050602 “Информатика” мамандығындағы студенттерге «Алгоритм және мәліметтер құрылымы» пәнінен емтихан сұрақтары
-
Алгоритм ұғымы. Алгоритмның қасиеті.
-
Алгоритмнің мәтіндік және графиктік түрде көрсетілуі.
-
Параметрлі цикл операторы. Саналатын типтер. Олардың параметрлі циклдерді ұйымдастыруда қолдану.
-
Алгоритмнің түрлері: сызықтық, тармақталған, циклдік (қайталану) көмекші (процедура және функция).
-
Шарты алдын ала берілген және шарты соңынан берілген цикл операторлары. Кірістірілген циклдер.
-
Тілдің алфавиті. Программалау тілінде алгоритмнің жазылу ережесі.
-
Процедура құрылымы. Айнымалылардың қолдану аймағы.
-
Ауқымды және жергілікті айнымалылар.
-
Программалар ұғымы және оның құрылымы. Операторлар және командалар.
-
Параметрлі процедура. Формальды және нақты параметрлер. Процедураны шақыру. Параметрлерді тасымалдау. Айнымалылар параметрі және мәндер параметрі.
-
Мәндер типінің ұғымы. Мәндердің стандартты типтері.
-
Функция құрылымы. Функцияны шақыру. Функция мен процедураның айырмашылығы.
-
Айнымалылар мен тұрақтылар ұғымы. Атау, тип, мәндер олардың негізгі сипаттамалары.
-
Рекурсивті ішкі программаны ұйымдастыру. Рекурсивті шешілетін типтік есептер.
-
Математикалық амалдар. Өрнек ұғымы. Олардың классификациясы және мәндерді есептеу ережесі.
-
Әртүрлі типте берілген мәндердің өрнектерде қолданылуы
-
Символдық және жолдық мәндер. Символдық мәндермен орындалатын амалдар.
-
Жолдармен жұмыс істеуге арналған функциялар мен процедуралар.
-
Меншіктеу операторындағы мәндер типінің сәйкестігі және түрленуі.
-
Программалау тілдеріне кіріктірілген сандық функциялар.
-
Массив туралы түсінік. Мәні. Элементтердің типі, өлшемі, индексі. Бір өлшемді және екі өлшемді массивтер. Массив элементіне кіруді ұйымдастыру.
-
Жедел жадыда массивтің орналасуы. Массивті толтыру алгоритмі.
-
Программа бөлімдерінің мазмұны, программалардың құрылымы.
-
Ең үлкен (ең кіші) мәнді іздеу алгоритмі.
-
Массивті сұрыптау алгоритмі: таңдау арқылы сұрыптау, орын ауыстыру т.б.
-
Берілгендерді енгізу және шығаруды ұйымдастыру. Сызықтық алгоритмді ұйымдастыру.
-
Мәндердің күрделі типі. Регулярлы тип. Жиындар типі. Жиындардың типіне және жиындардың мәніне тапсырма.
-
Жиындарды қолданғанда, жиындармен орындалатын амалдар. Мәндердің аралас типі – жазулар. Біріктіру операторы.
-
Шартты оператор. Логикалық өрнекті қолдану. Кірістірілген шартты оператор. Құрама және бос операторлар.
-
Шартты оператордың толық және қысқаша түрде жазылу формасы.
-
Файлдар классификациясы: файлдардың типтері және қатынас әдісі бойынша бөлінуі.
-
Таңдау операторы. Таңдау операторының толық және қысқаша түрде сипатталу формасы.
-
Мәтіндік файлдар. Мәтіндік файлдарды өңдеуге арналған процедуралар мен функциялар. Берілгендерді енгізу шығару.
-
Типтелген файлдардың мәтіндік файлдардан айырмашылығы. Типтелген файлдарды өңдеу үшін қажетті процедуралар мен функциялар.
Емтихан билеттерінің тізімі Емтихан билеті №1 -
Алгоритм ұғымы. Алгоритмның қасиеті. Алгоритмнің мәтіндік және графиктік түрде көрсетілуі.
-
Параметрлі цикл операторы. Саналатын типтер. Олардың параметрлі циклдерді ұйымдастыруда қолдану.
-
Бірнеше N натурал сандар берілген. Цифрларының қосындысы берілген N санға тең болатын, барлық үш таңбалы натурал сандарды шығару керек.
Емтихан билеті №2 -
Алгоритмнің түрлері: сызықтық, тармақталған, циклдік (қайталану) көмекші (процедура және функция).
-
Шарты алдын ала берілген және шарты соңынан берілген цикл операторлары. Кірістірілген циклдер.
-
Меншікті мәтінді оқитын және тек IF шартты операторынан тұратын жолдарды мәтіндік файлға жазатын жазатын программа құрыңыз.
Емтихан билеті №3 -
Тілдің алфавиті. Программалау тілінде алгоритмнің жазылу ережесі.
-
Процедура құрылымы. Айнымалылардың қолдану аймағы. Ауқымды және жергілікті айнымалылар.
-
A(N,N) өлшемді матрица берілген. Бас диоганалында жатқан элементтерді Y(N) бір өлшемді массивке көшіріп жазыңыз.
Емтихан билеті №4 -
Программалар ұғымы және оның құрылымы. Операторлар және командалар.
-
Параметрлі процедура. Формальды және нақты параметрлер. Процедураны шақыру. Параметрлерді тасымалдау. Айнымалылар параметрі және мәндер параметрі.
-
Берілген A(N) өлшемді массивтің оң элементтерінің санын және қосындысын, теріс элементтерінің санын және көбейтіндісін есепте.
Емтихан билеті №5 -
Мәндер типінің ұғымы. Мәндердің стандартты типтері.
-
Функция құрылымы. Функцияны шақыру. Функция мен процедураның айырмашылығы.
-
Берілген A(N) өлшемді массивтің ең үлкен және ең кіші элеметтерінің орнын ауыстыр.
Емтихан билеті №6 -
Айнымалылар мен тұрақтылар ұғымы. Атау, тип, мәндер олардың негізгі сипаттамалары.
-
Рекурсивті ішкі программаны ұйымдастыру. Рекурсивті шешілетін типтік есептер.
-
Берілген A(N) өлшемді массивтің оң элементтерін екі есе азайтыңыз, теріс элементтерін өзінің индексінің мәніне өзгертіңіз.
Емтихан билеті №7 -
Математикалық амалдар. Өрнек ұғымы. Олардың классификациясы және мәндерді есептеу ережесі. Әртүрлі типте берілген мәндердің өрнектерде қолданылуы
-
Символдық және жолдық мәндер. Символдық мәндермен орындалатын амалдар. Жолдармен жұмыс істеуге арналған функциялар мен процедуралар.
-
Берілген A(N) массивінің элементтерін А(N) өлшемді жаңа массивке кері ретпен көшіріп жазыңыз.
Емтихан билеті №8 -
Меншіктеу операторындағы мәндер типінің сәйкестігі және түрленуі. Программалау тілдеріне кіріктірілген сандық функциялар.
-
Массив туралы түсінік. Мәні. Элементтердің типі, өлшемі, индексі. Бір өлшемді және екі өлшемді массивтер. Массив элементіне кіруді ұйымдастыру. Жедел жадыда массивтің орналасуы. Массивті толтыру алгоритмі.
-
Сол жақ фигуралы жақшамен басталатын және оң жақ фигуралы жақшамен аяқталатын жолдарды есептемегенде мәтіндік файлға меншікті мәтінді жазатын программа құрыңыз.
Емтихан билеті №9 -
Программа бөлімдерінің мазмұны, программалардың құрылымы.
-
Ең үлкен (ең кіші) мәнді іздеу алгоритмі. Массивті сұрыптау алгоритмі: таңдау арқылы сұрыптау, орын ауыстыру т.б.
-
Берілген X(N) массивінің 5-ке еселі элементтері кірмейтін барлық элементтерінің квадратттарының қосындысын есепте.
Емтихан билеті №10 -
Берілгендерді енгізу және шығаруды ұйымдастыру. Сызықтық алгоритмді ұйымдастыру.
-
Мәндердің күрделі типі. Регулярлы тип. Жиындар типі. Жиындардың типіне және жиындардың мәніне тапсырма. Жиындарды қолданғанда, жиындармен орындалатын амалдар. Мәндердің аралас типі – жазулар. Біріктіру операторы.
-
Берілген мәтіндегі әрбір әріптерді екі еселеңіз. Мысалы, “АВСD” мәтіні берілсін. Программа мына түрде шығару керек “ААВВССDD”
Емтихан билеті №11 -
Шартты оператор. Логикалық өрнекті қолдану. Кірістірілген шартты оператор. Құрама және бос операторлар. Шартты оператордың толық және қысқаша түрде жазылу формасы.
-
Файлдар классификациясы: файлдардың типтері және қатынас әдісі бойынша бөлінуі.
-
Берілген A(N) өлшемді массивінің элементтерін А(N) өлшемді жаңа массивке кері ретпен көшіріп жазыңыз.
Емтихан билеті №12 -
Таңдау операторы. Таңдау операторының толық және қысқаша түрде сипатталу формасы.
-
Мәтіндік файлдар. Мәтіндік файлдарды өңдеуге арналған процедуралар мен функциялар. Берілгендерді енгізу шығару.
-
20-дан үлкен, 100-ден кіші, 3-ке еселі және 2, 4, немесе 8-ге аяқталатын бүтін оң сандардың қосындысын табыңыз.
Емтихан билеті №13 -
Параметрлі цикл операторы. Саналатын типтер. Олардың параметрлі цикл операторын ұйымдастыруда қолданылуы.
-
Типтелген файлдардың мәтіндік файлдардан айырмашылығы. Типтелген файлдарды өңдеу үшін қажетті процедуралар мен функциялар.
-
Үш таңбалы сандардың қосындысы 7-ге қысқарған және санның өзі 7-ге бөлінеді. Осындай барлық сандарды табыңыз.
Емтихан билеті №14 -
Меншіктеу операторындағы мәндер типінің сәйкестігі және түрленуі. Программалау тілдеріне кіріктірілген сандық функциялар.
-
Ең үлкен (ең кіші) мәнді іздеу алгоритмі. Массивті сұрыптау алгоритмі: оңай ауыстырумен таңдауды сұрыптау және т.б..
-
N натурал саны берілген. Сол санның факториалын есепте. (N!=1*2*3... N)
Емтихан билеті №15 -
Математикалық амалдар. Өрнек ұғымы. Олардың классификациясы және мәндерді есептеу ережесі. Әртүрлі типте берілген мәндердің өрнектерде қолданылуы.
-
Массив туралы түсінік. Мәні. Элементтердің типі, өлшемі, индексі. Бір өлшемді және екі өлшемді массивтер. Массив элементіне қатынасты ұйымдастыру. Жедел жадыда массивтің орналасуы. Массивті толтыру алгоритмі.
-
Солдан оңға қарай және оңнан солға қарай оқығанда да бірдей оқылатын барлық үш таңбалы сандарды басып шығаратын программа құр. (Мысалы, 323, 424 т.с.с.)
Емтихан билеті №16 -
Алгоритм ұғымы. Алгоритмның қасиеті. Алгоритмнің мәтіндік және графиктік түрде көрсетілуі.
-
Процедура құрылымы. Айнымалылардың қолдану аймағы. Ауқымды және жергілікті айнымалылар.
-
3 әр түрлі цифрдан тұратын, барлық үш таңбалы сандарды мәтіндік файлға жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |