Информатика 5 сынып
Тақырыбы: Нысандармен жұмыс істеу
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Объектілерді көшіру және орнын ауыстыру ережелерімен танысу. Атын өзгерту, жою және қалпына келтіру әдістерімен танысу.
Дамытушылық: Оқушыларға практикада жұмыс жасау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: көрнекілікті-түсіндірмелі практикалық сабақ
Программалық дидактикалық қамтылуы: КУВТ,оқулық, дәптер
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту
ІІ. Ұй жұмысы
Өткен тақырып бақылау сұрақтары бойынша тексеріледі. Нүктелер орнына керекті сөзді қою арқылы
Ақпараттық диктант
Бума – бұл..... (объектілердің бірігуі.)
Компьютерде бумалар белгілі бір кезекпен орналасқан, оны (бумалар иерархиясы деп атайды.)
Бумалар иерархиясын .... көруге болады. (Жолсілтеуіш қосымшасы терезесінің сол жағынан)
Барлық бумалардың анасы ретінде ....(жұмыс үстелі саналады.)
Жұмыс үстелі бумасына ... енгізілген. (Менің компьютерім және қоржын)
Соңғы бумада .....(тек файлдар мен жарлықтар бола алады.)
Файл дегеніміз –.....( аты бар байттар тізбегі.)
Файл .....болуы мүмкін. (бағдарлама немесе құжат)
Windows жүйесінде ....деп атайды. (бағдарламаларды қосымша)
Жүйелік бумаларға .....жатады. (Windows және Program files)
Жұмысшы бумаларға ....(біз өзіміз құрған бумалар жатады.)
ІІІ. Жаңа тақырып түсіндіру
Объектілерді көшіру
Windows объектілерімен жұмыс істегенде, оларды көшіру немесе бір орыннан екінші орынға жылжыту қажет болады.
Объектілерді көшіргенде, объект бұрынғы орынғы орында қалады, ал көщірмесі жаңа орынға орналастырылады. Қанша көшірме қажет болса, сонша алуға болады. Объектіні жылжытқанда, ол жаңа орынға орналастырылады да, бұрынғы орыннан жоқ болып кетеді.
Объектілерді жылжыту мен көшірудің бірнеше жолы бар:
-
Тышқанның оң жақ батырмасының көмегімен.
Объектіні қапшықтың терезесінде жылжыту немесе көшіру үшін, маус көрсеткішін объектінің үстіне орналастырып, оның оң жақ батырмасын басып тұрып, жаңа орынға жылжытады да батырманы босатады. Мұнан кейін экранда жанама мәзір пайда болады. Егер көшіру қажет болса, КОПИРОВАТЬ, жылжыту қажет болса ВЫРЕЗАТЬ, ал жарлық құру керек болса, СОЗДАТЬ ЯРЛЫК командаларының бірін таңдау керек.
-
Тышқанның сол жақ батырмасының көмегімен.
Тышқанның сол жағымен объектіні жылжытқанда CTRL немесе SHIFT пернелерін қолдануға болады.
а) Жылжыту кезінде CTRL пернесі басулы тұрса, онда объект көшіріледі.
ә) SHIFT пернесі басулы тұрса, онда объект жылжиды.
б) Жарлық жасау үшін бір мезгілде CTRL және SHIFT пернелерін басып тұрып жылжытады.
Объектілерді жабық қапшыққа көшіру және жылжыту
Объектілерді басқа қапшыққа бұл қапшықты ашпай-ақ көшіруге немесе жылжытуға болады. Ол үшін жабық қапшықтағы файлды тышқан көрсеткішімен іліп алып, оны орналастыратын қапшықтың белгішесіне тасымалдап, тышқанның батырмасын босату керек.
Мәзір командалары арқылы объектілерді көшіру мен жылжыту
Объектілерді жылжытқанда егер олар қапшықтың ішінде тұрса, ТҮЗЕТУ мәзірінің ҚИЫП АЛУ, КӨШІРУ, ҚОЮ командаларын пайдалану қолайды. Бұл командаларды пайдаланғанда ақпарат алдымен алмасу буферіне орналастырылады. Алмасу буфері – қиып алынған немесе көшірілген ақпаратты сақтайтын жадтың арнайы бөлігі. Алмасу буферінде ақпарат оған басқа ақпарат келіп түскенше сақталады да, жаңа ақпарат келген соң алдыңғысы жойылып отырады. Алмасу буферінің көмегімен ақпаратты әр түрлі құжаттар мен бағдарламалардың арасында алмастырып отыруға болады.
Көшіріп алу – құжаттың түп нұсқасы орнында қалады да, көшірмесі уақытша алмасу буферіне орналасады.
Қиып алу – құжат тұрған жерінен алмасу буферіне орналасады.
Қою – алмасу буферіндегі ақпаратты қажетті жерге қоюды айтады.
Алмасу буферіндегі ақпарат компьютерді сөндіргенде жойылады. Бұл әрекеттерді пернетақтаның көмегімен де жүзеге асыруға болады.
Көшіріп алу – Ctrl + C;
Қиып алу - Ctrl + X;
Қою - Ctrl + V; Объектіні жылжыту үшін Правка---Вырезать, Правка---Вставить командасын орындау керек. Объектіні көшіру үшін Правка---Копировать, Правка---Вставить командасын орындау керек. Объектіні көшіру үшін Правка---Копировать, Правка---Вставить командасын орындау керек.
Қапшықтардың, файлдардың, жарлықтардың атын өзгерту
Объектілердің атын өзгертудің бірнеше әдісі бар:
-
Жанама мәзірді шақыру арқылы. Қажетті объектінің үстінде тышқанның оң батырмасын басып, пайда болған жанама мәзірден Переименовать командасын орындау.
-
Тышқанның сол батырмасын басып, командалық мәзірден Файл—Переименовать командасын орындау.
-
Объектіні белгілеп алып, оның атының тұсында тышқанды тағы бір рет шерту арқылы
Объектіні белгілеп, F2 пернесін басып, жаңа ат енгізу
Жылжыту, көшіру мен ат өзгерту операцияларын болдармау
Кез-келген терезенің мәзіріндегі Правка---Отменить командасын орындау арқылы соңғы орындаған әрекетті болдармауға болады. Егер соңғы орындалған әрекет көшіру, жылжыту, атын өзгерту болса, онда ол әрекеттер қайта қалпына келеді.
Қапшықтарды, файлдар мен жарлықты жою
Алдымен ойланып, мұғалімнің нұсқауымен ғана жою операциясын орындау керек. Объектілерді жоюдың бірнеше әдісі бар:
-
Объектіні ерекшелеп Del пернесін басу керек.
-
Объектінің үстінде тышқанның оң батырмасын басып, пайда болған жанама мәзірден Удалить командасын таңдау керек.
-
Объектіні немесе объектілер тобын ерекшелеп, Файл---Удалить командасын орындау керек.
-
Объектіні ерекшелеп, тышқанның батырмасын басып ұстап тұрған күйі Корзинаға апарып салу керек.
Бұл әрекеттердің қайсысын орындағанда да, экранда Өшіру қажет пе? деген сұхбат терезе пайда болады. Иә жауабы объектіні жояды. Жоқ батырмасын басқанда объект жойылмай орнында қалады.
Өшірілген қапшықтарды, файлдар мен жарлықтарды қалпына келтіру
Объект корзинада оны тазалағанша немесе қалпына келтіргенше сақталады. Корзинадағы объектілерді көру үшін оны ашу керек. Жойылған объектілердің тізімі корзинада тұрады. Оны қалпына келтіру үшін, файлды ерекшелеп, Файл---Восстановить командасын орындау керек, немесе объектінің үстінде тышқанның оң батырмасын басып, жанама мәзірден Восстановить командасын таңдау керек. Объект қай жерден жойылса, сол бұрынғы тұрған орнына қайтадан барады.
Корзинаны тазалау
Корзинада сақталатын файл дискіде қанша орын алса, Корзинада да сонша орын алады. Сондықтан қажет емес файлдарды ерекшелеп алып, Del пернесін басу керек. Егер Корзинадағы бірнеше объектілерді жою керек болса, олардың барлығын ерекшелеп алып, Файл---Удалить командасын орындау керек. Ал, егер корзинадағы барлық объектілерді жою кере болса, онда Файл---Очистить корзину командасын орындау қажет.
ІV. Тақырыпты бекіту.
Берілген ақпаратты анықтай отырып, білімді бекіту. Компьютерде жұмыс.
Алмасу буфері бұл –
Алмасу буферінде ақпарат ұзақ сақтала ма?
Алмасу буферіндегі ақпаратты неше рет көшіруге болады?
Корзинада объект қанша уақыт сақтала алады?
Корзинадағы объектілерді көру үшін не істеу керек?
Корзинадағы объектіні қалай орнына келтіруге болады?
Дискетадан жойылған объектілер корзинаға енгізіле ме?
Файлдарды корзинадан қандай мақсатпен жояды?
Корзинадағы файлды қалай жояды?
Корзинаның ішіндегі барлық объектілерді қалай жояды?
-
V. Практикалық жұмысқа тапсырма:
ОҢТҮСТІК, СОЛТҮСТІК; БАТЫС; ШЫҒЫС бумаларын құрыңыз. Ол үшін
-
Жұмыс үстелінің бос жерінде тышқанның оң батырмасын басып, пайда болған контекстік-жанама мәзірден құру---бума командасын орындаңыз.
-
Бумаға ОҢТҮСТІК деп ат беріңіз.
-
ОҢТҮСТІК бумасының ішіне оңтүстіктегі облыс орталықтарының бумасын құрыңыз.
-
СОЛТҮСТІК бумасының ішіне солтүстік облыс орталықтарын көрсететін бума құрыңыз.
-
БАТЫС бумасының ішіне Батыс Қазақстан облысына жататын облыстардың бумаларын құрыңыз.
-
ШЫҒЫС бумасының ішіне Шығыс Қазақстан облысына кіретін облыс орталықтарының бумасын құрыңыз. Барлығы 14 бума болуы керек.
Енді ОҢТҮСТІК және БАТЫС бумаларының ішіндегі бумаларға жарлықтар құрыңыз.
-
Жұмысты мұғалімге көрсетіңіз
VІ.Сабақты қорыту. бағалау.
VIІ. Үйге тапсырма беру – §12, 97-105 б. Оқу сұрақтарға жауап.
Достарыңызбен бөлісу: |