Информатиканың іргелі негіздері



бет17/67
Дата02.01.2022
өлшемі1.13 Mb.
#452326
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   67
лекция ИТН

Ақпарат пен әліпбиі.



“Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан. Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика физика, математика, информатика т. б салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл - қозғалыс түрінде бере аламыз. “Ақпарат ” деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді. Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық - әлеуметтік - экономикалық, ғылыми - техникалық, химия - биологиялық, физиологиялық т. б. Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:
1. статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);
2. алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық;
3. басқарушы және мәлімет беруші;
4. объективті және субъективті болуы мүмкін.

Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.
Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары:
Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді.
Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет - журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.
Бейнелік ақпарат деп - табиғат көріністерін, кескіндерді, дәм, иіс, сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.
Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады. Себебі, әр түрлі таңбалардан тұрады, бірақ олар дыбыстық таңбалар - феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфавиті бар. Сандарды көрсететін алфавиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет