекші тәсілдерін пайдаланудың қажеттігі
баршаға аян. Бұл міндетті қылмыстылықпен күрестің шынайы ғылыми және
басқа да тәсілдерін, құқықтық және техникалық тәсілдерін сараптай алатын
криминалистика ғылымы орындады. Қылмыстық құқық бұзушылықты тану
процесінде медицина (психиатрия)
маңызды орынға ие болды, ал соңғы
кездері барша қарқынмен дамып келе жатқан соттық (қылмыстық)
психология криминалистиканы толықтырып отыр. Солай бола тұрса да,
аталған ғылымдардың ешбірі де жалпы қылмыстылық проблемасын
толықтай қамти алмады. Алайда, қылмыстылықты әлеуметтік құбылыс
ретінде қарап, оның заңдылықтарын, қылмыстылықпен күрес нысанының
артықшылықтарын, ілімдерді дамыта отырып анықтау бүгінгі күннің жеке
күрделі
мәселесі.
Мұнымен
криминология
ғылымы
айналыспақ.
Криминология және оның тұжырымдары негізінен, қылмыстық, қылмыстық-
атқару, процессуалдық құқық, криминалистика
ғылымдарын терең ұғынуға
мүмкіндік береді және ғылымдарды бӛлектемейді.
Криминология шынында да қылмыстық құқықтан «шығып», ӛз бетінше
жеке бӛлінуге мүмкіндік алды. Ӛз бетінше ӛмір сүре отырып, ол қылмыстық
құқықпен және басқа да ғылымның салаларымен, атап айтқанда
социологиямен, философиямен және медицинамен, әсіресе психиатриямен
тығыз байланыста болды, алайда оны олардан ажырата алу қажет.
Криминологиялық ойлау ӛрісінің және криминологиялық ғылымның
дамуымен қылмыстылық, оған жол беретін себептер мен жағдайлар,
қылмыскердің
жеке басы туралы, сондай-ақ қылмыстылықпен күреске
бақылау тәсілдері жайлы сӛз қозғау мүмкіндігі туындады.
Криминология – «қылмыстылық туралы ілім» дегенді береді (латын
тілінен «crimen» - қылмыс және грек тілінен «logos» - ілім).
«Криминология» термині алғаш рет он тоғызыншы ғасырдың аяқ
жағында баспа бетінен кӛріне бастады. Алғашында оны этиология
(қылмыстылықтың себептерін зерттеу) мәселесімен байланыстырған.
Криминология терминiн 1879 жылы антрополог Полинар енгiзген деп
санайды. 1885 ж. бiрiншi рет «Криминология» деген атпен Рафаэль
Гарофалоның кiтабы шыққан. Бiрақ қылмыстылық туралы ғылымның туу
тарихы ертеде жатыр. Қылмыстылық мiнез-құлық пен онымен күресу
жолдары Чезаре Беккарианың «Қылмыс пен жаза туралы» деген 1764 жылы
еңбегінде баяндалған. Криминологияның мәні мен пәні жӛнінде алғашқы
кӛзқарастар сол уақытта құқықтану мамандарында қалыптаса бастады.
Оларды жалпы негізгі бес бағытқа бӛлуге болады: алғашқы бағыттың
ӛкілдері криминологияны
жеке ғылым ретінде мойындамай, қылмыстық
құқықтың бӛлігі деп таныды.
Екінші бағыттағы ӛкілдер криминологияға қылмыстылықтың себептері,
қылмыстылықпен күрес әдістерін, қылмыстық саясат, пенология және
қылмыстық құқықтың мәселелерін қосты. Бұл концепция алғаш рет ХХ
ғасырда туындады. Оның негізін салушы австрия заңгері Гросс (1847-1915)
болды. Оның пікірінше, криминологияның қарауына қылмыстық
антропология,
қылмыстық социология, криминалистика, криминалды
психология, қылмыстық саясат, пенология, қылмыстық құқық және басқа да
ғылым салалары кіреді.
Үшінші бағытты қалыптастырушыға қылмыстық құқықтағы әлеуметтік
мектептің атақты ӛкілі Ф. Листті (1851-1919) жатқызуға болады. Ол
криминологияны
криминалистикамен,
қылмыстық
құқықпен
және
қылмыстық саясатпен қатар, қылмыстылық, оның себептері туралы ғылым
деп қарастырды. Байқағанымыздай, аталған соңғы екі бағыт та криминология
мен криминалистиканың мазмұнан бірыңғай қарап келген. Оның себебін іс-
тәжірибеде қылмыстылықпен күресудің тиімді әдістерін жасау қажеттігімен
түсіндіруге болады. Бұл кезде олардың нақты зерттеу салалары болмады,
бірақ
та
ол
криминология
мен
криминалистиканы
келешекте
байланыстыратын мәселелерді қарастыруға бағыт алды.
Тӛртінші бағытта криминологиялық
зерттеудің заманауи даму
тенденциясы
кӛрініс
тапты.
Ол
пенитенциарлықпен
байланысты
криминологиялық мәселелерді қарастыра бастады, яғни қылмыскердің жеке
басына, сондай-ақ девианттық жүріс-тұрысқа және олардың алдын алу
шараларына ерекше назар аударылды. Бұл бағыт АҚШ-та кеңінен
қолданылады.
Соңғысы – бесінші бағытта криминология қылмыстылық және
қылмыстылықтың себептері жӛніндегі ғылым ретінде қаралатын болды. Бұл
бағыт европалық мектептерге ерекше тән.
Ал соңғы жылдары криминологияның зерттеу пәнінің шеңбері кеңейіп
отыр. Тек қылмыстылықты әлеуметтік құбылыс ретінде терең зерттеу, жеке
тұлғаны әрекеттен бӛліп-жармай қарау криминологиядан басқа ешқандай
ғылымның «меншігі» емес.
Криминология қылмыстылық, қылмыскердің
жеке тұлғасы, қылмыстылықтың себептері мен оған жол беретін жағдайлар,
қылмыстылықтың алдын алу нысандары мен тәсілдерін құбылыс ретінде
қарастырады. Алайда, қылмыстылық тек әлеуметтік қана емес, сонымен
қатар құқық аясына «енгізілген» әлеуметтік құбылыс екендігі де белгілі.
Шын мәнісінде әлеуметтік ӛмірдегі бұл құбылыстар кӛбіне заң шығарушы
тарапынан субьективті жағдайларға байланысты қылмыстық құқық
бұзушылыққа тәуелді болып, олардың басым бӛлігі қоғамдағы шынайы сүріп
жатқан жағымсыз құбылыстардың жиынтығынан бӛлектенеді, болмаса
жалпы қоғамдық қатынастардың қалыпты жұмыс істеуіне қауіп тӛндіреді.
Осылайша қылмыстылықтың тұрақты ӛзегі
қалыптасады, олар: мемлекетке,
құқықтық әділетке т.б. қайшы ӛлім, ұрлық, зорлық-зомбылықтар. Кӛп
дәрежеде олар кез-келген әлеуметтік-саяси жүйеге тән. Әрине,
айырмашылықтары да бар, алайда, олар адамзат дамуының ерте кезеңінде
пайда болған, сӛйтіп қайсыбір мемлекеттің саяси, экономикалық және ұлттық
ерекшеліктеріне тәуелді болды.
Криминология ғылымының пәні – онымен тікелей байланысты
факторлар, жекелей және жалпы құбылыста (қылмыстылық).