Жүрек – қан айналу жүйесі аурулары Тақырыбы: Ревматизм



бет1/3
Дата15.05.2024
өлшемі19.91 Kb.
#501232
  1   2   3
Дәріс № 10 Ревматизм


Жүрек – қан айналу жүйесі аурулары
Тақырыбы: Ревматизм
Ревматизм (грек. rheumatіsmos — өту) — дәнекер тіндерді, негізінен жүрекқантамыр жүйесі мен буындарды зақымдайтын жұқпалы-аллергиялық ауру. Ревматизм- дәнекер ұлпалардың, соның ішінде жүрек-тамыр жүйесінің жүйелі түрде токсико-иммунды қабынуы. Ревматикалық процестің дамуы жүрек қақпақтарының зақымдануына және әрмен қарай жүрек ақауларының пайда болуына әкеліп соқтырады. Бұл аурудың клиникасын зерттеген француз дәрігері Ж.Б. Буйо (1796 — 1881) мен орыс терапевті Г.И. Сокольский (1807 — 1886) болды, сондықтан Ревматизмді Сокольский-Буйо ауруы деп те атайды. Аурудың пайда болуы, өршуі А тобына жататын бетагемолитик. стрептококк бактериясына және организмнің тұқым қуалайтын ауруларға бейімділігіне байланысты. Ревматизммен негізінен жасөспірімдер (7 — 15 жас аралығындағылар) ауырады. Аурудың белең алуы баспа, скарлатина, фарингит ауруларынан кейін 1 — 2 апта өткесін басталады; аяқ астынан дене қызуы көтеріліп, тізе, білезік, шынтақ, иықтың буындары қызарып, ісінеді. Табан, балтыр буындарының ісінуін — полиартрит деп атайды. 10 — 12 күннен кейін буын ісігі басылып, дене қызуы қайтады. Егер ауру асқынса, жүректі және оның барлық қабаттарын (эндокард, миокард, сондай-ақ клапандар және перикард) зақымдайды. Мұны ревмокардит деп атайды. Бұл кезде науқастың жүрек соғысы жиілеп, ентігеді, әлсіздік пайда болады, дене темп-расының көтерілуі мүмкін. Ревматизм біртебірте басқа органдар мен тіндерді, әсіресе, жүйке жүйесін (қ. Хорея.) зақымдайды. Ревматизм әлеум. тұрғыдан да өте қауіпті, себебі ауру асқынып, созылмалы түріне ауысса, науқас мүгедек те болып қалуы мүмкін. Бұл жасөспірімдер мен жұмысқа қабілетті адамдар арасында еңбекке жарамсыздықты көбейтеді.
• Ауруды толық дәрігерлік тексерістен өткеннен кейін анықтайды;
• алдын ала сақтандыру үшін баспа, тонзиллит, тіс ауруларын асқындырмай, дер кезінде емдету, организмді шынықтыру керек.
Этиопатогенезі. Қазіргі кезде ревматизм себебі деп А тобына жататын бета-гемолитикалық стрептококкті есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет