«Психология және коммуникация дағдыларының негіздері» пәні бойынша емтихан сұрақтары Мамандығы: 0912100 «Мейіргер Ісі» билет №1



бет1/14
Дата06.04.2024
өлшемі2.72 Mb.
#497829
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Экзамен психология жауап


«Психология және коммуникация дағдыларының негіздері» пәні бойынша емтихан сұрақтары
Мамандығы: 0912100 «Мейіргер Ісі»
БИЛЕТ № 1

  1. Психология ғылымның салаларына талдау беріңіз.

ЖБ Психология салалары Сипаттама
1 Еңбек психологиясы Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады .
2 Педагогикалық психология Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Тармақтары:
1. Оқыту;
2. тәрбие;
3. Ұстаз.
3 Медициналық психология Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз тарапынан нейропсихология[2], психофармакология[3], психотерапия[4], психопрофилактика[5], психогигиена[6] дейтін салаларға бөлінеді.
:4 Инженерлік психология Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады. Мұндағы инженерлік психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор
5 Жас ерекшелік психологиясы Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы. Тармақтары:
1. Балалар;
2. Жеткіншектер; #3. Жастар;
4. Ересектер (акмиология);
5.Қарт адамдар психологиясы (геранто психология).
6 Арнаулы психология Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады. Тармақтары:
1. Олигофренопсихология[7] – ми зақымы ауруымен туған адамдардың психологиясының зерттелуі;
2. Сурдопсихология[8] – саңырау немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді;
3. Тифлопсихология[9] – нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді.
7 Салыстырмалы психология Салыстырмалы психологияға зоопсихология[10], этология[11] дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады.
8 Әлеуметтік психология Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді.
9 Әскери психология Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді.
2. Психология пәні туралы түсініктердің негізгі даму кезеңдерін талдаңыз.
ЖБ Психологияның ғылым ретінде даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады
1-ші кезең ( б.з.дейінгі 5ғ. ).Психология жан туралы ғылым ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді.
2-ші кезең Психология сана туралы ғылым ретінде. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялллық алғы шарттарының негізін қалады,оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р.Декарт (1596-16650 ) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді.оның теориясы бойынша ,жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы,сыртқы әсерге рефлекс болып табылады.
Д.Локк(1632-1704) сенсуализмнің –ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі.Ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан ,яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көреді.Д.Локк сананы өзімен-өзі тұйықтап,сана туралы ілімде іс жұзінде декарттық тұрғыда қалып қойды.
3-ші кезең.Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде.
1913жылы американ психологы Д.Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді .Зерттеуші интроспекция әдісін субъективті деп жоққа шығарды :оның нәтижесінде алынған деректерді Уотсон тек бақылаушының өзі үшін ғана нақтылы нәрсе деп есептеді. Бихевиоризм сана жөніндегі декарттық –локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті.Бихевиористердің пікірі бойынша психология сананы ,оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс.Ғылым тек объективті түрде байқауға болатын және әр кім үшін белгілі,яғни мінез –құлықты зерттеуі қажет.Зерттеу п.әні өзгерді /сананың орнына мінез-құлық алынды/,сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды . “Сана” ,“түйсік” “қабылдау ”, “ерік ”деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды
4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді.
Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне,білім деңгейіне,белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына ,белсенділік деңгейіне және,ең бастысы,қалыптасқан дүниетанымына тәуелді.Сонымен психиканың мазмүны реалды,бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың ,құбылыстардың ,оқиғалардың ақиқат бейнесі (яғни ,объективті дүниенің бейнесі ) болып табылады.Бірақ бұл бейнелер әр адамда оның өткен өмір тәжірибесіне ,мүддесіне,сезіміне, дүниетанымына тағы басқаларға байланысты өзіндік өзгешелікпен пайда болады.Сондықтан да бейнелеу субъективті.Осылардың бәрі психика дегеніміз-объективті дүниені субъективті бейнел ендіру деуге әбден болады.
Психикалық бейнелеудің дұрыстығын мойындаудың принциптік маңызы зор.Себебі нақты осы қасиет ақиқатты танып-білуді,оның объективті заңдылықтарын анықтауды және одан кейінгі жерде оларды адамның теориялық және практикалық қызметінде қолдауды мүмкін етеді.
Психика-қоғамдық –тарихи практикамен тексеріліп,құпталған дүниенің шынайы да дұрыс бейнеленуі.
Негізгі психологиялық теорияларға бихевиоризм,гештальтпсихология, психоанализ,іс-әрекет теориясы,гуманистік психология.

  1. Іс-әрекеттегі мотив пен мақсатттың ерешеліктерін анықтаңыз.

Жб. Әрекет мақсатты бағындыруға бағытталған іс әрекеттің бір бөлігі.Мотив пен мақсатттың динамикалы
Қатынасы сана мен іс әрекетті құрастырып , психологиялық маңыздылыққа ие .Мотив пен мақсаттың бірігуі ,іс әрекет мотивация тұлға динамикасының кезеңі ретінде тек екінші ретте ғана мүмкін болады.
БИЛЕТ № 2

  1. Жеке адам және оның негізгі компоненттері туралы талдаңыз.

Жб Жеке адам – қоғамдық дамудың нәтижесі, нақтылы тарихи жағдайлармен байланысты еңбек, қарым-қатынас және таным субъектісі
Жеке адам ұғымын индивид пен адамның ерекшілігі (индивидуальность) жөніндегі ұғымдарда ажырата білу қажет. Индивид ұғымы кімінің адам баласына жататынын ғана білдіреді. Ал жеке адамның ерекшелігі жайындағы ұғым бір адамның екінші адаммен салыстырағндығы физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, тек өзіне тән қасиеттерін білдіреді.

  1. Зейін, оның қызметтері және түрлерін көрсетіңіз.

Жб Зейін — адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т. Б. Жатады.[1]

  1. Қабылдау, оның түрлері мен қасиеттеріне сипаттама беріңіз.

Жб Адам өзін қоршаған дүние туралы білімді тек сезім арқылы ғана емес, сонымен бірге онымен тікелей байланыс арқылы алады қабылдау.Сезімдер де, қабылдау да сезімдік танымның біртұтас процесінің буындары болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ олардың өзіндік ерекше белгілері де бар. Сезім нәтижесінде адам заттың жеке қасиеттерін, қасиеттерін – оның түсі, температурасы, дәмі, дыбысы және т.б. туралы білім алады. Бірақ шынайы өмірде біз тек жарық немесе түсті дақтарды ғана көреміз емес, біз жай ғана естімейміз. Қатты немесе тыныш дыбыстар, біз өздігінен иіс сезбейміз. Біз күннің жарығын немесе электр шамын көреміз, музыкалық аспаптың әуендерін немесе адамның дауысын естиміз және т.б.Қабылдау заттардың немесе құбылыстардың бірқатар қасиеттері бар толық бейнелерін береді. Сезімнен айырмашылығы, қабылдау кезінде адам заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін емес, қоршаған дүниенің заттары мен құбылыстарын тұтастай таниды.
Қабылдау- бұл заттар мен құбылыстардың, объективті дүниенің интегралды жағдайларының сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін қасиеттері мен бөліктерінің жиынтығында бейнеленуі.
Қабылдаудың түрлері
Қабылдауда қай анализатордың басым рөл атқаратынына байланысты көру, тактильді, кинестетикалық, иіс сезу және дәм сезу болып бөлінеді.
Қабылдаудың күрделі түрлері – комбинация, комбинация әртүрлі түрлеріқабылдау.
Сезімдерден айырмашылығы, қабылдау бейнелері әдетте бірнеше анализаторлардың жұмысының нәтижесінде пайда болады. Кімге күрделі түрлерқабылдауға, мысалы, қайта
Кеңістікті қабылдаужәне уақытты қабылдау.Қабылдау
Ғарыш,анау. Заттардың бізден және бір-бірінен қашықтығы, олардың пішіні мен өлшемі, адам көру сезіміне де, есту, тері және қозғалыс сезімдеріне де негізделген.
Сағат уақытты қабылдауесту және көру түйсіктерінен басқа қозғалыс және ішкі, органикалық сезімдер маңызды рөл атқарады.
БИЛЕТ № 3

  1. Эмоция және оның түрлеріне талдау жасаңыз.

Жб Эмоция (фр. Emotion, лат. Emoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.
Көңіл — адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Көңілді болу адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына байланысты. Адамның эмоциясын, оның мимикасынан, пантомимикасынан да байқаймыз. Эмоциялық үрдістердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Эмоциялар қатарластығы — бірін-бірі итермелеуші эмоциялық кемелденген екі бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыздыққа қарай ығыстырылып, индивид мінез-құлқына санадан тыс әсер етеді.

  1. Сезім және оның түрлеріне талдау жасаңыз.

Жб Сезім — адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туындайтын және біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты. Мәселен, достық, адалдық сезімдері, адамда бірден қалыптаса қоймайтын белгілері. Ал, эмоция болса, адамның түрлі органикалық қажеттіліктеріне байланысты оқтын-оқтын туып отыратын, кейде шағын, кейде күрделі, ситуациялы көріністері. Мәселен, адам қуанғаннан немесе қамыққаннан козіне жас алады, не болмаса бір нәрсеге мәз болып шек сілесі қатқанша күледі, әрине мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтыны белгілі. Бұл сезім мен эмоцияның бірінші ерекшелігі.
Сезімнің түрлері
■1. Беткей сезім- тактильді, ауырсыну, температура
2. Меншікті және терең сезім – бұлшықет буын сезімі, вибрация, қысым, салмақ сезімі.
3. Күрделі сезім- орналасу орны сезім, дискриминация, екі өлшемді кеңістік сезім, стереогнос сезімі, кинестетикалық сезім
3. Әрекет және дағды түрлерін атаңыз.
Жб Дағды адам әрекетінің қай-қайсысында да ерекше маңызды орын алады. Дағдының арқасында біздің санамыз қызметтің түпкілікті, шешуші кезеңдеріне жұмылдырылып табысты болуын қамтамасыз етеді. Дағдылар сенсорлық (тікелей қабылдау) және интеллектілік дағдылар болып бөлінеді. Дағды — көп рет қайталаулар арқылы автономды орындалуға бейімделген іс-әрекет. Дағды — бірнеше рет қайталаулардың нәтижесінде пайда болған және оның саналы қадағалауының қысқартылуымен сипатталатын жеке әрекеттер — операцияларды орындаудың таптаурын тәсілі. Дағды бірнеше түрлері бар: перцептивті, интеллектуалдық, қозғалыс және мінез-құлық дағдылары.
Перцептивті дағды — жақсы таныс заттардың тану белгілерінің бірмезгілдік, таптаурын бейнелеуі.
Интеллектуалдық дағды — белгілі бір сыныпқа кіретін есептер мен тапсырмаларды шешудің таптаурын тәсілдері.
Қозғалыстық дағды— таптаурын әрекеттер, жақсы қойылған қимыл-қозғалыстардың жүйесі. Қозғалыс дағдыларына әрекеттің әдетті құралдарын таптаурын түрде пайдалану да кіреді.
Іс-әрекет – әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті.[1]

Іс-әрекет – адамның дүниемен қарым-қатынас тәсілі. Іс-әрекет барысында адам табиғатты, қоршаған айналаны игеріп, шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Сөйтіп, өзін іскер, жасампаз субъект ретінде қалыптастырады, ал өзі игерген табиғи ортаны Іс-әрекет объектісі етеді. Адам іс-әрекет үстінде кез келген затқа жат пиғылмен қарамайды. Керісінше осы заттың табиғаты мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, игереді, сондай-ақ өз іскерлігінің өлшемі мен мәні етеді.


БИЛЕТ № 4

  1. Қиялдың жасалу жолдарын талдап, түсіндіріңіз.

Жб
ҚИЯЛДЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ. Қиял түрлі елестеулердің өзге- ріп, өңделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез әдіс- тері, агглютинация, схематизация түр- лі схемалар мен суреттердің акцен- тировка (образдың типтік басты белгілерін жасау) тәсілдері қолда- нылады. Қиялдағы елестерді топтас- тырудың қарапайым түрі агглютина- ция деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі меха- низмдердің машиналардың конструк- циялары (амфибия – танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэро-шана – су- ға қонып, ұша алатын самолет) құрас- тырылады.
Қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі – гипербола. Гипер- бола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін ай- тады. Сөйткенде образ ашық, мәнер- лі болып шығады, гиперболада бел- гілі бір бейнелердің алға шығып ай- қын байқалуына жағдай жасалады. Ертегілерді, қиял-ғажайып бейнелер- ді жасауда гипербола көп қолданы- лады. Мәселен, Д.Свифтің «Гулли- вердің саяхатындағы» ергежейлілер- дің, В.Маяковскийдің «150000000» поэмасындағы капиталистердің кө- семі В.Вильсонның бейнелері гипер- бола әдісімен жасаған. Мұнда сон- дай-ақ тұтас заттың жеке бөліктері- нің саны өзгертіледі, олардың орны ауыстырылады. Мәселен, үнді мифо- логиясындағы көп қолды құдайлар мен жеті басты айдаһардың бейне- лері осылайша құрастырылған.

  1. Қиялдың еріксіз жəне ерікті түрлерін анықтаңыз.

Жб Қиял деп— әр адамның өмір тәжірбиесіне, білім көлеміне байланысты кейбір жаңа бейнелерді, ғылыми-жаңалықтарды ашу жолын айтады. Қиял деп— өмірдің қай саласында болатын ашу.
Қиял түрлері:
Ерікті қиял
Еріксіз қиял
Еріксіз қиял деп — көбіне ісі өз бетімен істелінетін, автоматты түрде өтетін көріністерді айтады. Қиялдың бұл түрі тікелей қиялдың мазмұны болып келмейді. Еріксіз қиялдың мазмұны түс көру, адамның қалғу кезіндегі көріністер, кейде ояу кезіндегі адам алдына еш мақсат қоймаса да, оның көз алдына елестер тізбектеліп өтіп жатады немесе адам бір нәрсеге ойға қатты беріліп кеткен кезіндегі елес беріп жатады.
Түс көрумен бірге темпатиялық, шпноздық, лунатикалық көріністер жатады. Түс көру кезінде адам жоспарламаған, алдына мақсат қоятын көріністер көріне бастайды. Түс көру ылғи да ұйықтау кезеңінде болады. Ұйықтау физиологиялық жағынан алғанда ол мидың жұмысының энергиясын қайта қалпына келтіру болып саналады.
Ерікті қиял 3-ке бөлінеді.
Қайта жасау қиялы
Творчествалық қиял
Арман
Қиялдың ерікті түрі адамның творчествалық әрекеті мен байланысқан жоғары сатыда дамыған түрі.

  1. Психологияның зерттеу əдістеріне сипаттама беріңіз.

Жб Психологияның зерттеу әдістері – психологияда қолданатын әдістері мен әдістерінің арысындағы байланыс.
Психологияның зерттеу әдістері
Психология ғылымында кейіннен негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологиялық жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.
Бақылау әдісі
Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екінші талап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.
Эксперимент әдісі.
Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.
Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет