№1 зертханалық жұмыс(1 сағ)
Тақырыбы: MS ACCESS ортасында алғашқы деректер қорын құру
Мақсаты: Деректер қорын құрып үйрену
Қажетті құралдар мен материалдар: ДК, Delphi интегралдық ортасы, МҚБЖ MS Access.
Мазмұны мен жұмысты орындау реті
I. Теориялық мағлұматты қайталау;
II. Өз бетінше тапсырманы орындау және нәтижесін талдау;
III. Зертханалық жұмысты тапсыру.
Қазір біз Access ортасында деректер қорын қалай құруды және оны қолдануды толыққанды үйренеміз. Жұмысымызды жалғастыру үшін MS Office офистік бағдарламалар пакеті және MS Access компоненті сіздің компьютерде орнатылған болуы тиіс. Дәл осы ортада реляциялық деректер қоры құрылады, ал құрылған өніммен Delphi обьектіге бағытталған бағдарламалау ортасында жұмыс жасаймыз.
Access-ті іске қосыңыз және менюден Файл | Создать командасын орындаңыз. Деректер қорын құру шеберінде База данныхбөлімін таңдап және ОК батырмасын шертіңіз. Сізге жаңадан құрылған деректер қорының атын таңдауды және оның орналасу орынын таңдау ұсынылады, таңдау өз еркіңізде(мысалы, файл Database.mdb).
Осыдан кейін Access деректер қорын құрады және көрсетілген орынға сақтайды. Осыдан кейін сіз құрылған деректер қорының кестесімен жұмысыңыз жалғасады, ол төменде 1-суретте көрсетілген.
Сурет-1.Деректер қорын басқарушы терезе
Терезенің жоғарғы жақ бөлігінде сіздер жұмыс жасай алатын, реляциялық деректер қорының обьектілері орналасқан. Үнсіз келісім бойынша Таблица режимі таңдалынады(Режим таблицы вкладкасында, сол жақ жоғарғы бөлігінде орналасқан). Сонымен қатар Конструктор режиміде бар. Осы командалармен Access– те бір деректер қоры ішінде бірнеше кестелер құруыңызға болады. Деректер қорының барша деректері екі өлшемді кесте түрінде сақталынады. Қарапайым мысал, 3-бағаннан және 4-жолдан тұратын кесте.
№
|
Аты-жөні
|
Мекен жайы
|
1
|
Асан Құралай
|
Есе батыр 100
|
2
|
Дархан Балқадиша
|
Айтеке би 21
|
3
|
Қайрат Сапар
|
Рысқұлов 15
|
Кестеде бағандарды өрістер деп атаймыз. Кестеде қандай деректер сақталынатындығы өрістерге байланысты болады. Ендеше телефон анықтамасының деректер қорын құрып көрейік. Ол үшін ашылып тұрған терезедегі режим бөлімін Конструктор етіп таңдаймыз. Осымен деректер қорындағы алғашқы кестемізді құруды бастаймыз. Осыдан кейін 2-суреттегідей терезе ашылады. Терезе ашылмастан бұрын құрылып жатқан кестеге жаңадан ат қоюыңызға мүмкіндік туындайды. Осы сәтті пайдаланып, кесте атауын Справочник етіп өзгертейік. Әзірше деректер қорына ешқандайда кестені сақтағанымыз жоқ. Құрылған кестеге деректерді толтырып болған соң сақтаймыз. Кесте өрістерінің толтырылуы және өріс деректерінің типтері төмендегідей.
Ашылған терезеде жоғарғы бөлігінде кесте берілген, бұл жерде құрғалы отырған кестенің өріс атауларын енгізіледі, типтері және сипаттамасы көрсетіледі, соңғысын толтыру міндетті түрде емес. Кесте өрісінің атауын және типін енгізгеннен соң, төменгі жақта жаңа өрістің қасиеттері пайда болады. Өрістің типіне байланысты қасиеттерінде сандар өзгеріп отырады. Ендеше маңыздыларына тоқталып өтсек:
|