«Индер тұзды кен орнының Атырау өлкесіне әсері»



Дата02.01.2022
өлшемі18.03 Kb.
#452813
индер тұзды көлі


Жетписбаева А.Р

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Экономика және құқық факультеті

Қаржы және есеп кафедрасы

alfira.zhetpisbayeva.02@bk.ru

Ғылыми жетекші: Карамулдина А.А.



«Индер тұзды кен орнының Атырау өлкесіне әсері»

Аңдатпа

Бұл мақалада емі шипа, дертке дауа – Индер тұзды көлінің ерекшеліктеріне тоқталып, оның Атырау өлкесіне әсері баяндалады.

Кілт сөздер: Индер карьері, карьер қызықтары, зерттеу жұмыстары, туризм, емдік қасиеттері.

Тұзды карьер

Каспий ойпаты алабындағы тұзды тұйық көл. Атырау облысы, Индер ауданы аймағында орналасқан. Шығу тарихы әлі күнге дейін белгісіз. Өткен ғасырдың алғашқы жарты жылдығында қазба байлықты игеру мақсатында борат кенін өндіру ісі қолға алынды. Соның ішінде №100, 102, 99, 98, 95, 88 секілді үлкен 8 карьер бар. 

Карьер жер асты суларымен байланыста, үнемі бұлақтар құйылып, суы алмасып отырады. Әйтпесе, баяғыда буланып немесе шіріп кеткен болар еді.

Карьер қызықтары

Индер карьерлеріне алыс-жа­қыннан арнайы ат арылтып келіп жатқандардың қарасы көп, әсіресе жас­тар жағының қызығушылығы мол. Тау-тасына шығып, көлге се­кіріп, оның тұп-тұнық мөлдір суына сүңгуі, жағадағы көңілді демалыс­тар әлеуметтік желілерде бейнефильм және фотосурет түрінде де ке­­ңінен таралуда. Олардың ішінде Ка­зақстанда осындай жер бар екеніне таңданыстарын білдіріп, Индерді шар­лап іздегендер де кездеседі.

Жаз бойы тау жағына шұбырып бара жатқан көліктердің де дені Тұздыкөлден гөрі осы карьерлерге түсуге бет алғандар еді. Жолаушылар жолай қалауына сай кеніштегі бір емес, бірнеше карьерлерге бөлініп кетеді. Мысалы, әлеуметтік желіде кең тарағандардың бірі №100 карьер. Жайықтай қатты ағыс ықтырмайды, терең де тұп-тынық мөлдір суы жанға жайлы. Ашқылтым су денеңді батырмайды, шалқалап жатсаң да су бетіне қалқып тұрасың, жүзуге де жеңіл. Әсіресе жа­ңадан жүзіп үйренгісі келетін жан­дарға таптырмас орын.

Зерттеу жұмыстары

1927-1940 жылдары аралығындағы зерттеу жұмыстары. А.Н.Волков(1927-1931) 1) Индер көлінің топографиялық картасы

2) Су көздерінің жүйелі химиялық мінездемесі

3) Алғаш рет схема түріндегі геологиялық карта

1935-1936 жылдардағы Н.И. Преображенскийдің ғылыми жетекшілігімен ЦНИГРИ (қазіргі ВСЕГЕЙ) күрделі зерттеу жұмыстарын жүргізді.

1932-1935 жылдары Н.С.Курнаковтың басқаруы негізінде М.Г.Валяшко, И.Н.Лепяшков Индер көлінің тұз қабаттары мен оның басты қасиеттеріне физико-механикалық талдау жүргізді.

1939-1940 жылдары Қазақ КСР-і геологиялық басқармасы тұз қабаттарын зерттеді. 1941 жылдың 26 ақпаны Индер геологиялық басқару партиясы.

Алаңдауға негіз жоқ

Индер аудандық санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орта­лы­ғының басшысы Жансұлу Қажы­ғалиеваның айтуынша, ауданда суға микробиологиялық, химиялық және ауаға радиологиялық зерттеулер жүргізіліп келеді. «Тиісті нормасынан ауытқыған кезі болған жоқ. Ал карьерлерде нақты өндіріс орындары жұмыс жасап тұрмағандықтан зерттеу жүргізілмейді, оған тапсырыс та жоқ. Әрі республикалық деңгейдегі жан-жақты санитарлық сараптама жүргізілмесе, аудандық деңгейдегі сараптама орталығымен карьерлер суының адам денсаулығына пайдасы мен зияндылығын толық анықтай алмаймыз», дейді ол.

Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, «Кен орнын алғаш ашушы» белгісінің бірнеше мәрте иегері, геолог Хасан Қамашевтың да пікірі бар. «Карьер суына түскеннен қорқатын ештеңе жоқ. Радиация мөлшері кезінде борат кенін қазған уақытта да қалыпты деңгейде болды. Яғни, радиацияның шкаласы 40-тан әрі қарай рұқсат етілмесе, мұнда кен қазған мезгілдің өзінде 17-ден асқан емес әрі борат суда езілмейді. Борат кенін қазу соңғы рет 1996 жылы аяқталды. Одан бері 20 жыл өтті. Индер тау кеніші карьерлеріндегі су құрамы бірдей. Карьер мен Тұздыкөл жер асты суымен байланысып жатыр. Бірақ карьердің суының құрамындағы тұз мөлшері литрге 50-120 грамм аралығында болса, Тұздыкөлдің суы тұздылығы литрге 320 грамм, яғни ащылау. Карьердің құрамында да калий, бром элементтері бар. Кезінде мұнда түсуге рұқсат етілмейтін. Себебі кен алу үшін жару жұмыстары жүрді, судан боратты сүзіп алатын алып экскаваторлар жұмыс істеп тұрды. Әрине арасында карьерге түсіп жүрген жұмысшылар да болды. Соның ішінде Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, Индер геологиялық барлау экспедициясының бастығы, кен барлау ісінің үздігі, геолог Ә.Доғаловтың өзі де карьерлерге үнемі түсіп жүргеніне куәміз. Өйткені Тұздыкөлдің жағасы тікжар болып келетіндіктен, түсіп-шығу қиынға соғатын әрі көлге түскеннен кейін ашық жерде үнемі жел соғып, салқын тигізіп алуыңыз мүмкін. Ал мұнда жан-жағы ықтасын, қайта бірнеше ай бойы түсуге болады. Кәдімгі теңізге түскендей сезінесің», деді.

Қасиеттері

Тұзды көл көптеген ауруларға шипа. Соның ішінде саз балшықтың көмегі зор. 1) Ревматизм, остеохондроз полиатрит, тері аурулары.

2) Гинекологиялық ауралар. Невроз, бедеулік. Ұйқы безінің ауруы.

3) Буын ауралары. Бронхит, демікпе псориаз, артроз, артирит.



Табиғаттың сыйы туризмге таптырмас орын

Өкінішке қарай осы карьерлер мен Тұздыкөлге жан-жақтан келген  қонақтардан қалған түрлі тұрмыстық қоқыстар уақыт оз­ған сайын жинақтала түсуде. Ха­лық­тың қалауын тоқтату мүмкін емес. Табиғат сыйы туризмге таптыр­мас орын секілді. Аудандық кә­сіп­керлік және туризм бөлімінің басшы­сы Бағытжан Сахипотың айтуынша, карьердің суы алынып, облыстық Сараптамалық зертханаға жолданған, ал Тұздыкөлдің мем­­лекет-жекеменшік әріптестігі ор­та­лығына ұсынылған. Жалпы өңі­ріміздегі бұл орындарға көпшіліктің қызығушылығы зор болғанымен, туристік бағытқа айналдыруға ин­фра­құрылымдық желілерден алыс жатқандығы әрі маусымдық болғандығы әсер етеді. Карьерлердің суы бұған дейін Германияның сараптама орталық­тарында тексеруден сәтті өтті деген бейресми мәлімет бар. Табиғаттың тамаша сыйын бүгінгі заманға бейімдеп қолдана алсақ, туризм нысандары аз мұнайлы аймақта жақсы бір жоба жүзеге асар еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет