«Информатика және математика» кафедрасы 6B06- жаратылыстану ғылымдар бағыты бойынша бакалавриат даярлау



бет23/39
Дата04.12.2023
өлшемі280.56 Kb.
#485406
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Деректер базалары

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ:
Деректерді интеграциялау концепциясына негізделген қазіргі ақпараттық жүйелер үлкен көлемді және құрылымы жағынан күрделі болып келеді. Олар көптеген пайдаланушылардың әртүрлі деңгейдегі талаптарын қанағаттандыруы тиіс. Кеңінен түсіндірер болсақ, деректер базасы дегеніміз – шынайы өмірдегі белгілі бір сала бойынша бар объектілер жайлы мағұлматтар жиынтығы. Шынайы өмірдің бір бөлігін пәндік аймақ деп айтуға болады. Бұл бөлік басқарудағы ұйымдастыру мәселелерін зерттеу үшін және соңында оның жұмыстарын автоматтандыру үшін қажет. Мысалы, кәсіпорын, жоғарғы оқу орындары және т.б. Деректер базасын құрғанда пайдаланушы әртүрлі белгілері бойынша реттеп, одан көптеген басқа да белгілердің жинақталуы бойынша таңдау жүргізе алады. Мұндай жұмысты деректер құрылымы тәртіптелген жағдайда ғана жүргізуге болады.
Қажетті деректер базасын жылдам жасауға рұқсат ететін әртүрлі программалар жиыны бар: Microsoft Access, Microsoft FoxPro, Paradox, dBase, InterBase, Oracle. Олардың ішінде Paradox пен dBase-да деректер базасы папкалар сияқты, ал әрбір кесте жеке файл сияқты анықталады, ал Access, InterBase және SQL-серверлерінің көпшілігі деректер базасынан тұратын бір үлкен файлды қолданады.
Деректер базасы – белгілі бір пәндік аумаққа жататын құрылымдық түрі бар деректердің атауы бар жинақ.
Деректер базасы үшін ақпаратты өңдеу және рұқсат алу тәсілдері бойынша, сонымен қатар деректер базасының орналасқан орны бойынша қосымшалар архитектурасы бірнеше түрлерге бөлінеді.

  • Жергілікті архитектура – программа және деректер базасы бір компьютерде орналасқан.

  • Файл-серверлік архитектура – деректер базасы сервер деп аталатын желідегі негізгі (орталық) болып бөлінген компьютерде орналасады. Ал клиенттік программалар орнатылған дербес компьютерлер оған жергілікті желі бойынша қосылған. Бұл архитектура бірнеше пайдаланушыларға бір деректер базасымен бір уақытта жұмыс істеу мүмкіндігін береді.

Алаң түрі алаңда сақталатын мәліметтердің түрін сипаттайды. Бұл жолдар, сандар, үлкен мәтіндер (мысалы, қызметкерлердің мінездемелері), суреттер (қызметкерлердің суреттері) және т.с.с. болуы мүмкін.
Кестенің әрбір жолы объектілердің біреуіне сәйкес келеді. Ол жазба деп аталады және осы объектіні сипаттайтын барлық алаңдардың мазмұнын құрайды.
Мәліметтер қорының кестелерін құрған кезде ақпараттың қарама – қайшылықсыздығын қамтамасыз ету маңызды. Әдетте бұл негізгі алаңдарды енгізумен жасалады. Негізгі болып бір немесе бірнеше алаң болуы мүмкін.
Кестемен жұмыс кезінде пайдаланушы немесе программа жазбалар үстінен курсормен жылжып отыратын сияқты. Әрбір уақыт сәтінде ағымдағы жазба бар, содан жұмыс жүргізіледі. Мәліметтер қорының кестелерінде жазбалар қандай да бір тәртіпсіз, оларды енгізу (жаңа қызметкерлердің пайда болуы) ретіне қарай орналасуы мүмкін. Бірақ кесте мәліметтері пайдаланушыға ұсынылған кезде реттелуі керек. Пайдаланушы оларды алфавиттік тәртіпке, немесе бөлімдер бойынша реттелген, немесе туған жылының өсуіне қарай және т.б. қарауы мүмкін. Мәліметтерді реттеу үшін индекс түсінігі қолданылады. Индекс кестені қандай реттілікте қараған жөн екенін көрсетеді. Ол пайдаланушы мен кесте арасында делдал болып табылады.
Мәліметтер қоры әдетте бір емес, көптеген кестелерден тұрады. Мысалы, кейбір ұйым туралы мәліметтер қорында әрбір бөлімшенің сипаттамасы бар кесте бар.
Байланысқан кестелерде әдетте бір кесте басты болады, ал басқасы немесе бірнеше басқа кестелер – көмекші кестелер болады. Басты және көмекші кестелер бір – бірімен кілт арқылы байланысады. Кілт ретінде екі кестеде де болатын алаң шыға алады. Мысалы, жоғарыда келтірілген кестелерде басты болып Dep кестесі, көмекші болып Pers кестесі бола алады, ал олар болса екі кестеде де бар Dep алаңы бойынша байланысады. Курсор басты кестенің индексі үстінен жүреді. Осылайша біздің мысалда егер басты кестенің Dep алаңындағы ағымдағы жазбада «бухгалтерия» деп жазылған болса, онда көмекші Pers кестесінде бухгалтерия қызметкерлерінің барлық жазбалары шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет